Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет9/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Классификациясы. Айқындылық дəрежесіне қарай (айқындылық дəрежесі сол жақ қарыншамен қолқа арасындағы систолалық қысым айырмашылығына (СҚА) жəне қолқа тесігінің ауданына қарап анықталады) стеноздың төрт дəрежесін ажыратады:
І дəрежесі – орташа стеноз, СҚА < с.б. 50 мм, тесік ауданы > 1 см2 (қалыпты күйде 2,5-3,5
см2);
ІІ дəрежесі – айқын стеноз, СҚА с.б. 50-80 мм, тесік ауданы 1-0,7 см2;
ІІІ дəрежесі – ауыр стеноз, СҚА > с.б. 80 мм.
IV дəрежесі – қауіпті стеноз, СҚА > с.б. 80 мм, тесік ауданы 0,7-0,5 см2.
Клиникасы. Компенсация сатысы кезінде субъективтік сезім болмайды. Қолқаның айқын
стенозында пайда болатын шағымдар күш түскен кезде оған барабар қанның минуттік көлемініңкөбеймейтінінен туындайды. Байқалатын шағымдар: бас айналу, талып қалу (ми қан айналысының бұзылуы), күш түскен кезде жүрек тұсы мен төс артының қысыпауыруы (коронарлық қанайналысының азаюы). Сол жақ қарынша декомпенсациясында ентігу, кейде жүрек тұншықпасының ұстамасы болады. Үлкен қан айналысы шеңберінде қан іркілісі пайда болғанда, ісіну, оң жақ қабырға астының ауыруы мен ол маңда салмақ сезіну, аяқтардың ісінуі орын алады.
Қарау. Терінің қуқыл тартуы минуттік қан көлемінің азаюына жауап ретінде ұсақ артериолдардың тарылуынан (спазм) пайда болады. Кейін акроцианоз көрінеді. Жүрек əлсіздігінде жүрекұшы жайылма түрде солға жəне төмен ығысқан болады (сол жақ қарынша дилатациясы).
Пальпацияда төстің оң жақ шетіндегі екінші қабырға аралығында систолалық діріл анықталады, ол қанның тар тесік арқылы өткен кезінде иірілуінен пайда болады.
Перкуссияда жүректің шартты тұйық шегінің солға ығысқаны анықталады (сол жақ қарыншадилатациясы). Өрлеме қолқаның стеноздан кейінгі кеңуінде тамыр будасының перкуссиялықшектері кеңіген.
Аускультацияда естілетін белгілер:
1) ІІ тонның əлсіреуі; қолқадағы қан қысымының азаюынан пайда болады;
2) Төстің оң жақ шетіндегі екінші қабырға аралығында систолалық шудың естілуі жəне ол
шудың мойындырық жəне бұғана асты шұңқырларға қарай жəне ұйқы артерияларының бойымен
тарауы. Систолалық шу қолды көтергенде күшейе түседі (Сиротинин – Куковеров симптомы),__қолқа қақпақтарының ауыр кальцинозында систолалық шу қолтық астына тарайды немесе жүрек
ұшы тұсына жұмсақ, систола ортасында естілетін шу түрінде тарайды (Галаварден симптомы).
Ауыр қолқа стенозында систолалық жəне пульстік қысым азайған. Пульс кіші жəне баяу, жиібрадикардия анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет