Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет23/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Ажырату диагнозы
Подагралық артрит. Оған артриттің жедел ұстамасы тəн: кенеттен буын күшті ауырып, терісіқызарып, ісінеді. Өте жиі бірінші табан – бақайшақ буыны зақымданады, басқа буындар да мононемесе олигоартрит түрінде зақымданады. Бірінші ұстама 5-8 күннен кейін аяқталады жəне барлық белгілері жойылып кетеді.Бірнеше рет қайталаудан кейін біртіндеп буынның тұрақты деформациясы пайда болады.
Құлақ жарғағында жəне буын маңы тіндерде (əсіресе сол жақ шынтақ буынының жанында) тофустар түзіледі. Ұстама кезінде қанды тексергенде (жиі ұстамадан тыс кезінде де) онда несепқышқылы көбейген болады, несеп қышқылы кристалдары синовиальды сұйықта да анықталады.Зақымданған буындар рентгенограммасында буын қуысы тарылған, шеткі остеофиттер жəнесүйектің эпифизінде дөңгелек кемістіктер (оқ тесігі симптомы) көрінеді.
Емі. РА емдеудің негізгі мақсаты процестің активтілігін басып, үдеуін тежеу, мүмкіндігі
алғанша буындардың функциясын қалпына келтіру жəне аурудың қайталауының (өршуінің) алдын алу. Ем комплексті, ұзақ, сатылы жəне екшеленген болуы керек.
Комплексті емдеу деген ауру патогенезінің барлық жағына əсер етуді көздейді, оның құрамына дəрімен емдеу, ЕДТ, физиотерапия, санаторийлық-курорттық ем, хирургиялық ем жəне реабилитация (қалпына келтіру) кіреді.
РА емдеуде қолданылатын дəрілер екі топқа бөлінеді: тез əсер ететін дəрілер (симптоматикалық немесе «актуальды») жəне баяу əсер ететіндер (патогенетикалық, немесе «базистік»).Тез əсер ететін дəрілер қабынуға қарсы жəне анальгетикалық (ауырсынуды басатын) ықпалкөрсетеді. Бұл топқа жататын дəрілер: бейстероидтық қабынуға қарсы препараттар (БҚҚП) жəнеглюкокортикостероидтар (ГКС).
БҚҚП ішінен РА емдеуде қолданылатындары:
1. Циклоксигеназаның (ЦОГ) селективті емес ингибиторлары:
а) алтын стандарт деп диклофенакты атайды: 50 мг тəулігіне 2-3 рет беріледі, ұзартылған
əсерлі диклофенактың 100 мг тəулігіне 1 рет беріледі;
б) арилпропион қышқылының өнімдері: ибупрофен 0,8 г тəулігіне 3-4 рет, кетапрофен 50 мгтəулігіне 2-3 рет беріледі. Бұл топтың дəрілері асқазан-ішек жолы асқынуларын ең сирек береді;
в) индолсірке қышқылының өнімдері: индометацин 25-50 мг тəулігіне 3 рет, индометацинніңəсері ұзартылған дəрілері 75 мг тəулігіне 1-2 рет беріледі;
г)энолик қышқылының өнімдері: пироксикам 10-20 мг тəулігіне 2 рет беріледі.
2. ЦОГ-2-нің селективті ингибиторлары
а) мелоксикам 7,5-15 мг/тəулігіне;
б) нимесулид 0,1-0,2 г 2 рет тəулігіне;
в) целоксиб 0,1 г 2 рет тəулігіне.
БҚҚП буындардың ауыруы мен қабынуын басу үшін қолданады. Асқазан-ішек асқынуларықаупі болса, ЦОГ-2 селективті ингибиторлары немесе ЦОГ селективті ингибиторы мен мизопростолды (200 мкг 2-3 рет тəулігіне) немесе протон сорғысының ингибиторын (омепразол 20-40мг/тəулігіне) қосып береді__


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет