Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Хирургиялық пинцетпен жарақаттан көрінетін лас заттарды алып хирургиялық пинцетті тастаймыз



бет104/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

6.Хирургиялық пинцетпен жарақаттан көрінетін лас заттарды алып хирургиялық пинцетті тастаймыз.
Жараны залалсызданған дәке түйіршіктерімен 3%сутек тотығы ерітіндісімен, содан фурациллинмен жуамыз. Қүрғақ тампонмен жараны құрғатамыз.
7.Анатомиялық пинцеттің көмегімен залалсызданған 3 қабат дәке сүрткімен жарақатты толық жабамыз.Асептикалық таңғышты саламыз:
-науқас бет әлпетінен таңғыш ауырсыну тудырған жағдайда қөрінетіндей етіп орналастырылады;
-дененің таңғыш салынатын бөлігі таңғыш салып болғаннан кейін болатын жағдайда орналастырылады;
-таңу алғашқы екі бекітуші турдан басталады;
- таңуды төменнен жоғарыға қарай жүргізу керек, сонымен қатар бір қолмен бинтті айналдырып ашып отырып, екінші қолмен таңғышты ұстап, бинттің әр турын түзеп отыру керек;
- бинт бір бағытта ашылып, сонымен қатар бинттің әрбір айналымы алғашқы айналымның жартысын немесе үштен бірін жауып тұруы керек;
- бинт соңғы турдан кейін сау жағынан байланады
8.Дәке түйіршіктерін, сүрткілерді, сары түсті контейнерде жою (Б классты қалдықтарға арналған).Инструменттерді дез.ерітінділерге салып қоямыз. Қолғаптарды шешіп, контейнерге тастаймыз.
9.Пациенттің жағдайына байланысты стационарлық немесе амбулаторлық емге жолдау
Көрсеткіштері: Жұмсақ тіндердің жаралануы. Показана:
При обширных ранах мягких тканей с размозжёнными, рваными, неровными краями и сильно загрязненные землёй и др. При всех ранах с повреждениями крупных сосудов, нервов, костей.
Не показана:
при мелких поверхностных ранах с узким входным и выходным отверстиями без признаков ранения крупного сосуда, нерва, сухожилия, кости;
при множественных мелких поверхностных слепых ранах
(ссадинах).
Қарсы көрсеткіштері:Шок, қан жоғалту, коллапс(талықсу), жараның іріндеуі.

  1. Жарақат жіктелісі. Амбулаториялық жағдайда жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуді жүргізу ерекшеліктері.

Жауап: Біріншілікхирургиялықөңдеудегеніміз –жансыздандыру және асептика шараларын
сақтай отырып жарақатқа жасалатын біріншілікоперация.
Біріншілік хирургиялық өңдеу мақсаты:
-өмір сүруге жарамсыз тіндерді алып тастау;
-жараны қажетсіз микрофлорадантазартып,инфицирленудің алдын-алу;
Біріншілік хирургиялық өңдеу түрлері
Ертебіріншілікхирургиялықөңдеу
Жарақаттанған уақыттан 24 сағатқа дейін жасалады.Әдетте біріншілік тігістерді
салумен аяқталады.

Кешіктірілгенбіріншілікхирургиялықөңдеу


24-48 сағат аралығында жасалады.Антибиотиктерді енгізумен жүргізілді.Өңдеуден кейін жарақатқа тігіссалынбайды. Содан кейін біріншіліккешіктірілген тігіс салынады.
Кешбіріншілікхирургиялықөңдеу
Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу – 48 сағаттан кейін жасалады. Бұл кезде жарақаттың инфекциялық асқынуы болады.
Кешхирургиялықөңдеудіңкезеңдері:
- жара каналын ашу;
- некрозданған тіндерді алу;
- дренаждауға қолайлы жағдай жасау.
Бұл кезде тіндерде қабыну белгілері болса да ерін, қабақ,мұрын қанаты,құлақ қалқаны, ауыз қуысының шырышты қабатына мұқият тігіс салуға болады. Беттің қалған бөліктеріне сирек тігісті түйіндер салған жөн.
Біріншілік хирургиялық өңдеудің кезеңдері
Жарақатты тілу (рассечение);
Жарақат каналының ревизиясы;
Шетін, түбін,қабырғаларын кесу (иссечение);
Жарақаттың бүтіндігін қалпына келтіру;
Тігіс салу.
Жарақатты тілу және ревизия
Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы суменжуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен,сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан терініалдымен спиртпен сүртеді. Теріжабындысындағы түкті қырып тастайды.
Жарақаттың шеттерін өткір немесе пластиналы ілгекті ретракторлармен ашамыз. Жалпы хирургияда жарақаттыңбеті қатты жарақатталмаған, бірақ тереңде орналасқан тіндердің қатты жарақаттануы байқалса, оларға жету үшінжарақаттың бетін тілу арқылы кеңейтеміз. Бетжарақаттарының ерекшеліктері кеңейту жүргізілмейді,себебі қан тамыр мен нервтерді зақымдап алу қаупі бар.
Жарақаттың шеттерін кесу
Жарақатты тілу және ревизия
Жарақаттың шеттерін кесу
Жарақаттан бөтен заттарды алып, қан ұйындыларынан тазалап, жуғаннан кейін жарақаттанған тіндердің шекарасын анықтап, кесіп алып тастайды. Жарақаттарда түсіне қалыңдығына байланысты тек өлген тіндер ғана алынады. Мимикалық және шайнау бұлшықеттердің зақымдану дәрежесін анықтау керек ,тітіркендіргенде жиырылмайтын қара, босаң бұлшық ет
бөліктері алып тасталынады, ал олардың сақталған талшықтарын жақындатып тігеді. Терінің шеттерін зигзаг,
фестонды (фестончатые) етіп тігу керек, өйткені болашақта тыртығы онша көрінбейтін болады.
Жарақаттың бүтіндігін қалпына келтіру.
БХӨ-ді жарақаттың шеттерінжақындатып, біріншілік тігіс
салумен аяқтайды. Ол үшін хирургиялық инелер қолданылады. Инелер жарақаттайтын және жарақаттамайтын деп бөлінеді. Жарақаттайтын инелердің жіп кіргізетін құлақшасы болады, жіп
екі рет оралады, соның нәтижесінде жарақаттайды, ал жарақаттамайтын инелер жіппен соңы соңымен (конец - в - конец) типі бойынша байланысады,соның нәтижесінде тіндерден оңай өтеді

  1. Жарақат себептері. Емханада жағдайында көмек көрсету. Ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жасына және сипатына байланысты жарақаттардың нәтижесінің болжамы.

Жауап: Жарақат- бұл ағзаға сыртқы(механикалық)фактордың әсерінен тіндердің анатомиялық бүтіндігі мен ондағы физиологиялық үрдістердің бұзылуы.
Жарақаттануға механикалық, химиялық, физикалық (ренетген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) факторлар және биоогиялық факторлар әсер етуі мүмкін. Механикалық жарақат ашық және жабық болуы мүмкін.
Жарақаттар жіктелуі:
І. Жарақатқа әкелетін жағдайларға байланысты бөлінеді:
• өндірістік емес жарақаттар:
а) жол қатынасы
б) көшедегі (көктайғақ)
в) тұрмыстық
г) спорттық
• өндірістік жарақтар
а) өнеркәсіптік
б) ауыл шаруашылығындағы жерге байланысты
• Қастандықтан болатын жарақатар.
ІІ Жарақаттаушы күштің түрі болйынша :
• Механикалық (жаралар, шығу, сынықтар)
• Физикалық (термиялық, элетротравмалар)
• Химиялық (қышқылдар, сілітлер)
• Сәулелі
• Операциядан кейінгі
ІІІ Жарақаттану сипаты бойынша .
• Жабық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар бүтін болғанда): созылу, соғып алу, шығу.
• Ашық жарақаттар (тері және кілегейлі қабаттар жарақаттанғанда): жаралар, ашық сынықтар.
• Тесіп өткен жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)
• Тесіп өтпеген жарақаттар (іш перде, плевра, синовиалды қабаттар жарақаттанады.)
• Құрастырылған жарақаттар (бірнеше денелердің жарақаты).
Себебі бойынша: операциялық,залалсызданған,кездейсоқ деп жіктеледі.Қазіргі таңда кез келген кездейсоқ алынған жарақат бактериалды бүлінген немесе инифицирленген болып саналады.Алайда жарақат көзінде инфекцияның болуы іріңді қабыну процессінің басталғанын білдірмейді.
Жарақаттың негізгі бегілері:
Жарақаттың Ауру сезімі (dolor).
Қан кетулер (haemorrhagia).
Жарақаттың аузы (hiatus).
Ауыру сезімі
Негізгі шағымдардың бірі. Жарақат аймағындағы терідегі жүйке ұштарының зақымдануы нәтижесінде, ісікпен басылуы кезінде пайда болатын белгі.Белгілі бір аймақ зақымданғанда ауру сезімі орныққан, ал жүйке бағанының зақымдануында ауру сезімі жайылған типте болады.Жарақат кезіндегі ауру сезімі синдромының айқындығы келесі факторларға байланысты:-Жарақатың орналасу орны.
-Ірі жүйке бағандарының зақымдануына.
-Жарақаттаған қару түріне, жарақаттау жылдамдығына байланысты.
-Ағзаның жүйке-психикалық жағдайына.
Қан кетулер
Қан кету-жарақаттың негізгі белгісі.Тері, шырышты қабат және тіннің кез келген зақымдануында кездесетін, қан тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.
Қан кетудің қарқыны келесі факторлармен анықталады:
-Ірі артерия және веналық тамырлардың зақымдану санымен.
-Жарақаттың орнығу аймағымен.
-Жарақаттайтын қару сипатымен.
-Жүйелік және жергілікті қан айналым қарқынымен.
-Қан ұю жүйесінің деңгейімен.
Жарақаттың аузы.
Жарақат аузының жабылуы терінің эластикалық талшықтарының жиырылуына байланысты болады. Жарақаттың терілік шекараларының ажырауы жарақат өсінің Лангер сызығына қатысты дұрыс орналаспауы. Жарақат кезіндегі тілімнің салыну бағыты косметикалық және пластикалық хирургияда негізгі орын алады. Іріңдіктерді ашу кезінде тілімді Лангер сызығына перпендикуляр жүргізеді.

Шығу тегіне байланысты:


Оперативтік жарақаттар — жоспарлы түрде, емдік немесе диагностикалық мақсатта,ерекше асептикалық жағдайда,тіннің минимальды зақымдануымен,жансыздандыру арқылы,анатомикалық құрлымдық бұзылымдарды тігіспен біріктіріп тігу нәтиежесінде пайда болған жарақаттың түрі.
Кездейсоқ жарақатар- кездейсоқ жағдайда,кез келген себептерден пайда болатын жарақаттың түрі.
Тіннің зақымдануына байланысты жарақаттар:
Кесілген;
Ұрылған;
Соғылған;
Жыртылған;
Жаншылған;
Шабылған;
Тістелген;
Аралас;
Атылған

Кесілген жарақат


Кесілген жарақаттар өткір қарумен жарақаттаған кезде пайда болады (пышақ,алмас,әйнек).Мұндай жарақаттың түрінде айналасындағы тіндер тұтастығы бұзылмайды. Мардымсыз механикалық күштің әсерінен өткір қарудың жолы тереңдеуі мүмкін.Кесілген жарақат кезінде ауру сезімі шамалы,қан кету көп мөлшерде емес,жарақат аузының бітуі жарақат өсіне, Лангеров сызығына байланысты.
Кесілген жарақат қан тамырлардың,жүйке ұштарының,негізгі ағзалардың көп мөлшерде зақымдануына байланысты.
Ұрылған жарақат
Ұрылған жарақаттар тар және өткірлеу қарумен жарақаттану кезінде пайда болады (жіңішке пышақ,айыр,ине). Анатомиялық ерекшелігі зақымдану аумағына қатысты тереңдігінің үлкен болуында.Ұрылған жарақат кезінде ауру сезімі айқын емес,жарақаттың аузы анық емес,сыртқа қан кетулер болмайды.Бірақ,тері және шырышты қабат астында гематомалар пайда болуы мүмкін. Басқа жарақаттардан ерекшелігі, сыртқы зақымдану кей кезде тереңдегі ірі тамырлардың,жүйке ұштарының,ішкі ағзалардың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.Диагностикалануы қиын. Аса ауыр зардап әкелмеуіне қарамастан, ішкі ағзаларда ауыр деңгейдегі зақымданулар пайда болады
Соғылған жарақат
Соғылған жарақат бүтін қарумен жарақаттағанда пайда болады.Берік және эластикалық терінің қарсылығын бұзу үшін,тереңдегі сүйек пен бұлшықеттердің әлсіз байланысын бұзуы қажет. Жарақат айналасындағы зақымдану аймағы үлкен,қанға толған,некрозданған. Сондай- ақ, ауру сезімі айқын,сыртқа қан кетулер көп мөлшерде емес, тері астындағы гематомалар саны және зақымданған тіннің некроздану ауқымына байланысты жарақат көрінісі анық болады.
Жыртылған жарақат
Соғылған жарақат сияқты жыртылған жарақатта тұтас қарудың негізінде пайда болады. Дене бетіне қиғаш бұрыш жасай орналасады.мұндай жарақат кезінде ұзақ уақыт бойы тері тұтасымен скальпельмен сылған тәрізді сылынып түседі. Сылынған жарақат аймағының қоректенуі бұзылып, тіндер өлімге ұшырап, тіннің жаңаруы жүреді. Кей кезде жыртылулар сүйектердің қиғаш сынуында болады.
Жаншылған жарақат
Жаншылған жарақаттың пайда болу механизмінде тіннің зақымдануы максимальды түрде жүреді.Бұлшықеттердің және басқа да жұмсақ тіндердің жаншылуы орныққан сүйекке қатысты болады.
Жаншылған, соғылған,жыртылған жарақаттарда ірі тамырлар мен жүйкелердің анатомиялық үзілісі сирек анықталады. Жаншылған жарақаттың зақымдану аймағы үлкен,қан құйылулар айқын,ауру сезімі айқын емес.Мұндай жарақаттың жазылуы мен инфекциямен асқынуы жиі байқалады.
Шабылған жарақат
Шабылған жарақат массивті түрде зардап әкеледі (шапқы, балта). Өткірлеу қарумен келтірілетін жарақаттың түрі болғандықтан кесілген және соғылған жарақаттың арасында орын алады. Жарақаттың мұндай түрлерінде ішкі ағзалар мен сүйектердің зақымдануы жүреді. Зақымдану аймағы айқын, массивті некроздану жүреді. Ауру сезімі шамалы, қан кету аз мөлшерде, қан құйылулар басым түрде кездеседі.
Тістелген жарақат
Тістелген жарақаттың ерекшелігі механизмі тірі ағзамен, мәселен, адам немесе жануармен әкелінген болады. Инфицирлену дәрежесі жоғары, өйткені, адам немесе жануардың ауыз қуысы патогенді микроорганизмдерге бай. Тістелген жарақаттардың жазылуы баяу жүреді. Жарақаттану аймағы үлкен емес.
Кей жануарлардың сілекейі уытты, токсиндер көп мөлшерде болады. Тістелген дене аймағы құтыру вирусымен зарарданған болатындықтан,алдын алу шараларын жүргізуді қажет етеді.

Аралас және атылған жарақат


Аралас жарақат өз құрамына жыртылған-соғылған, ұрылған-кесілген жарақаттардың белгілерін біріктіреді.
Атылған жарақаттың басқа жарақаттан ерекшелігі:
-Зақымданудың үш зонасының болуы;
-Зақымданудың күрделі анатомиялық сипаты;
-Инфицирленудің жоғары деңгейі;
-Қосымша жіктемелердің болуы.

Инифицирлену дәрежесіне байланысты:


Асептикалық — асептикалық нормаларды толық сақтамағанда пайда болады. Жазылуға бейім, асқынусыз жүреді.
Жаңадан инфицирленген — операцияға дейін зақымдану кезеңінен бастап 3 тәулік ішінде қалыптасқан жарақат.
Іріңді — инфицирленген жарақаттың түрі.Іріңді жарақаттың жаңадан инфицирленген жарақаттан айырмашылығы инфекционды процесстің қарқынды ағымда жүруінде. Қабынулық процесс, некроздалу, іріңді экссудаттың түзілуі айқын түрде жүреді. Жалпы интоксикация симптомдары басым.
Жарақаттың жазылуы
• Жарақаттың жазылуы дегеніміз репарациялық процесс,жараның зақымданған тінінің бүтіндігі мен қызметінің қалпына келтіруді айтамыз.
• Жараттың жазылуында 3 негізгі механизм жатыр:
-Фибробластар мен коллаген талшықтарының түзілуі. Жазылу кезінде фибробластар макрофагпен активтелінеді. Фибробластар клеткадан тыс матриксты заттарды синтездейді, оның ішінде коллагендерді.
-Жарақаттың эпителизациясы деген клеткалардың жара бетіне миграциялануына байланысты жаңарады.Толық орныққан клеткалардың жаңаруы микроорганизмдердің жараға түсуіне бөгет болады.Бесінші күні таза жара толық жаңарып,жазыла бастайды.
-Тіндердің бірігіп бітуінің эффектісі деген миофибробластардың жиырылуына байланысты,жарақаттың беті жиырлып,бітуіне жағдай жасайды.
Жалпы емі:

Антибактериальдық терапия;


*Дезинтоксикациялық терапия;
*Иммунокорригерлеуші терапия;
*Қабынуға қарсы емдік шаралар;
*Симптоматикалық терапия.
Терең жарақат кезінде тек тері және тері асты қабаты емес сонымен қатар бұлшықеттер,сүйектер,жүйке жүйелері кейде тіпті ірі қантамыр қабырғаларының бүтіндігі бұзылады.Жарақаттану кезінде міндетті түрде қан ағу,ауырсыну,жара шеттерінің ажырауы болады.Өздігінен жарақаттану ірі қан тамырлардан қан ағу кезінде ,ішкі ағзалардың жара
лануында,қатты ауырсыну болғанда қауіпті,өйткені ол шок тудыруы мүмкін.Қалған жағдайларда жарақат микробтарға әсіресе сіреспе,құтырма секілді жұқпалы қоздырушыларға кірер негізгі қақпа саналуымен,көп мөлшерде қан кетумен қауіп тудырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет