Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет10/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1
Рентгенологиялық тексеру. Сол жақ қарынша дилатациясында жүректің қолқалық конфигурациясы (пішіні) анықталады. Өрлеме қолқаның стеноздан кейінгі кеңуі болуы мүмкін. Кейдеқақпақ жармаларының кальцинозы мен қақпақ сақинасының фиброзы болады.
ЭКГ: сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері мен оған қоса күш түсу белгілері, Гисбудасының сол жақ сабағының толық емес блокадасының белгілері болады.
ФКГ: 1) І тон амплитудасының төмендеуі;
2) ІІ тон осцилляциясының төмендеуі;
3) І тоннан аздап кейін басталып, систола ортасында өзінің биігіне жететін ромб немесе
ұршық тəрізді шу.
Ұйқы артериясының сфигмограммасы: анакротаның баяу көтерілуі, анакрота мен сфигмо-
грамма ұшының тісті болуы («қораз айдары»), қан айдау кезеңі ұзарған.
Жүректі катетерлеу сол жақ қарынша қуысындағы қысымның анағұрлым көтерілгенін жəнеоның қолқада азайғанын анықтайды. Сол жақ қарынша – қолқа қысым градиенті анықталады,оның деңгейі қолқа сағасының стенозына тəуелді
ЭхоКГ. Стеноз өскен сайын қолқа қақпақтарының жармалары қалыңдай түседі,
олардың ашылуы азаяды, бұған параллельді түрде сол жақ қарынша қабырғасы қалыңдайды (1,5см жоғары), оның қуысы кеңиді (систолалық алдыңғы-артқы мөлшер 4 см жоғары, диастолалықосы мөлшер 6 см жоғары). Декомпенсацияда сол жақ жүрекше қуысының дилатациясы дамиды.Парастернальды позиция. Жүректің ұзын өсі. Қолқа, қолқа қақпақтары, қолқа қақпақтарыжармаларының əктенгені (кальциноз) көрінеді.Эхо КГ, апикальды позиция. Жүректің бесқуысты позициясы. Қолқа қақпақтары
жармаларының астында үзіліссіз – толқынды допплер көмегімен турбулентті систолалық ағынтіркелген (қысым айырмашылығы с.б. 29 мм -і).
Қолқа сағасы стенозының диагнозын 3 топқа жататын белгілердің табылуына қарап қояды:
І. Клапандық белгілер: а) систолалық шу; б) систолалық діріл; в) ІІ тонның əлсіреуі; г)
эхокардиограммада қақпақтардың өзгеруі.
ІІ. Солқарыншалық белгілер: а) күшейген, төмен жəне солға ығысқан жүрек ұшы; б)
жүректің шартты тұйық шегінің кеңуі; в) рентгенография мен эхокардиографияда сол жақ
қарыншаның үлкеюі; г) ЭКГ-да: сол жақ қарынша гипертрофиясының синдромы.
ІІІ. Айдалма қан көлемінің азаюына байланысты пайда болатын симптомдар: а) тез
шаршағыштық; б) бас ауыруы, бас айналу, талмаурау сезімі; в) төмен систолалық қысым; г) кіші,баяу пульс.
Қолқа стенозын клиникасында жүрек түбірі тұсында естілетін систолалық шу жəне жүрек
тұсының ауыруы болатын аурулардан айыра білу керек.
Функциональдық систолалық шу жас адамдарда болады, үрген ауа дыбысына ұқсас болады,сол жақ ІІ қабырға аралығы мен жүрек ұшы тұсында жақсы естіледі. Оған қоса ІІ тонның əлсіреуіболмайды, шу мойын тамырларына тарамайды.
Өкпе артериясының стенозындағы систолалық шу көбіне сол жақ екінші қабырға
аралығында естіледі, ІІ тонның əлсіреуімен қоса естіледі. Рентгенограммада өкпе артериясыныңстеноздан кейінгі кеңуі мен оң жақ қарыншаның гипертрофиясы, ЭКГ-да оң жақ қарыншагипертрофиясы синдромының белгілері анықталады.
Жүрекшеаралық перде кемістігінде систолалық шу төстің сол жағындағы ІІ-ІІІ қабырға
аралығында естіледі, оған қоса ІІ тонның өкпе артериясы үстіндегі акценті естіледі,
рентгенологиялық тексергенде өкпе суретінің күшейгені, өкпе артериясының кеңуі мен
пульсациясы, оң жақ қарыншаның үлкейгені көрінеді. ЭКГ-да оң жақ қарынша
гипертрофиясының белгілері анықталады.
Қолқа коарктациясындағы систолалық шу оң немесе сол жақ екінші қабырға аралығында, солжақтағы үшінші қабырға аралығында естіледі, ІІ тонның қолқа үстіндегі акценті қоса естіледі(артериялық гипертензия). Аяқтардағы пульс əлсіреген немесе анықталмайды. Аяқтарда қанқысымы да төмендеген. Коллатеральдық қан айналысы белгілері табылады: қабырға аралықартериялардың тері асты пульсациясы, рентгенограммада қабырғалардың төменгі шеттерініңузурациясы (кертіктенуі).
Гипертрофиялық кардиомиопатияда (идиопатиялық гипертрофиялық субаортальдық стеноз –ИГСС) – систолалық шудың эпицентрі – жүрек ұшы тұсы мен төстің сол жақ шетіндегі ІІІқабырға аралығы, бірақ шу жүрек үстінің барлық нүктесінен естіледі. ІІ тон өзгермеген. Шешушідиагнозды эхокардиографияға қарап қояды: қарыншааралық перденің асимметриялыгипертрофиясы мен гипокинезі, митральдық қақпақтың артқы жармасының систола кезінде алғақозғалысы, диастола кезінде митральдық қақпақтың алдыңғы жармасының қарыншааралықпердемен жанасуы, митральдық қақпақтың алдыңғы жармасының қозғалысы түрінің өзгеруіжəне сол жақ қарынша қуысының тарылуы.Жүрек тұсының ауыруы мен қолқа стенозының басқа белгілерінің қоса кездесуі қолқасағасының тарылуында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет