6. Баланың жүйке психикалық даму деңгейін бағалау
Жүйке іс-әрекетінің дамуын бағалау:
-Экспрессивті сөйлеу
-Рецептивті сөйлеу
-Ірі моторика
-Ұсақ моторика
-Басқару
-Қатынас қалыптастыру
-Ойын және өзара қатынас
1.Бөлме жылы болу қажет
2.Тексеруді тамақтандырғаннан кейін жүргізу ,бала аш болмау қажет.
3.Алдымен моторикасын бағалау.Ұсақ моторика-білезік буын,саусақтарының,табан,башпайларының қозғалысын бағалау-2 айға дейінгі балаларда ұстау рефлексі (Робинзон),табан рефлексі,2-6 ай аралығында көзіне түскен затты ұстау,6-12 айдағы балаларда қолымен тіреп отыра алу,затты бір қолдан екінші қолға алу,1 жастан жоғары бала заттардың формасын ,өлшемдерін,салмағын ажырата алу,одан жоғары қайшымен қию,қалам ұстау,жазу.
Ірі моторика-қол,аяқ,кеуде,басын қозғалту.Бұл ерте жаста толық қалыптаспайды,тек аяғын жәймен қозғалту,4 айында басын ұстай алу,одан жоғарырақ арқасымен жатқан тұсынан ішімен жатуға ауысу,отыру,еңбектеу рефлексі, 1 жастан жоғары тұру,ойыншықтарды қолына алу ,лақтыру іс-әрекеттерін бағалау.
4.Одан кейін шартсыз және шартты рефлекстерді бағалау.Қалыпты жүйке-психикалық даму кезінде шартсыз рефлекстер жойылу керек.
-Бала арқасымен жатқан қалпында іздеу рефлексі(Кусмауль),ему рефлексі,алақан-ауыз рефлексі(Бабкин),құшақтау рефлексі(Моро),Бабинский рефлексі,
-вертикальды қалпында тіреу рефлексі,автоматты жүру,қорғану,еңбектеу рефлексі,
-бала ішімен жатқанда Галант ,Перес рефлекстерін бағалау.
5.Статика тепе теңдігін сақтай алуын
6.Сезімдері,белгілі бір жарыққа ,ауырсынуға,жанасуларға реакциясы
7.Сөйлеуі-экспресивті сөйлеу және сөйлемді түсінуі
8.Психологиялық өзгеріс-оң және жағымсыз реакция
ЖПД бағалаудың 6 этапын ажыратады:
1 этап – 0-1 ай.
2 этап – 1-3 ай.
3 этап – 3-6 ай.
4 этап – 6-9 ай.
5 этап – 9-12 ай.
6 этап – 1-3 жас
7. Баланың денсаулық тобын бағалау
Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша
бағалайды:
- анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық,
биологиялық, социалды)
- жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы
- ағза резистенттілігі мен реактивтілігі
- физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен
гормониясы
- созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар
жоқтығы
Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар
жоқтығының белгілері.
Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы
шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы,
анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі
арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды.
Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік
қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі
анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе
тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек,
ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша
бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты,
жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б.
Әртүрлі жастағы балалар тобының медициналық профилактикалық
тексеру кезеңділігі
•1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын
белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын
сипаттайтын белгілері.
•Бірінші белгілері бойынша бағалау:
- Анамнезінде ауытқулар жоқ
-Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
-Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
-Гениологиялық, әлеуметтік және
биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.
2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.
-Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы
анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан
қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына
қараймыз.
Екінші критерилерді бағалау:
- Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.
- Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі
шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
- Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке
байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .
•3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен
реактивтілігі .
Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының
арасындағы уақытпен анықталады.
Үшінші кезең критериін бағалау:
Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы.
Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет)
Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет)
Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).
•4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық
Достарыңызбен бөлісу: |