Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


ЖКС кезенде алғашқы көмек көрсету



бет116/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

2. ЖКС кезенде алғашқы көмек көрсету
ЖКС кезінде алғашғы көмек мақсаты:
-ауырсынуды басу
-антитромбоздық ем
-жедел жәрдем щақыру,дереу ауруханаға жеткізу
-асқынулардың алдын алу.

1.Физикалды жəне эмоциональды тыныштық.таза ауаға шығару


2.Нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль 0,4-0,5 мг сублингвальды. Тиімділігі жетіспегенде қайталау(немесе изокет)
3.Егер теріс көрсеткіштер болмаса ацетилсалицил қышқылы 300 мг шайнауға беру.
4.Кеуде қуысында ұзаққа созылған айқын үдемелі ауырсыну кезінде морфинді көктамыр ішіне егу(1% 1,0 мл ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді). Препаратты 0,9% 10 мл физиологиялық ерітіндіде ертіп, 2-5 мг әр 5-15 минут сайын ауырсыну синдромы толығымен жойылғанға дейін көктамыр ішіне енгізіледі.
Наркотикалық анальгетиктерді қолдану мүмкіндігі болмағанда немесе жоқ болғанда трамадол еңгізу қажет.
5.Тромболизистік терапия-стрептокиназа 1500000 МЕ 100 мл физиологиялық ерітіндісінде көктамыр ішіне тамшылатып егу. Алғашқы 6 сағатта белсенді ем.
6.Тромболизистік ем қолдануға болмағанда (қан кетулер болса, 3 ай ішінде ишемиялык инсульт болған,анамнезде геморрагиялык инсульт ,белсенді пептикалық ойықжара,геморрагиялық диатез) - гепарин 60 ед/кг (4000 ед дейін) көктамырға егу.
7.Егер ЖТЖ минутына 55-60 жетсе,В-адреноблокаторды парентералды тағайындау керек. Енгізуден бұрын ӨСОА жоқ екендігін анықтау. Метопролол көктамырға 5 мг,немесе эсмомол,атенололды, пропранололды беруге болады.АҚ үнемі қадағалау.
8..Жедел коронарлы синдромды арнайы клиникаға жеткізу,ЭКГ интерпретация,уақытты мониторингілеу.
3. Дәрілік препараттарға рецепт жазу
4. Лабораторлық зерттеу деректерін сипаттау
5. Глюкометрдің көмегімен қандағы глюкоза деңгейін анықтау
Қандағы қантты өлшейтін аппарат глюкометр деп аталады
Алгоритм
1.Қолыңызды сабынды сумен жуыңыз,сүлгімен құрғатыңыз, теріңізді қатты сүртпеңіз.
2.Инъекция жасайтын жерді алкогольмен немесе басқа антисептикпен залалсыздандыру
3.Қан айналымын арттыру үшін қолыңызбен аздап сілкіңіз.
4.Саусақ ұшының аймағында пункция жасаңыз, құрғақ мақтамен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.
5.Сынақ жолағына қан тамшысын салып, оны глюкометрге салыңыз.
6.Талдау үшін батырманы басыңыз немесе құрылғы автоматты түрде жұмыс істеген жағдайда нәтиже экранда көрсетілетінін күтіңіз.
7.Мәнді арнайы күнделікке жазып алыңыз.
8.Инъекция аймағын кез-келген антисептикпен сүртіңіз, құрғатқаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз.

Дені сау адамдардың нормасы 3,3-тен 5,6 ммоль / л дейін, плазмада 3,7-ден 6 ммоль / л.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет