Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары

Сыртқы қан кету туралы түсінік. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. Қан жоғалтудың дәрежесі. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату

бет105/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Сыртқы қан кету туралы түсінік. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату. Қан жоғалтудың дәрежесі. Қан кетуді уақытша және тұрақты тоқтату.

Сыртқы қан кетуде қан жара бетінен сыртқы ортаға ағады. Мұндай қан кету диагностикасы тез,әрі оңай болады.
жеңіл дәрежесінде циркуляциялық қан көлемінің (ОҚК-барлық формалық элементтер және плазма)15%-на дейін,
орташа дәрежелі ауырлықта 15-30%(750-1500мл),
ауыр дәрежесінде -30 -40%(1500-2000мл,
ал 40%- дан (2000мл-ден ) жоғары болған жағдайда (массивті қан кету) қан жоғалту байқалады.
Қан кетуді тоқтату әдістері
УАҚЫТША
БІРЖОЛАТА
ҚАН КЕТУДІ УАҚЫТША ТОҚТАТУ ӘДІСТЕРІ
Бұрау салу.Бұл әдіс қарапайым және белсенді болып саналады,көбінесе аяқ қолдан артериальді және массивті қан кетулерінде қолданылады.
Қан тоқтататын бұраудың ұзындығы 1,5 метр,екі ұшында ілмегі бар. Оны зақымдалған жерден проксимальді орналастырады.Бұраудың астына міндетті түрде мата орамал,киім,дәке қою керек.Тартып тұрып 2 -3 рет орайды,бірақ байламдар бірінің үстіне бірі жатпауы тиіс.Міндетті түрде бұраудың салынған уақытын көрсету керек,себебі оны 2 сағаттан,ал қолға 1,5 сағаттан артық байлауға болмайды.Бұраудың дұрыс салынғандығының көрсеткіші мыналар:жарадан қан ағудың тоқтауы,шеткі тамыр соғуының жоғалуы,аяқ қолдардың бозғылт,әрі суық болуы.Егер науқасты 1,5 -2 сағ. артық тасымалдайтын болса,белгілі бір уақыт сайын бұрауды 10-15 минутқа шещіп отыру керек.Ары қарай,қажет болса,бұрауды шешу рәсімін қайталайды:қыста -30 минуттан кейін,жазда 50-60 минуттан кейін.Бұрауды аяққа немесе қолға салғаннан кейін,тасымалдау құрсауларымен бекіту керек.
Мойынға
бұрау салу
Аяқ-қолға қан тоқтататын бұрауды салудың ережесі
Артерияны саусақпен басу. Бұл әдіс оңай,әрі тез орындалады.Қансырауды қысқа мерзімге тоқтатуға қолданылады(тамырды 15-20 минуттан артық басу мүмкін емес).Содан кейін,басқа гемостаз әдісін қолдану керек бұрауды салу немесе айырбастау.Қансырауды саусақпен басып тоқтату әдісін артерия беткей және сүйек қасында орналасқан кезде ғана қолданады.Басу нүктелері мен сүйек құрылымдары мыналар:ұйқы артериясы –VI мойын омыртқасының бүйір өсіндісі;бұғана саты артериясы –І қабырға; иық артериясы –тоқпан жіліктің ішкі беті;сан артериясы –қасаға сүйегі.Қан тамырын 2 қолдың бас бармақтарын бірінің үстіне бірін қою арқылы немесе алақан және жұдырықпен қысуға болады.Бұғана асты артериясын қысу қиынға түсетіндіктен,қолды артқа қатты тарту арқылы тоқтатуға болады. Осы кезде бұғана асты артериясы бұғана мен І қабырғаны аралығында қысылады.Жоғарыдағы тамырды саусақпен басуды хирургтар операция кезінде қанды біржолата тоқтатар алдында,шұғыл жағдайларда қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет