Оқу жылына Ортаңғы«Болашақ» тобының перспективалық жоспар


Шетенді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)



бет135/261
Дата22.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#193002
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   261
Байланысты:
7. Циклограммы ср.гр. каз.яз. Болашақ 22-23

Шетенді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Қыс мезгілінде шетенді бақылауды жалғастыру, оны қатты аяздан қалай құтқаруға болатындығын айту.
Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: қарды белгілі бір жерге күрекпен жинау. (еңбек іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттері. Күректермен әрекет ету қабілетін бекіту.
Қимыл-қозғалыс ойындары: "Қар ұлпалары мен жел", "Ақшақарды тап". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Педагогтің белгісі бойынша шеңбер бойымен жүруге үйрету, әртүрлі бағытта қозғалу.
Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Шанамен жарыс". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Аяғымен итере отырып, қар үйіндісіне белгі бойынша шанамен жылжу.

Шыршаларды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Шыршаның құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.
Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: ұжыммен қар тазалау.
Мақсат-міндеттері. Ағаш күрекшені қолдану қабілетін бекіту. (еңбек дағдылары)
Қимыл-қозғалыс ойындары: "Жағалаудан жағалауға". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Шашырап, жан-жаққа жүгіру, секіру техникаларын дамыту.
Өзіндік еркін ойын әрекеттері: "Туға дейін секіру, "Қақпада". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Алға жылжыта отырып, екі аяқпен секіруге, жорғалауға жаттығу.

Қардың жауғанын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Маусымдық құбылыс - қардың жаууы туралы білімдерін бекіту.
Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары: ауладағы қарды белгілі бір жерге күрекпен салу; кіреберіске апаратын жолды тазарту. (еңбек дағдылары)
Мақсат-міндеттері. Жұмысқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойындары: "Аяз ата", "Қар айналады". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері.
Өзіне тән қимыл-қозғалыстарды жасай білуге ​​баулу; өз әрекеттерін ойынға қатысушылардың әрекеттерімен байланыстыруды үйретуді жалғастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   261




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет