156
Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бӛлігіне
графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма
карталарды енгізу ұсынылады.
7-сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта
математикадан, 7-
сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар
аудару қажет.
Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және
химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді кӛптеген
ортақ
ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде
бірдей анықтаманы қолдану қажет.
Физика мен биологияның ӛзара байланысы ретінде жалпы және ішінара
пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының
әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне
кӛмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық
шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе ӛткізу,
кӛрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.
Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау,
қолдағы құралдармен тәжірибе ӛткізу, кӛрсеткіштерді оқи білу және нәтижені
талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді
жасап қана қоймай,
мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты
кестені құрастыру, тәжірибені ӛткізуге әсер ететін факторларды анықтау және
оның нәтижесін кӛре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке
меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды
жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар
тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын
дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық
фигураның
массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы
10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.
8-сыныпта үш бӛлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм»,
«Геометриялық оптика» оқытылады.
9-сыныпта «Кинематика негіздері», «Астрономия негіздері», «Динамика
негіздері», «Сақталу заңдары», «Тербелістер және толқындар», «Атом
құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық ӛзара әрекеттесу»,
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бӛлімдері оқытылады.
9-сыныпта 4 10 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс
қамтылған.
Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны,
негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рӛлiн
кӛрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi кӛзқарас
тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты
туындайтын
экологиялық
проблемаларды
түсiнуге
бағытталатыны
қарастырылады.
157
Физикалық
заңдарды
тұжырымдау
мен
оларды
түсіндіруде
математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады.
Математиканың
физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.
Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын
ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен
бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.
«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін ӛзара толықтырып
отырады. Ӛйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді ӛз
тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін ӛте
маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ
энергияның, электр зарядының, электр ӛрісінің
сақталу және айналу заңы,
молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.
Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары
екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын кӛрініс
алады.
Сабақта
жергілікті
сипаттағы
материалдарды
(нысандар,
кәсіпорындар, ақпарат кӛздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-
әрекеттерін ҧйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тҧрғыдан
білім алушының белсенділігін арттыру ҧсынылады. Технология, медицина, ауыл
шаруашылығы,
ӛнеркәсіп пен
энергетиканың
әртҥрлі
саласындағы
жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын
мысалдары болып табылады.
Мысалы оған тӛмендегідей мақсаттар берілген:
Достарыңызбен бөлісу: