Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


) жүкті әйелді зертханалық тексеру – жалпы сипатта, әртүрлі ауруларды анықтау үшін



бет75/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

1) жүкті әйелді зертханалық тексеру – жалпы сипатта, әртүрлі ауруларды анықтау үшін;

2) хромосомалық патология және құрсақішілік ұрықтың туа біткен даму ауытқулары (даму кемістіктері) бойынша қауіп тобын анықтау үшін пренаталдық скрининг;

3) функционалдық тексерулер: электрокардиограмма (ЭКГ), көрсетілімдер бойынша эхокардиография (ЭхоКГ), бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ);

4) стоматологтың консультациясы (жүкті әйелдерге шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек МӘМС жүйесінің қатысушылары ретінде тегін көрсетіледі) және көрсетілімдер бойынша – отоларинголог дәрігердің қарауы.

Жүктілік бойынша есепке қойылғаннан кейін келесі қабылдау күні 10 күннен аспайтын мерзімдетағайындалады.

Жүкті әйелді бақылау жоспары

Екінші қабылдауда жүкті әйелді тексеру нәтижелерін алғаннан кейін гинеколог оның қауіп факторларын ескере отырып, белгілі бір топқа жататындығын анықтайды және жүктілік пен босануды бақылаудың жеке жоспарын жасайды, сонымен қатар қосымша тексеру жүргізеді.

Сондай-ақ, екінші қабылдауда жүктілікке қарсы көрсетілімдердің болуы немесе болмауы анықталады. Егер қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, онда жүктілікті тоқтату туралы мәселе медициналық кеңес беру комиссиясына жіберіледі. Сонымен қатар, әйелдің өзі бала көтерумен және оның туылуымен байланысты барлық қауіптер түсіндірілгеннен кейін жүктілікті үзуге қатысты шешім қабылдауға құқылы.

Жүктілікті тіркеуді емхананың акушер-гинеколог дәрігері жүргізеді. Медициналық көрсетілімдер болған кезде, сондай-ақ жүкті әйелдің жағдайын ескере отырып, ол жүктілікті жүргізуге арналған мамандандырылған орталыққа ауыстырылуы мүмкін. Сондай-ақ, әйел дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бойынша жұмыстың неғұрлым жеңілдетілгеншарттарын алуға құқылы.

Содан кейін, 30 аптада болашақ ана міндетті түрде қайта тексеруден өтуі қажет. Ол қайтадан қажетті сараптамаларды тапсырады. Үшінші триместрде ультрадыбыстық скрининг жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет