Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Лактационды мастит кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы мен асқынуы



бет110/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Лактационды мастит кезіндегі жалпы тәжірибелік дәрігердің диагностикасы мен тактикасы. Клиникасы. Болжамы мен асқынуы.

Лактациялық (босанудан кейінгі) мастит – әйелде босанғаннан кейінгі кезеңде лактация фонында пайда болатын сүт безінің қабынуы. Лактациялық мастит босанғаннан кейінгі кезеңнің кез келген мерзімінде дамуы мүмкін, дегенмен босанғаннан кейін 2-3 аптада жиі кездеседі.

Клиникасы және диагностикасы. Іріңді маститтің бастапқы симптомдары: сүт безі аймағында ауырсыну, тығыздалған бөлік анықталуы, нәрестені емізгенде ауырсыну. Температураның жоғарылауы, қалтырау, бас ауруы, ұйқысыздық пайда болады. Қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, пальпацияда ауырсынуы. Тығыздалған бөлік ортасында флюктуация анықталуы мүмкін. Маститтің серозды түрінен инфильтративті және іріңді түріне ауысуы – 4-5күн. Маститтің флегмонозды фазасы науқастың жалпы жағдайының кенет нашарлауымен, температураның 39,5-40ºС дейін жоғарылауы, қалтыраумен сипатталады. Тілі құрғақ, тері жамылғысы бозарған, бездің диффузды ұлғаюы, без терісі гиперемияланған, жылтыр, тері асты веналарының кеңеюі. Пальпацияда – флюктуация бірнеше жерде анықталады. Лейкоцитоз. Лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы. Несепте белок, лейкоциттер, эритроциттер. Гангренозды түрінде науқас жағдайы өте ауыр. Пульс 100-120 рет мин. Температура 40-40,5ºС. Сүт безі көлемі ұлғайған, ісінген, пастозды, ауырсынады, терісі көгерген, кей жерлерде терісі некроздалған. Сүт безі емізігі ішке тартылған, сүт шықпайды. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады. Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы.

Инфильтратты саңылауы кең инемен пункциялау және УДЗ-дің бағалы диагностикалық маңызы бар.

Емі. Маститтің іріңді түрлерінде хирургиялық ем көрсетілген.

Асқынулары және ақыры. Жіті іріңді лактациялық мастит сепсис және іріңді процестің кеуде клеткасына таралуымен асқынуы мүмкін. Іріңді маститтің ақыры – жыланкөздер түзілуі, сүт безі деформациясы және оның көлемінің кішіреюі, лактацияның азаюы және тоқтауы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет