9. Баланың физикалық дамуын бағалау
Дене дамуын бағалау:
-Соматометрия-бой ұзындығы, дене салмағы, кеуде шеңбер, бас шеңберін өлшеу.
-Физиометрия-ӨӨС, АҚ, ЖЖЖ,Динамометрия
-Соматоскопия-тірек-қимыл аппараты мен жыныстық дамуының жағдайы.
Салмағын өлшеу :0-ден 2 жасқа дейінгі балаларды сандық (электронды) таразыларда өлшейді, 2 жастан асқан балаларды ересектерге арналған таразы пайдаланылуы мүмкін.
1. Әрбір өлшер алдында таразы ретке келтіріліп, балаға бейімделуі
керек.
2. Алдымен баланың астына төсейтін жаялықты өлшеу керек.
3. Баланы жалаңаштап шешіндіріп өлшеу қажет. Жасы үлкендерінің ішкі киіммен тұруына болады.
4. 7–8 айдан асқан балаларды отырғызып өлшеуге болады.
5. Баланың таза салмағын өлшеу үшін баланың салмағынан жаялықтың салмағын алып тастау керек.
6. Дәл өлшеу үшін бала қозғалмай, тыныш қалыпта болуы керек.
Бұл үшін баланың назарын әлдебір затқа аудару немесе онымен
ойнау қажет.
7. Өлшеген кезде бала таразы алаңының ортасында отыруға тиіс.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу алгоритмі :
Нәрестелердің және 2 жасқа толмаған балалардың ұзындығы (бойы емес) жатқан қалпында өлшенеді. Бойдың ұзындығы жылжымалы аяғы бар бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді.
1. Аяқ киімді,шұлықты, бас киімді шешу қажет.
2. Нәресте немесе сәби қатты, тегіс жерге арқасымен
жатқызылады (жұмсақ жерге жатқызу нақты нәтиже бермейді).
3. Басын қатты, белгіленген, тік жерге тірейді.
4. Басы, арқасы, жамбасы, аяқтары мен өкшелері өлшеу үстелінің
бетіне тиіп жатуы тиіс. Баланың табанын жеңіл ғана тітіркендіру
арқылы аяғын тіктейді (Бабинский с.).
5. Табандарын тік қалыпқа келтіреді (90.) және шәкілдің аяқ
бөлігіне тірейді (қатты, тік, жылжытуға болатын жұқа тақтайша).
Достарыңызбен бөлісу: |