Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды



бет183/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   234

«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:

1) географиялық зерттеу әдістері;

2) картография және геоинформатика;


3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.

Төменде 83-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген.


83-кесте. 10-11-сыныптардағы «География» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны





Сынып

Жиынтық бағалау саны
бөлім/ортақ тақырып үшін

1-тоқсан

2-тоқсан

3 -тоқсан

4 -тоқсан

10-сынып ЖМБ

3

1

2

2

10 -сынып ҚГБ

3

1

2

2

11-сынып ЖМБ

3

1

2

2

11-сынып ҚГБ

3

1

2

2



«Биология» оқу пәні
«Биология» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың заман талаптарына сай білімдері мен біліктерін дамыту; өмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі ұйымдасу деңгейлерінде көрініс табуын түсіну; өмірдің ең басты құндылық ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның табиғаттағы рөлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен біліктер ауқымын кеңейту;
2) табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы ретінде пайдалану;
3) жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойлау қабілетін; зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру;
4) әдеп мәселелерімен және қоғамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетіне тікелей қатысумен байланысты қоршаған шынайылықта еркін бағдарлануға мүмкіндік беретін, бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту;
5) білім алушылардың білім алуды және өздігінен білім алуды жалғастыруы үшін қажетті зияткерлік біліктерді дамыту.
«Биология» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
Жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір - бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
Оқу пәнінің мазмұны мынадай төрт бөлімнен тұрады:

  • тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;

  • көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;

  • ағза мен қоршаған орта;

  • қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.

  • 1.«Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  • тірі ағзалардың көптүрлілігі; қоректену; заттардың тасымалдануы; тыныс алу; бөліп шығару; қозғалыс; координация және реттелу.

2. «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: көбею; жасушалық айналым; өсу және даму; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары; селекция негіздері; эволюциялық даму.
3. «Ағза мен қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: биосфера, экожүйе, популяция; экология және адам қызметінің қоршаған ортаға әсері.
4. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: молекулалық биология мен биохимия; жасушалық биология; микробиология және биотехнология; биомедицина және биоинформатика.
«Биология» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа тақырыптар енгізілді:

  • Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану

  • Биомеханиканы робототехникада қолдану

  • Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. Диализ әдісі

  • Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері

  • Биомедицина және биоинформатика

  • Миелинденген және миелинденбеген нейрондар

  • Қартаю үрдісі

Негізгі бөлімдер жылдан жылға қайталанып, әрбір бөлім бойынша оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып күрделенетініне назар аудару керек.
Әрбір бөлімдегі оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқудың әр кезеңінде маңызды түсініктер жүйелі түрде қайталанып отырады.
Жалпы 10-11 сыныптарда екі бағытта да бағдарлама мазмұны бірдей. Айырмашылық оқу мақсаттарының санында, мысалы 10-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 62 оқу мақсаты, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 47 оқу мақсаты бар. Ал 11-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 45 оқу мақсаты, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 38 оқу мақсаты бар.
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.
Төмендегі кестеде зертханалық жұмыстардың саны ұсынылады.

84-кесте. «Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет