ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет15/29
Дата08.09.2017
өлшемі10,81 Mb.
#30920
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің эволюциясы», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика», «Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасушаның жұмбақтары», «Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биология проблемалары», «Жасушалар және ұлпалар», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология» «Нанотехнологияларға кіріспе», «Биотехнология және қауіпсіз орта» .

География: «Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және әдістері», «Қазақстан географиясын оқу барысындағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді моделдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамыту», «Еліміздің бүгінгі жасыл энергетикасы», «Медициналық экология», «Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды шешу әдістері», «География, тарих, өнер: қиылыстар және өзараәрекеттесу», «Адамзаттың жаһандық проблемалары және апаттар қаупін азайту» .

Физика: «Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Физикада жаңалықтар қалай ашылады», «Математикалық модельдер және физикадағы әдістер», «Күрделілігі жоғары физикалық есептерді шығару», «Қоршаған ортаның физикалық ластануы және оның адам өміріне әсері», «Физика және компьютер», «Өндірісті автоматтандыру негіздерін зерделеудің қолданбалы физика курсы», «Ауыл шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физикалық-техникалық модельдеу», «Ғарышкерлік негіздері», «Ғарыш физикасы», «Биофизика элементтері», «Биохимиялық физика», «Заманауи ғарышкерліктің жетістіктері», «Радиациядан қорғану», «Апат қаупін азайту (техногендік, антропогендік және табиғат құбылысы)», «Табиғат құбылысының төтенше жағдайына дейін, кезінде және одан кейін қауіпсіздікті сақтау ережесі», «Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжап алдын алу».

Химия: «Мектептің химиялық практикумы: бақылаулар, эксперимент, модельдеу», «Химияда жаңалықтар қалай ашылады», «Экологиялық химия», «Күрделілігі жоғары химиялық есептерді шығару», «Жай судың жұмбақтары», «Химия және тамақтану», «Ұзақ өмір сүру (кіріктірілген курс)», «Бейметалдар химиясы және өмір», «Ойланып қалған химия», «Химия және қоғам», «Химияның тарихы», «Косметикалық химия әлемі», «Химия, ғылыми фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химия және материалтану», «Агрономның химиялық құпиялары», «Химия және шаштараз өнері», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең», «Ас үйдегі химия», «Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді шығару әдісі», «Қауіпсіздік».

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарында пайдалануға ұсынылатын ресурстар:

1) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ http://www.kazatomprom.kz/

2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі: http://energo.gov.kz/

3) «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ: http://gharysh.kz/news/

4) «Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру желісі: http://www.eurekanet.ru

5) Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогі де қолжетімді, яғни кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.

6) EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) – өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Көптеген энциклопедияладан айырмашылығы EOLSS білімінің ауқымы тақырып болып берілген. Пәндердің ішінде: математика, физика, энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология, азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.)

Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.

8) Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең ауқымды, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады. Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады, мұғалім өзінің «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдердің құрастырған «Жоспарын» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).

9) «Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері». Интерактивті анықтамалықтарда дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.

10) Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар берілген: http://www.rubricon.com.

11) Білім алушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:


www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org








Оқу жүктемесінің көлемі.

«География» :

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Биология»:

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Физика»:

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

«Химия»:

қоғамдық-гуманитарлық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында:

10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

Тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі: қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды.

жаратылыстану -математикалық бағытта:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Адам.Қоғам.Құқық.» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


Тарихи пәндерді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар:

Тарихты 10-11 сыныптарда оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:



  • әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;

  • анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

  • өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;

  • тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

  • заманауи әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;

  • қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

10-сыныпта «Адам. Қоғам.Құқық» пәні бойынша адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздері, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.

11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттау ұсынылады. Этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру мақсатты нұсқау болып табылады.



Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:

10-11-сыныптарда тарих пәндерін оқыту, білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.

Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.

Пәндерді оқытуда кіріктіре оқыту әдісін қолданған дұрыс, мысалы, халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет және тағы басқа тақырыптарын кіріктіруге болады. Кіріктірілген байланыс жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін арттырады.

10-11-сыныптарда тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.

«Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.



Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша ұсынымдамалар.

Бітіру смтиханын өткізу формалары:

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).

Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.



Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:

1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;

3-сұрақ -практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама ) қамтиды.

Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:



  • базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;

  • жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Базалық деңгей:

- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.

Жоғары деңгей:

- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;

- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.

Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:

Сонымен бағалау өлшемдері:


  • тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;

  • тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;

  • тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын бағалау;

  • иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

43-кесте – Бағалау критерийлері




№ №

Критерийлер

Балдары

1

Жалпы білім деңгейі

1

2

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану

5

3

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі

2

4

Тарихи материалды ашу дағдылары

1

5

Ой қорытындылауы

1

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.
44- кесте – Есептеу шкаласы


Бағалаудың бес балдық жүйесі бойынша баға

«2»

«3»

«4»

«5»

Жалпы балл

0-4


5–16

17–24

25–30

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Бітірушіге билет бойынша жауап дайындауға 20 минут уақыт беріледі.

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.

Қосымша ресурстар ретінде сайт материалдарын кеңінен қолдану ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар

http://www.tarih-begalinka.kz;http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/;



«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru;

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);

2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);

3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);

4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);

5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770);

6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы» 105 жыл (1912-2017);

7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

9) «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);


Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және ьілім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:


  • тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;

  • мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;

  • тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу, тиімді білім беру тәжірибесін тарату;

  • білім алушыларды негізгі түйінді құзыреттермен бейіндік оқыту жағдайында білім беру стандарттары, тарих бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларына сәйкес білімді-әрекеттік компоненттерін меңгеру бойынша білім алушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру;

  • білім алушылардың бейіналды дайындық сапасын қамтамасыз ету.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы; олардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімді игеруі; білім алушылардың сенімдерін, әлеуметтік маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәнінің 10-11 сыныптардағы базалық мазмұны төрт негізгі тарауды қамтиды: «Таным жолында», «Тұлғаны тәрбиелеу», «Қоғамдағы өмір», «Адамзат әлемі».

«Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10- сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

11- сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сәйкес сандық бағалау емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысы бойынша «сынақ» деген баға қойылады.

Білім алушы бағдарламада көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың барлығын және ұзақмерзімді жобаны орындаса, оған «сынақ» деген баға қойылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Технология

«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, шығармашылық көзқарасын дамыту.

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:

– техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

– құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы біліктер мен дағдыларын қалыптастыру;

– технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

– оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

– еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

– оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

«Технология» пәнін оқыту барысына барлық төрт компонент кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен нысандарға эмоционалды-құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар.

Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ұл балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі.

«Заманауи өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлімі тұлғалық қабілеттер және мамандық таңдау, кәсіптік әрекетке қазіргі заман талабы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алу жолдарын оқыту мәселелерін қамтиды.


53-кесте – 10-11-сынып ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары



Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Заманауи өндірісі, техникалық және кәсіби білім.


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін оқушылардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды.

Сабақтарды өткізу барысында «Технология» пәнін оқытудың дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауй оқыту технологиялары, ұйымдастыру әдістері, оқу процестерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.

Басым әдістерге – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері жатады. Оқу жылының соңында орындаған жобаларына қорғау ұйымдастыру ұсынылады. Жобаларды оқушылар жеке немесе топ болып орындай алады.

10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен қатар жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарын таңдаудың қажеттілігі туралы, кәсіптік ұтқырлық және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын тренинг сабақтар өткізу тиімді болып табылады.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның ішінде адам өмірі мен қоғам негізі әрекетінің құндылығы болып саналатын еңбек құндылығы басты орын алады.

10-11-сынып қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар ұсынылады.


54-кесте – 10-11-сынып қыз балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары



Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.



1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.



Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынады.

Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).



10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

Дене шынықтыру оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту мақсаты:

  • өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;

  • физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылықпен қолдану.

Оқыту міндеттері:

  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

  • базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

  • денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына болады. Дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.



Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

  • мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген бөлімін өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;

  • мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

  • дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:

  • а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері;

  • ә) Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу барлық қажетті медициналық құжаттардың ұсынуымен, медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).

Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке және гендерлік жас ерекшеліктерін ескеру қажет.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).



Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:

10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
Алғашқы әскери дайындық

Алғашқы әскери дайындық (бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған құжаттар мыналар:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
11 ақпандағы №118 қаулысының күші жойылды, оны «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығымен ауыстыру қажет.

Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.



Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір оқу орнында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) тактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) жабдықталған ату тирі;

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-2017);

- «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017 жылғы маусым-қыркүйек).

Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіріреді.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;



11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет