Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.
2-3-сыныптарда маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.
50
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:
2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 2-3 өлеңді жатқа айту, 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;
3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;
4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.
«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4 сыныптарда – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
10-кесте – Қорытынды жұмыстар саны
Тоқсан
2 сынып
3 сынып
4 сынып
Барлығы
Тексеру
Бақылау
Тексеру
Бақылау
Тексеру
Бақылау
Тексеру
Бақылау
I
1
1
1
3
II
4
1
4
1
4
1
12
3
III
1
1
1
3
IV
1
1
1
3
жыл
4
4
4
4
4
4
12
12
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы
Қателер: қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу); екпінді дұрыс қоймау; мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғагы мен анықтығын бұзу; қойылған оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу; мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сойлемді таба алмау, мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу; дайындалған мәтіннен жатқа айтудан берік емес білім; бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.
Кемшіліктер: дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы; орнатылғаннан біршама жоғары уақытта оқылған мәтінді түсінуі; шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкер мінезін көрсетудегі
51
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
мәнерлеудің жеткіліксіздігі.
Бағалау нормасы
2-сынып «5» деген баға, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінетін, дыбыстарды, сөздерді
дұрыс анық айтатын, сөздегі әріптер мен буындар орналасуының ауыстырмайтын, буындап оқып сөзді толық оқуға біртіндеп көшетін; 2-жартыжылдықта күрделі сөздерді толық оқитын; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерге сәйкес сөздегі екпінді, дауыс ырғағын қоя білетін, мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алатын және мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып бере алатын; тақпақтың мәтінін жатқа білетін және оны мәнерлеп оқитын оқушыға қойылады.
«4» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын түсінетін; буындап оқитын және жеке сөздерді толық оқитын; сөйлемнің соңында дауыс ырғағын сақтауда, оқуда сөзде 1-2 қате жіберетін; мәтіннің мазмұнын дұрыс жеткізіп , мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап қайтаратын, бірақ тілі анық емес, оны өзі немесе мұғалімнің аздаған көмегімен түзейтін; өлеңді жатқа білетін, оқуда бірлі-жарым қате жіберетін және оларды өзі түзететін оқушыға қойылады.
«3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын тек мұғалімнің көмегімен меңгеретін; оқуда әріп пен буындарды тастап кету, ауыстыруда 3-5 қате жіберетін; сөйлемдер мен сөздерде кідірісті сақтамай оқитын; мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұнын айтып, тілдік қателерді тек мұғалімнің көмегімен түзететін, өлеңді жатқа біледі бірақ анық айтпайтын оқушыға қойылады.
«2» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын түсінбейтін; мұғалімнің сұрағы бойынша мәтінді айта алмайтын; жатқа оқу барысында бірізділікті бұзатын, оқылған мәтінді толық жеткізе алмайтын оқушыға қойылады.
3-сынып Оқушыға «5» деген баға егер ол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінген;
мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағын сақтаған; өздігінен мәтіндерді бөліктерге бөле алған; бастысын бөліп көрсететін, оқытылған мазмұнды жеткізе алатын, тілін грамматикалық дұрыс қоя білетін, контекстегі сөз мағынасын түсінетін, өздігінен мәтіннен бейне үшін автормен қолданылған әрекеттігі тұлға мен табиғатты сипаттауды сөз бен сөйлемді таба алатын, өлеңді жатқа айтатын және мәнерлеп оқыған жағдайда қойылады,
Оқушыға «4» деген баға мәтінді саналы түрде мәнерлеп оқыған; оқуда және кішігірім қажет оқиғаларды табуда 1-2 өрескел емес қателер болған; оқығаннан негізгі мәнін дұрыс түсінген, бірақ анық жеткізе алмайтын , тақпақты жатқа білген , оны мәнерлеп оқитын, бірақ шамалы қателер жіберген (қайталаулар, ұзақ кідіріс және тағы басқа) жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын дәйекті түрде жеткізген, негізгі ойды көрсетіп, мұғалімнің көмегімен жетелеуші сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алған, мазмұндау барысында мәтіннің мазмұнын сақтамай қателесіп, оны мұғалімнің көмегімен түзеткен; мәтінді жатқа айтатын, бірақ оны толық білмейтін, тақпақ мәтінін бірсарынды оқитын жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға сөздерді толық оқыған; 6 және одан да көп қате
52
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
жіберген; негізгі ойды көрсете алмайтын және қосымша сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алмайтын ; тақпақ мәтінін жатқа толық білмейтін сөздерді нақты айтпайтын жағдайда қойылады.
4- сынып
Оқушыға «5» деген баға егер ол жылдам, түсінікті оқыған; әдеби сөздерді дұрыс оқудың барлық нормаларын орындаған, ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, толық, қысқаша және өзінің қалауымен айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтайтын, белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді жылдам әрі мәнерлі оқыған, оқуда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, мәтінді мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы қателер жіберілген жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарыңды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберілген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін , мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген , мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (2-жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құрастыра алмайтын, жатқа айту барысында мәтінді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.
11-кесте – Оқу жылдамдығының нормасы
Сыныптар
2-сынып
3-сынып
4-сынып
1 тоқсан
25-30
50-54
75-78
2 тоқсан
31-40
55-60
78-82
3 тоқсан
41-45
61-69
82-90
4 тоқсан
46-50
70-75
90-95
Үй жұмысын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқумен салыстырғандағыдан жоғары талаптар қойылады.
Оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады. Бағаға оқу көлемі: 2-сыныпта оқулықтың 1/4 беті; 3-сыныпта – 1/3 беті; 4- сыныпта – 1/4 беті болуы керек.
Оқушының қорытынды оқу дағдысын тексеру жылына үш рет жүргізіледі; І және ІІ жартыжылдықтың соңында қорытынды бақылау жұмысы алынады.
Орыс тілі (оқыту орыс тілді емес сыныптар үшін)
Роль русского языка в школьной системе образования определяется в
53
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
целом его основной функцией как языка межнационального общения в многонациональном государстве.
Цели обучения русского языка: формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическом материале; взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудированию, говорению, чтению, письму); практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации); воспитание средствами русского языка коммуникативной, нравственной и эстетической культуры.
Задачи учебного предмета:
научить учащихся строить простейшие типовые предложения, широко употребляемые в живой русской речи, обогатить словарный запас учащихся (в пределах лексико-грамматического минимума);
научить распространять простейшие типовые предложения за счёт ранее усвоенных слов и словосочетаний по законам синтаксического строя русского языка;
у учащихся элементарные навыки активного пользования синтаксическими конструкциями для выражения собственных мыслей, чувств и наблюдений в рамках тематики для чтения и развития речи;
совершенствовать навыки чтения и письма, полученные на уроках родного языка; дифференцировать звуки и буквы в системе гласных и согласных с учётом различий в фонетических системах родного и русского языков.
Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих сферы общения: учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки), сказки.
При отборе содержания обучения русскому языку как второму следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.
Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.
На начальном этапе обучения русскому языку как второму учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно
450-500 слов).
Особенности предмета русского языка. Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую сферы общения. Так как текст выступает как единица
54
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки, сказки).
При отборе содержания обучения русскому языку следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный , фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.
Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.
На начальном этапе обучения русскому языку учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно 450-500 слов).
В содержание предмета внесены следующие коррективы:
дается подробное пояснение к структуре речевых моделей (синтаксических конструкций на основе единого грамматического минимума).
внесены дополнительные лексические единицы, список слов для активного усвоения на основе учёта как речевой деятельности, так и единого лексического минимума по русскому языку для начального этапа обучения русскому языку как второму.
тематику для чтения и развития речи учащихся внесены новые темы – это «День за днём», «Ключ к счастью – в труде» и другие.
Материал фонетики дан с учётом дифференциации звуков и букв, представляющих трудность для младших школьников казахской школы.
соответствии с действующим базисным учебным планом общее количество часов распределено конкретно по разделам.
Русский язык вводится с 3- го класса, то для итогового контроля после 4-го класса разработаны требования к владению речевыми умениями и навыками (аудирование, говорение, чтение, письмо), а также к усвоению языковых знаний (элементарные сведения по фонетике, грамматике, лексике и синтаксису).
На основе текстового материала выявляются знания о символике РК и этнокультуроведческие материалы.
Учащиеся 3-го класса должны понимать прослушенное сообщение, речь учителя, звукозапись продолжительностью звучания 1-2 минуты; составлять высказывание из 2-4 предложений; сознательно, плавно читать вслух небольшие тексты, соблюдая паузы, словесные ударения; учить наизусть небольшие стихотворения; задавать друг другу вопросы, отвечать на поставленные вопросы; пересказывать прочитанный текст; писать по образцу и под диктовку слова и предложения, написание которых не расходятся с произношением.
3 классе в письменной форме проводятся следующие виды контрольных работ: контрольное списывание в первом полугодии 2 раза в четверть и 1 раз в третьей четверти, контрольный словарный диктант, контрольный диктант (без грамматического задания в общеобразовательных школах и с грамматическим заданием в лицеях и гимназиях) 1 раз в третьей четверти и 2 раза в четвёртой
55
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
четверти.
Учащиеся 4-го класса должны уметь выделять основную мысль и структурные элементы текста, пересказывать прочитанное; составлять связное монологическое высказывание из 3-4-х предложений, составлять рассказ-описание, рассказ-повествование; писать под диктовку небольшие тексты из 30-40 слов и изложение из 5-6 предложений; зрительные, зрительно-слуховые, словарные, картинные диктанты; строить диалог; выразительно читать текст; знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти.
В 4 классе в письменной форме проводятся следующие виды контрольных работ: контрольный словарный диктант, контрольный диктант (без грамматического задания в общеобразовательных школах и с грамматическим заданием в лицеях и гимназиях) 1 раз в четверть, изложение во втором полугодии 1 раз в четверть.
Итоговый контроль осуществляется в конце четверти и учебного года. Русский язык в школах с нерусским языком обучения в 3-4 классах,
изучается по 2 часа в неделю, общее количество часов в году составляет 68 ч.
Шет (ағылшын) тілі
Бастауыш сыныптарда шет тілінің оқыту мақсаты – оқушыларға қарапайым коммуникативтік құзыреттілігін тыңдалым,айтылым, оқылым, жазылым дағдылары арқылы оқыту және қалыптастыру.
Қарапайым қоммуникативтік құзыреттілік деп төменгі сынып оқушысының күнделікті жағдайдағы шектеулі ортада және қарым-қатынас саласында сол меңгерілетін шетел тілін иеленушілермен ауызша және жазбаша түрде тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынасын іске асырудағы төменгі сынып оқушысына тән қабілеті мен дайындығы ретінде түсіндіріледі
Бастауыш сыныптарға арналған шетел тілін оқыту курсы қарапайым деңгейін меңгеруге бағытталған және А1 - (ауызекі қолданыс деңгейі - Breakthrough) тілді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес келеді.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бастауыш мектепте «Шет тілі» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі:
2- 4 сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Жаңа лексика көлемі:
2-сыныпта-100 сөз, оның ішінде белсенді лексика - 40 сөз, пассивті - 60 сөз, 3-сыныпта-120 сөз, оның ішінде белсенді лексика – 50 сөз, пассивті - 70 сөз, 4-сыныпта-130 сөз, оның ішінде белсенді лексика - 60 сөз, пассивті - 70 сөз.
2-сыныптарда есептік сандарды қолдану 13-тен 100-ге дейін, 3-сыныптарда реттік және есептік сандарды қолдану, 4-сыныптарда реттік және есептік сандарды сөйлеуде қолдану.
Диалог көлемі: 2-3 сыныптарда – 3-4 тілдесім, 4 - сыныпта – 4 -5 тілдесім. Оқу үшін мәтін көлемі:2-сынып – 30 сөзден артық емес, 3- сынып-40
сөзден артық емес , 4 -сынып -50-60-сөзден артық емес. Жазу көлемі: 4- сыныпта 30-40 сөзге дейін.
2-сынып оқушысы 6-8 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру қажет. 3-сыныпта оқушылар 8-10 сөйлемнен тұратын мәтін, 4-сыныпта 10-12 сөйлем
56
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
құрайды.
Сабақта диалогтық сөйлеу дағдысын, жұптық және топтық жұмысты дамыту мен бекіту қажет. 2-сынып оқушылары меңгерілген тақырыптары бойынша қарапайым сұрақтар қойып және оған жауап беруі қажет. 3-4 сыныптарда өлкетану бойынша қарапайым тапсырмаларды енгізу қажет.
Оқушыларда меңгерілген тақырыптар бойынша лексикалық сөздік қоры болуы қажет: 2-сынып – 8-10 сөз, 3-сынып – 12-15 сөз, 4- сынып – 18-20 сөз.
Шет тілін меңгерудегі ең маңыздысы тыңдалым болып табылады. Тыңдалым элементтерін мүмкіндігінше сабаққа енгізу қажет:бұл әндерді, тақпақтарды, шағын әңгімелерді тыңдау, мультфильмдерді көру, мұғалімнің ауызша сөйлеу тілі мен аудидисктерді тыңдау.
3-сыныптан бастап шетел сөздері мен оның айтылуына арналған сөздіктер енгізіледі. Оқушыларда жаттығуларды орындау мен грамматика бойынша тақырыптарға жұмыс дәптерлері болуы қажет.
«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Оқу пәні ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау деп белгіленген.
Математика
3-сыныптағы математика пәні бойынша оқу бағдарламасының өзгеруіне және көбейту мен бөлудің 2-сыныпта қарастырылуына байланысты 3-сыныпта қайталауға берілген сағаттар саны 4 сағаттан 14 сағатқа дейін көбейтілді. Осыған қатысты 3-сыныптағы алғашқы 14 сабақтың мазмұны толығымен өзгертілді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта –аптасына 4 сағат, оқу жылына 136сағат; 3, 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағат.
12-кесте – Жазба бақылау жұмыстарының саны (құрастырылған бақылау жұмысы)
Тоқсан
2- сынып
3- сынып
4 -сынып
барлығы
Тақырып
Бақылау
Тақырып
Бақылау
Тақырып
Бақылау
Тақырып
Бақылау
I
2
2
2
6
II
5
1
8
1
8
1
21
3
III
1
1
1
3
IV
1
1
1
4
жыл
5
5
8
5
8
5
21
16
Бақылау жұмысының күрделілігі қосымша тапсырмада анықталады , ол барлық оқушыларға тапсырманың орындалуын ұсынады және тек қана «4»
57
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
немесе «5» деген баға қойылады; қатемен жұмыс жазу барысында міндетті түрде есептің шығару жолдарын талдау керек; шығу жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.
13-кесте – Ауызша есеп және математикалық диктанттардың саны
Жұмыс түрі
2-сынып
3-сынып
4-сынып
I жарты
II жарты
I жарты
II жарты
I жарты
II жарты
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
жылдық
Ауызша есеп
2
2
2
2
2
2
Математикалық
2
2
2
2
2
2
диктант
Бағалау нормасы Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің
классификациясы Қателер: тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында
қолдануға жататын қажеттілігі бар негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау, амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау, тапсырма мақсаты есептеу білігі мен дағдысын тексеру болғанда қате есептеу, дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді жіберіп алу, түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған шама мен геометриялық құрылымның берілген параметрге сәйкессіздігі.
Кемшіліктер : мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыс көшірмеу; математикалық ұғымдардың ,шамалардың қате жазылуы; тапсырма жауабының болмауы немесе жауабында жіберілген қателер; егерде 2 қатесі болса, ол 1 қатеге саналады.
Өрескел қателер: мысалдар мен есептердегі есеп қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате; есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артық амалдар); есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.
Өрескел емес қателер: есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы; қате тұжырымдалған есеп жауабы; мәліметтерді қате көшіру (сан, белгі); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.
Математика бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Лас безендірілген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін 1 балл төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.
Жазбаша жұмыстарды бағалау Мысалдардан құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1өрескел қате 1-2
өрескел емес қате; «3» – 2 -3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате; «2» – 4 және одан да көп өрескел қате; «1» – барлық тапсырмалар қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Шартты есептерден құралған жұмыс: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 өрескел
58
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
емес қате; «3» – 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате; «2» – 2 және одан да көп өрескел қате; «1» – барлық тапсырмалар орындалмаған жағдайда қойылады.
Құрама есептер:«5» – қатесіз; «4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате, бірақ есепте өрескел қателер болмауы қажет; «3» – 2-3өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ тапсырманың шығару жолдары дұрыс болуы қажет; «2» – 4 өрескел қате; «1» – барлық тапсырмалар қатемен орындалған жағдайда қойылады.
Қорытынды ауызша есептеу: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3-4 қате болған жағдайда қойылады.
Жазба жұмысын бағалауда есептеу дағдысын тексергенде төмендегідей баға қойылады: «5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате және 1-2 кемшілік ; «3» – 3-4 қате және 1-2 кемшілік; «2» – 5 және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Амалдардың орындалу ретін анықтауда жазба жұмысын бағалау: қате таңдалған амалдар тәртібі, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Теңдеуді шешу жазба жұмысын бағалау: шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы, сонымен қатар тексеру дұрыс орындалмаса қате болып саналады
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Геометриялық материалдармен байланысты жазба жұмыстарын бағалау:
егер оқушы геометриялық фигураны қате құрса, өлшем бірліктерін ескермеген жағдайда, өлшем бірліктерін қате өрнектегенде, егер сызу құралдарын дұрыс пайдалана алмағанда қате болып саналады.
«5» – қатесіз; «4» – 1-2 қате; «3» – 3 қате; «2» – 4және одан да көп қате болған жағдайда қойылады.
Ауызша жұмыстарын бағалау
Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, дербестігі, толықтығы.
Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.
Кемшіліктер:қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау; тапсырманы баяу орындау; математикалық ұғымдарды қате айту.
Оқушыға «5» деген баға меңгерген оқу білімін дұрыс және өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; өздігінен тапсырмаларды құрастырған (жоспар құрап, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға оның жауабында кемшіліктер болып , алайда «5» деген бағаның талаптарына сай болған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді оқушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен
59
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
түзете алған жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген кезде және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.
Мұғалімнің оқушының күнделікті жұмысына жүргізген бақылау, ауызша сұрақ, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюына негіз болады. Алайда, соңғысына көп мән беріледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады, олар:
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 2-4-сыныптарда – аптасына 1
сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Оқушылардың білім, білік, дағдылары ауызша сұрақтар, бақылау, тест жұмыстары, тәжірибелік жұмыстар мен диктанттардың нәтижелері бойынша бағаланады.
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы құбылыстарды бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалы түрде байланыстыра отырып баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, дегенмен оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарда қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушы өзі түзеткенде қойылады.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасында байланыс орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.
Оқушыға «2» деген баға, егер оқу бағдарламасының көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де тәжірибелік жұмыстарды орындай алмаса қойылады.
14-кесте – Қорытынды бақылау жұмысының саны
Тоқсан
2- сынып
3-сынып
4- сынып
Барлығы
60
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Аралық
Бақылау
Аралық
Бақылау
Аралық
Бақылау
Аралық
Бақылау
І
1
1
1
3
ІІ
3
1
4
1
5
1
12
3
ІІІ
1
1
1
3
ІV
1
1
1
3
жылдық
3
4
4
4
5
4
12
12
Тест жұмысын бағалау
Тест орташа деңгейлі тапсырмалардан тұрады. Тексеру тестің барлығы немесе жеке бөлімдері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Қатені табу; жауабын таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету түріндегі тест тапсырмаларын қолдану тиімді.
Жұмысты орындау үшін оқушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Тақтада тестке қосылған тапсырмаларға ұқсас 1-2 тапсырманы жазып, оны оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
15-кесте – Тест жұмысын бағалау
Базалық деңгей
0-60%
60-77%
77-90%
90-100%
17-ден төмен балл
18-22
балл
23-26
балл
27-30
балл
Баға «2»
Баға
«3»
Баға
«4»
Баға
«5»
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты: оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын құруы болып табылады.
«Өзін -өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:
Өзін-өзі тану бақыты.
Адами қарым-қатынасқа үйренейік.
Адам болам десеңіз.
Әсемдік әлемінде.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4- сыныптарда – 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды. Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34 сабақтар «қорытынды қайталау»
ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – оқушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық
61
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін -өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын Талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.
Адамгершілік-рухани білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жарты жылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» деген бағалау енгізіледі. Егер білім алушы оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын Талаптардың жалпы көлемінің кемінде 2/3 сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алған жағдайда «сынақ тапсырды» бағасы қойылады. Оқушыға «сынақ тапсырды»/ «сынақ тапсырмады» бағаларын қоюда оның пән бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын талдауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка
«Музыка» пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген.
Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. 2-сыныпта сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра түсіп, коммуникативтік қызмет атқарады. «Мұғалім – оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым-қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат -сабақ , концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны:
2-4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағат.
Музыка сабағында жұмысты бағалау
«5» бағасы – аталған үш критерилерге немесе алғашқы екеуіне сәйкес болғанда қойылады: музыкаға қызығушылық таныту, оған тікелей эмоционалды жауабы , тыңдаған немесе орындалған шығарма туралы өз ойын айту; іздену жағдайы барысында анықталған, оқушының белсенді жігері , және музыканы қабылдау барысында ең алдымен бастапқы білімдерін қолдану білігі;
62
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
орындау дағдысының өсуі, бұл оқушының дайындық деңгейі мен сабақтағы белсенділігін есепке ала отырып, бағаланады.
«4» бағасы – екі немесе бір критерилерге сәйкес болғанда; «3» бағасы – берілген критерилерге сәйкес болмағанда;
«2» бағасын қоюға жол берілмейді, себебі ол баланың қызығушылығын және соған сәйкес сұлулық пен мейірімділікке деген қажеттілігін жояды.
Бейнелеу өнері
Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Бағалау нормалары:
«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады, меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады және жеткізе сипаттай алады.
«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.
«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.
«2» бағасы: жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын , іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
4-сынып оқулығында «Сым темірмен жұмыс», «Фольгамен әшекей бұйымдар жасау», «Қошқар мүйіз оюының орындалу реті» тақырыптары қарастырылмауына орай, мұғалім пәнді оқытуды жоспарлауда өзге тақырыптармен оқу бағдарламасына сәйкес алмастыра алады.
«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесі:
2-4- сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды
Бағалау нормалары:
Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.
Жалпы алғанда бұйымды орындау «5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз
және мұқият жасалған бұйымға қойылады ( қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сонымен қатар, сабақ бойы жұмыс орнында тазалықты сақтау білігі ескеріледі).
«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.
«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.
Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмысқа бағаны бір ұпай көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағамен бағаланады.
Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, оны түзетуге, қайта жасауға болады.
Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық оқушыларға қойылады. (Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).
Жеке технологиялық операциялар
«5» бағасы әртүрлі белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес, үнемді және тиімді пайдалануына; жетекші сұрақтар бойынша жұмыс жоспарын құру ептілігіне (2-сынып); бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құруға
64
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
(3-сынып); жоспар құру, бұйымға өздігімен талдау жасауына (4-сынып), іс жүзінде бұйымды көрсету ептілігіне (2-сынып), түсіндірумен көрсету білігіне (3-4-сыныптар) қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; жұмыс жоспарын мұғалімнің жетелеуші сұрақтарынан кейін құрса (ІІ сынып), мұғаліммен бірге (3-сынып), алдағы жұмыс жоспарын өздігімен 1 қатемен құрса (4-сынып) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе: 3мм-ден 10 мм-ге дейін – 2-сыныпта, 2мм-ден 5 мм-ге дейін – 3-сыныпта, 5 мм-ге дейін – 4-сыныпта; материалды үнемсіз қолданса (2-сынып); материал мен құралдарды тиімсіз қолданса (3-сынып), жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; мұғалімнің жетелеуші сұрақтары бойынша жоспар құру кезінде 3 логикалық қате жіберсе (2-сынып), мұғаліммен бірге жұмыс жоспарын құру кезінде 3 логикалық қате жіберсе (3 -сынып), бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе (4-сынып) қойылады.
Оқушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін . Сабақтың жоспарында бақылайтын 3-4 оқушының тегін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 3-4 оқушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 3-4 оқушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін , сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуін бақылайды.
Егер оқушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін оқушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.
Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше бағалайды, бірақ олар оқушының нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі , оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің
65
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Дене дамуында жетіспеушілігі бар балаларды сауықтыруға бағытталған дене шынықтыру қосымша сабақтары немесе оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары және қызығушылықтары ескерілген спорт түріндегі сабақтар оқу жоспарының вариативті жүктемесі арқылы орындалады.
«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылды (www.nnpcfk.kz).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4- сыныптарда – әр сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағатты құрайды
Бағалау нормалары:
Оқушы жұмысын бағалау кезінде олардың жеке ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктері ескеріледі.
Егер оқушы денсаулығының жағдайына байланысты практикалық тапсырмаларды орындай алмаса, оған теориялық тапсырмалар береді.
«5» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің қабілеттері мен психосоматикалық мүмкіндіктеріне сәйкес өздігімен орындай алса, бірақ мұғалімнің көмегіне шамалы сүйенген жағдайда қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы тапсырманы өзінің ерекшеліктері мен психосоматикалық мүмкіндіктерінен төмен орындаса, қойылады. Тапсырманы орындауда мұғалімнің көмегіне үнемі сүйене береді.
«2» бағасы оқушы тапсырманы орындамағанда, мұғалімнің көмегін қолданбаған жағдайда қойылады.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
4 НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Елбасымыз «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды . Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық . Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы, өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік Ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өткен болатын. «Мәңгілік Ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Осыған байланысты, білім беру ұйымдарында Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында 7 негізгі құзыреттілік белгіленсе, соның бірі – коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.
Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде, негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады.
Тілдік және әдеби білім берудің маңызды міндеттері:
барлық деңгейдегі қазақ тілінің жүйесі туралы білімді меңгеру негізінде оқушылардың тілдік сөйлеуін дамыту (фонетика, лексика, сөз құрамы және сөзжасам, морфология, синтаксис);
сөйлеудегі тілдік құралдардың қызметі туралы ережені, сөздік қорды кеңейтуді және сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы, сауатты жазу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
қазақ әдеби тілінің нормаларын, сөйлеу әрекетінің әртүрлі тәсілдері мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттері өмірдегі
67
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс (тілдік және сөйлеу біліктілігі). 5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің
5-9сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы
апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант) (16-кесте).
16-кесте. Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
Жазба жұмыстар
Оқу тоқсандары
Барлығы
түрлері
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
5
Диктант
3
3
3
3
12
6
Диктант
3
3
3
3
12
7
Диктант
3
3
3
3
12
8
Диктант
3
3
3
3
12
9
Диктант
1
1
1
1
4
Барлығы:
13
13
13
13
52
Диктант – оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.
Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді пайдалану ұсынылады (17-кесте).
68
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
17-кесте. Диктанттар нормасы
Сыныптар
Диктант саны
Сөздер саны
Орфограмма
Тыныс белгілері
саны
5
12
90-100 сөз
12
2-3
6
12
100-110 сөз
16
3-4
7
12
110-120 сөз
20
4-5
8
12
120-150 сөз
24
10
9
4
150-170 сөз
24
15
Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.
Диктанттың мәтінінде:
5- сыныпта - 5 сөзден артық емес,
6-7- сыныптарда - 7 сөзден артық емес,
8-9- сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтарда меңгерілген
орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.
Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән мұғалімі өзі шешеді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
«5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;
«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;
«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар
аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
сөзді тасымалдау;
мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
69
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге жатады:
ережеге бағынбайтын сөздер;
автор сөзін берудегі тыныс белгілер.
Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады;
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
«3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда;
«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескертін жағдайлар:
1) мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
2) орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
3) түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады. «Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады (18-кесте).
70
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
18-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Сөздік дәптер
Барлығы
Қазақ тілі
2
2
1
5
Дәптер тексеру тәртібі:
5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет тексерілуі қажет;
9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;
5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).
«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіппен орындау ұсынылады:
дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет:
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады);
«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері; Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай
отырып жүргізілуі керек:
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі
тиіс.
Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет
71
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі. Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға
көрсетілуі керек:
орфографиялық қате – /.
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі,
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының мәселелерін қарау ұсынылады:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тілші-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде дамытушы технологияларды пайдаланудың артықшылықтары;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша факультатив сабақтарын, элективті курстарды ұйымдастырудың ерекшелігі;
Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);
«Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;
Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары.
Достарыңызбен бөлісу: |