154
6.3.3.5 - пайдалы қазбалардың ӛндірілуі мен ӛңделінуінің қоршаған
ортаға әсерін түсіндіру;
6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 - азық-түлік ӛнімдеріндегі органикалық заттардың болуын
тестілеу;
6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы кӛздерін ұсыну;
6.6.3.1 - ӛзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін
талдау;
6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
6.7.1.1 - әлемді ӛзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2
-
жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау;
6.7.1.3 - ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына
болжам жасау.
«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге
құмарлықты, ой-ӛрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи
және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.
Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен
құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және
зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті ӛмірмен
байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: