Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету



бет52/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz сайты қамтамасыз етеді.


Орталықтың сайтында «НҚА» айдарында нормативтік құқықтық актілер: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламасы, Әдістемелік нұсқау хат, Орталықтың жылдық жұмыс жоспары, республикалық конкурстарды өткізу туралы ереже және өткізілген іс-шаралар қорытындыларымен ақпарат орналастырылған.
Орталық 2019 - 2020 жылдары:
1. «Баланың мектепке оқуға дайындығы бойынша ата-аналарға арналған әдістемелік құрал»;
2. «Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 1 - 2 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан қысқа мерзімді болу топтарын құру жөнінде әдістемелік ұсынымдар»;
3. «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдар;
4. «Үй тәрбиешілері институтын (әлеуметтік бала күтуші) енгізу, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың штаттық кестесіне енгізу» әдістемелік ұсынымдар әзірледі және сайтқа орналастырды.
Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, В Контакте, WhatsApp) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің чаты құрылды, онда Орталық мамандары мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде -http://adilet.zan.kz/rus орналастырылған.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған "Интеллектум-балабақша" дидактикалық интеллектуалдық-дамытушылық ойындар кешенін пайдалану ұсынылады. 4-тен 6 жасқа дейінгі балалардың қызығушылықтарына, жасына, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес пайдаланылатын зияткерлік-дамыту ойындары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларында көрсетілген нәтижелерге бағдарланған Ресурстарға сілтеме https://youtu.be/DA6xyYRnZO0.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет