Босанудан кейінгі кезеңде босанған әйелдің жатырындағы физиологиялық өзгерістер.
Инволюция процессі жыныс мүшелерінен, жатырдан басталады. Бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр көлемі кішірейеді және тығыздалып шар формасына ие болады.Қабырғасы 0,5 -ден 3 - 5 см дейін қалыңдайды, истмикалық бөлігі тарылады Салмағы-1000-1200 г. Ұзындығы – сыртқы аңқадан түбіне дейін- 15-20 см болады.
Жатыр инволюциясы босанудан кейінгі толғақпен көрінеді. Көбіне толғақ тәрізді ауырсыну баланы төспен емізуде байқалады. Босанғаннан кейін алғашқы аптада жатыр салмағы – 500-600 г,екінші аптада -350 г,үшінші аптада-200 г дейін көлемі азаяды. Жатыр инволюциясы жөнінде оның түбі арқылы бағалай аламыз. Күніне орташа 2 см төмен түсіп отырады.
Жатыр инвалюциясы. Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты оның көлемі кішірейеді. Жатыр инвалюциясы қалыптасу үшін қуық және жатыр қуысы бос болуы керек.Жатырдың анық көлемін УДЗ жүргізу арқылы білуге болады.Алғашқы 3-4 кунде жатыр қуысы стерильды болады. Оған фагоцитоз бен жасушадан тыс протеолиз қатысады.
Лохия.Босанғаннан кейінгі бөлініс.6 апта көлемінде 500-1500 мл лохия бөлінеді. pH бейтарап және сілтілі.2-3 күндері лохиялар қызыл түсті.3-4 күндері қанды-серозды түрде болады.Толыққанды эндометрий 6аптадан кейін қалыпқа келеді.
Бактериальды вагиноз. Этиологиясы. Клиникасы, диагностикасы. Емі.
Жауап: Протокол бойынша
Бактериальный вагиноз (БВ) – это инфекционный невоспалительный синдром полимикробной этиологии, связанный с дисбиозом вагинальной микробиоты, который характеризуется количественным снижением или полным исчезновением лактобацилл, особенно перекись-продуцирующих, и значительным увеличением облигатных и факультативных анаэробных условно-патогенных микроорганизмов.
Бактериялық вагиноз – патогендік қоздырғыштар табылмаған жағдайда, туыт жасындағы әйелдерде қынап бөлінділерінің көп болуына жиі себеп болатын телімсіз үдеріс. Бұл қынап жүйесінің дисбиозы, ол лактобацилалардан емес, Mobilincus, микоплазма, гарнелл ассоциацияларынан тұратын аурудың түрі. Қоздырғыш – Gardnerella Vaginalis – қынапта көп шоғырланатын, қозғалмайтын ұсак көп түрлі бактериялар.
Қалыптыда 16-40 жас аралығындағы сау қыздар мен әйелдерде қынаптық биоценозында лактобактериялар болады,басқаша атауы «Додерлейн таяқшалары».Олар қынаптық микрофлораның 95% алып жатыр.Лактобактериядан бөлек 300 жуық микроорганизмдер қалған 5 % құрайды. Лактобацилла қынаптың шырышты қабатында орналасып, экологиялық барьер қызметін атқарады және қынаптық микрофлораның резисттентілігін қамтамасыз етеді.Лактобацилланың қорғаныс қасиеті лизоцимге,адгезивтілігіне,антоганисттік активілігіне байланысты.Дегенменде қынаптық микрофлораның тұрақтылығын сақтайтын негізгі механизм қышқыл түзу және сутегі тотығы өнімі.Қалыптыда қынаптың рН (3,8-4,5).
Этиология:
Лактобактерия кенеттен азайып кетуі немесе жоғалуы;
Бактероид,гарднерелл,микоплазма,пептострептококктардың айқын көбеюі;
• Алып келуші факторлар
Эндогенды:
Гормоналды фактордың өзгеруі;ішек микробиоценозының бұзылысы;
Экзогенды:
Зәр шығару жүйесінің қосымша аурулары;антибактериалды ем;
Клиникасы:Бактериалды вагиноздың клиникалық ағымын ажыратады:симптомсыз және клиникалық симптомдармен.50% әйелдерде симптомсыз күйде өтеді.Бұл кезде клиникалық белгілер болмайды және лабораторлық белгілер де қалыпты.Қалған науқастарда келесі шағымдар болады: жыныс жолдарынан ақ немесе сұр түсті көп мөлшерде бөлінді бөлінеді,иісі жағымсыз «балық» тәрізді,көбіне қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде және менструалдық цикл кезінде бөлінеді.
Қынаптың шырышты қабатында адгезияланған,иісі жағымсыз (балық),ақ-сұр түсті гомогенды бөлінділермен көрінеді.Субъективті сезімдерден қышу және күйдіру болуы мүмкін.
ДИАГНОСТИКА:
Лабораторлық диагноз қынаптағы бөліндінің рН мөлшері,аминотест жүргізу,Грамм әдісімен боялған жағындыны микроскопиялау жүргізу арқылы жасалады.
Мына 4 белгінің 3 і көрінсе,диагноз нақтыланады:
1) Қынаптың шырышты қабатында адгезияланған,иісі жағымсыз,ақ-сұр түсті гомогенды бөлінділер;
2)негізгі клеткалардың табылуы;
3)оң амино тест;
4)Қынаптық бөліндінің рН >4.5
ЕМІ:
Клиндамицин фосфат – 2 % вагиналды крем стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды бір реттік доза 5г,күніне 1 рет (түнде),7 күн бойы;
Метранидазол-гель -0.75% стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды доза 5г,күніне 1 рет ,7 күн бойы;
Метранидазол – вагиналды таблетка 500мг,күніне 1 рет жатарға 10 күн бойы;
Метранидазол – 500мг күніне 2 рет пероралды,7 күн бойы;
Клиндамицин фосфат – 2 % вагиналды крем стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды бір реттік доза 5г,күніне 1 рет (түнде),7 күн бойы;
Метранидазол-гель -0.75% стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды доза 5г,күніне 1 рет ,7 күн бойы;
Метранидазол – вагиналды таблетка 500мг,күніне 1 рет жатарға 10 күн бойы;
Метранидазол – 500мг күніне 2 рет пероралды,7 күн бойы;
Клиндамицин фосфат – 2 % вагиналды крем стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды бір реттік доза 5г,күніне 1 рет (түнде),7 күн бойы;
Метранидазол-гель -0.75% стандартты апликатордың көмегімен интравагиналды доза 5г,күніне 1 рет ,7 күн бойы;
Метранидазол – вагиналды таблетка 500мг,күніне 1 рет жатарға 10 күн бойы;
Метранидазол – 500мг күніне 2 рет пероралды,7 күн бойы;
Профилактика
Бактериалды вагиноздың дамуын туғызатын факторлар;
-Жыныстық серіктестерін жиі ауыстыру;
-жатырішілік контрацептивтарды қолдану;
-зәр шығару жолдарының қабыну аурулары;
-антибактериалды препараттарды және иммунодеппресантарды қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |