Күйік. Негізгі ұғымдар. Күйік классификациясы. Зақымдалған аймағы бойынша күю. Күйік дәрежесі. Негізгі белгілері.
Күйік – жоғарға температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
Термиялық күйік – денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және былқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады.зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі аен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ – қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздардың (ляпис, хлорлы мырыш, және т.б.) әсерінен пайда болады.
Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю – ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және дененің зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі ұшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:
І дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домбығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.
ІІ дәрежедегі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұықпен толады. ІІ – дәрежелі күйік кезіңде иерінің тереңдегі қабаттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, одан бір аптадан соң терінің барлық қабаттары кедір-бұдырсыз қалпына келеді.
III - дәрежедегі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дак пайда болады. IV - дәрежедегі күйікте аса қатты жоғары температураның әсерінен (жалын, напалм) терi қарайып күйеді.
Достарыңызбен бөлісу: |