Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Әйелді жүктілігі бойынша есепке алу. Жүкті әйелдің біріншілік қарауында ЖТД ролі



бет72/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Әйелді жүктілігі бойынша есепке алу. Жүкті әйелдің біріншілік қарауында ЖТД ролі.

Жүкті әйелдер тұңғыш рет кеңес орнына келген мезетте, оларға арнаулы № ІІІ формалы карта толтырылады. Бұл картаға әйелден алынған барлық мәліметтер (паспорт, тұрмыс, еңбек, етеккір, бұрынғы жүкті болған шақтарына мінездеме) жазылады. Сонымен қатар жүкті әйелдің бойы, толықтылығы, жамбас қуысының өлшемдері, қан қысымы, қынапты тексеру мәліметтері түгел түсіріледі.Әрбір жүкті әйел екі рет (жүктіліктің бірінші және екінші жартысында) терапевт, тіс, құлақ дәрігерлерінің тексерулерінен өтуі қажет.

Бірінші рет кеңеске келген жүкті әйелдің жатыр мойнын арнаулы айнамен мұқият қарайды, жүктіліктің мезгілін есептейді. Жүктіліктің бірінші және екінші жартысында қан мен несеп анализін, қанның тобын, резусын, Вассерман реакциясын анықтайды. Кеңес орнына келген сайын, әрбір жүкті әйелдің дене салмағын, жатыр деңгейін, іш айналымын, қан қысымын, қан және несеп анализін қайталап отыру қажет.

Жүктілік кезеңі дұрыс өткен жағдайда, әйел кеңес орнына жүктіліктің бірінші жартысында айына бір рет, келесі жартысында екі рет, ал 30 аптадан кейін 3-4 рет келуі керек. Орташа есеппен алғанда жүкті әйел кеңес орнына 14-15 рет келіп тексерілуі қажет. Ал егер жүктілік кезеңінде әр түрлі ауытқулар болса, ананың кеңес орнына келуі жиілейді.

Әрбір жүкті әйелдің қолына № 113 алмасу картасы толтырылып беріледі. Бұл картада жүкті әйелдің барлық денсаулық мәліметтері жазылып, босану үйіне толғақпен немесе алдын ала түскенде осы анықтама картасы дәрігердің қолына тапсырылады.



Қанапты айнамен тексеру. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін толық қарап болғаннан кейін, сол қолмен жыныс еріндерін ашып, қасық тәріздес айнаны қынаптың артқы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, артқы күмбезіне дейін жеткізеді. Екінші қолмен көтергішті қынаптың алдыңғы қабырғасына енгізіп, жатыр мойны мен қынап қабырғаларын тексереді. Бұл әдіс жатыр мойнының, қынаптың ауруларын және жүктіліктің кейбір ерте белгілерін анықтауға көмектеседі/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет