Меланома. Этиология. Клиника. Жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы.
Меланома – қалыпты жағдайда теріде орналасатын және күннің ултракүлгін сәулесі әсерінен бояғыш пигмент меланин бөлетін мелноциттердің шектен тыс бөлінуінен туындайтын қатерлі ісік.
«Меланома» терминің гректің “melanos” қара, қоңыр деген мағына білдіреді. Өте жиі пигментсіз варианттары кездеседі. Көп жағдайда ісік теріде болады, ауыздың кілегей қабатында, әйелдің жыныс мүшелерінде, асқазан-ішек жолында, көз алмасында болуы мүмкін.
Меланоманың негізгі клникалық формалары беткей таралушы, түйінді, қатерлі-летиго меланома, аккһралды мелнома болып табылады. Ісік өзгермеген теріде, пигментті невустада бірдей дамиды. Терінің ашық және жабық аймағында, жиі әйелдерде аяғында және ер адамдарда арқасында орналасуы мүмкін. Дұрыс емес конфигурациялы, тегістеу контурлы, регрессиия және түссіздену ошақтарымен, өрнек түсті, бетінде кератоз бар табақша болып табылады. Орташа бірнеше жылдан соң түйінге айналады, бұл горизонталды өсудің вертикалдыға ауысқаның білдіреді. Меланома дененің кез-келген жерінде дамуы мүмкін, әйелдер жиі тобықта, ер адамда арқада дамиды. Қарт кісілерде бетінде көп кездеседі.
Тері меланомасын дамытуға дамытуға бейімдейтін факторалр мен қауіп топтары. Меланома даму қаупі жоғары топтарға: ақ терілі, жирен шаштылар, көк, қоңыр, жасыл көзділер, көп уақыт күн астында болатындар, терісі күйгендер, жақын туыстары меланомамен ауырғандар. Терінің пигментті невусының жарақатынан соң меланоманың дамуы кездеседі. Меланома қалдың кездейсоқ немесе қасақана жарақатынан соңда дамиды. Жарқат алу байқалмай созымалы өтуі мумкін.
Негізінен мелнома терідегі тегіс немесе түйінді аурысынусыз құрылым. Түсі әртүрлі: қара-көк, қоңыр немесе қызғылт. Кейде ісік көп реңді болып келеді. Өрнектелмеген түрлері жағымдырақ өтеді. Түйінді түрлері өрнектелгенде метастаз беру қаупі жоғары.
Меланоманы ерте анықтаудың тиімді әдісі теріні ретті түре қарап тұру. Қалдың ауысқаны туралы мағлұмат беретін өзіндік «меланома әліппесі» бар, ол латынның 4 әрпімен белігіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |