Оральды контрацептивтер. Оральды контрацептивтерге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
Комбинерленген оральды контрацепцияны қолдану рекомендацияланады:
Сексуальды активті жас әйелдерге
Ерлізайыптыларға:жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін
Босанбаған әйелдерге
Сексуальды активті жасөспірімдерге
Босанғаннан кейінгі емізбейтін әйелдерге
Аборт жасатқаннан кейін бірден жүктіліктен қорғанғысы келетін әйелдерге
Ауырсынумен келетін және регулярлы емес етеккір циклі кезінде
Безеулі себіндісі бар қыздарға
Анемиясы бар әйелдерге
Бұрын жатырдан тыс жүктілігі болған әйелдерге
Рецидивирленген функциональды кистасы бар әйелдерге, анамнезінде аналық без рагі бар әйелдерге
Гормональды контрацепцияны қолданудың абсолютті қарсы көрсеткіші:
Болуы мүмкін жүктілік кезінде
Емізу кезінде немесе босанғаннан кейінгі 6айдың ішінде
Бауыр ауруларында
Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында
Активті шылым шегуде
35жастағыларда немесе асқан
Қант диабетінде
Айқын бас ауруларында(мигрень)
АГ
Сүт безінің рагінде
Қосарланған оральды контрацептивтер. Қабылданбаған таблеткаларды қабылдау тәртібі.
Жауап: Аралас оральді контрацепция - ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестин бар.
Әсер ету механизмі- ішке қабылдағаннан кейін олар гипоталамустан гонадотропин-рилизинг-гормона бөлінуін тежейді, осылайша овуляцияны ынталандыратын гипофиз гормондарының шығуын тежейді. Сондай-ақ, жатырдың ішкі қабатына әсер етіп, жатыр мойнының шырышты қабатын қоюлатады, цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды.
Қолдану-Менструация басталғаннан кейінгі алғашқы бес күн ішінде қабылдауды бастау керек. Әсері жоғары болу үшін менструальдық циклдің 1-ші күнінен бастау,бұл жағдайда қосымша қорғаныс шаралары қажет емес.Препаратты күн сайын 1 таблеткадан, бір уақытта 21 күн ішу керек.
21 күннен кейін 7 күн үзіліс жасау керек,осы уақытта етеккір өтеді.
Егер 1 таблетканы қабылдауды жіберіп алса ,сол жіберілген таблетканы тезрек қабылдау қажет ,бір күнде 2 таблетка ішуге тура келсе де.Кейін күнделікті қабылдауды жалғастырады. Және қосымша қорғануды қажет етпейді.
Егер 2 таблетка жіберілсе ,онда соңғы жіберілген таблетканы қабылдап, әрі қарай күнділікті жалғастыра береді және алдағы 7 күн қосымша қорғанудың басқа түрін қодану қажет .
Зиянды әсері. препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |