Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет20/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Жүйелі өзгерістер жоқ РА.
Ревматоидтық полиартрит. РА-та ең жиі ІІ жəне ІІІ алақан – бунақ буындары, проксимальды бунақаралық буындар жəне білезік буындары, сирегірек – табан – бақайшақ буындары зақымданады. Аурудың алғашқы сатыларында зақымдану жиілігі жағынан екінші орынды тізе,шынтақ жəне сирақ – аяқ ұшы буындары алады. Кейбір буындар процеске қатыспайды. Оларғажататындар дистальды бунақ – аралық буындар, бас бармақтың бірінші алақан – бунақ буыны,шынашақтың проксимальды бунақаралық буыны жатады. Бұл буындар «қатыспайтын» буындардеп аталады.
Артриттердің дамуына инфекция (жедел инфекция жəне созылмалы инфекцияның өршуі),
салқын тию, жарақат, денеге күш түсу, жүйке күйзелістері, организмнің физиологиялық аллергизация кезеңдері (жыныстық жетілу кезеңі, босанудан кейінгі кезең жəне климакс кезеңі) түрткіболады.Науқас адамның басты шағымдары: буындардың ауыруы, қимылдардың шектелуі(дененіңқұрысуы), буынның түрі мен функциясының өзгеруі.Буынның ауыруы буын қуысына экссудат жиналуына байланысты шектес жалғамалар
қапшығының шамадан тыс керілуінің, қабынған синовиальды қабықтың ісінуі мен пролиферациясының нəтижесінде пайда болады. Буын ауыруының «қабыну ырғағы» болады – буынның еңкүшті ауыруы түннің екінші жартысы мен ертеңгілік байқалады. Күндіз ауырғандық əлсіреп,кешке қарай онша байқалмайды.
Дененің ертеңгілік құрысуы – РА тəн белгі. Құрысудың жарты сағаттан ұзаққа созылуыныңғана диагностикалық маңызы болады. «Тар қолғап» немесе «корсет» симптомдары бой көрсетеді.Құрысудың пайда болуының ырғағы ауырғандықтың ырғағымен бірдей. Бұл симптомныңтуындауын бүйрек бездерінің эндогендік гидрокортизонды өндіруінің қалыпты ырғағыныңбұзылуымен байланысты деп есептейді. РА ауыратын адамдарда гормонды өндірудің ең биікшыңы 7-8 сағат кеш мерзімге ығысады.Алғашқы 2-3 жылда науқас адамдардың көбінде экссудативтік жəне шамалы пролиферативтікөзгерістерге байланысты (буын қапшығының, бұлшық еттер сіңірінің, периартикулярлық тіндердің фиброзды өзгерістері) буындардың ісінуі (саусақтардың ұршық тəрізді пішіні) жəне дефигурациясы байқалады.
Артралгия, перикапсулярлық фиброз, бұлшық еттер атрофиясы жəне сіңірлердің зақымдануысалдарынан буындардың қимылы азаяды. Кейін фиброзды анкилоз нəтижесінде буындар толыққимылсыз күйге келеді.
Буындардың үдемелі деструкциясы буындардың қимылының шектелуін ғана емес, олардыңжартылай таюын, буын қапшығының жəне жалғамалардың керілуіне байланысты буындардыңтұрақсыздығын тудырады. Оның нəтижесінде əр түрлі буын деформациясы қалыптасады. Ревматоидтық қол ұшына тəн белгілер:
1) саусақтардың ульнарлы девиациясы – алақан – бунақ буындарының жартылай таюына байланысты саусақтардың шынтақ сүйегіне қарай қисаюы. Саусақтар морждың аяқтарына ұқсас болады;
2) «аққу мойны» түріндегі деформация – алақан – бунақ буындарындағы бүгілу контрактурасы мен проксимальды бунақ аралық буында шамадан тыс жазылудың жəне тырнақты бунақтардың бүгілуінің қоса кездесуі;
3) «бутоньерка» (ілгек тұзағы) түріндегі деформация – алақан – бунақ буындарында ауқымдыбүгілу мен дистальды бунақаралық буындарда шамадан тыс жазылудың қоса кездесуі;
4) өрмекші тəрізді қол ұшы – саусақтар жазылмайтындықтан жазықтық бетіне қойылған
қолұшы алақанының жазықтық бетіне тимейтіні.
Ревматоидтық тізе буыны бүгілу контрактурасымен, вальгустік деформациямен жəне Бейхеркистасымен (тізе буынының арт жағындағы синовиальды киста) сипатталады.
Ревматоидтық табан латеральді девиациямен, үлкен башпайдың вальгустық деформациясымен, табан-бақайшық буындарының жартылай таюымен сипатталады.
Омыртқа жотасының мойын бөлігінде атлант – шүйде буынының жартылай таюы болады, олсирек жұлынның немесе омыртқа артериясының басылып қалуымен (компрессия) асқынады.Жүзік – ожау тəрізді буын зақымданғанда дауыс жуандайды, ентігу, дисфагия, қайталамалыбронхит орын алады.
РА буындар симметриялы зақымданады. Зақымданған буын үстіндегі тері құрғақ, қуқыл
тартқан, жұқарған; бұл өзгерістер əсіресе қол ұшында байқалады. Кейде саусақ терісінің үстінде,тырнақ көбесіне жақын жерде ұсақ, қызыл-қоңыр түсті ошақтар пайда болады (ревматоидтықваскулит нəтижесінде болатын жұмсақ тіндер некрозы). Қабынған буын үстінде эритема пайдаболуы РА тəн емес.Тері астылық ревматоидтық түйіндер ауырмайтын домалақ, диаметрі 2-3 мм-ден 2-3 см же-
тетін дəнекер тінінен тұратын түзілістер болып табылады, ревматоидтық артриттің патогномониялық белгісіне жатады. РА ауыратын адамдардың 25-30% байқалады, əдетте механикалыққысымға ұшырайтын жерлерде орналасады (шынтақ сүйегінің шынтақ буынына жақын сыртжағында, ахилл сіңірі, шонданай томпағы); сирек түйіндер қол ұшы мен аяқ ұшының ұсақ буындары аймағында, шынтақ сүйегінің тəж өсіндісінің аймағындағы синовиальды қапшыққабырғасында орналасады. Кейде түйіндер ішкі органдардан табылады (жүрек, перикард, өкпелер). Ремиссия кезінде олар жойылып кетуі мүмкін. Олар тек серопозивті ауруларда анықталады.Буындардың зақымдануына қоса бұлшық еттер атрофиясы дамиды. Қол ұшы зақымданғандасүйек аралық бұлшықеттер семеді, басқа буындар зақымданғанда осы буындарды қимылғакелтіретін бұлшықеттер семеді.Зақымданған буындардан бастап аққан лимфа өтетін лимфа түйіндерінің зақымдануы – РАтəн белгі. Лимфа түйіндері ауырмайды жəне көрші тіндерге жабыспаған.Ревматоидтық моно- жəне олигоартрит бір буында, көбіне тізе буынында тұрақты қабынупроцесінің болуымен сипатталады. Кейде тағы да 1-2 буын қосылады (олигоартрит). Қарағанкезде буынның тұрақты дефигурациясы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет