Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Саусақты тік ішек ампуласына қарай жылжытып жағдайын бағалайды,кеңею немесе тарылу бар жоқтығын



бет125/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

6.Саусақты тік ішек ампуласына қарай жылжытып жағдайын бағалайды,кеңею немесе тарылу бар жоқтығын.
7.Саусақты тік ішектен шығарған соң ,үлкен дәрет түсіне және патологиялық бөліністерді сипаттайды(шырыш,қан,ірің)
8.Қолғапты шешіп класс Б-ға салады.
9.Науқасқа тұа беруін айтады,тексеру аяқталғанын ,өзін тексеру кезінде жақсы ұстағанын айтады.
10.Тексеу нәтижесін айту.


13. Сүт безін пальпациялау
Көрсеткіштер:
Профилактикалық тексеру
бездердің қандай да бір бөлімдерінде ауырсынуға шағымдардың болуы;
бездердің әртүрлі бөлімдерінде және олардың жанында тығыздағыштардың, түзілімдердің, тартулардың болуы;
бездердің терісі түсінің өзгеруі; жергілікті гипертермия; емізіктен әртүрлі сипаттағы сұйықтықтардың бөлінуі;


Орындау техникасы:
Сүт бездерін физикалық тексеру науқастың денесінің 2 қалпында жүзеге асырылады: тұрып және жатып. Әр позицияда қарау пальпациядан бұрын болады. Науқастың "қолымен төмен түсіріп тұру" қалпы кезінде келесі белгілердің болуын бағалайды:
- Сүт бездері контурларының асимметриясы немесе деформациясы;
- Терінің ісінуі немесе гиперемиясы;
- Ареоланың деформациясы;
- Емізіктің орнын өзгерту
Пальпация сау сүт безінен басталады. Пальпацияны жетекші қолдың сұқ, ортаңғы, атсыз саусақтары арқылы бұғана мен төс түйіскен жерден бастайды. Екінші қол сүт безі көлемін ұстайды. Сүт безі тінін циркулярлы қозғалыспен кеудеге баса пальпациялайды. Пальпацияны үстіңгі сыртқы квадранттан бастап, ішкі квадранттар және төменгі квадрантқа өтіп пальпация жүргізу. Алдымен беткей, сосын терең пальпация жүргізіледі. Ареола мен емізікше аймағын пальпациялау жүзеге асырылады; Емізікті сұқ саусақ пен бас бармақтың арасында абайлап қысып, бөлінділерді бағалау жүргізіледі. Оң қолды науқастың оң иығына қойып, сол қолмен регионарлы қолтық асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізу (екінші жақтан да лимфа түйіндерін солай пальпациялау).Бұғана үсті- және бұғана асты лимфа түйіндерінің пальпациясын жүргізеді. Регионарлы бұғана үсті- және бұғана асты лимфа түйіндерін пальпациялайды (бірінші, кейін екінші жағынан). Алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет