Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Жазбаша емтихан үшін практикалық дағдылардың тізбесі



бет115/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Жазбаша емтихан үшін практикалық дағдылардың тізбесі:
1. Артериялық қан қысымын өлшеу
Тексерудің алдында бір сағат бұрын кофе және қою шай ішпеуін, 30 минут ішінде темекі шекпеуін, симпатомиметиктерді қолданбауын ескерту қажет.Өлшеу алдында қуықты босатып алуы қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10 мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.

1.Науқасқа тексеру мақсатын айтып,іс-әрекетті түсіндіріп,келісімін алу.


2.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас арқасын орындыққа тіреп отыруы немесе жатуы керек, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі.
3. Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды,өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.
4.Екі қолды да өлшеу қажет.
5. Науқастың қолын киімінен босатып (киімін орауға болмайды),қолын жазған күйде тегіс қатты беткейге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытуын сұраймыз.
6. Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейінде болуы қажет (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2,5 см жоғары орналастырамыз. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына саусақ сиятындай болуы керек.
7.Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.
8.Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.
9.Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.
10. Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы 20-30 мм с. б.б. дейін манжетке ауа айдайды.
11. Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу қажет. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.
12. Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.
13.АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі.
14. Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.
15.Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.
16. АҚ көрсеткішін жазу.
17.Науқасқа тексеру аяқталғанын ,тексеру барысында өзін жақсы ұстағанын айтып,нәтижесін айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет