Патоморфологиясы. Патологиялық процесс буындар мен буын маңы тіндерде басым дамиды. Өзгерістер ең алдымен синовиальды қабықта болады. Олар саусақ тəрізді бүрлер мен синовиоциттер гиперплазиясының қалыптасуымен сипатталады (І саты). Қабыну процесінің нəтижесінде гипертрофияланған синовиальдық бүрлер буын шеміршегінің шектес шетіне бекиді,шеміршектің үстіне «өрбіп өсіп», оны талқандайды жəне шеміршектің орнында созылмалықабынудың клеткаларымен инфильтрацияланған фиброзды тін пайда болады (паннус). Буыншеміршегінің шетінде паннус сүйек тінін алмастырып, эрозия тудырады. Сонымен, аурудың ІІсатысы грануляциялық тіннің өрбіп өсуімен, шеміршектің талқандалуымен сипатталады. Оныңнəтижесінде буындар деформацияланады, буындардың таюы пайда болады, буын саңылауы тарылады, сүйектердің ұсақ кемістіктері (узуралар) пайда болады. Қарсы орналасқан буын беттері
біртіндеп бір-бірімен фиброз тіні арқылы қосылып, фиброзды анкилоз қалыптастырады жəнезақымданған буынның қимылын азайтады. Анкилоздың дамуы РА дамуының ІІІ сатысын құрайды. Персистенциялы активті синовитке қоса екінші ретті остеоартроз бой көрсетеді. Қабынупроцесі буын маңы тіндерде де (сіңір қынаптары, синовиальды қапшықтар) дамиды.РА-қа тəн белгілерге тері асты түйіндер жатады. Гистологиялық тұрғыдан гранулеманың 3 зонасын ажыратады:
1) орталық некроз зонасы;
2) палисад тəрізді орналасқан эпителиоидтық клеткалар (макрофагтар болуы ықтимал) зонасы;
3) созылмалы қабыну клеткаларынан (лимфоциттер мен плазматикалық клеткалар) тұратынсыртқы зона.
РА-та буындардың зақымдануынан басқа барлық жағдайларда дерлік органдар мен
жүйелердің дəнекер тіндері өзгереді. Олардың морфологиялық негізін васкулиттер мен лимфоидты инфильтрация құрайды. Орташа жəне ұсақ калибрлі тамырлар басым зақымданады. РА-ңпатогномониялық белгісі деп тамырлардың ортаңғы қабығының түйінді немесе түгел некрозынесептейді. Некроздың айналасындағы клеткалар палисад тəрізді орналасады, сондықтан барлықтүзіліс ревматоидтық түйіннің эквиваленті болып қаралады.
Классификациясы. Қазіргі кезде ревматологтардың Бүкілодақтық ғылыми қоғамының Президиумы ұсынған классификацияны қолданады__
Клиникалық-анатомиялық сипаттамасы:
І Жүйелі зақымданужоқ РА
ІІ Жүйелі зақымдану белгілері барРА:РЭЖ, сірі қабықтардың, өкпенің,жүректің, тамырлардың, көздердің,бүйректердің, нервжүйесінің зақымдануы, органдар амилоидозы
Ерекше синдромдар:Стилл синдромы,Шегрен синдромы,Фелти синдромы
Клиникасы. Ересек адамдарда РА екі клиника-анатомиялық түрін ажыратады:
1. Жүйелі зақымдану жоқ полиартрит, олигоартрит немесе моноартрит түріндегі РА. РА-ң еңжиі кездесетін түрі (барлық түрінің 70-80%).
2. Жүйелі зақымдану белгілері бар РА.
Достарыңызбен бөлісу: |