Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру



бет48/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдіру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық базасы мектепке дейінгі білім берудің заманауи даму үрдістерін ескере отырып, үнемі жетілдіріледі, балаларды мектепте оқуға табысты дайындау мақсатында тәрбие мен оқытудың мазмұны жаңартылып отырады.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 90 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 207 бұйрығымен Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, өз жеріне деген сүйіспеншілікке, өзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Педагогтердің міндеті - ата-аналарға отбасында, ең алдымен, ата-бабалар қалыптастырған адамгершілік және рухани әдет-ғұрыптар мен құндылықтардың сақталуы және берілуі ерек екенін, ата-аналар балаларды тәрбиелеуге жауапты және бала үшін отбасы-бұл тәрбие негізі, адамдарға, табиғатқа деген карым-қатынас қаланатын әлем екенін түсінуге көмектесу.
Балалардың құрдастарына мейірімді қарым-қатынасын дамытуға, адамдарға деген құрмет сезімін, игі істер жасауға ұмтылысын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет .
Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге асырылатын болады:
1) креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңаны ойлап шығару мүмкіндігі. Креативті ойлау дағдылары:
- қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша затты табу;
- екі немесе одан да көп объектінің жалпы және әртүрлі белгілерін табу;
- объектінің сипаттамасы бойынша мүмкін болатын әрекеттерді тану;
- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқа затқа ауыстыру;
- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.
Сыни ойлау технологиясын қолдану балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, өз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға мүмкіндік береді.
Педагогтің сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдануы балалардың пікірін білдіруін қалыптастырады, дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметте бағдарлай білуін дамытады.
2) коммуникативтілік-қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу, үйлесімділік орнату қабілеті (бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік).
Қазіргі кезде балалардың сөйлеуінің тежелуіне ата-аналар мен педагогтер көп шағымданады: себебі балалар кеш сөйлейді, сөздік қорлары жеткіліксіз және нашар сөйлейді.
Коммуникативтік қабілеттерді қалыптастыру: қарым-қатынас жасауға ынтаны, қарым-қатынасты ұйымдастыруды, қарым-қатынас кезінде нормалар мен ережелерді сақтауды қамтиды.
3) командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, өзара пікір алмасуды қолдау, басқа адамдарды түсінуге тырысу, өзінің және өзге адамдардың әрекеттерін бағалай білу. Командада жұмыс істеу дағдыларын үйрету балаларға кез келген әлеуметте (балабақша, құрдастары және т.б.) бейімделуге септігін тигізеді.
4) сыни ойлау- нәтижелі түрде пікір алмасу үшін қажетті қасиеттерді: төзімділікті, өз әрекеттеріне жауап беруді, тыңдау қабілетін дамытатын (жұппен және топтық жұмысты қолдану, пікірталас) әлеуметтік ойлау.
Сыни ойлауды дамыту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- баланың пікірін қалыптастырмас бұрын білім алуға деген ұмтылысын ояту;
- баланы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, өз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға үйрету;
- баланы дайын білімді қолданбай, әрекет процесінде туындайтын білімін қолдануға деген ынтасын тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет