Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);
Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016);
567 жылы Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда келісімі мен әскери шарт жасалды (1450 жыл);
Ағылшын философы Фрэнсис Бэконның 455 жылдығы (1561-1626);
Орыстың тұңғыш табиғат зерттеуші ғалымы, ақын, филолог М.В. Ломоносовтың 350 жылдығы (1711-1765);
Американ мемлекет қайраткері Бенджамин (Вениамина) Франклиннің 310 жылдығы (1706-1790);
Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің 135 жылдығы (1881-1938).
2016-2017 оқу жылында пән мұғалімдері әдістемелік қызметтерінің негізгі міндеттері:
тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін жүзеге асыру;
мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді әдістемесі мен әдістерін (технологиялар) игеру/меңгеру;
тарихты оқытудың базалық және жоғары деңгейінде зерделеу тиімді білім беру тәжірибесін тарату;
оқушылардың тарихты бейіналды, бейінді оқыту жағдайында негізгі құзыретімен, тарихтан жаңартылған оқу бағдарламаларымен, білім беру стандарттарына сәйкес мұғалімдерге білімді-әрекеттік компоненттерін игеру бойынша оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ұйымдастыру.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Дүниежүзі тарихы пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
Адам. Қоғам. Құқық
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі процестері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді меңгеруге бағытталған. Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытуда «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-сезім мен толеранттылықты дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын қалыптастыруға, Қазақстанның көпэтникалық жағдайында қарым-қатынас жасай білуіне бағытталады.
Пән мазмұнына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру олардың жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға жауапкершілікпен қарай білу, өзінің азаматтық патриоттық ұстанымын, құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық нормаға сәйкес сақтау, отбасында, ұжымда әлеуметтік ролін орындау, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасау, өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау, адамның физикалық және рухани денсаулығын, ақыл-ой жұмысын қолдау үшін салауатты өмір салтын жүргізу қабілеттерімен анықталады.
5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9сыныптары үшін «Адам.Қоғам.Құқық» пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
9-сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды.
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсыныстар:
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мазмұны үш бөлімнен тұрады:
Оқу пәнінің білім мазмұнын меңгеруде, түрлі әлеуметтік жағдайларда тиімді және өнімді әрекеттердегі адамның қабілетін қамтамасыз ететін оқушылардың тұлғалық және пәндік нәтижелеріне көңіл бөлу ұсынылады.
Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын ұйымдастырушылық-әдіснамалық принциптер: білімнің зерделілігін, толықтығын, тұтастығын, сабақтастығын, өзара байланыстылығы мен білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары:
мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;
оқушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;
оқушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады.
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және басқа пәндерден алған білімдеріне сүйену, оқу материалдарын тарихи фактілермен, әдеби образдармен, физикалық процестермен, т.б. нақтылау ұсынылады.
Пәннің мазмұндық ерекшелігіне сәйкес білім алушылардың жеке қоғамдық өмірдегі әртүрлі жағдайларда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет өміріне қатысуға қажетті танымдық, коммуникативтік, практикалық қызмет тәсілдерін меңгеруге бағыттау ұсынылады.
Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:
оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза ұсыну, жоспарлау, зерттеу жүргізу, дәлелдеу қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;
белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «жобалау» т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсынуы, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);
сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын қоғамдық және құқықтық проблемаларды талқылау;
ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды тиімді пайдалану, презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар жасау, сандық білім беру ресурстары материалдарын қолдану ұсынылады.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі сабақ барысында маңызды заңнамалық актілермен, заң түсіндірмелерімен (Қазақстан Республикасы Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.
Оқытудың әдіс-тәсілдері көптүрлілігіне (пікірсайыс, кейс әдісі, дебат, рөлдік ойындар, жағдаяттармен жұмыс, жобалық және оқу-зерттеулік қызмет т.б.) басымдық беру ұсынылады.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
1) пән бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын оқытуға ұсынылатын тапсырмалар:
«Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (ой толғау жазу);
«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу);
Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея – Мәңгілік Ел идеясы (эссе);
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты (жоба).
2) пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:
«Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»;
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»;
«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»;
«Мен және менің құқығым»;
«Өз құқығыңды білесің бе?»;
«Бала және оның құқығы»;
«Ұлы дала заңдары»;
«Заң және заман»;
«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б.
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың негізгі мақсат-мүдделері:
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды мәселе «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» сияқты әдістемелік тәсілдер арқылы сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру процесі арнайы жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;
6-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;
7-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;
8-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат;
9-сыныпта – барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі.
9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғамдағы қажеттілігімен және тұрақтылықтың тұғырнамасы ретіндегі өзектілігімен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтық бастауларына әсерімен анықталады. Курс орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:
оқушыларды «зайырлылық» ұстанымын құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
зайырлылықты рухани-адамгершілік құндылықтар, мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау, дінді мәдениет ретінде қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;
діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;
оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:
1) оқушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру;
2) зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;
4) діннің дүниетанымдық, мәдени танымдық және адамгершілік мәнін түсіндіру;
5) оқушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық ұстанымы негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру;
6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;
7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау
8) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;
9) оқушылардың бойында діни әдебиеттер, электрондық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын салыстыра білу және сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;
10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, осы тұрғыдағы білімін арттыруға, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндерімен және «Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы», «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз мәнділігі бар білім алмайды.
Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар,жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.
Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.
Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың белгілерін танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлі екендігін оқушылардың ұғынуына айрықша назар аудару керек.
«Қазақстан-дінаралық бейбітшілік пен келісім елі», «Зайырлылық- мемлекеттік жүйе мен ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы» тақырыптары курстың басты желілерінің бірі болуы тиіс.
Курстың мазмұнында оқушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді. Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады.
Осылайша, жүйелі түрде игерілген білім оқушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарды білуі тиіс.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бағдарламасының мазмұны келесідей дидактикалық қағидалар талаптарына сәйкес болуы керек:
ғылыми негізділік және қолжетімділік;
жүйелілік және сабақтастық;
көрнекілік және абстарктілік;
саналы танымдық белсенділік;
білімнің тиянақтылығы;
пәнаралық және пәнішілік байланыс;
табиғи сәйкестік;
проблемалық;
саралау және даралау;
тапсырмалардың әр деңгейлігі.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас және т.б. формаларын қолдану тиімді.
Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:
дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;
діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;
дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;
толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:
мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;
жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтау;
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар жасау ыңғайлы. «Зайырлылық және дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану ұсынылады.
Осыған сәйкес бағдарламада көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға уақыт бөлінген. Жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыру және әртүрлі бағыттарда оларға танымдық ізденістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;
әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын;
Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және «Дін туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;
республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;
экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.
сонымен бірге:
зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,
ақпаратты сыни тұрғыда талдау, оны оқу барысында және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды түсінуде, жобалар орындауда, зерттеу жұмыстарында қолдана білу;
экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;
білімді басқа пәндермен үйлестіре отырып қолдана білу;
заманауи ақпаратттық-коммуникациялық құралдарды қолдана білу;
діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
өз бетімен зайырлық және діни шығармаларды тауып, сараптай отырып қолдана білу,
ақпаратты сыни тұрғыда талдау жасайды.
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка
5-6-сыныптарда «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы білім беру;
оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, музыкалық шығармаларды бағалай білу;
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;
музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық, қазақстандық заманауи өнер туындыларын қамтиды және оқушылардың мәдени, құндылықты, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста оқытуды көздейді, бұл өнер түрлерінің өзара байланысы туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып, бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады.
Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Бейнелеу өнерi
Оқыту мақсаттары:
эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту міндеттері:
өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял, елестетуді дамыту;
оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру.
«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Сабақтардың маңызды нәтижелері:
мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, картинада немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі;
өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.
Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, бейнелеу өнерінің түрлі аспектілеріне қызығушылықты қалыптастыруға және оқушылардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;
6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Технология
«Технология» пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
– техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
– құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
– технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
– оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
– еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
– оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (25-кесте).
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының нұсқаларын қосуға құқығы бар.
25-кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
6. Электротехника және электроника негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Электротехника және электроника негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстары.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.
|
«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.
Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.
Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөліну бойынша жүзеге асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (26-кесте).
26-кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
|
Қала мектептерінде
|
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше,
|
1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.
2. Тағам әзірлеу технологиясы.
3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және,
|
шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.
9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.
10. Жоба.
11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
|
көркем әшекейлеу (белдемше шалбар). Мата түрлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.
6. Тұрғын үйдің ішкі көрінісі.
7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.
8. Жоба.
9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.
|
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.
Оқушылардың технология бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Технология» пәнінен 5-9-сыныптардың апталық оқу жүктемесі 1 сағат, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Сызу
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгі түпнұсқа болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;
нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.
Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.
Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.
Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
1) орындалуының түрлілігімен ерекшеленетін шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану;
2) оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;
3) үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшелігін ескеру.
«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды
Оқыту мақсаты:
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері және Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;
«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;
мұғалім қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;
оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:
а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері;
ә) мұғалімнің таңдауы бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері.
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Оқу жылы ішінде 3-4 рет каникул кезінде «Денсаулық күні» ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға (қозғалыстарды қайталау, гимнастика жасау және т.б.) мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz).
«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы
№500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
6-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
7-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
8-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;
9-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда өткірлене түсуде.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.
Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдылық беру. Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру.
Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру жолы – «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.
Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті. Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.
10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда граматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар
27-кесте. 10-11- сыныптарда ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сыныптар
|
Жазба жұмыстар
түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
10
|
Диктант
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
11
|
Диктант
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
Жаратылыстану-математикалық бағыт
|
10
|
Диктант
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
11
|
Диктант
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8);
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдауда;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге:
- ережеге бағынбайтын сөздер;
- автор сөзін берудегі тыныс белгілер жатады.
Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
«5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
«4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
- «3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ;
- «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:
мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс.
10-11-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен арнайы дәптерлер болуы тиіс және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (28-кесте).
28-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс дәптері
|
Жазба жұмыс дәптері
|
Барлығы
|
Қазақ тілі
|
1
|
1
|
2
|
«Қазақ тілі» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстары келесі тәртіппен орындау ұсынылады:
дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.
«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;
баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады;
талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);
төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс;
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға көрсетілуі керек:
орфографиялық қате - /.
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының мәселелерін қарау ұсынылады:
1. «Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша заманауи сабақтардың контенті: іріктеу, құрылымдау, бейімдеу»;
«Оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдер»
10, 11-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиет пәнін жоғары деңгейде меңгерту бойынша білім беру процесін ұйымдастыру;
Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);
«Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік аспектілері»
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»;
«Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары».
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
2012 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл құжатта ел келешегінің кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу» идеясы. Дәл осы құжатта бұл идеяны жүзеге асырудың тегеурінді тетігі негізделді. Ол – мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы тетіктің қозғаушы күші де анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің шарты көрсетілді. Ұлт болашағына қызмет етудің бірден-бір көрсеткіші де, Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге мүдделілігінің берік дәлелі де бүгінгі жас ұрпақтың мемлекеттік тілге қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы». Қазақ әдебиеті бүгінгі ақын-жыраулардың шығармалары ғана емес, оның сандаған ғасырлық тарихы бар. Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет-бедері, жетістігі мен ауыртпашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесі жатыр. Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени, әдеби мұралар –даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай ұстанымдарға сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі арқылы қандай ұлы шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен талдау-қорытынды жасауға үйретеді.
10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген)
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (29-кесте).
29-кесте. 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сыныптар
|
Жазба жұмыстар түрлері
|
Оқу тоқсандары
|
Барлығы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІҮ
|
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
|
10
|
Шығарма
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
11
|
Шығарма
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
4
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
3
|
3
|
12
|
Жаратылыстану-математикалық бағыт
|
10
|
Шығарма
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
|
|
2
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
2
|
2
|
10
|
11
|
Шығарма
|
2
|
2
|
2
|
2
|
8
|
|
Сыныптан тыс оқу
|
1
|
1
|
|
|
2
|
|
Барлығы:
|
3
|
3
|
2
|
2
|
10
|
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1) тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі;
артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу;
шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-бірімен байланысты болу;
шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;
барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;
шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады.
Оқушы шығармасының көлемі түрлі жағдайларға: стилі мен жанрына, тақырыптың мазмұны мен сипатына, олардың жалпы дамуына байланысты болғандықтан кестеде берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы қажет (30-кесте).
30-кесте. Шығарма көлемі мен уақыты
Сынып
|
Көлемі (оқушы дәптерінің беті)
|
Уақыты
|
10
|
6 – 8 бет
|
90 минут
|
11
|
6 – 8 бет
|
90 минут
|
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің туғанына 75 жыл (1942 ж.);
5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937жж);
17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл (1922-1993жж) ;
28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл (1932 ж) ;
15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Сайын Мұратбековтің туғанына 80 жыл (1936-2007);
2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889 жж);
26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958жж);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 жж);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006 жж);
22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985 жж);
15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007 жж );
көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802- 1874жж);
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920жж)
1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл (1867- 1922 жж);
9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл (1882-1939жж);
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
http://abai.kz-ақпараттық –танымдық сайт;
http://u-s.kz- ұстаздар сайты;
http://ustaz.kz -ашық сабақтар сайты;
http://sabak-сайт творческих учителей Казахстана;
http://ojarovaroza.ucoz.kz-қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің портфолиосы
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;
http://bilimsite.kz/ustaz -білімділер сайты;
http://u-s.kz/publ/ -ұстаздар сайты;
http://sabaq.kz -ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
http://ped.kz -ұстаздардың әлеуметтік порталы;
http://oqu-zaman.kz-ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт;
http://tarbie.org- ұстаздар сайты;
http://kazbilim-edu.kz-оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;
http://bilimtime.kz -Ұстаздарға арналған сайт.
«Абайтану» курсы
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында 10-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10, 11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Курсты оқытудың мақсаты: ақын шығармаларын оқыту арқылы халқымыздың әдебиетін жоғарғы құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғам деңгейі жоғары, алған білімін, білігін, дағдыларын өмірде қолдана білетін, өркениетті қоғамда өмір сүруге бейім, терең білімді, тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;
ақынның қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным процесі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани, мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру және ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу;
Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;
ақын шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық идеологияны сіңіру.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)
В соответствии с государственной задачей развития полиязычия в Казахстане овладение русским языком должно соответствовать среднему уровню – 3 подуровень (В 2.1 - В 2.2) – 10 класс и послесреднему уровню (В 2) – 11 класс.
В 11 классах с углубленным изучением языков возможно (не обязательно) достижение уровня С1: понимание объемных сложных текстов на различную тематику, распознавание скрытого значения, владение спонтанной речью в быстром темпе, отсутствие затруднений с подбором слов и выражений; гибкое и эффективное использование языка для общения в научной и профессиональной деятельности; умение создать точное, детальное, хорошо выстроенное сообщение на сложные темы, владение моделями организации текста, средствами связи и объединением его элементов.
Важнейшими задачами языкового и литературного образования на старшей ступени обучения в 10-11 профильных классах являются: воспитание и развитие средствами русского языка и литературы интеллектуальной, духовно-нравственной личности, способной жить и трудиться в условиях информационного и поликультурного общества; воспитание гражданственности и патриотизма, сознательного отношения к языку как явлению культуры; воспитание интереса и любви к русскому языку и литературе; развитие и совершенствование способности к речевому взаимодействию и социальной адаптации, готовности к трудовой деятельности, осознанному выбору профессии; навыков самоорганизации и саморазвития; информационных умений и навыков;совершенствование речемыслительной деятельности, коммуникативных умений инавыков, обеспечивающих свободное владение русским литературным языком в разных сферахи ситуациях его использования; приобщение учащихся к духовно-нравственным ценностям русской литературы, развитие у них художественного мышления; воспитание у учащихся средствами русской литературы интереса к чтению, формирование эстетического вкуса, этических представлений и высокой общей читательской культуры.
Русский язык необходим гражданину Республики Казахстан как основное средство общения с другими людьми. Литература, созданная на русском языке, является носительницей важных для самосознания народа и отдельной личности смыслов. Язык и литература фиксируют исторический опыт поколений и передают его потомкам. Цель – формирование умений и навыков свободного владения русским языком во всех видах речевой деятельности (слушание, говорение, чтение, письмо), в избранных сферах применения языка; формирование средствами русского языка интеллектуальной, духовно-нравственной, коммуникативной, гражданской культуры учащихся. От качества освоения языка, от умения читать и понимать зависит общая и специальная грамотность человека (в том числе, математическая, естественнонаучная, инженерно-техническая и т.д.). Таким образом, освоение русского языка гражданами Республики Казахстан во всем его многообразии является важнейшей для государства задачей.
При наличии в классах 25 и более учащихся, класс делится на две группы, в течение года при выбытии учащихся – группы не объединяются.
В 11 классах с углубленным изучением языков возможно (не обязательно) достижение уровня С1: понимание объемных сложных текстов на различную тематику, распознавание скрытого значения, владение спонтанной речью в быстром темпе, отсутствие затруднений с подбором слов и выражений; гибкое и эффективное использование языка для общения в научной и профессиональной деятельности; умение создать точное, детальное, хорошо выстроенное сообщение на сложные темы, владение моделями организации текста, средствами связи и объединением его элементов.
Соответственно предложенному в государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с нерусским языком обучения предмет «Русский язык» изучается в 10-11 классах общественно-гуманитарного направления – по 2 часа в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык»: 10 класс (ОГН) – 68 часов; 11 класс (ОГН) – 68 часов); естественно-математического направления – по 1 часу в неделю (объем учебной нагрузки за учебный год по предмету «Русский язык» составляет: в 10 классе ЕМН – в неделю 1 час, всего – 34 часа; в 11 классе ЕМН – в неделю 1 час , всего – 34 часа).
Формами письменной работы в 10-11 классах являются диктант, изложение, сочинение, в том числе эссе. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 изложение, 1 сочинение (эссе). Сочинения-эссе могут быть классными и домашними.
Объем контрольного диктанта по русскому языку для 10-11 классов школ с казахским языком обучения:
10 класс – 100-110 слов, 11 класс – 110-120 слов.
Объем словарного диктанта: 10-11 классы – 35-40 слов.
Примерный объем текста для подробного изложения:
10 класс – 160-170 слов, 11 класс – 170-180 слов.
Диктанты оцениваются одной оценкой, которая считается оценкой по русскому языку. Диктанты с грамматическим заданием оцениваются двумя оценками и заносятся через дробь в журнал по предмету «Русский язык».
Для сжатого изложения, а также итоговых и контрольных изложений объем текста может быть увеличен на 30 - 60 слов. Изложения оцениваются двумя оценками и заносятся через дробь в журнал по предмету «Русский язык».
Примерный объем сочинений:
10 класс – 2 – 2,5 страницы (600-1000 слов), 11 класс – 3 - 3,5 страницы (1000-1200 слов). Сочинения-эссе могут иметь меньший объем. Сочинения оцениваются двумя оценками, выставляются через дробь по предмету «Русский язык».
В любой проверяемой работе по русскому языку исправляются все допущенные учащимися ошибки (с вынесением на поля обозначений категории ошибок). Все графические работы проводятся в тетради простым карандашом.
Ведение ученических тетрадей, соблюдение единого орфографического режима и нормы оценивания.
Для выполнения всех видов обучающих работ ученики должны иметь следующее количество тетрадей
по русскому языку в 10-11 классах - 2 рабочие тетради, 1 тетрадь для контрольных работ (находится у учителя) и 1 тетрадь по развитию речи- для сочинений, изложений по русскому языку, на усмотрение учителя возможно ведение тетради – помощницы.
Диктант оценивается одной оценкой
Оценка «5» выставляется за безошибочную работу, а также при наличии в ней 1 негрубой орфографической или 1 негрубой пунктуационной ошибки.
Оценка «4» выставляется при наличии в диктанте 2 орфографических и пунктуационных ошибок, или 1 орфографической и 3 пунктуационных ошибок, 4 пунктуационных ошибки при отсутствии орфографических ошибок.
Оценка «4» может выставляться при 3 орфографических ошибках, если среди них есть однотипные.
Оценка «3» выставляется за диктант, в котором допущены 4 орфографических и 5 пунктуационных ошибок, 7 пунктуационных ошибок при отсутствии орфографических ошибок. В 5 классе допускается выставление «3» за диктант при 5 орфографических и 4пунктуационных ошибках. Оценка «3» может быть выставлена также при 6 орфографических и 6 пунктуационных ошибках, если среди тех и других однотипные и негрубые ошибки.
Оценка «2» выставляется за диктант, в котором допущено до 7 орфографических и 7 пунктуационных ошибок, или 6 орфографических и 8 пунктуационных ошибок, 5 орфографических и 9 пунктуационных ошибок, 8 орфографических и 6 пунктуационных ошибок.
При оценке контрольного словарного диктанта рекомендуется руководствоваться следующим:
Оценка «5» ставится за диктант, в котором нет ошибок.
Оценка «4» ставится за диктант, в котором ученик допустил 1-2 ошибки.
Оценка «3» ставится за диктант, в котором допущено 3-4 ошибки.
Оценка «2» ставится за диктант, в котором допущено до 7 ошибок.
При оценке диктанта исправляются, но не учитываются орфографические и пунктуационные ошибки:
1) на правила, которые не включены в школьную программу;
2) на еще не изученные правила;
3) в словах с непроверяемыми написаниями, над которыми не проводилась специальная работа;
4) в передаче авторской пунктуации.
Исправляются, но не учитываются описки, неправильные написания, искажающие звуковой облик слова, например: «рапотает» (вместо работает), «дулпо» (вместо дупло), «мемля» (вместо земля).
При оценке диктантов важно также учитывать характер ошибок.
Среди ошибок следует выделять негрубые, т.е. не имеющие существенного значения для характеристики грамотности. При подсчете ошибок две негрубые считаются за одну.
К негрубым относятся ошибки:
1) в исключениях из правил;
2) в написании большой буквы в составных собственных наименованиях;
3) в случаях слитного и раздельного написания приставок в наречиях, образованных от существительных с предлогами, правописание которых не регулируется правилами;
4) в случаях раздельного и слитного написания не с прилагательными и причастиями, выступающими в роли сказуемого;
5) в написании ы и и после приставок;
6) в случаях трудного различия не и ни (Куда он только не обращался! Куда он ни обращался, никто не мог дать ему ответ. Никто иной не...; не кто иной, как; ничто иное не...; не что иное, как и др.);
7) в собственных именах нерусского происхождения;
8) в случаях, когда вместо одного знака препинания поставлен другой;
9) в пропуске одного из сочетающихся знаков препинания или в нарушении их последовательности.
Необходимо учитывать также повторяемость и однотипность ошибок. Если ошибка повторяется в одном и том же слове или в корне однокоренных слов, то она считается за одну ошибку.
Однотипными считаются ошибки на одно правило, если условия выбора правильного написания заключены в грамматических (в армии, в здании; колют, борются) и фонетических (пирожок, сверчок) особенностях данного слова.
Не считаются однотипными ошибки на такое правило, в котором для выяснения правильного написания одного слова требуется подобрать другое (опорное) слово или его форму (вода — воды, рот — ротик, грустный — грустить, резкий — резок).
Первые три однотипные ошибки считаются за одну, каждая следующая подобная ошибка учитывается как самостоятельная.
Требования к оформлению и ведению тетрадей.
Учащиеся пользуются стандартными тетрадями, состоящие из 12-18 листов. Тетрадь по предмету должна иметь аккуратный внешний вид. На ее обложке (первой странице) делается следующая запись:
Тетрадь
для _________________________
______________________________
ученика(цы) _5 «А» класса
средней школы №_2_
Фамилия, имя ( в Р.П.)________________________
На обложке тетрадей для контрольных работ, работ по развитию речи делаются соответствующие записи.
При выполнении работ учащимся не разрешается писать на полях. Обязательным является соблюдение правила «красной» строки в тетрадях.
Дата выполнения работы и название месяца записывается в строку прописными буквами без точек. На каждом уроке в тетрадях следует записывать его тему, указать вид выполняемой работы (классная, домашняя, самостоятельная, диктант, изложение, сочинение и т.д.). При выполнении домашней работы в тетрадях учащиеся должны сделать следующую запись -Упражнение 34.
Устанавливается следующий порядок пропуска клеток и линеек в тетрадях:
по русскому языку – линейки внутри одной работы не пропускаются, между домашней и классной работой пропускают 2 линейки.
Итоговые контрольные работы по русской речи выполняются в специальных тетрадях, предназначенных для этого вида работ, поэтому слова «контрольная работа» не пишутся: в тетрадях по русскому языку записывается только вид работы (например, диктант). Учащиеся ведут записи в тетрадях синей или фиолетовой пастой. Карандаш используется при подчеркивании, составлении таблиц и т.д. Учащимся запрещается писать в тетрадях красной пастой. По русской речи, русскому языку и литературе проводятся текущие и итоговые письменные контрольные работы, самостоятельные работы, контроль знаний в форме теста.
Текущие контрольные работы имеют целью проверку усвоения изучаемого и проверяемого программного материала; их содержание и частотность определяются учителем с учетом степени сложности изучаемого материала, а также особенностей обучающихся каждого класса. Для проведения текущих контрольных работ учитель может отводить весь урок или только часть его.
Итоговые контрольные работы проводятся:
после изучения наиболее значимых тем программы,
в конце учебной четверти,
в конце полугодия.
В целях предупреждения перегрузки обучающихся время проведения текущих и итоговых контрольных работ определяется общешкольным графиком, составляемым администрацией школы по согласованию с учителями.
В один рабочий день следует давать в классе только одну письменную текущую или итоговую контрольную работу.
При планировании контрольных работ в каждом классе необходимо предусмотреть равномерное их распределение в течение всей четверти, не допуская скопления письменных контрольных работ к концу четверти, полугодия.
Запрещается проводить контрольные работы в первый день четверти, в первый день после праздника, в понедельник.
Самостоятельные работы или тестирование могут быть рассчитаны как на целый урок, так и на часть урока, в зависимости от цели проведения контроля.
Порядок проверки письменных работ учащихся.
Тетради учащихся, в которых выполняются обучающие классные и домашние работы, проверяются по русской речи:
в 10-11 классах - после каждого урока у слабых учащихся, а у остальных проверяются не все работы, а наиболее значимые по своей важности, но с таким расчётом, чтобы 2 раза в месяц учителем проверялись тетради всех учащихся;
Контрольные диктанты в 10-11 классах проверяются и возвращаются учащимся для работы над ошибками к следующему уроку; изложения и сочинения проверяются и возвращаются учащимся не позже чем через 2 дня, а в 10-11 классах – через неделю.
Достарыңызбен бөлісу: |