146
тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке
«Функция. Функцияның графигі»
тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-
сыныптан
«Функция ҧғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция
және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің ӛзара
орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жҥйесін графиктік
тәсілмен шешу»
тақырыптары кӛшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып
білім
алушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-
мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.
Практикаға
бағытталған,
зерттеушілік
және
шығармашылық
тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.
4.
8-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
Оқу пәнінің базалық мазмұнында қолданыстағы оқу бағдарламасымен
салыстырғанда елеулі ӛзгерістер жоқ. Курстың базалық мазмұнына
«Статистика
элементтері»
тарауы
(Жиілік.
Жиіліктер
кестесі.
Интервалдық кесте. Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән.
Дисперсия. Стандартты ауытқу. Алқап.
) қосылған.
Бұл тараудың кейбір
материалдары қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта
қарастырылған болатын.
5.
9-сынып, «Алгебра» оқу пәні.
9-сыныпта
қолданыстағы оқу бағдарламасындағы тәрізді
«Екі
айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жҥйелері»,
«Тізбектер»,
«Тригонометрия»
бӛлімдері
қарастырылады.
Оқу
бағдарламасының мазмұны комбинаторика мен ықтималдықтар теориясы
бойынша материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда «Комбинаторика
элементтері» бӛлімінде келесі тақырыптар берілген:
Комбинаториканың негізгі
ҧғымдары мен ережелері (қосу және кӛбейту ережелері). Санның
факториалы. Қайталанбайтын «орналастыру», «алмастыру» және «теру»
ҧғымдары. Комбинаториканың негізгі формулалары. Комбинаторика
формулаларын қолдану арқылы есептер шығару. Ньютон биномы және
қасиеттері
, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бӛліміне
Оқиға,
кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мҥмкін емес оқиға. Элементар оқиғалар.
Қолайлы нәтижелер. Тең мҥмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар.
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы. Статистикалық ықтималдық
тақырыптары енгізілген. Қолданыстағы оқу бағдарламасы бойынша бұл бӛлім
10-сыныпта қарастырылған болатын
6.
«Геометрия» оқу пәні, 7-сынып.
7-сыныпта білім алушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана
кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында ӛзгерістер жоқ.
7.
«Геометрия» оқу пәні, 8-сынып.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім
мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ.
8.
«Геометрия» оқу пәні, 9-сынып.
«Геометрия» оқу пәнінің базалық білім мазмұнында қолданыстағы оқу
бағдарламасымен салыстырғанда ӛзгерістер жоқ.
147
7-9-сыныптарда «Геометрия» пәнін оқытуда пәннің практикалық
бағыттылығы күшейтіледі.
«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ
тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 50-кестеде оқу пәнінен
бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты
саны кӛрсетілген.
50-кесте.
«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
3
1
3
3
6-сынып
2
2
3
3
«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
«Математика» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары
жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық
форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі)
«Тізбектер», «Тригонометрия» бӛлімдерінің кӛлемінің үлкендігіне қарай
екінші және үшінші тоқсанда сәйкесінде 2 және 3 бӛлім бойынша жиынтық
бағалаулар ұсынылған.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 51-кестеде оқу пәнінен бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
51-кесте.
«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
2
2
1
1
8-сынып
1
1
3
1
9-сынып
2
2
3
2
«Алгебра» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары
жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық
форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ҚБ ӛткізіледі)
«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 52-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
148
52-кесте.
«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
1
1
1
1
8-сынып
1
1
1
1
9-сынып
1
1
1
1
«Геометрия» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары
жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық
форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі)
Достарыңызбен бөлісу: