Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет21/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Жүйелі зақымданулар болатын РА.
Аурудың аутоиммундық сипаты патологиялық процестің басқа органдарға тарауын қамтамасыз етеді. Негізінен буын синдромы мен висцеральдық патология бір мезгілде бой көрсетеді. Аурудың жүйелі белгілері процестің жағымсыз дамуын, оның жоғарғы дəрежелі активтілігін жəнебарлық емдеу əдістеріне төзімділігін көрсетеді.
Өкпелердің зақымдануы. РА-ғы тыныс мүшелерінің зақымдануы ревматоидтық плеврит, өкпефиброзы жəне өкпе мен плевраның түйінді зақымдануы түрінде көрініс береді.
РА плеврит бірнеше жыл бойы белгісіз дамиды, көбіне оның адгезиялық сипаты болады.
Плевра қуысындағы сұйықтықта фагоциттер (құрамында фагоцитоз нəтижесінде жұтылған иммундық комплекстер бар лейкоциттер) табылады.
Өкпенің фиброзы ошақты жəне жайылмалы болады. РА белгілері мен өкпедегі ревматоидтықтүйіндердің қоса кездесуі Каплан синдромы деп аталады.
Өкпеде ревматоидтық түйіндердің болуы көбіне еркектерде кездеседі, түйіндер өкпеде көптепкездеседі. РА өкпедегі түйіндер ревматизмге қарсы ем жəне кортикостероидтар қолданғандажақсы нəтиже береді.Жүректің зақымдануы. РА жүректің зақымдануы миокардиодистрофия, эндомиокардит жəнеперикардит түрінде кездеседі.Миокардиодистрофияда болмашы ентігу, жүректің соғуы, жүрек тұсының мезгіл-мезгіл
шаншып ауыруы болады. Жүрек аздап солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған, функциональдық систолалық шу естіледі, ЭКГ-да – ЭКГ тісшелері вольтажының аздап төмендегенібайқалады.Кардиттің белгісі өте аз болады, процесс баяу дамиды. Жүрек ақауы сирек қалыптасады.Əдетте процесс митральдық қақпақтың кемістігімен шектеледі. Жүрек ақауының даму барысықатерсіз болып келеді, жүрек-тамыр жетіспеушілігінің белгілері кездеспейді.Ревматоидтық перикардит симптомсыз дамиды, əдетте плевроперикард жабысқақтарынақарап диагнозы қойылады.
Жүректің ревматоидтық зақымдану белгілері РА-ң өршуі кезінде байқалады.
Тамырлардың зақымдануы. РА тамырлардың зақымдануына ревматоидтық васкулиттер жатады. РА клиникалық белгілері сирек кездеседі. Көбіне терінің дигитальді артерииті, петехиялықбөртпе жəне терінің некрозы кездеседі.Дигитальды артериитте саусақ ұшындағы тырнақ ернеуінің маңында нүкте тəрізді некроз болады. Петехия бөртпесі (пурпура) əдетте сирақтың дистальды аймағында орналасады, өзінен кейін қоңыр түсті пигментация қалдырады. Васкулиттердің клиникалық белгілерімен бірге процестің жоғары активтігі, ревматоидтық факторлардың жоғарғы титры, сирек тері асты ревмато-
идтық түйіндер байқалады.Бүйректің зақымдануы амилоидоз бен нефриттің клиникалық белгілерін береді.РА-дағы амилоидоз протеинурия мен диспротеинемиядан басталады, кейін нефроз синдромымен бүйрек жетіспеушілігі пайда болады. Бұл науқастарда жиі басқа ішкі органдардың амилоидозының (бауыр, талақ, ішек) белгілері анықталады.
Нефрит ошақты нефрит түрінде бой көрсетеді. Ошақты нефритте микрогематурия мен болмашы протеинурия байқалады, гипертензия мен ісіну болмайды.
РА бүйректің зақымдану түрінің бірі – дəрілік нефропатия. Олардың ішіндегі қазіргі бел-
гілілері – фенацетиндік нефрит, «алтынды» нефропатия, Д-пеницилламиндік нефропатиялар.Бауырдың зақымдануы. Ревматоидтық артритте бауырдың зақымдануы: 1) ревматоидтық гепатит пен бауыр амилоидозы; 2) қосымша қабыну аурулары (созылмалы гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы т.б.); 3) дəрілік зақымдану түрінде кездеседі.
Асқазан-ішек жолының зақымдануы өңештің функциональдық өзгерістері (гипокинезия,
асқазан-өңеш рефлюксі, эзофагоспазм), эрозиялы гастрит жəне ішек амилоидозы түрінде кездеседі.Көздің зақымдануы. РА жиі кездесетін көздің зақымдану түрлеріне склериттер мен эписклериттер жатады.
Нерв жүйесінің зақымдануы. Көбіне мононеврит түріндегі (кіші жіліншек нервісінің зақымдануы басым) шеткі нейропатия жиі кездеседі. Ол vasa nervorum-ның қабынуының нəтижесіндетуындайды. РА-те көрші тіндердің (буын қабы, сіңір қабығы) ісінуі нəтижесінде аяқ-қолдың дистальді бөлігінің нерв сабауының компрессиясы болуы мүмкін. Оған білезік өзегінің синдромы(білезік аймағында орталық нервтің қысылып қалуы), асық жілік өзегі синдромы (ішкі тобық аймағында асық жілік нервісінің қысылып қалуы) жатады. Ревматоидтық менингиттер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет