Мектепалды жасындағы балалардың мектепте оқуға дайындық деңгейін анықтау
Физиологиялық дайындық ұсақ моториканың дамуын білдіреді; негізгі гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну; «көз – қол» қозғалыстарын үйлестіру (бала қашықтықта көзбен қабылданатын қарапайым графикалық бейнені, өрнекті, пішінді дәптерге дұрыс салады); белгілі бір уақыт ішінде ересектерді мұқият тыңдау және бөгде заттарға алаңдамай тапсырмаларды орындау, үйге өз бетімен жету. Бұл аспект баланың мектепте оқуға физикалық тұрғыдан дайын болуы тиіс екенін білдіреді, яғни оның денсаулық жағдайы Бағдарламаны табысты меңгеруге мүмкіндік беруі қажет.
Балалардың зияткерлік дайындығы - саралап қабылдауы: ұқсас заттарды шатастырмайды (шаршы, тікбұрыш және т. б., 6 және 9 сандары және т. б.).
Ерікті зейіні мен есте сақтауы: 3-4 секунд ішінде заттарды есте сақтайды және оларды атайды, тақпақтарды, жаңылтпаштар біледі, 10-ға дейінгі сандар тізбегін, тура және кері санауды біледі, ересектердің көмегімен үлгі бойынша тапсырманы орындайды - -, +, = таңбаларын түсініп, үйренеді.
Логикалық ойлауы: заттарды бірнеше белгілері бойынша жіктей алады.
Талдау жасауы: заттардың негізгі белгілерін және олардың арасындағы қарапайым байланыстарды біледі.
Шығармашылық қиялы: сурет салу, мүсіндеу, қайшымен жұмыс жасау техникасын меңгерген; таныс әндерді айтады, ойдан әуендер шығарады.
Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық дайындығы мынадай біліктер мен дағдылар бойынша анықталады:
- оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);
- ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасай білуі (бала қарым-қатынасқа оңай түседі, ашу-ыза танытпайды, қарым-қатынастың проблемалық жағдайларынан шыға алады, ересектердің беделін мойындайды);
-басқа қоғамға (балалар) кіре білуі, өзгелермен бірге әрекет ету, топ мүдделеріне бағыну;
- логикалық ойлауды дамыту (заттарды жалпы елеулі белгілері бойынша топтарға дұрыс біріктіре білу);
-ерікті зейінді дамыту (орындалып жатқан жұмысқа 15-20 минут бойы зейін аудару қабілеті);
-ерікті есте сақтауды дамыту (жанама есте сақтау қабілеті: есте сақтайтын материалды нақты белгімен байланыстыру-сөз-сурет немесе сөз-жағдай);
-өзінің әрекеттерін бағалауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |