Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет103/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
ЖМ.Экзанен сұрақтары қаз 2022-2023 ж, Расписание лекций, менеджмент рк 1



Қол ұшы флегмонасы


Флегмона деп май клечаткасының жедел іріңді түрде қабынуын айтады. Абсцесспен
салыстырғанда айқын шекаралары болмайды.


Қол ұшының флегмоналары келесідей жіктеледі:


Тенардың бұлшықетаралық флегмонасы.
2. Гипотенардың бұлшықетаралық флегмонасы.
3. Комиссуральді флегмона (мозольді абсцесс, намин).
4. Орталық алақан кеңістігінің флегмонасы (сіңір үстілік және
астылық, апоневроз асты және үсті).
5. Тоғысқан /U-тәрізді/ флегмона.
6. Саусақ сыртының теріасты (апоневрозүсті) флегмонасы.
7. Саусақ сыртының апоневрозасты флегмонасы.
8. Саусақ сыртының фурункулы (карбункул).
Клиникалық көрінісі процестің тез пайда болып таралуымен
сипатталады. Науқаста жалпы және жергілікті көріністер
орын алады. Жалпы белгілеріне: дене температурасының
жоғарылауы, жалпы мазасыздану жатады.
Жергілікті белгілері:
ruber (қызару),
color (жергілікті температураның жоғарылауы),
tumor (домбығу),
dolor (ауырсыну),
functio laesa (қызметінің бұзылуы).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зәрдің жалпы анализі.
3. Флораны анықтау және оның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау.
4. Қан тобы мен резус факторды анықтау.
5. Дифенил сынамасын, тимолсынамасын, глюкозаны анықтау.
6. АЛТ анықтау.
7. ЭКГ.
8. Өкпе рентгенографиясы.
9. Глист жұмыртқасына нәжісті зерттеу.
10. Қандағы қантты зерттеу.
11. Эндокринолог консультациясы.
12. HBs Ag, anti - HCV ВИЧ.
Ем мақсаты: оперативті ем және іріңді ошақтарды санациялау, тері
жабындыларының және қолдың функциясын қалпына келтіру,
рецидивтің алдын алу.
Дəрі дəрмексіз ем: қабынудың серозды-инфильтративті фазасында
спирттік
ванналар,
трипсин,
химотрипсин
электрофорезі,
антибиотикотерапия қолданылады, оның ішінде антибиотиктерді
регионарлық венаішілік енгізу, УВЧ-терапия.
Дəрі дəрмектік ем: операциядан кейін микрофлора сезімталдылығы
ескеріліп,
антибиотикотерапия
қолданылады,
антисептиктер,
сульфаниламидтер,
протеолиздік
ферменттер,
физиожәне
рентгенотерапия.

  1. Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.

Фурункул-шаш фолликулы, май бездері және теріасты май клетчаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы. Көбіне орналасатын жерлері: Мойынның артқы беті; Иық алды, білезіктің сыртқы беті, бет аймағы, бөксе аймақтары. Егер екі немесе одан көп фурункулдардың пайда болуын фурункулез деп атайды.
Клиникалық көрінісінде: шаш түбінде инфильтрат,ортасында болар болмас іріңдік (пустула), айналасында гиперемия анықталады.Инфильтрат жұмсарып, іріңдеп жарылады, қанды ірің мен өліеттенген шаш түбірі сыртқа шығады, орнында 2-3 күнде тыртықтанып бітетін, жара пайда болады. Егер де тері жабындысында фурункулдан тараған қызыл жолдар,жолақтар пайда болса, регионарлы лимфа бездері шошынса, ол инфекцияның жайылып, лимфа тамырларының, лимфа бездерінің қабынуымен(лимфангиит, лимфаденит) асқынуының белгісі. Бетте
орналасқан фурункул өте қауіпті: іріңді тромбофлебит,менингит, сепсиспен септикопиемиямен асқынуы мүмкін.
Консервативті және оперативті ем. Консервативті ем.Науқасты фурункулды сығу, пустуланы бритвамен кесу, қыздырғыш компресстер қолдану ауыр асқынуларға әкелетінін түсіндіру қажет. Аурудың басында этил спиртімен, салицил спиртімен өңдеп, ультра жиілігі жоғары (УВЧ) терапия жүргізеді. Фурункул ашылғаннан кейін протеолитикалық ферменттермен, натрий хлоридінің гипертониялық ертіндісімен таңулар қолданады. Бет фурункулы бар науқастарды стационарға жатқызу керек.Егер фурункул абцедирленген болса, абцессті ашуға жүгінеді.

Карбункул –тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді –некротикалық қабынуы


Клиникасы Жалпы белгілері айқын , дене температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін.Науқасты тексергенде іріңді қабынудың жалпы белгілерінен басқа (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады .Аурудың басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (сито симптомы) Жиі лимфоаденит пен лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, ары қарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды,инфильтрат ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады.
Емі
Карбункулдың бастапқы стадияларында консервативті ем қолданады.
• Төсектік режим
• Спиртпен өңдеп ,асептикалық таңу салу
• Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда зат алмасу бұзылыстарын коррекциялау, инсулинотерапия жүргізу қажет. 2-3 күннен кейін консервативті ем нәтижесіз болса ,яғни интоксикация белгілері жоғарылап ,некроз өршісе- наркоз арқылы операцияға көрсеткіш болып табылады.
Флегмона – дерма мен оның астындағы тіндердің бактериялық инфекция болуына
байланысты дамитын жайылмалы қабынуы.
Ауру температураның 38-40оС-қа жоғарылауымен жедел басталады. Тез интоксикация белгілері басталады. Мазасыздық әлсіздікке ауысады. Терісі сұр түске енеді, мәрмәр суреті пайда болады. Жиі беткей дем алу, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы,қанда лейкоцитоздың жоғарылауы байқалады. Аурудың алғашқы сағаттарында-ақ теріде қызарған және тығыздалып шектелген, пальпация жасағанда ауыратын аймақ пайда болады.
Емі
Жалпы жансыздандыру арқылы теріде зақымдалу ошағы үстінде және сау терімен
шекарасында шахмат тәртібімен көптеген тіліктер жасайды. Тіліктің ұзындығы 1-1,5 см,
тереңдігі теріасты шелмай қабатына дейін жетуі тиіс. Кейін натрий хлоридінің
гипертониялық ерітіндісімен немесе антисептикпен (фурацилин, диоксидин,
хлоргексидинтиоглюконат, калий перманганаты) 2-3 сағатқа таңғыш салады.
Гидраденит терiнiң майлы безiнiң, маңындағы тері астышел қабатымен бiрге iріңдi қабынуы, колтық асты шұңқырмен кейде шап аймағына таралады. Көбiнесе
алтын түстес стафилококкпен түзіледі.
Ауру күйдiре қышынудан, ауырсыну сезiмi аз және қолтықасты шұңқырында
ыңғайсыздық сезiнуден басталады. Одан кейiн тығыз, шектелген iрiңдi инфильтрат
терiден жарты шар тәрiздi томпиып шығып, ақырындап едәуiр (1-1,5 см.) мөлшерге
жетедi. Алдымен ошақтың үстi қызарып, инфильтратпен жабысып, кешiрек қою-қызыл
түске айналады. Содан кейiн түйiн жұмсарып, оның ортасында абсцесс флюктуация
түзейдi. Ошақты кесiп ашқанда аздаған мөлшерде қаймаққа ұқсас iрiң бөлiнедi. Бiр ғана
гидрадениттiң циклы орташа алғанда 10-15 күнге созылады.
Абсцесс дегеніміз - Жіті және созылмалы ошақты инфекцияларда пайда болатын және сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына әкелетін,қапшықпен шектелген іріңдік. Теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі, жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы)айқын көрінеді, кейде тері жұқарып флюктуация (бүлкілдеу) симптомы пайда болады.
Қан анализдерінде:
лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып,
ЭТЖ өседі.
Абсцесті гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата
білу керек.
Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі,
сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып,
арнайы тәсілдерді қолданады.
Ең нәтижелі тәсіл – абсцесті пункциялап, алынған сұйықтықты
бактериологиялық зерттеуге жіберу.
Ішкі мүшелер мен тіндерде терең орналасқан абсцестерді
анықтап, пункциялау үшін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді
жиі қолданады.
Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі (қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу).

  1. Атерома, тырнақтың ене өсуі, гигромалар кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы және асқынулары.

Атерома - терідегі май безі түтіктерінің бітелуінен пайда болатын ісік. Кішкентай кисталар әдетте ауыртпалықсыз. Үлкен өлшемде ауырсыну, қысым сезімі, ыңғайсыздық сияқты атерома белгілері байқалады.Мұндай түзілістер құрамында май қоспасы бар кератиннен тұратын ақ үлпек бар. Олар ұстағанда жұмсақ. Атеромалар бас, бет, мойын, арқада орналасады.
Арқа жағында немесе дененің басқа бөлігінде атероманы диагностикалау үшін дәрігер алдымен науқасты тексеріп, сұрастырады. Содан кейін науқасқа келесі зерттеу түрлері тағайындалады:қан анализі;
Ультрадыбыстық және МРТ. Ультрадыбыстық жиі тағайындалады, ал МРТ локализацияның белгілі бір түрлеріне ғана тағайындалады, бұл өте сирек кездеседі;
гистология. Бұл қазірдің өзінде жойылған ісіктің не екенін, оның қатерлі сипаты бар-жоғын түсіну үшін зерттеу.
Емі: нәтиже беретін атероманы емдеудің жалғыз әдісі - хирургиялық, лазерлік немесе радиотолқындық әдіспен түзілімді жою. Операция, әдетте, көп уақытты қажет етпейді (жарты сағатқа дейін), жергілікті анестезиямен жасалады.
Тырнақтың ене өсуі-аяқ тырнақтарында жиі кездеседі.
Клиникалық көрінісі Тырнақтың ене өсуі бірінші саусақтағы ауырсыну шағымдарымен сипатталады, әсіресе жаяу жүргенде, бұл әдеттегі аяқ киімді пайдалануды қиындатады. Жергілікті көріністер тырнақ қатпарының гиперемиясымен және ісінуімен сипатталады. Жүруге кедергі келтіретін қатты ауырсыну; қатты ісіну; қабынудың басталуын көрсететін іріңнің бөлінуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет