Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет11/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Даму барысы. Қолқа қақпақтарының ақаулары бар адамдарда жүрек қызметінің
компенсациялы күйі ұзақ уақыт сақталады. Жүрек əлсіздігі жүрек тұншықпасының ұстамасытүрде бой көрсетеді. Кейін оңқарыншалық жүрек əлсіздігінің белгілері пайда болады. Əдетте қанайналысы жетіспеушілігі кезеңі ұзаққа созылмайды (1-2 жыл), ауру адам тез өледі.
Қолқа стенозының сатылары:
0 сатысы – ешқандай шағым жоқ, науқас адам түскен күшті жақсы көтереді.
І сатысы – ақаудың алғашқы клиникалық белгілер сатысы. Денеге күш түскенде, кейде тынышкүйде бас айналуы мен бас ауыруы төс артының жəне жүрек тұсында қысып немесе жаншыпауыруы байқалады.
ІІ сатысы – аурудың айқын клиникалық белгілері болады. Ақаудың 2 типін ажыратады:
ишемиялық тип – ауру клиникасында күш түскенде жəне түнде болатын ауырғандық басымболады; қан іркілмелі тип – шамалы күш түскенде болатын немесе тыныш күйде болатын ентігу,жүрек тұншықпасының ұстамалары байқалады.
ІІІ сатысы – толық жүрек əлсіздігінің белгілері болады.
Асқынулары. Болатын асқынулар:
1. Кенеттен болатын өлім (14-18% жағдайында), қарыншалар фибрилляциясынан болады;
2. Миокард инфарктісі, пайда болу себептері:
а) айдалма қан көлемінің аздығынан тəж артерияларына келетін қанның жеткіліксіз болуы;
б) сол жақ қарыншаның ауқымды гипертрофиясы мен коронарлық тамырлар торының ара-
сындағы сəйкессіздік;
в) сол жақ қарыншадағы қысым жоғары болатындықтан қарынша қабырғасындағы тамырлардың қысылып қалуы.
Прогнозы. Декомпенсация ұзақ уақыт дамымайды. Аурудың болжамын ревматизмдік процесс пен салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік нашарлатады, олар жүрек əлсіздігініңтуындауына жағдай жасайды.
Емі. Қан іркілмелі жүрек əлсіздігі бар сол жақ қарыншаның дисфунк-циясында жүрек гликозидтері, диуретиктер, вазодилататорлар беріледі. Рефрактерлік жүрек əлсіздігінде инотроптыдəрілерді венаға жібереді.
Хирургиялық ем қолданылатын жағдайлар:
а) клиникалық белгілері бар қолқа сағасы стенозының ІІІ-IV дəрежесі;
б) сол жақ қарынша дисфункциясы бар қолқа стенозының симптомсыз түрі.
Хирургиялық емдердің ішінен баллонды вальвулопластика, жасанды механикалық протез салу операциялары қолданылады.
Хирургиялық емге қарсы көрсетпелер қолқа қақпақтарының кемістігіндей.

  1. Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Экстрасистолияның анықтамасы. Жіктелісі. Экстрасистолияның клиникалық көріністері. Жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолияның диагностикасы, емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет