Байланысты: Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы
Емханаміндеттері • Адамның физикалық қабілеттерін әрі қарай жалғастыруын қолдау.
• Екінші реттік профилактиканы ұйымдастыру.
• Еңбекке қабілеттілікті анықтау
• Мүгедектік анықтау дәрежесі
• Жұмыспен қамту
Амбулаториялық негізде хирургиялық науқастарды оңалтудың негізгі принциптері. Реабилитацияның негізгі кезеңдері.
Реабилитация принциптері: Ерте реабилитациялық шараларды бастау Топтастырылған барлық қажеттіліктер
Жеке реабилитациялық жоспар
Реабилитация этаптары
Барлық реабилитациялық шараларды үзбеу және сабақтастықты сақтау Реабилитациялық медицинадағы әлеуметтік бағыт
Реабилитациялық шаралардың орындалуында барлық тәсілдерді қолдану
1. Ерте реабилитациялық шараларды бастау Ерте реабилитациялық медицинаны бастауда профилактикалық шараларды жүргізу және тіндегі өзгерістерді(неврологиялық аурулар кезінде ненің маңызды екенін )анықтау. Ерте реабилитациялық шараларды емдік процесс жүргізу кезінде пациенттің адекватты жағдайы профилактикалық шараларға байланысты болады. (екіншілік профилактика)
2. Топтастырылған барлық қажеттіліктер негізгі проблемасы күрделі Медициналық реабилитацияның және көптеген мамандардың араласуын қажет етеді. Аурудың себебіне және науқастың жағдайына байланысты арнайы мамандар қолданатын реабилитациялық шаралардың әдістері де әр түрлі болады. терапевт хирург, массажист, травматолог, психиатор. физиотерапевт
3. Жеке реабилитациялық жоспар ауруды тудыраптын себепке науқастың жағдайына және жеке ерекшеліктеріне(функционалды қабілеті, жасы, жынысы, қимылқозғалысы)байланысты құрылады, яғни жеке жоспар пациенттің медициналық реабилитацияға реакция тудыру үшін құрастырылады.
4. Барлық реабилитациялық шараларды үзбеу және сабақтастықты сақтау Барлық реабилитациялық шаралардың этаптарын бірінен кейін бірін үзбей жүргізу өте маңызды. Себебі бір этаптан науқастың функционалды жағдайы жақсарады, ал оны тоқтатқан жағдайда жағдайы нашарлауы мүмкін. Сондай-ақ реабилитациялық шараларды жүргізетін мекемелерде байланыс болуы қажет, яғни науқас туралы барлық ақпарат оған қандай реабилитациялық шаралар қолданылғаны және қандай шараға науқаста реакция болғандығын көрсететін құжат болуы қажет.
5. Реабилитациялық медицинадағы әлеуметтік бағыт Осы бөлімнің негізгі мақсаты –науқастардың немесе мүгедектердің тұрмыстық жағдайларға, қоғамға және отбасына қайта оралуын және де, қоғамда өзін толық қанды адам ретінде қалыптастыру. Медициналық реабилитацияның ең жақсы нәтижесі болып науқастың денсаулығы толық қалпына келіп, бұрынғы жұмысына қайта оралуы болып табылады.
Амбулаторлық хирургия түсінігіне анықтама беріңіз. Хирургиялық патологияны диагностикалау әдістері. АМСК мекемелеріндегі хирургиялық кабинеттің, таңу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.
Амбулаторлы хирургия – хирургиялық емдеудің түрі,науқас клиникаға түсіп, оған операция
жасалып(немесе оған қандай да бір инвазивті зерттеу жүргізіледі), және сол күні ауруханадан шығарылады..Амбулаторлы хирургия – жоғары дәрежеде дамып келе жатқан хирургияның бір бағыты, бір жағынан жұмсалатын қаржыны үнемдейді және ауыр асқынуларды болдырмауға бағытталған(терең веналардың тромбозы және ауруханаішілік инфекция, өткізілетін емнің әсерін құртатын асқынулар)
Амбулатория мен емханалада хирургиялық кабинетте 80%жуық госпитализацияны қажет етпей емделеді, 50 % жуық науқастар алғаш келіп, емхананың негізгі міндеті болып аурудың диагностикасы мен госпитализацияға жату керектігін анықтау болып табылады. Бірінші,жедел көмекті қажет ететін науқасты тексереді. Жоғары температурамен жүретін жарақаттар, іш қуысының жедел және қабынулық ауруларын тез қабылдайды. Қалған науқастарды хирург
пен регистратураның қойылуы, келген кезектері бойынша қабылданады. Амбулаторлы жағдайда пигментті ісіктерді,сүт безінің ісігі, тік ішектің полипын алып тастауға болмайды, өйткені бұл жағдайда алып тасталған препараттың жедел гистологиялық зерттеулер жасау керек.