16.Тексеріс аяқталғанын айтып ,жүкті әйелге киніп,тұра беруін айтамыз.
17.Қолғапты шешіп, Б классына салып,қолымызды жуамыз.
18.Жүкті әйелге тексеру кезінде өзін жақсы ұстағанын,тексерудің жақсы өткенін айтып,қорытындымен бөлісеміз.
11. Уретрадан, қынаптан және жатыр мойнынан жұғынды алу
Қынап тазалығына және онкоцитологияға жұғынды алу
1.Әйел адамға қазіргі зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін аламыз.
2. Қажет құрал-жабдықтар:стерильді қолғап,заттық шыны,стерильді Куско айнасы,стерильді Эйр қалпақшасы,стерильді цитощетка,контейнер.
3.Заттық шыныны дайындап аламыз:бір шыныны 3-ке бөлеміз(қынаптан,цервикальды каналдан,уретрадан алатын жұғындыны белгілеуге),екінші шыныны 2-ге бөлеміз (цервикальды каналдан және жатыр мойнынан алатын жұғындыны белгілеуге).
4. Әйелдің астына бір рет қолданатын жаялықты төсеп, гинекологиялық креслоға жатуын сұраймыз.
5. Қолымызды гигиеналық деңгейде жуып, бір рет киетін стерильді резеңке қолғаптарды киеміз.
6.Жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етеміз.
7. Стерильді Куско айнасын оң қолымызға алып,сол қолымыздың бас бармақ және сұқ саусақпен сыртқы жыныс еріндерін ашып,Куско айнасын жанынан қынапқа енгізіп,бұраймыз.Айнаны ашып,бекітеміз.
8.Эйра қалақшасын алып,үшкір жағымен цервикальды каналдан,жалпақ жағымен қынаптың артқы күмбезінен жұғынды алып,шыныға белгілейміз.
9.Уретрадан жұғынды алу үшін таза сальфеткамен уретраны сүртіп, Эйра қалақшасымен аламыз,шыныға "U" белгілейміз.
10.Онкоцитологияға Эйра қалақшасын алып,үшкір жағымен цервикальды каналдан,жалпақ жағымен жатыр мойнының бетінен жұғынды алып ,шыныға белгілейміз.
11.Келесі әдіс Цитощетканы цервикальды каналға енгізіп,360° бұраймыз,шығарып цитощетка басын контейнерге саламыз.
12.Қолданылған заттарды контейнер Б классқа салымыз.
13.Әйел адамға тұруына рұқсат береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |