ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ



бет8/9
Дата13.11.2016
өлшемі5,34 Mb.
#1676
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ

БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстандағы қосымша білім берудің жылдар бойғы қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайына талдау оның төмендегі өзара әрекет етуші элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір жүйе ретінде қарастырыла алатынын көрсетеді: түрлі деңгейдегі және бағыттағы білім беру бағдарламалары; балаларға қосымша білім беру ұйымдары; білім беруді басқару органдары; қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырушы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері.

Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы (пәндік) білімдермен анықталмайды, отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру процесі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет. Мектептің білім беру жүйесі бала тұлғасының жан-жақты дамуын, білім беруді дараландыру мен дифференциациялау проблемаларын шешуді ескермей, білім беруді транцляциялауға бағыттағанға дейін, оқушылардың өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі іске асыруы жарияланған ұран қалпында, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – орындалмайтын тапсырма күйінде қалуы мүмкін.

Бүгінгі тәжірибеде адамның білімділігіне қойылатын талаптар базалық білім берумен ғана қанағаттандырылмайтынын көрсетеді. Базалық білім беру адамның бейімділіктерін, қабілеттіліктерін және қызығушылықтарын, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануын дамытудың негізгі факторы болып табылатын қосымша формалды емес білім беруді қажет етеді.

Республикада алғаш рет негізгі (базалық) және балаларға қосымша білім беру тең құқылы, әрбір баланың тұлғалық және жеке даралық дамуына қажет бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер ретінде қарастырылуда және осыған байланысты бірыңғай білім беру кеңістігін құрайды. Осы жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік қателіктерді жеңе алады және оларды қоғамда сәтті әлеуметтендіру негізін жасай алады.

Жаңа білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрылымына енгізу өзектілігі мектепте алған білімнің тәжірибелік жағын, білік пен дағдыларын, білім алушылардың танымдық уәждерін ынталандыруға жағдай жасайтын жалпы білім берудің вариативтік құрамдас бөлігін күшейту қажеттілігімен байланысты. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалауларымен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын, білім беру процесін жекелендіруді, мектептің, ауданның, өңірдің білім беру процесінде әр балаға жеке білім беру траекториясын жасап шығаруды қамтамасыз ете алады.

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.



Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.

Балаларға қосымша білім беру балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.

Қосымша білім берудің міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгерту қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім беруді жаңғыртудың маңызды принциптерінің бірі – тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді. Гуманистік педагогика баланы жеке дара тұлға ретінде қабылдауға, оның өздігінен дамуы және өзін-өзі анықтау құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Қосымша білім беру саласының осы өлшемдерге ең көп жауап беретіндігі анықталды. Мектеп стандарттарын меңгеруге, пәнге бағытталған, базалық білімге қарағанда, ол өзінің мағынасына байланысты тұлағаға бағытталған болып табылады. Тек мектеп қабырғасында білім берудің екі түрінің түйісуі негізінде бөлек бір баланың, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының дамуына септігін тигізе алады. Бұл жағдайды түсіну – қосымша білім беруді негізгі білім берумен тең дәрежеде қабылдау жолындағы мектеп педагогтерінің психологиялық бөгеулерді жеңу негізі.

Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру процесі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:



  • негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет көрсету саласын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;

  • еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;

  • білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;

  • оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.

Тек білім беру процесіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ процесіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:

1) қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді;

2) мектепте қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады;

3) биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді;

4) қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді;

5) инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы (19-бап);

2) «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы (19-бап);

3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (№ 1, 4, 5, 6, 11, 14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптар);

4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы №148-ІІ Заңы;

5) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдегі № 591 (12- бап) Заңы;

6) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;

7) «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы


30 қаңтардағы №77 қаулысы ( Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
8 тараудың 29-бабы);

8) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы;

9) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы;

10) «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік және құқықтық актілері;

11) «Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы;

12) «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 261 бұйрығы.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мектептен тыс ұйымдар желісін кеңейтуді тапсырды (2012 жылғы 13 қарашадағы № 03-10.5 ДСП).

Қосымша білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында және белгіленген міндеттерді есепке ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстанда балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері әзірледі.

Жоғарыда аталған құжаттарда балалар мен жастардың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауында икемділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін балаларға қосымша білім беру жүйесінің маңыздылығы мен мәні анықталған.

Негізгі және балаларға қосымша білім беруді интеграциялау заманауи педагогикада ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатын тәрбие, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға мүмкіндік береді. Негізгі білім мазмұнына сүйену білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруді дамытудың маңызды рөлі болып табылады.

Бұл бағытты дамыту қажеттігі білім беру қызметтерінің қосымшалылығын қамтамасыз етудің негізіндегі ұйымдар қызметінің әртүрлі типтер мен түрлерін вертикалды және горизонталды үйлестіру принциптерін жүзеге асыру контекстінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау идеясына негізделеді.

Қазақстандық білімді дамытудың жаңа мақсатты тұжырымдау контексінде құзыреттілік тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған тұлғаның білімділік мағынасын ашып көрсететін тіршілік әрекетінің (танымдық, еңбек, азаматтық-қоғамдық, тұрмыстық, мәдени-бос уақыт) әр түрлі саласындағы түрлі қиындық деңгейіндегі міндеттерді шешу қабілеттілігі, қосымша білім берудің талабы айтарлықтай өсіп келеді.

Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығының жоғары деңгейін қалыптастырудың қажет жағдайында қызмет бағыттарының спектрін кеңейту баланы оқыту және тәрбиелеу процесінде тұлғаға бағдарланған тәсілдің өзектілігін, оның шынайылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету негізгі (жалпы және кәсіби) және қосымша білім беруді интеграциялау есебінде мүмкін болатынын болжайды.

Академизм және мектеп білімі жағдайынан ерекшеленетін білім беру процесін ұйымдастырудың қатаң түрлері оқытуда қызметтік тәсілді шамалы қамтамасыз ете алмайды.

Қазіргі мектепте мазмұн мен технологияларды мақсатты тұжырымдау контексінде өзгертудің инновациялық сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде қосымша білім беру есебінен күшейтілуі мүмкін, оның сипаты қызмет түрлерін еркін таңдауды, білім алушылардың жоғары бейімділігін, яғни, жеке тұлғаның нақты шығармашылық ашылуын болжамдайды.

Қосымша білім беру жүйесі білім алушылардың дамуына елеулі үлес қосуға икемді, олардың білім беру кеңістігін кеңейту негізінде жеке тұлға дамуының мақсатты тұжырымдау және мақсатты жүзеге асыру субъектісі ретінде қажетті ақпарат көздер санын көбейту, пәнаралық және пән үстілік білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.

Бұл түрлі типті және түрлі ұйымдардың республика, облыс, қала, кент, ауыл, аудан білім беру кеңістігі жағдайында білім алушылардың білім бағдарын тұрғызуда интеграциялық байланысын күшейту есебінде мүмкін болады.

Қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарының дәстүрлі әрекеттестік бағыты біріккен қызметтің мазмұнды бағытын дамыту негізінде: интегративтік білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыруы айтарлықтай кеңейтілуі мүмкін.

Негізгі білім берудің қосымша білім беру белгілі бір жас ерекшелігі жағдайларында жеке тұлғаны дамытудың мақсатты тұжырымдау ерекшелігіне сүйене отырып, өзінің мазмұндық модулін ұсынуға қабілетті:

мектепке дейінгі білім беру деңгейінде – мектепалды дайындығы;

бастауыш білім беру деңгейінде – оқушының өз ұстанымын меңгеруіне көмектесу: әртүрлі білім беру қоғамдастықтарына қосу;

негізгі орта білім беру деңгейінде жеке тұлғаның өз орнын табу процесін қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды проблемалар спектрін кеңейту және оларды шешудің тәжірибесіне ие болу;

жалпы орта білім беру деңгейінде – оқушылардың кәсіптік айқындалу процесін сүйемелдеу, кәсіпке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламаларын жобалауда интегративті тәсілді мазмұнның метапәндік немесе пәнүстілік деңгейлеріне шығуға мүмкіндік беретін, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзыреттілігін (құқықтық, ақпараттық, экологиялық, этикалық, көркем, дене шынықтыру) және тиісінше зерттеу, жобалық, рефлексивті сияқты меташеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін метабағдарламалар құру негізінде қамтамасыз ету мүмкін. Осындай нәтижелерге жету құнды-мағыналы келісім мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрі, білім алушылардың жетістіктерін бағалау формасы есебінде мүмкін болады. Бұл мектеп, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары жағдайында белгіленген қадамдарды бірігіп талқылау және жүйелі түрде жүзеге асыруды болжайды.

Жұмыстың жаңа бағыттарының тиімділігі ұйымдардың желілік әрекеттестігінің адекваттық үлгілерін жүзеге асыруды болжайды. Біріккен ұйымдастыру қызметінің негізгі нәтижелері ретінде, оның мәнін түсіну және сапалы жүзеге асыру жағдайында білім беру қызметінің барлық тұтынушыларына сапалы білім алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін оның элементтер құрылымына кіретін интеграциялық әсерді күшейту есебінде білім беру жүйесін дамытудың жаңа деңгейі болуы мүмкін.

Білім берудің әр кезеңінде білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері есебінде қосымша білім беру міндеттері өзгереді:



бастауыш мектеп - балалардың танымдық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жалпы және арнайы мүмкіндіктерін диагностикалау, қосымша білімді кезекті таңдауға жағдай жасау.

негізгі мектеп - теориялық білім мен практикалық дағдылары қалыптастыру, қызметтің таңдалған саласында тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашып көрсету.

орта мектеп таңдалған салада білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне жету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі анықтауына, және кәсіптік бағдарына жағдай жасау.

Балаларға қосымша білім берудің басқада маңызды рөлі – оның ең басты құрамдас бөлігі. Ересек пен баланың біріккен шығармашылық қызметі процесінде тұлғаның адамгершілік сапасы дамиды.

Бұл жағдаймен балаларға қосымша білім беру жүйесінің тағы бір ерекше рөлі тығыз байланысты – өтемдеуіш (немесе психотерапиялық), сондықтан дәл осы салада мектеп жағдайында білім алатын балалар білім беру процесінде әрдайым ала бермейтін қолдаудың жеке даму қабілеттілік мүмкіндігін алады. Негізгі мектеп пәндерінен шамалы үлгерседе, көркем студия немесе спорт секцияларынан ол көшбасшылар қатарынан көрінуі мүмкін.

Эмоциялық қанықтық – жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларға қосымша білім беруді дамытудың тағы бір ерекшелігі. Әлемге эмоциялық-құнды қарым-қатынас баланы толғандыратын сұрақтарға жауап іздеуге көмектесетін жарқын тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына үндеу процесінде қалыптасуы мүмкін. Хрестоматиялық оң үлгілер мысалдарында тәрбиелеудің орнына нақты, шынайы бар адамның уайымы мен толғануына, оның ізденістері, қателіктері, шарықтауы мен құлауына жүгінсе ғана, балалар оның тағдырына, күресіне, мұратына сенеді.

Балаларға қосымша білім беру тағы бір маңызды рөлді атқарады – мектептің мәдени кеңістігін кеңейтеді.

Осы салада баланың мәдениет құндылықтарымен танысуы оның жеке қызығушылықтары, ұлттық ерекшеліктері, микросоциум дәстүрлері есебінде болады.

Білім беруге мәдениеттанушылық тәсіл баланың ақпаратпен аса қанығуына қарсы тұруға мүмкіндік береді, тиісінше оның жанының азуына, мәдени-тарихи тәжірибе мұрагерлігінің барлық жүйесінің күйзелісіне, ұрпақ байланысының үзілуіне, дәстүрдің жоғалуына әкеп соғады. Балаларға қосымша білім беру тарих пен мәдениеттің: орыс және көрші халықтардың шынайы өзара әрекеттілігі мен баюын орнатуға мүмкіндік береді. Балаларға қосымша білім берудің бұл ерекшелігі жас ұрпақтың мемелекеттік білім беру стандартының өңірлік кешенінде оған ерекше орынды қамтамасыз етеді.

Балаларға қосымша білім берудің ерекше орны оқушылардың әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге және кәсіби өзін-өзі анықтауында болып табылады.

Қосымша білім берудің рөлі – жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Сондықтан қызығушылығы бойынша сабақтардың ішінде бүгін тәжірибеге бағытталған әртүрлі курстарды (автомобиль жүргізу, теле- және радиоаппаратураны жөндеу, тоқыма тоқу, дизайн және т.б.) кездестіруге болады. Тағы бір үлкен сәттілік, әсіресе жоғары сынып оқушылары іскерлік өмірде (компьютер және байланыстың электрондық құралдары, іс-қағаздар, бухгалтерлік есептің қыр-сырын меңгеру) табысты қамтамасыз ететін білімге ие. Өзінің әлеуетті қабілеттерін ашу және мектеп жылдарында оларды жүзеге асыруға тырысу бітіруші үшін қоғамда шынайы өмірге жақсы дайындалу, қойылған мақсаттарға жетуге үйрену, өркениетті және оның жетістіктерінің құнды құралдарын таңдау болып табылады.

Оқушылардың әлеуметтік бейімділігі үшін қызығушылығы бойынша әртүрлі шығармашылық бірлестіктер жұмысына қосылу маңызды, заманауи жағдайда ерекше құндылыққа ие болатын әртүрлі жастағы қарым-қатынас кеңістігінде табылады: бұнда балалар өз ынтасын білдіре алу, дербестік, көшбасшылық қасиеттер, басқалардың қызығушылығын есепке алып ұжымда жұмыс істей алу.

Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың ерекшеліктері:

– негізгі білімнің құндылықтарын позитивті қабылдау және оның мазмұнының табысты меңгеруі үшін кеңейтілген жалпы мәдениет пен эмоциялық-бояулы фонды құру;

– «жалықтырмайтын» тәрбиені жүзеге асыру – өскелең ұрпақтың «байқалмайтын» адамгершілік, рухани, мәдени бағдарын қалыптастыру процесіндегі балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосу арқасында болады;

– қызметтің барлық түрлеріне (көркемдік, техникалық, спорттық және т.б.) ерекше қызығушылық білдіретін, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өз қабілеттерін жүзеге асыратын оқушылардың бағдары;

– оқушыларға жеке білім беру жолын анықтау, өмірлік және кәсіби жоспарды нақтылау, маңызды тұлға қасиетін қалыптастыру үшін қажет болатын негізгі білім беруде барлық оқу курстарының (негізінен гуманитарлық бағыт) болмауын өтеу.

Қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру процесінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, білім беру ұйымдарындағы балаларға қосымша білім беру өзіндік құндылықты меңгерген сала болып табылады, сондай-ақ бірыңғай білім беру кеңістігін құруға бағытталған және оқушыларда әлемді қабылдаудың біртұтастығын қалыптастыру; тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасау.

Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың жолдары.

Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:

1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;

2) балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;

3) балаларға қосымша білім беруді дамытуды мектептің жеке бөлімшесі ретінде қарау;

4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру процесін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән.

Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спекторларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұдан да маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда –мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.

Ішкі, сондай-ақ, сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.

Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады.

Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру, ғылыми-техникалық және тағы басқа.

Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.

Білім беру процесінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру процесінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.

Егер мектепте оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді:ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар, оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру процесінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог позицияларын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.

Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.

Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.

Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды мектептің оқу процесіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық іс-әрекетін қарастырады. Сонымен қатар, мектеп сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері

Егер мектепте бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді жасауы керек.



1-кезең – талдамалық.

Осы кезеңдегі дайындық жұмысы келесіні қамтиды:

– мектептің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;

– қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата-аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;

– мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;

– балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;

– мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;

– мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;

– директордың ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;

– балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар, республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;

Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.

2-кезең – жобалау.

Осы кезеңнің негізгі міндеті – мектепте қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

– мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;

– осылардың қандай бағыттарын және қандай формада мектеп базасында, қандайын балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;

– қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;

– балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;

– не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;

– бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;

– білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мектептегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.



3-кезең – мектепті қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың, секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін мектеп жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.

Бұл бап әр мектепте іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:

– білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.) жүзеге асырады;

– мектептерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;

– оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;

– балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру процестері қандай нысанда іске асырылады;

– қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады?

– педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім жіберіледі?

– мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?

Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.

Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже дайындау.

Үшіншіден, мектеп бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт мектептерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасасу.

Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.

Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:

– мектептегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау қажет;

– оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.

Білім беру процесін ұйымдастыру.

Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, мектеп директоры немесе оның қосымша білім беру жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.

Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру процесін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.

Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.

Сабақ кестесін оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс тәртіптерін ескере отырып, педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша әкімшілік құрастырады. Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді. Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы бойынша әкімшілік келісімі бойынша жасалады және құжатпен ресімделеді. Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі.

Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы:

- бірінші оқу жылы - 10-15 адам;

- екінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-12 адам;

- эксперимент және зерттеу топтарында – 6-8 адам.

Оқу-зерттеу қызметіндегі балалардың тізімдік құрамы 8 адам (мұндай топтарда білім алушылардың саны, оқу топтарына қарағанда аздау, 4-8 адам; сабақтар 2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.

Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысатын балалармен жеке жұмыс жасау қарастырылған (аптасына 2-ден 6 сағатқа дейін).

Жыл бойы сабаққа қатысуы төмендеген жағдайда, топтарды біріктіруге немесе таратуға болады. Бұл жағдайда артылған қаражат балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.

Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің білім бағдарламаларымен, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарындағы балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес анықталады.

Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.

Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтарды барлық топпен, сондай-ақ, 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.

Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Қосымша білім беруде аттестаттаудың келесі формалары: тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б. пайдаланады.

Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестіктегі орны сақталады.

Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата-аналарға да қатысуға болады.

Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.

5 күндік оқу аптасына көшу барысында оқушының бос уақыты көбейеді. Сенбі күнгі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі қосымша білім болуы тиіс.

Балалардың сабақтан тыс бос уақытын, оның ішінде сенбі күнін қамту үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет.

Пән мұғалімдері өз бейіндері бойынша үйірмелер, секциялар, студиялар, қызығушылықтар бойынша клубтар, спорт секциялары мен қосымша сабақтар жүргізе алады, сондай-ақ дайындау курстары мен танымдық, конкурстық, көңіл көтеру бағдарламаларын, экскурсиялар ұйымдастыруына болады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық (авиа, кеме және тағы басқа техниканың түрлерін үлгілеу) үйірмелерін жүргізе алады.

Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән бойынша сабақ береді, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болады (қоса қызмет атқарады).

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жалпы орта және мектептен тыс ұйымдар үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін бөлуі қажет.

Сонымен қатар, сенбі күні оқушылардың мамандық таңдау күні болып саналады: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары мен колледждердің мамандыққа бағдарлау жұмыстарына арналады.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында балалардың қамтылуын ұйымдастыру бойынша шаралар қолдануды білім және құқықтық тәрбие беру саласында басым бағыт етіп алуы қажет. Қажетті шаралар арасында:

– қауіп тобының балаларына мұғалімдер мен қосымша білім беру педагогтерінің арасынан қоғамдық тәрбиеші – «жетекші» бекіту;

– аула және мектеп жанынан клубтар ашуға бос ғимараттарды тиімді пайдалану;

– балалар туристік базаларын, жаңадан көшпелі және жаяу өлкетану туристік бағыттар және т.б. ашу.



Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру процесінің мазмұны

Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру, ғылыми-техникалық және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.

Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.

Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.

Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру процесі келесі талаптарға сәйкес болу керек:

– дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру процесінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);

– формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);

– қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі; олардың барлығы білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру процесіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;

– балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

– әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.

Қосымша білім беру оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру барысында жаңа оқу жылында ел тарихында маңызды орын алатын айрықша күн – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына, «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасының жүзеге асырылуына, Астана қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің өткізілуіне ерекше мән беру керек. Білім алушыларды патриоттық сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде тарту ұсынылады.

Педагогтер оқушылардың ғылыми-зерттеу еңбектерін дамытуға аса назар аударулары тиіс. Биоәртүрлілік, ресурс жинақтау технологиялары, этноэкология, энергия сақтауды зерттеу ғылыми-зерттеу жобалары сияқты бағыттар оқушылармен жұмыс жасау ауқымын кеңейтіп, оның формаларын өзгертуге мүмкіндік береді.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және туристік-өлкетану жұмысын белсендендіру мақсатында:

– өңірлік компоненттер мен жаңа туристік-өлкетану маршруттары, сапарлар мен экскурсиялар есебінен оқушыларды зерттеу жобаларын әзірлеуге тарту;

– оқушыларға арналған туристік-өлкетану үйірмелерінің ауқымын кеңейту.

Білім алушыларды әлеуметтендіру – балаларға білім беру ұйымдары қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. Балаларды қоғамдық өмірге тиімді араластыруда, олардың белсенді азаматтық көзқарастарын дамытуда жанұяны, шағын аудандар мен қоғамды тарта отырып, әлеуметтік мәні бар қызметтерді ұйымдастыруға көңіл бөлу қажет.

Қиын өмірлік жағдайда қалған балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында мәні - қоршаған әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлеріне төтеп беру білігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жанұямен белсенді әрекеттесу болып табылатын, балалар қоғамдық ұйымдарының бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аудару қажет.

Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, көңілді тапқырлар клубы-қозғалысын, зияткерлік ойындарды қолдау және дамыту – қосымша білім берудің тәрбиелеу және дамыту қызметінің маңызды салаларының бірі болып табылады.

Жалпы алғанда, балалық шақтың белсенділікпен және білуге құмарлықпен сипатталатындығын ескеріп, шығармашылық процеске тарту арқылы тұлғаның шығармашылық дамуына жағдай жасау қажет.

Көркемдік қосымша білім беру жүйесі – мәдени байланыстың жаңа формарын меңгеру міндеттерін атқарып, жаңа мәдени құндылықтарды көрсетуге бейімделген болуы қажет. Мұндай жағдайда бейнелеу өнері және қолданбалы-сәндік шығармашылық, дизайн, компьютерлік графика бойынша мектеп үйірмелерінде балаларға көркемдік білім беруді әрі қарай дамыту үлкен маңызға ие болады.

Жалпы білім беретін мектептердегі хор ұжымдарының, халық, үрлемелі, шекті оркестрлердің және балалар музыкалық шығармашылығының басқа ұжымдық формаларының қызмет ету практикасын қайта жандандыру қажет.

Жалпы білім беретін мектептердегі көркем-эстетикалық тәрбие берудің барлық бағыттарының қызметін ұйымдастыру үшін балалар музыка, көркемөнер мектептерінің, өнер мектептерінің педагогтерін тарту қажет.

Балалармен жұмыс істеу барысында IT-технологиялар, жаhандану, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары сияқты объективті ықпалдарды ескеру қажет. Аталмыш ықпалдар қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени кеңістікті қалыптастырып құндылықты бағдар алуына айтарлықтай әсер етеді.

Экономиканың нақты мәселелерін шешу үшін жоғары технологиялар мен инновациялар саласына балаларды тартудың маңыздылығын ескере отырып, жоғары технологиялық өнеркәсіпті, ғылым мен кәсіпкерлікті білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеу барысында техникалық шығармашылық рөлінің маңыздылығы айтарлықтай артуда.

Озық технологиялардың көмегімен мәселелерді шешу үшін көптеген мүмкіндіктердің құрылғанын химия, медицина, физика саласындағы соңғы кездегі жетістіктер көрсетті. Жаңа ақпараттық технологияларды дамыту және қолдану, біздің еліміздегі өнеркәсіпті үдемелі индустрияландыру мектеп оқушыларының маңызды кәсіби бағдарын қажет етеді.

Робототехника және радиоэлектроника саласындағы үздіксіз білім беру қажеттілігі туындауда. Робототехника мен радиоэлектрониканы оқыту балалар қызығушылығы мен маңызды университеттік дайындық арасындағы алшақтықты толтыруға септігін тигізеді. Робототехника құралдарын пайдалануға және олардың көмегімен мәселелерді тұжырымдау және шешу мектеп бағдарламаларын игерудегі қуатты ынталандырушы болып саналады, ал қосымша білім беру аясында работотехника сабақтары білім алушылардың мамандық таңдауына ықпал етеді.

Техникалық модельдеу, энергетика мен электротехника, информатика, есептеу техникасы мен мультимедиялық технологиялар, автоматтандыру, телемеханика, работотехника мен интеллектуалдық жүйелер, радиотехника мен радиоэлектротехника, авиация, ғарыштану және аэроғарыш технологияларына қатысты білім беру бағдарламаларын іске асыруға, сонымен қатар, энергия үнемдеу технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеулерге ерекше назар аудару қажет.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы, соның ішінде білім беру ұйымдарының мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынасы және ынтымақтастығы қажет.

11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.



Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:

  • балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;

  • шығыстардың көлеміне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламаларының түріне және білім беру деңгейіне байланысты);

  • мекемелерді емес, балаларды сүйемелдеудің атаулы жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;

  • педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейту арқылы білім беру сапасын арттыру;

  • мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;

  • бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын оқушылардың санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен, оқу шығыстарымен (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекі материалдар мен құралдар) байланысты шығындарды, сондай-ақ, мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың жұмыс нәтижелері мен көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын және білім беру процесін іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқалар) қамтамасыз ету атқарымдары өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жай-күйіне және дамуына жауапкершілікті сақтау, мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.

Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды ескереді:



  • мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайына төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемақылар;

  • қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);

  • сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптарындағы оқушылар саны шекті толымдылықтан асатын мектептер үшін оқушыларды оқыту құны азая түседі.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарының сыныптар бойынша оқушылар саны туралы деректерінің негізінде ҚР БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді (білім беру деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).

Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте іске асырылуда. 2015 жылға дейін апробация 1-11 сыныптарда өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметі жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялаудың пилоттық 3 жылдағы нәтижелерін талдау қорытындысы берілген (38-кесте).

38-кесте.





Көрсеткіштің атауы

2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы

1

Біліктілігін арттырған қызметкерлер

21%

26%

28,5%

2

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар педагогикалық қызметкерлердің үлесі

58%

60%

79%

3

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын балаларға арналған үйірмелер мен секциялардың саны

780

953

1 196

4

Оқушыларға өткізілген танымдық және өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін өткізілген тренингтердің саны

445

651

757

5

Педагогикалық қызметкерлер басып шығарған (газеттерде, конференциялардың жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында) жарияланымдар, әдістемелік құралдар (жинақтар, кітапшалар, электрондық құралдар) саны.

1 251

2 492

2 598

6

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық, пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз атанған оқушылардың үлесі

17%

22%

20%

7

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)

71

76

80

8

Педагогтардың орташа айлық жалақысы (мың теңге)

72

105

105,3

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагогикалық қызметкерлерінің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).

Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.

Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.

Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін жоғарылады.

Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.

Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9 сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту, ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2016 жылғы 21 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.

ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға сәйкес мыналар жобалануда:


  1. Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:

  • білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

  • оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер, плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар, еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-шараларға даярлау және қатыстыру);

  • Интернет қызметтерін төлеу.

  1. Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:

  • білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

  • коммуналдық қызметтер;

  • Интернеттен басқа байланыс қызметі;

  • ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы шығыстар.

  1. Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын, тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.





12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 2- сыныптарында ҚР МЖМБС-2015, білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасуда.

Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңарған оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізу процесі барысында ҚР «Білім туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу және енгізу туралы ережені» және ҚР БҒМ 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» №160 бұйрығын басшылыққа алады.

2-сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуіне бағдарланған және білімнің белгілі бір көлемін алуды, сондай-ақ оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуда қолдануды білдіреді.

Білім мазмұнын жобалау күрделендіру принципі бойынша 2-сыныптағы пәннің мазмұны оқушылардың білімі мен білігін сыныптар және тақырыптар бойынша біртіндеп кеңейтуге, қарапайымнан күрделіге көшуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, барлық бағдарламалар оқушыларға «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет. Бұл құндылықтар 2-сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыру факторы болуы тиіс.

2-сыныптағы пәндердің оқу бағдарламаларында сол сияқты, тек үш тілде оқытуды ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың сабақтан тыс қызметін үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұйымдастыруды білдіретін үштілді білім беруді іске асыру көзделген. Көптілді білім беру ортасын құруда әрбір пәннің үлесі жинақтала келе үштілді білім беру саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарында «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі (Т2)», «Орыс тілі (Я2)», «Ағылшын тілі» деңгейлік оқыту оқу пәндері, «Орыс тілі және әдебиеті» және «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» пәндерінен тұратын «Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту жалғасуда.



Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:

1) Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту. 2- сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;



2) «Орыс тілі және әдебиеті» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.
39-кесте. 2-4 сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері және көлемі

Жұмыс түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

Сөздік диктант

3-5 сөз

5-7 сөз

7-9 сөз

9-12 сөз

10-12 сөз

12-15 сөз

Бақылау диктант

30-35

35-40

45-50

60-65

65-70

70-80

Бақылау көшіру

30-35

35-40

45-50

60-65

65-70

70-80

Оқытатын мазмұндама

35-40

40-45

50-55

65-70

75-80

85-95

Оқытатын шығарма

30-35

35-40

50-55

65-70

75-85

90-100

Оқу шапшаңдығы (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсіну және мәнерлілігімен байланыста болатынын және осыдан оқудың толыққанды дағдысы қалыптасатынын есте сақтау қажет.


40-кесте. Бастауыш буын үшін оқу дағдысы қалыптасуының бағдарлы нормалары






Міндетті деңгей

Мүмкін деңгей

сынып

1- жартыжылдық

2- жартыжылдық

1- жартыжылдық

2- жарты-

жылдық


1 сынып

20 – 25 сөз және белгі (1 және одан артық әріптен тұратын)*

30 -35 сөз және белгі


30 - 35 сөз (1 және одан артық әріптен тұратын)*

40 -50 сөз және белгі

2 сынып

45 – 50 сөз және белгі

55 – 60 сөз және белгі

55 – 60 сөз және белгі

65 – 70 сөз және белгі

3 сынып

65 – 70 сөз және белгі

75 – 80 сөз және белгі

75 – 80 сөз және белгі

85 – 90 сөз және белгі

4 сынып

85 – 90 сөз және белгі

95 - 100 сөз және белгі

95 -105 сөз және белгі

110 – 120 сөз және белгі

Оқытудың көлемді мақсаттары сабақта ішінара қолданылуы мүмкін. Оқыту мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу қызметінің алуан түрлері бойынша қиылысады.

3) «Жаратылыстану» оқу пәні оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған. Жаратылыстану сабақтарында білім беру процесі оқушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін өздігімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.

4) «Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 2-сыныпта Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

5) «Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік біліктер мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін дамытуға бағытталуы тиіс.

6) «Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде оқушылардың музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

7) «Көркем еңбек» жаңа оқу пәні «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылатын кіріктірілген курс болып табылады.

Пән түрлі шығармашылық қызметтегі кеңістік және көру елесін, қиялын және аңғарымпаздығын қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

8) «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану, атап айтқанда, олардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және физикалық қабілеттер алуымен қатар, физикалық тұрғыдан дамыту денсаулығына ықпал ету болып табылады.

2-сыныптың оқу бағдарламаларына пәндер бойынша ұсыныс сипатындағы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын оқу жоспарлары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдері жүйесіне негізделетін жоспарларда сабақты өткізу жөнінде тақырыптар мен бөлімдер, 2-сынып оқушыларын сабақта ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар, сондай-ақ, оқу ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдар және т.б.) берілген.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалім пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қызмет ететін ортақ тақырыптарды ескеруі қажет. Ортақ тақырыптар, сол сияқты, оқу пәндерін кіріктіретін компонент ретінде тоқсандарға бөлінген. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып болады, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат бөлінеді.

Үй тапсырмалары бастауыш мектепте «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды ескере отырып, өзіндік жұмыс түрі ретінде 2-сыныптан бастап беріледі.

Пилоттық мектептерде оқу бағдарламаларын енгізу мен іске асыру он-лайн платформа, енгізу процесін ішкі және сыртқы үйлестіру арқылы қолдау көрсетіледі.

2-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында әдістемелік қолдаумен мониторинг жүргізу жалғасады.

2016-2017 оқу жылы пилоттық мектептердің 2- сыныптарында 1- сыныпта жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.

Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім алушыларды диагностикалық тестілеу жүргізіледі (қыркүйектің 2-3 аптасы). Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны ҰБА береді. ҰБА 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-мен бірге пилоттық және бақылау мектептері 2-сыныптарының білім алушыларын диагностикалық тестілеу (кіруде) ұйымдастырады. Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.

Екінші кезеңде бастапқы деректер талдауы жасалады (қараша, қаңтар).

Бастапқы деректер талдауын ҰБА қызметкерлері ДББҰ-мен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.

Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды. Ресми түрде бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады. 3- тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.

Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау, шығуда диагностикалық тестілеу (сәуір) жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша пилоттық және бақылау мектептері білім алушыларының даму деңгейін кірудегі және шығудағы деректер негізінде салыстырмалы талдау жасалады. 4 - тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1толтырады.

Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр). ҰБА келісілген форма бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК енгізетін өзгерістерді ДББҰ-мен үйлестіреді. ДББҰ ҰБА-мен бірге қорытынды есептерді жасайды және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым). Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар ҚР БҒМ Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. ҰБА және ДББҰ жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.

Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары ҚР БҒМ бекітіледі және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынылады.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны келесі әдістемелік нұсқаулық құжаттармен реттеледі: оқу бағдарламасы; оқу жоспары; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелері; жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардың мұғалімдері үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; өңірлік және мектептік үйлестірушілер үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы; жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.
1-қосымша

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі



Облыстардың, Астана және Алматы қ. атауы

Білім беру ұйымының атауы

ББ ұйымының түрі

Оқыту тілі

1.


Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық

қазақша, орысша

№39 балабақша

қалалық

қазақша, орысша

№32 мектеп-гимназия

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2.


Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы



«Мерей» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

№53 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша, орысша

№92 гимназия

қалалық

қазақша,

Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

3.


Астана қаласы

№29 балабақша

қалалық

қазақша

№9 балабақша

қалалық

орысша

№59 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№ 22 мектеп-гимназия

қалалық

орысша

Гуманитарлық колледж

қалалық

қазақша, орысша

4.


Алматы қаласы

№27 балабақша

қалалық

орысша

№156 балабақша

қалалық

қазақша

№35 гимназия

қалалық

орысша

№131 мектеп-лицей

қалалық

қазақша, орысша

№172 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

қазақша

№55 жалпы орта білім беретін мектеп

қалалық

орысша

№1 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша

№2 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

5.

Алматы облысы, Есік қаласы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2-қосымша
Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже

 

1.   Жалпы ережелер

1.1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты.

1.2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі.

1.3. Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:


  • мектеп әкімшілігінің құрамы;

  • сыныпта сабақ беретін педагогтер;

  • аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі;

  • үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі;

  • үйге берілген тапсырмалар;

  • оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;

  • босатылған сабақтар және кешігулер;

  • ескертулер мен марапаттар.

 2. Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі

 2.1. Күнделік көк түсті сиямен анық, ұқыпты, уақытылы, сауатты толтырылуы тиіс.

2.2. Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі, І тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және консультациялар) алғашқы екі апта ішінде, яғни 15 қыркүйекке дейін толтырылуы тиіс.

2.3. Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, мектеп каникулдары кезінде – сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар жоспарын жазады.

2.4. Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді.

2.5. Оқушылар алған бағасын естігеннен кейін күнделікті пән мұғаліміне береді.

2.6. Оқушылар әкімшіліктің, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің талабы бойынша күнделікті ұсынады.

 3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру

 3.1. Пән мұғалімі оқушының жауабын бағалағаннан кейін бағаны сынып журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды.

3.2. Пән мұғалімі оқушының күнделігіне оның оқу әрекеті бойынша ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы тиіс.

 4. Сынып жетекшісінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру

4.1. Сынып жетекшісі осы Ережеде берілген күнделік жүргізуге қойылған талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.

4.2. Оқушының апта ішінде алған бағаларының күнделікке қойылуын қадағалайды; қажет болған жағдайда қойылмаған бағаларды қойып, өзінің қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.

4.3. Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді. 

4.4. Сынып жетекшісі ата-аналар тарапынан оқушы күнделігіне бақылау жасауын қатаң қадағалайды.

4.5. Тоқсан аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі күнделіктің жинақ ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.

4.6. Каникулдан кейінгі бірінші аптада сынып жетекшісі тоқсандық бағалардың төменгі жағында ата-аналардың танысқанын растайтын қойған қолдарын тексереді.

4.7. Сынып жетекшісі күнделікте оқушының сынып және мектеп өміріне қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.



5. Ата-аналардың қызметі

 5.1. Ата-аналар апта сайын күнделіктегі жазбалармен танысады және қол қояды.

5.2. Күнделіктің соңындағы жинақ ведомосына тоқсанына бір рет қол қояды.

5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін қол қояды.



6. Мектеп әкімшілігінің қызметі

 6.1. Мектеп әкімшілігі күнделік жүргізу бойынша Ережеде бекітілген талаптарға сәйкес 2-11-сыныптар оқушыларының күнделік жүргізуіне жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде келесі жағдайлардың болуы тексеріледі:

– сыныптағы педагогтер туралы ақпарат;

– тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі;

– сабақ қоңырауларының кестесі;

– секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі;

– үй тапсырмалары;

– пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар;

– ата-аналардың қолдары.

6.2. Әкімшілік бақылаудың қорытындысы бойынша күнделіктерді тексеруші анықтама жазады, онда анықталған кемшіліктер көрсетіледі, ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.



6.3. Әкімшілік күнделіктің жүргізілуін бақылау нәтижелері бойынша сынып жетекшілерін және пән мұғалімдерін марапаттауға және тәртіптік жазалауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет