Диагностика: диагнозы анамнезінен және клиникалық көріністер арқылы қойылады.Күманды жағдайларда: УЗИ, МРТ және пункция жасалады.
Емі: Консервативті емі: Физикалық күш түсірмеу керек, парафинмен,ультракүлгін сәулемен, батпақпен емдеу арқылы жүргізіледі.Көбіне консервативті ем нәтижиесіз болады. Ең эффективті емі – бурсэктомия болып табылады
Асқынуы: өздігінен немесе травманың әсерінен капсуланың жарылып, құрамындағы сұйықтықтың айналадағы тіндерге жайылып қабындыру немесе іріңдеуі.
Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеу. Мақсаты. Орындау техникасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, мүмкін болатын асқынулар.
.Жарақатты алгашкы хирургиялық өңдеу.Мақсаты.Орындау техникасы.Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
Алғашқы хирургиялық өңдеу дегеніміз – жансыздандыру және асептика шараларын сақтай отырып жарақатқа жасалатын біріншілік операция.
Мақсаты:
- жарамсыз тіндерді алып тастау;
-жараны қажетсіз микрофлорадан тазартып,инфицирленудің алдын алу;
Орындау техникасы
1.Науқастың жағдайын анықтаңыз,жарасын қараңыз. Науқасқа мақсатымен әрекеттің жүрісін түсіндіріңіз
2.Хирургиялық әдіспен қолды өңдеу. Қолды жуу және антисептикпен залалсыздандыру( 2 рет)
3.Залалсызданған қолғаптарды кию
4.Қажетті құрал-саймандар мен шығын материалдарын дайындау:70% этил спирті, йодтың повидон ерітіндісі немесе 1 % йодонат, 3% сутек тотығы ерітіндісі, фурациллин, залалсызданған материалдарға арналған лоток; қолданылған материалдарға арналған лоток. Бикстен корнцангпен хирургиялық пинцетті, анатомиялық пинцет, қайшы, бинт , дәке түйіршіктерін және залалсызданған дәке сүрткілерді алу.
5.Жарақаттың айналасын, шетін өңдеу:Жараның айналасын 3 рет 70% спирт ерітіндісімен сүртеміз, тампонды жараның азырақ ластанған жерінен бастап көбірек ластанған жеріне қарай және ортасынан шетіне қарай жылжытады. Жараның шеттерін йодтың повидон ерітіндісімен өндейді.1 рет сүртеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |