Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет35/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Рахиттіңкезеңдері:
Бастапқыкезең: Баланың 2-3 айлығында кездеседі. Тершеңдік, тынышсыздану,
ұйқысының бұзылуы, басының шүйде бөлігінің тақырлануы, гиперстезия байқалады. Бұл
кезең 2-3 созылады. Бұл кезеңнің аяқ жағында еңбектің кенересінің жұмсарғаны, қандағы
бейорганикалық фосфордың азайғаны анықталады.
Рахиттіңқозукезеңінде– жүйке жүйесінің бұзылуымен қатар, бұлшық ет және
сүйек жүйесі өзгереді. Бас сүйегінің деформациясы, маңдай, шеке төмпешіктері, мешел
«тасбиығы» және «білезігі», бұлшық гипотониясы пайда болып, іші бақаның іші
тҽрізденіп үлкейіп, салбырап кетеді.
Сауығукезеңі– мешел белгілері кері дамып, жеке сүйек жүйелеріндегі өзгерістер
жойылады. Сүйек қатаяды. Статикалық жҽне қимылдық функциялары қалпына келеді.
Ішкі мүшелердің клиникалық өзгерістері жақсарады. Фосфордың қандағы мөлшері
көбейеді, ал, қанда аз күйінде қалады. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік қалыпты деңгейде
болады.
Қалдықтыкӛріністеркезеңі: сүйек деформациясы, анемия, бауыр мен талақтың
үлкеюі 2-3 дҽрежелі рахитпен ауырған балалардың 2-3 жасында байқалады.
І-ші (жеңіл) дәрежелірахит. Жүйке жҥйесі жағынан тітркенгіштік, тершеңдік,
тынышсыздану; шүйде аймағындағы шашының түсуі байқалады. Сүйектік өзгерістер –
үлкен еңбегінің шеттерінің жұмсаруы, шүйденің жалпаюы, қабырғалардың шеміршек
ауысар жерінде төстің томпаюы пайда болуы сияқты жеңіл өзгерістер болады.
ІІ-ші (орташа) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесі мен бұлшық еттің едәуір бұзылуы,
сүйектің өзгеруі, жалпы жағдайының нашарлауы, ішкі мүшелердің (бауыр мен талақтың)
үлкеюі сияқты өзгерістер байқалады.
ІІІ-ші (ауыр) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесінің, қозғалыс және сөйлеу
дағдыларының кеш дамуы, сүйек деформациялары, бұлшық ет гипотониясының ауыр
тұрі, жұрек-тамыр жүйесінің, ішек-қарын жолдарының, тыныс мүшелерінің зақымдалғаны
байқалады. Қанның биохимиялық құрамында өзгерістер байқалады.
Рахиттің жедел дамуы баланың 1-ші жарты жылдығында жиі кездеседі. Арудың бұл
ағымы ауру белгілерінің тез дамуымен ерекшелінеді. Рахит белгілері тез дамып, сүйектің
жұмсару белгілері сұйек гиперплазиясы белгілерінен басым болады. Шала туылған
балаларда жиі кездеседі.
Рахиттің жеделдеу дамуы – дертттің дамуы баяу болып келеді, 2-ші жарты
жылдықта жиі кездеседі. Сүйекті гиперплазия белгілері басым болады.
Рахиттің қайталап дамуы – созылмалы науқастың кейбір ауруларға немесе Д
витаминінің мөлшерін дұрыс есептемегенде, жақсару белгілерінің қайталау белгілерімен
алмасып отыруы.
Рахитті оған ұқсас бiр топ және сиректеу кездесетiн гипотиреоз, хондродистрофия,
туа болатын сҥйек сынғыштығы сияқты аурулардан ажырату керек.__


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет