Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің жəне пайда
болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.
Қалыпты жүрек ырғағы жүйелігімен сипатталады жəне жүректің жиырылу жылдамдығы 1
минутта 60 пен 90 арасында болады. Сонымен қатар, жүректің қозу көзі синус түйіні болып табылады. ЭКГ-дағы Р тісшесі мен QRS комплексінің арасындағы реттілік өзгермеген, PQ аралығының ұзақтығы 0,12 с пен 0,20 с арасында болады жəне RR аралықтарының арасындағы алшақтық оның орташа ұзақтығынан 10% артық өзгермейді. Бұл көрсеткіш-терден (яғни қалыптысинус ритмінен) кез-келген ауытқу жүрек аритмияларына жатады.
Этиологиясы жəне патогенезі. Кез-келген жүрек ауруы жүрек аритмиясының себебі бола
алады. Жүрек ырғағы бұзылуының алуан түрлі себептерін 3 топқа бөлуге болады:
1. Миокардта құрылымдық жəне метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуінбұзатын іштен туа болған жəне жүре пайда болған аурулар.
2. Экстракардиальды патологиялық процестерде (нейрогендік, гуморальдық, эндокриндік реттеудің өзгеруі, электролит алмасуының, қышқыл – негіз күйінің өзгеруі) жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы:
- неврозда, психопатияда, вегетативтік дисфункция синдромында болатын психогендік
əсерлер;
- ОНЖ мен вегетативтік нерв жүйесі зақымданғанда болатын нейрогендік əсерлер;
- асқазан – ішек жолы зақымданғанда (өт тасы ауруы, диафрагма жарығы т.б.) байқалатын
рефлекторлық факторлар;
- эндокриндік жəне зат алмасу ауруларында болатын əсерлер;
- интоксикацияларда жəне т.б. болатын əсерлер.
3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық жəне химиялық əсерлер:
- кофеинге, никотинге, алкогольге т.б. асыра сезімталдық;
- дəрілердің аритмогендік əсерлері;
- гипоксия;
- гипо жəне гипертермия;
- механикалық əсерлер (жарақат, вибрация);
- иондаушы радиация, өте жоғары жиіліктегі электр алаңы т.б.
Көрсете кету керек жағдай – кейбір аритмиялар (мыс. экстрасистолиялар) ешқандай ауру жоқ
адамдарда кездеседі. Аритмиялар сау адамдарда стресс жағдайында да (гиперадреналинемия гипокалиемияны тудырады) кездеседі.
Жүрек ырғағы бұзылуының механизмі жүрек клеткаларының электрофизиологиялық қасиеттерінің өзгеруі болып табылады.
Жүректің қалыпты ырғағы жүрек клеткаларының трансмембраналық потенциалының қайталамалы ретті циклдік өзгерістерімен қамтамасыз етіледі. Жүрек клеткасының трансмембраналықпотенциалы оның ішкі жəне сыртқы жағындағы потенциалдардың айырмашылығы болып табылады жəне 5 фазадантұрады: деполяризация (0 фаза), реполяризация (1, 2, 3 – фазалары) жəнеспонтандық диастолалық (баяу) деполяризация (4-фаза) фазалары.Диастола кезінде тіркелетін трансмембраналық потенциал (4-фаза) трансмембраналық тыныштық потенциалы деп аталады, қалыпты күйде ол – (80-90) мВ тең. Трансмембраналық тыныштық потенциалының мұндай мөлшерін иондардың концентрациялық градиенті, ең алдымен,калий иондарының концентрациялық градиенті (тыныштық кезеңі кезіндегі клетка ішіндегі калий иондарының концентрациясы шамамен 150 мэкв/л тең, ал клетка сыртындағы концентрациясы 5 мэкв/л тең) қамтамасыз етеді. Тыныштық кезеңі кезінде клетка мембранасы натрий иондарын толық дерлік (бірақ абсолютті емес) өткізбейді, себебі натрий иондарын клеткадан тыс активті ұстап тұратын клеткалық натрий сорғысы деп аталатын механизм қызмет істейді. Тыныштық күйінде клетка мембранасы арқылы өтетін баяу ағыны бар иондарға клеткадан шығатын
калий иондары мен клеткаға кіретін натрий мен кальций иондары жатады. Осының нəтижесіндетрансмембраналық тыныштық потенциалының деңгейі біртіндеп төмендейді (оның теріс мəндімөлшері төмендейді). Бұл процесс спонтандық диас-толалық деполяризация деп аталады. Тыныштық потенциалының деңгейі табалдырық потенциалы деп аталатын сынақты деңгейге дейінтөмендегенде (шамамен – 50-60 мВ), клетка мембранасының натрий иондарын өткізу қасиетікүрт көтеріледі, сондықтан натрий иондары клеткаға тез ене бастайды («натрийдың тез ағыны»).Көрші клеткалардың əрекет потенциалы толқындарының əсері де натрий каналдарының тез
ашылып, натрий иондарының клетка ішіне тез енуіне жағдай туғызады. Бұл өзгерістер жүрекклеткаларының электрлік белсенділігін (электр импульстарының пайда болуын) тудырады (0 фаза, деполяризация). Пейсмекер клеткаларының (ырғақ жетекшілерінің клеткалары) нерв клетка-ларының көмегінсіз өздігінен электр импульсін тудыру қасиеті автоматизм деп аталады. Еңжоғарғы автоматтық белсенділік синус түйінінде болады, одан төмендеу белсенділік атриовентрикулярлық құрама мен Гис – Пуркинье жүйесінде болады.Деполяризациядан кейін трансмембраналық потенциалдың реполяризациясы орын алады,оның өзі үш фазадан тұрады: 1, 2, 3-ші. 1-ші фаза, немесе реполяризацияның ерте, тез фазасы,натрийдан кейін клеткаға енген хлор иондарының натрий каналдарының белсенділігін жоюына,ең бастысы клеткадан шығып жатқан калий ағынының белсенділігінің артуына байланысты пайда болады. 2-фаза, немесе реполяризация жотасын бір-біріне тең ағындар қалыптастырады (кальций жəне натрий иондарының клеткаға баяу енуі мен калий иондарының клеткадан шығуы).
Кальций мен натрийдың баяу ағынын калийдың клеткадан тез шығуының басып кетуінен реполяризацияның 3-ші фазасы (реполяризацияның кеш, тез фазасы) пайда болады. Бұл фаза реполяризацияны аяқтайды, трансмембранды потенциалды алғашқы, теріс мəнді тыныштық потенциалына қайырады. Соңында кальций мен натрий иондары калий иондарына алмастырылып, клеткадан сыртқа айдалады. Трансмембраналық потенциалдың 0, 1, 2, 3-ші фазалары трансмембраналық əрекет потенциалы немесе акция потенциалыдеп аталады.
Аритмияларды дəрісіз емдеу əдістері
Аритмияны дəрісіз емдеу əдістеріне жататындары:
1. Хирургиялық əдіс.
2. АВ-құраманың, өткізгіштіктің аномальдық жолдарының жəне аритмогендік ошақтар-дыңрадиожиілікті катетерлік абляциясы (талқандау).
3. Электрлік стимуляция.
4. Электрлік кардиоверсия – дефибрилляция.
Хирургиялық емдеу əдістері макрориентери тұзақтарын үзу немесе аритмияның анатомиялықсубстратын жою үшін қолданылады. Көбіне хирургиялық ем WPW синдромында жəне пароксизмальды қарыншалық тахикардияда қолданылады. Одан басқа, хирургиялық ем атриовентрикуляр – түйінді реципрокты тахикардияны, жүрекшелік тахикардияны, жүрекше-лер дірілін емдеу үшін қолданылады.
Аритмогендік зонада орындалатын хирургиялық əрекеттер эндокард жағынан жасалады, себебі қарыншалық тахикардияның re-entry тізбегі көбіне эндокард астында орналасады. Лазерлікфотокоагуляция, эндокардтың криодеструкциясы, оралма вентрикулотомия, субэндокардиальдырезекция қолданылады. Хирургиялық емнің тиімділігі 75-85%, өлім 10-20% жағдайда кездеседі.Радиожиілікті катетерлік деструкция (абляция) – жоғары жиілікті энергия қолданып, аритмогендік аймақты эндокардиальды катетерлік талқандау əдісі. Абляцияны наркозсыз орындайды.Əдіс қолданылатын жағдайлар: 1) жүрекшелік пароксизмальды тахикардия; 2) жүрекшелердірілі; 3) реципрокты АВ – түйінді пароксизмальды тахикардия; 4) WPW – синдромында болатын реципрокты қарыншаүстілік тахикардия.Электрокардиостимуляция (ЭКС) – ырғақтың жасанды жетекшісі (электрокардиостимулятор)
өндіретін электр импульсін жүректің бұлшық етінің белгілі бір аймағына беру арқылы жүректіңжиырылуын тудыратын əдіс. Электрлік стимуляция уақытша жəне тұрақты болып бөлінеді.Уақытша электрокардиостимуляция негізінен шұғыл көмекті қажет қылатын клиникалықжағдайларда қолданылады:
- қарыншаүстілік жəне қарыншалық тахиаритмияларда;
- гемодинамикалық маңызды брадикардия жəне асистолия тудыратын өткізгіштіктің бұзы-
лыстары;
- өмірге қауіпті аритмиялар мен асистолия (мысалы миокард инфарктісінде) дамуының
қаупі жоғарылағанда.Созылмалы симптоматикалық брадикардияларда тұрақты ЭКС қолданылады. Көбіне тұрақтыЭКС синус түйінінің əлсіздігі синдромында, атриовентрикулярлық өткізгіштік бұзылғанда, жыбыр аритмиясында, синкопальдық (талма) күйлерде, вазо – вагальдық брадикардияларда (мыс.,каротид синусы синдромында) қолданылады.
Электрлік кардиоверсия (дефибрилляция) – жүректің ырғағын қалпына келтіру үшін оған
кеуде арқылы (трансторакальды) жоғарғы энергияға (50-ден 400 Дж дейін немесе 2,5-нан 7,0 кВдейін) ие электр разрядымен əсер ету əдісі. Бұл қарыншалар фибрилляциясын тоқтататын жалғызəдіс, сондықтан оның екінші аты – дефибрилляция деп аталады.
Кардиоверсия үшін арнайы құралдар – дефибриляторлар қолданылады. Бұл əдіс басқа тахиаритмиялардың бəрін тоқтатуға мүмкіндік береді. Тахикардияның қандай түрі болмасын ауырклиникалық синдромдар (коллапс, өкпе шемені, аритмиялық шок, талма) беретін болса, немесеоларды дəрі көмегімен тоқтату мүмкін емес болса, немесе антиаритмиялық дəрілерді беруге қарсы көрсетпелер болса, онда шұғыл кардиоверсия қолданылады. Жоспарлы кардиоверсия жүрекшелер дірілі мен фибрилляциясының созылмалы түрлерінде қолданылады.Соңғы жылдарда имплантация жасалатын кардиовертер (ИКД) (құрамында электрокардиостимулятор жəне іштей автоматыкардиоверсия – дефибрилляция блогы бар) қолданылып жүр.Құрал емдеу əдісін автоматты түрде анықтайды. Брадикардияда электрокардиостимуляция қолданылады, қарыншалық тахикардияда антитахикардиялық стимуляция немесе аз энергиялы кардиоверсия, қарыншалар фибрилляциясында – дефибрилляция қолданылады.
ИКД қолдану көрсетпелері:
1) ең болмағанда бір рет қан айналысы тоқтауының себебі болған қарыншалық тахикардия;
2) дəрі көмектеспейтін немесе дəрімен емдеу мүмкін емес, өздігінен пайда болған, немесе
сыртқы ықпал əсерінен пайда болған қарыншалық тахикардия;
3) кенеттен өлімнің жоғары дəрежелі қаупі бар науқастар (сол жақ қарыншадан айдалатын қанфракциясының өте аз болуы).
Рефлекторлық емдеу əдістері негізінен суправентрикулярлық пароксизмальдық тахикардиядақолданылады. Кезбе нервті рефлекторлы қоздыру əдістері (вагус сынамалары) қолданылады:
1) Чермак-Геринг тəсілі – каротидтік синусты (ұйқы қойнауларын) кезекпе-кезек массаж жасау;
2) Вальсальва тəсілі – дауыс саңылаулары жабық күйде сыртқа тыныстау қимылын жасау
(күшену);
3) Мюллер тəсілі – дауыс саңылауы жабық күйде тынысты ішке алу қимылын жасау;
4) жұтқыншақты механикалық тітіркендіру – құсу рефлексін тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |