Классификациясы. 1979 ж. ДДҰ сарапшылар Комитеті ұсынған классификация:
І. Стенокардия
1. Күш түсу стенокардиясы
а) алғаш пайда болған стенокардия
б) тұрақты (стабильді) стенокардия
в) үдемелі стенокардия
2. Тыныш күй стенокардиясы, оның ішінде ерекше стенокардия
ІІ. Миокард инфарктісі
1. Жедел (анық, ықтимал) инфаркт
2. «Ескі» инфаркт
ІІІ. Жүрек əлсіздігі
IV. Жүрек ырғағының бұзылуы
V. Кенеттен болатын өлім
Осы классификация негізінде 1984 ж. КСРО МҒА БКҒО төмендегідей классификацияны
ұсынды:
1. Кенеттен болатын өлім (жүрек қызметінің бірінші ретті тоқтауы)
2. Стенокардия
1. Күш түсу стенокардиясы
Алғаш пайда болған күш түсу стенокардиясы
Тұрақты күш түсу стенокардиясы (функциональдық кластарын көрсету керек І-IV) Үдемелі күш түсу стенокардиясы
2. Спонтанды (вариантты, «ерекше») стенокардия
3. Миокард инфарктісі
1. Ірі ошақты (трансмуральды)
2. Ұсақ ошақты (трансмуральды емес)
4. Инфарктіден кейінгі кардиосклероз (миокард инфарктісінен 2 ай жəне одан да көп уақыт өткеннен кейін)
5. Жүрек ырғағының бұзылуы (түрін көрсету керек)
6. Жүрек əлсіздігі (сатысы мен түрін көрсету керек)
7. ЖИА «мылқау» түрі (Silent ischemia)
Жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек əлсіздігі ЖИА басқа түрлерінің асқынулары болуы
мүмкін, аурудың жеке көріністері де болуы мүмкін.
Вазоспастикалық стенокардия.Спонтандық (ерекше) стенокардия. Спонтанды ерекше немесе вариантты стенокардияның – Принцметалл стенокардиясының (1959 ж. Принцметалл жəне оның қаламдастары сипаттап жазған) негізі – коронарлық артериялардың, көбіне ірі артериялардың спазмы мен субэпикардиальды (трансмуральды) ишемия. Барлық стенокардияның ішінде варианттық стенокардияның үлесіне 2-5% тиеді.
Күш түсу стенокардиядан ерекшелігі Принцметалл стенокардиясында ангиноздық ұстама күш түсуге тəуелсіз бой көрсетеді. Спонтанды стенокардияда болатын ауырғандық ұстамасының си- паты, орны жəне иррадиациясы жағынан күш түсу стенокардиясындағы ұстамамен бірдей. Ангинозды ұстаманың ұзақтығы 5-15 мин. созылады, кейде 30 мин. жетеді. Ауыру ұстамасы түнде немесе таңертеңгілік ерте кезде болады. Кейде ұстама циклді болып келеді, 2-5 ұстама қатар бо- лады, араларына 2-15 мин. салып, бірінен кейін бірі болады. Стенокардия ұстамасын нитрогли- церин жəне коринфар жеңіл тоқтатады.
Принцметалл стенокардиясына тəн белгі – ұстама кезінде ST сегментінің изосызықтан жоғары көтерілуі; ST аралығының жоғары көтерілу ұзақтығы 5-10 минутке созылады, одан кейін ST изо- сызыққа оралады. Ангиноздық ұстама кезінде ЭКГ-да басқа да өзгерістер болады: жүрек ырғағының баяулауы, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалар фибрилляциясы, экстрасисто- лия т.б. Вазоспастикалық стенокардияның диагнозын дəлелдеуге эргоновин сынамасы, корона- рография (коронарлық артериялардың атеросклерозды тарылуы, коронароспазм) көмектеседі.
Вариантты стенокардия миокард инфарктісінің дамуымен аяқталуы мүмкін, сондықтан оны тұрақсыз стенокардияға жатқызады. Күш түсу стенокардиясына көшуі мүмкін.
Емі. Стенокардияның ұстамасын тоқтату үшін тіл астына
нитроглицерин таблеткасын салады. Нəтиже болмаса, нифедипин (коринфар) қолданылады.
Спонтандық стенокардияның қайталама ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын таңдамалы дəрілер – кальций антагонистері. Препараттарды қосып та беруге болады: коринфар (60-120 мг/тəул.) + аспирин 125 мг 3 рет күнге; нитраттар (нитросорбид 80-240 мг/тəул., венаға нитроглицерин) + финоптип (верапамил) 320-600 мг/тəул. + аспирин; коринфар + финоптип + аспирин.
Бета-блокаторлар коронарлық артериялар жағынан спастикалық реакция туғызатын
болғандықтан спонтанды стенокардияны емдеуде қолданыл-майды. Əсері ұзартылған нитраттармен бета-адреноблокаторларды қоса тағайындауды спонтандық стенокардия мен күш түсу стенокардиясы қоса кездескенде қолданады.
Хирургиялық ем операция жасау көрсетпелері мен қарсы көрсетпелерді ескере отырып жасалады.
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы. Этиопатогенезі. Аортальды қақпақшаның жеткіліксіздігі мен стенозы. Гемодинамика. Клиникалық көріністері. Диагностикасы және емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.