Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет106/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Классификация:


Күйіп қалу жағдайларында:
- Өндірістік
- Тұрмыстық
- Әскери
Локализациясына байланысты:
дененің функциялық белсенді бөліктерінің (конечностей)
- Дененің қимыл аз бөлігі (туловища)
- Беттің
- Бас Терісі
- Жоғарғы тыныс алу жолдарының
- Аралықтың күйіктері
Факторлардың сипаты:
- Химиялық;
- Термиялық;
-Электрлік
- Радиациялық.


Зақымдалудың тереңдігіне байланысты күйіктің төрт дәрежеге бөледі:
- I дәрежесі – терінің айқын қызаруымен ісінуі;
- II дәрежесі – сарысумен толған көпіршіктердің түзілуі;
- III А дәрежесі – эпидермистің некрозы (терінің емізікті қабатына дейін);
- III Б дәрежесі – терінің барлық қабаттарының толық некроздалуы;
- IV дәрежесі – тері және оның астындағы қабаттардың некроздануы.


I дәрежесі – Эпителидің беткей қабаты зақымдалады, терінің айқын қызаруымен ісінуі
және ауырсыну. 2-4күнде жазылады,Эпителидің беткей қабаты түсіп тыртық қалмайды.
II дәрежесі – Эпителий қабаты дермаға дейін зақымдалады, Іші сұйыққа толатын бірнеше көпіршіктер пайда болады, ішіне су толады, 1-2 аптада регенерация арқылы толық жазылып кетеді ІІІ А дәрежесі. Дерма жартылай зақымданады, жара түбі эпителий элементтері бар дерманың зақымданбаған бөлігі болады (тері, май бездері, шаш фолликулдары).
- III Б дәрежесі – терінің барлық қабаттарының толық некроздалуы, тері асты
шел май қабатының тотальды некрозы.
IV дәрежесі – тері және оның астындағы қабаттардың, тіндердің,тері асты май қабаты,
сіңір бұлшықеттердің, сүйектің, ішкі ағзалардың қатты зақымдануы.

  1. Үсік. Негізгі ұғымдар. Үсіктердің жіктелуі. Үсік шалу дәрежесі. Негізгі белгілері.

Үсік дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.

Үсудің төрт кезеңі бар


1 – ші кезең.Тері бетінде қайтымды қанайналым бұзылыстары анықталады. Үсікке шалдықан тері беттері бозарған, біраз ісінген, сезімталдығы төмендеген немесе мүлдем жойылған.Теріні жылытқаннан кейін терінің түсі көк-қызыл түске айналып, ісіну және ауырсыну сезімі пайда болады. Үсіген жердің қабынуы бірнеше күнге созылады және бұл аймақтар суыққа өте сезімтал болып келеді.
2 – ші кезең. Тері беттерінің жансыздануымен, мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктердің пайда болуымен сипаталады.Зақымдалған жердің қанайналымы баяу қалпына келеді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене температурасы жоғарылайды, тәбеті нашарлайды, ұйқысы бұзылады. Зақымдалған аймақ 15-30 күнде жазыла бастайды.
Тері сезімталдығы өте төмен болады.
3 – ші кезең. Үсіген аймақтың канайналымы бұзылған,терінең барлық қабаттарының сезімталдығы мүлдем жойылған, бірақ науқаста қатты ауырсыну сезімі болады. 3-5
күннен кейін үсіген аймақта дымқыл гангрена дами бастайды.
4 – ші кезең. Тіндердің барлық қабаттарының, сүйектің сезімталдығы толығымен жойылған.мұндай терең зақымдануда жылыту ешбір нәтиже бермейді. Тері лезде іші
қара түсті сұйықтыққа толы көпіршікпен жабылады. 10-17күннен кейін некрозданған ошақ айқын көріне бастайды және қарайып, кебе бастайды(муфицирлену). Бұл кезеңде науқастың жалпы жағдайы күрт төмендеген, органдарда дистрофиялық өзгерістер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет