Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері



бет24/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Еңбекке қабілеттіліктің қалпына келу критерийлері: а) негізгі синдромдардың (артрит,висцеральдық белгілер, астения) жойылуы; б) қабыну процесінің ремиссиясына қол жеткізунемесе 2-3 дəрежелі активтілікті 1-дəрежеге көшіру; в) 1-ші дəрежеден аспайтын буындаржетіспеушілігі.
Уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа мерзімі. Моно- немесе олигоартриттерде
симптоматиканың кері қарай дамуы 3-5 аптадан кейін, аурудың «классикалық» вариантында – 6-8 аптадан кейін, буынды – висцеральдық вариантында – 3-4 айдан кейін болады.
Диспансерлеу. РА ауыратын адамдар ревматологта немесе учаскелік терапевте диспансерлікесепте тұруы керек. Дəрігердің қарау жиілігі жүйелі зақымдану белгілері жоқ болса – жылына 4рет, активтіліктің клиникалық жəне лабораториялық белгілері болмаса жəне ФЖ0-ФЖ1 болса,жылына 1-2 рет, алтын препараттарымен, цитостатиктермен, Д-пенициламинмен,глюкокортикостероидтармен емделгенде – ылына 3-4 рет.
Санаторийлық-курорттық ем РА буындық түрінде, процестің ең төмен активтілігі кезіндежəне аурудың активті емес кезінде іске асырылады. Деформациясыз ауырғандық болса, радонбылауы бар курорттарға жолдама беріледі: Цхалтубо, Белокуриха, Белая Церковь, Пятигорск.Деформация мен контрактура болса, балшық қолданылатын курорттарда (Саки, Евпатория,Одесса, Пятигорск) емдейді.Санаторийлы-курорттық емді висцериттер бар РА-те, қабыну процесінің жоғарғы активтілігінде, науқас адам өзіне-өзі қызмет ете алмайтын жағдайда қолдануға болмайды.
Прогноз. Науқас адамның көбінде жағымды болады. Ол жүйелі зақымдануларда жəне РА
бүйрек амилоидозымен асқынғанда төмендейді. Жас адамның ауыруы, активтіліктің жыл ішіндесақталуы, РФ жоғарғы титрі жəне ревматоидтық түйіндердің болуы буын қызметінің қалпынаоралу болжамын жағымсыз қылады.
Профилактикасы. Бірінші ретті алдын алу шараларын ауру адамның туысқандарымен іскеасыру керек (салқын тигізбеу, интеркуренттік инфекцияны емдеу). Екінші ретті профилактикадааурудың өршуінің алдын алу шаралары мен буын зақымдануының үдей түсуіне кедергі жасауіске асырылады.

  1. Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Іріңді-қабыну ауруы, құрсақішілік инфицирлену қаупі тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.

Балалардың денсаулығын бағалау диспансеризациялау кезіндегі балалар мекемелері
мен емханалардағы балалар дҽрігерлерінің алдын алу жұмыстарының негізгі бөлігі болып
табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты белгілі бір жас кезеңіндегі денсаулық жағдайын
терең тексеруден өткізу және гармониялық дамуы организмнің оптимальды функциялық
жағдайын және денсаулығының қалыптылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақыл-кеңес
беру. Сонымен қатар, бала организміндегі ауытқуларды неғұрлым ерте анықтап,
сауықтыру мен емдеу және созылмалы аурулардың алдын алу болып табылады.
Денсаулық жағдайын бағалаудың негізінде С. М. Громбах (1965-1981 жж.) ұсынған
денсаулықтың 6 шегі (критериялары) жатады. Олардың алғашқыларының бірі болып
онтогенездегі ауытқулар, яғни, биологиялық жҽне генеологиялық шежіре, өмірінің
әлеуметтік жағдайы есептелінеді. Денсаулықты сипаттайтын шектер: баланың дене және
нерв-жүйке әрекеттерінің дамуы, резистенттілігі (беріктігі), мүшелер мен жүйелердің
қызметінің (функциясының) жағдайы, созылмалы аурулар мен туа болған мүкістіктердің
(аномалиялардың) болуы ия болмауы. Баланың денсаулығын бағалау үшін даму
тарихынан, перзентханадан шығару парағынан, ата-анасымен (немесе балалардың өзімен)
сухбаттасып, төмендегі ақпараттарды жинайды:
1. Биологиялық шежіре:
А. Перинатальды кезең: анасының экстрагенитальдық аурулары, қызметіндегі жағдайсыз әсерлер, ата-анасының жағымсыз әдеттері (ішімдік, нашақорлық және т.б.),
жедел аурулар, операциялар, жүктілік кезіндегі алынған жарақаттар, босанған кездегі
анасының жасы (18-ден жас немесе 30-дан үлкен), жүктіліктің I және II жартысының
токсикоздары, түсік тастау қаупі, қансырау, жүктілік кезінде қан қысымының
көтерілуі немесе төмендеуі.
Б. Интрантальды және ерте постнатальды кезеңде: тез, ұзақ, созылған босану, сусыз
кезеңнің ұзақ болуы, босану кезінде құрал-жабдықтар колдану, баланың жолдасы
мен кіндігінін ауытқулары, ұрықты кезеңнің мерзімінен ұзаққа созылуы,
туылғандағы дене салмағы: 2000 граммға дейін, 2000-2500 жҽне 2501 - 4000 грамм
аралығында, 4000 граммнан артық болуы, ұрықтың жетілу дәрежесі, ұрықтың немесе
жаңа туған нәрестенің ауыр, орташа, жеңіл гипоксиясы (тұншығуы), туылу кезіндегі
зақымдалулар, туа болған ақаулар, жаңа туылу кезеңіндегі аурулар, босанғаннан
кейінгі анасының аурулары (жедел инфекциялық - қабыну аурулар).
2. Генеологиялық асқынған шежіре: аллергоздар, өкпенің созылмалы бейарнамалық
аурулары, туберкулез, ревматизм, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың жа-
расы, өт тасы ауруы, гломерулонефрит, нефротикалық синдром, қант диабеті, даму
ақаулары.
3. әлеуметтік шежіре: әлеуметтік-тұрмыс жағдайының нашарлығы (1 адамға 6 шаршы
метрден аз), материалдық жағдайының төмендігі, анасының білімінің бастауыш
немесе аяқталмаған орташа болуы, анасының жұмысындағы жағымсыз әсерлер,
әлеуметтік канағаттанарлықсыз отбасы (толық емес, алкоголизм және т.б.), көп
балалы отбасы (4-тен көп).
І. Шежіре толық жиналып болғаннан кейін алынған шектер (ақпараттар) бағаланады:
- жайлы шежіре;
- жайсыз биологиялық шежіре;
- жайсыз әлеуметтік шежіре;
- жайсыз әлеуметтік-биологиялық шежіре.
II. Дене дамуы жҽне оның гармониялығының дәрежесі:
Сигмальды, центильді ауытқулар көмегімен дене дамуының тепе-теңдігі
(гармониялығы) бағаланады.
Дене дамуын бағалаудың 4 түрі қолданылады:
- қалыпты
- дене салмағының І-ІІ дәрежелері жетіспеушілігі (гипотрофия)
- дене салмағын І-ІІ дәрежелі артықшылығы
- бойының аласа болуы (дене дамуының жалпы қалыс қалуы).
III. Жүйке-іс әрекетінің дамуын жҽне оның гармониялығының дәрежесінің бағалау
тиісті аймақтар бойынша жасына байланысты жүргізіледі: бір жасқа дейінгі
балалардың жүйке-іс әрекеттерінің даму көрсеткіштері, 3 жастағы балалардыңжүйке-іс әрекеттерінің даму көрсеткіштері, ересек балаларды жасына сәйкес талап
бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет