Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет22/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Стилл синдромы. Бұл синдромның клиникасында үлкен жəне кіші критерийлерді бөледі.
Үлкен критерийге жататындары: бір апта жəне одан да ұзақ 390С жəне одан жоғары болатынқызба, екі апта жəне одан ұзақ болатын артралгия, семга түсті дақты немесе дақты – түйіндібөртпе (қызба кезінде пайда болатын); қанда лейкоцитоз > 10х109/л, гранулоциттерсаны > 80%.
Кіші критерийлері: тамақтың ауыруы, лимфоаденопатия немесе спленомегалия, сарысу трансаминазалар деңгейінің көтерілуі (дəрілердің улы əсерімен байланысты емес), РФ болмауы, антинуклеарлық антиденелердің (АНАД) болмауы.
Шегрен синдромы – аутоиммунды экзокринопатия: құрғақ кератоконъюнктивиттің жəне
ксеростомияның клиникалық белгілері болады.
Фелти синдромы – көбіне 40-60 жаста кездеседі, полиартрит, талақтың ұлғаюы, лимфа
түйіндердің ұлғаюы, лейкопения (нейтропения) белгілері болады.
Даму варианттары. РА-ң баяу үдемелі, тез үдемелі, аз үдемелі (қатерсіз) даму вариант-тарынбөледі.РА баяу үдемелі даму барысы (ең тəн) висцерит жоқ созылмалы полиартритпен сипатталады.
Ауру қол ұшы мен аяқ ұшының ұсақ буындарынан басталады, біртіндеп басқа буындарға тарайды, көптеген буын зақымданады. Аурудың клиникасында ауырғандық пен ертеңгілік құрысу басым болады, біртіндеп сүйек деструкциясы мен анкилоз дамиды. Жітіфазалық көрсеткіштер процесс активтілігінің ІІ дəрежесіне сəйкес келеді, науқас адамның көбінде РФ анықталады.РА тез үдемелі даму барысы көбіне жас адамдарда кездеседі. Буын синдромының өзіне тəнбелгілері болады, тұрақты болып келеді, деформация, сүйек деструкциясы, анкилоз тез дамиды.Висцериттер болады. Ауру ауыр дамиды, жиі қайталайды. Анемия мен жүдеу байқалады. Процестің жоғарғы дəрежелі активтілігі мен ауыр аутоиммундық өзгерістер кездеседі. Мүгедектікерте орын алады. РА аз үдемелі даму барысы өте баяу эволюциямен сипатталады. Аурудың болатын ұсақ симп-
томдары өте тұрақты болып келеді, буындардың функциональдық қабілетінің байқамды өзгерістері болмайды.
РА активтілігінің үш дəрежесін ажыратады.
І дəрежесі – ең төменгі активтілік. Буындардың аздап ауыруы, ертеңгілік болатын онша күштіемес құрысу, буындарда болмашы экссудаттың болуы тəн. Буын үстінің қызуы қалыпты күйде,ЭТЖ 20 мм/сағ. дейін, лейкоциттер саны қалыпты күйде. С – реактивті белок, фибриноген, сиалқышқылы аздап өскен. Альфа-2 жəне __________гамма-глобулиндер көбейген.
ІІ дəрежесі – орташа активтілік. Буындар қозғалғанда ғана емес, тыныш күйде де ауырады,ауырғандықтан буындағы қимыл азаяды. Ісіну, буынға сұйықтық жиналу жəне бурсит (буындағыэкссудативті өзгерістер тұрақты болады) белгілері анықталады. Висцериттердің белгілері оншаанық емес. Температура субфебрильді деңгейде. ЭТЖ 30-40 мм/сағ., лейкоциттер 8-10х109/л, С -реактивті белок, фибриноген, сиал қышқылы, альфа-2 жəне гамма-глобулиндер көзге түсерліктейкөбейген.
ІІІ дəрежесі – жоғары активтілік. Буындардың күшті ауыруы, ертеңгілік ауыр құрысу. Буын-
дарда айқын экссудаттық өзгерістер (анағұрлым ісіну, гиперемия, буын үсті қызуының анағұрлым көтерілуі) болады. Буын қимылы анағұрлым шектелген. Ішкі мүшелер жағынан активтіқабыну процесінің белгілерінің болуы (плеврит, перикардит, миокардит). Дене қызуы жоғарыболады. ЭТЖ 40-60 мм/сағ., лейкоцитоз 15-20х109/л., С – реактивті белоктың, фибриногеннің,сиал қышқылының айқын көбеюі.
РА сатылары рентгенологиялық белгілеріне қарап анықталады (төменде келтірілді).
Ауру адамның функциональдық қабілеті төмендегі критерийлерге қаралып анықталады:
І дəрежесі – кəсіби еңбекке жарамдылығы сақталған.
ІІ дəрежесі – кəсіби еңбекке жарамдылығы сақталмаған.
ІІІ дəрежесі - өзіне-өзі қызмет ету қабілеті жойылған.
Қосымша тексерулер. Қанның жалпы анализі: 1) нормохромды типті орташа дəрежелі анемия(Fe ретикулоэндотелиал жүйесінің клеткалары бөгет болатындықтан темір сүйек миынажетпейді); 2) аурудың ауыр түрінде лейкоцитоз анықталады; 3) ЭТЖ өсуі; оның өсуі қабынупроцесінің активтілігіне тəуелді болады; І активтілікте – ЭТЖ 20 мм/сағ. дейін, ІІ дəрежесінде -20-40 мм/сағ., ІІІ дəрежесінде – 40 мм/сағ. жоғары.
Биохимиялық тексерулер:
1) альбумин-глобулин коэффициентінің төмендеуі; диспротеинемияның нəтижесінде альбуминдер азайып, глобулиндер (ең алдымен альфа-1, альфа-2-глобулиндер) көбейеді;
2) қандағы фибриноген көбейеді (қалыпты күйде 2-4 г/л);
3) С – реактивті протеиннің пайда болуы;
4) қан сарысуында гликопротеидтердің көбеюі; негізгі затының құрамына ликопротеидтер
кіретін дəнекер тінінің дезогранизациясына байланысты;
5) дифениламин реакциясы көрсеткішінің (ДФА реакция) өсуі. Қалыпты күйде 0,200-0,220 Б;
6) серомукоид деңгейі көтеріледі. Қалыпты күйде 0,75 г/л;
7) гексозалардың көбеюі. Қалыпты күйде гексозалардың мөлшері 125 г/л тең.
Иммунологиялық тексерулер.
Ревматоидтық факторды (РФ) анықтау. РФ анықтау үшін Ваалер-Розе жəне латекс-тест реакциялары қолданылады. Ваалер-Розе реакциясы бойынша титр 1:32 тең болса, ол оң мəнді депесептеледі; латекс-тест бойынша реакция оң мəнді деп есептеледі, егер титр 1:20 тең болса. РФ70-80% жағдайда анықталады. Иммуноглобулиндер кластарына қарай (M, G, A) РФ бірнешетипін ажыратады (бұл белок осы иммуноглобулиндерден тұрады). Көрсетілген реакцияларда текJgM – типті РФ анықталады.
Қан сарысуында РФ бар-жоғына қарап, серопозитивті жəне серо-негативті РА ажыратады. Се-ропозитивті РА ауыр дамиды деп есептеледі, онда сүйек деструкциясы тез дамиды, висцериттердің болуы жиі кездеседі. Серонегативті РА қатерсіздеу дамиды.
Иммунофлюоресценция əдісімен РА ауыратын адамдардың 30% антинуклеарлық антиденелер(ДНҚ-на, нуклеопротеидтерге қарсы) табылады.
РА ауыр түрінде 5-10% жағдайда LE - клеткалары табылады.Синовий сұйықтығын зерттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет