ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет18/24
Дата31.12.2019
өлшемі4.48 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шағын жинақты мектепті білім алушылар контингенті шағын, біріктірілген сынып жиынтықтары және оқыту сабақтарын ұйымдастырудың арнайы формасы бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.

Шағын жинақты мектептер мен тірек мектептерінің (ресурстық орталық) қызметі Үлгілік қағидаларға сәйкес және өзінің жарғысымен жүзеге асырылады.

«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің Үлгілік қағидаларына сәйкес, шағын жинақты мектепте:

- жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі;

- сыныптарды бір сынып-жиынтыққа қосу және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылар саны 10 адамнан аспауы тиіс;

- сыныпты 3-10 адам аралығында және одан артық адамға толықтыруға рұқсат етіледі;

- үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқыту сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады;

- бірінші және бітіруші сынып білім алушыларын біріктіріп оқытуға жол берілмейді.

- түрлі жастардағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге рұқсат етіледі.



ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12-наурыздағы №91 бұйрығына сәйкес Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасының 13-тармағында сыныптарды біріктіру нұсқалары алынып тасталынды.

Үлгілік қағидалардың 13-тармағының бұрынғы редакциясында көрсетілген сыныптарды біріктіру нұсқалары, 2012 жылғы МЖББС қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес, сол сыныптардың оқу бағдарламаларының бөлімдерінде кездесетін ұқсастықтармен түсіндіріліп келген. Биылғы оқу жылында 3,6,8-сыныптардың жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, алдыңғы басылымдағы Үлгілік қағидалардың 13-тармағы өзінің маңызын жояды. Сонымен қатар, Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес қолданылып келе жатқан, ШЖМ жағдайындағы үш және төрт сыныпты біріктіру тәжірибесінің де бар екенін ескеру қажет. Сондықтан сыныптарды біріктірудің тиімді нұсқаларын мектеп анықтайды. Мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында және педагогикалық кеңесінде комплектация саны мен ондағы балалар контингентінің толымдылығына байланысты сыныптарды біріктіру жолдарын талқылау ұсынылады.

Білім беру мазмұнын жаңартуға көшу келесі жағдайда жұмыс жасауға дайын болуды талап етеді:



  • білім беру процесін дараландыру;

  • коллаборативті орта қалыптастыру жағдайында белсенді оқытуды іске асыру;

  • саралап оқытуды іске асыру;

  • пәнаралық байланысты қамту;

  • АКТ қолдану;

  • диалог арқылы оқыту;

  • зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу.

Аталған өзгерістерге байланысты, шағын жинақты мектеп педагогі, біріктірілген сынып білім алушыларының сабақта бағдарлама материалдарымен орындайтын өзіндік жұмысының ұзақтығын дербес түрде анықтайды.

2018-2019 оқу жылында республиканың жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 3,6,8-сыныптар жаңартылған оқу бағдарламаларымен оқуға көшуіне байланысты, ШЖМ жағдайында бір мезгілде қолданыстағы және жаңартылған бағдарламалармен оқитын да, сонымен қатар біріктірілетін сыныптарда бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын да сыныптар болады.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін қолданыстағы және жаңартылған бағдарламаларды бейімдеу арқылы біріктірілген сыныптарда білім алушыларға оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар және барлық пәндерден ұзақ мерзімді жоспарлардың, орта мерзімді жоспарлардың, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері былтырғы жылы әзірленген, қазіргі уақытта бұл құрал Академия сайтында қолжетімді www.nao.kz.

Биылғы оқу жылында, ШЖМ жағдайында бірыңғай жаңа оқу бағдарламаларымен оқитын біріктірілген сыныптардағы оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу бағдарламаларын бейімдеудің келесі тетігі ұсынылады: ұзақ мерзімді жоспарларды талдау негізінде жаңартылған бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеу. Ол үшін алдымен біріктірілетін сыныптардағы оқу материалының мазмұнын талдау қажет. Пән бойынша тақырыптарды сәйкестендіру мақсатында келесі кестені пайдалану ұсынылады.

72-Кесте. ШЖМ-нің біріктірілген 5 және 8-сыныптары үшін «География» пәнінен оқу материалдарының мазмұнын талдау үлгісі


Оқу мақсаты

7-сынып оқу материалының мазмұны

Оқу материалындағы тақырыптардың сәйкестігі

Оқу мақсаты

8-сынып оқу

материалының мазмұны




Географияны зерттеу әдістері (6 сaғат)

7.1.1.1


Географиялық зерттеу нысандары

+

8.1.1.1


География ғылымы

7.1.1.2

География ғылымының дамуы

+

8.1.1.2

География ғылымының салалары

7.1.1.3

Географиялық дерек көздер

+

8.1.1.3

Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

7.1.1.4

Географиялық тәжірибелер

+

8.1.1.4

Географиялық деректерді өңдеу және талдау

7.1.1.5


Далалық зерттеулер әдістері

+

8.1.1.5

Географиялық модельдер

7.1.1.6

Географияда графикалық әдістердің қолданылуы

+

8.1.1.6


Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары -

2 Картография және географиялық деректер базасы (3-сaғат)

7.2.1.1

Географиялық картосхемаларды қолдану

+

8.2.1.1

Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер

7.2.1.2

Географиялық номенклатура

+

8.2.1.2

8.2.1.3


Тақырыптық карталарды оқу

7.2.2.1

Географиялық деректерді ұйымдастыру

+

8.2.2.1

Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі

3 Физикалық география (7-сaғат)

7.3.1.1

Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы

+

8.3.1.1

8.3.1.2


8.3.1.3

Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары.

Жер бедерінің жіктелуі.



7.3.1.2

Жердің тектоникалық құрылысы

+

8.3.1.4

Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық объектілері

7.3.1.3

Литосфераның тектоникалық қозғалыстары

+

8.3.1.9

8.3.1.8


Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте.

Тау жыныстарының жасын анықтау.



7.3.1.4

7.3.1.5


Литосфералық катаклизмдер

+

8.3.1.10

8.3.1.7


Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері

7.1.1.3

7.1.1.6


Зерттеу және зерттеушілер

+

8.3.1.6

Зерттеу және зерттеушілер

7.2.1.1

7.2.1.2


Географиялық карталар

+

8.2.1.1

8.2.1.2


8.2.1.3

Географиялық карталар

7.2.2.1

Географиялық деректер базасы

+

8.2.2.1

Географиялық деректер базасы

Сыныптарды бірпәндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді, бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың мерзімдері сәйкестендіріледі. Бағдарлама бойынша оқу материалының мазмұны іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес келмеген жағдайда біріктіру бірпәндік болып қала береді және оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауды қажет етеді. Тақырыптарды іріктеу және сәйкестендіру жолымен алынған бейімделген оқу материалының негізінде, оқу мақсаты анықталады, жаңартылған бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде орта мерзімді жоспар құрылады. Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын ШЖМ біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлар әзірлеудің көрнекі алгоритмі келесі сызбада көрсетілген.


1-Сызба. ШЖМ біріктірілген сыныптарына пәндерден орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу алгоритмі.
Группа 43

Жаңартылған оқу бағдарламаларымен бір мезгілде біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырып және сабақты жүргізу үшін орта мерзімді жоспардың оқу мақсаттары реттеліп, толықтырылады. Сыныптардың оқу материалдарын біріктіру кезінде сағат сандарының сәйкестігі салыстырылады және бекіту, қайталау, білім алушылардың білімдерін тексеру сабақтарының есебінен қайта қаралады. Бейімделген оқу бағдарламасындағы сәйкестендірілген оқыту мақсаттары жаңартылған бағдарламамен оқитын біріктірілген сыныптар үшін қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға бағдар болып табылады.

Мысал ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен 5 және 6 біріктірілген сыныптарға арналған бейімделген ұзақ мерзімді оқу бағдарламасының үлгісі ұсынылады.
73-кесте. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша шағын жинақты мектептің
5 және 6 біріктірілген сыныптарына арналған ұзақ мерзімді оқу бағдарламасының үлгісі


Оқу материалының мазмұны

Оқу мақсаттары


Оқу материалының мазмұны

5-сынып

6-сынып

1 ТОҚСАН

5.1 Таза мінсіз асыл сөз

6.1 Туған жерім-аялы алтын бесігім

5.2.1.1

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі


5.1.2.1

«Қобыланды батыр» жыры

5.3.2.1

Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы




5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

5.1.2.1


әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

5.3.2.1


кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;

5.1.3.1


көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

6.1.1.1

әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау;

6.2.4.1

әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;



6.3.4.1

көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

6.2.3.1

шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.



6.1.1.1

«Аяз би» ертегісі


6.2.4.1

«Алып Ер Тұңға» жыры


6.3.4.1

Әл Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді»


6.2.3.1

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»


Біртақырыптық біріктіру және ортақ мақсат қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірпәндік біріктіру сабақтарының жоспарын әзірлеуде білім алушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес нақты оқу міндеттері қажеттілігінше бөлек қойылады, бірақ оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ортақ белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауға болады.

Сонымен бірге ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеуде жаңартылған бағдарламада ортақ тақырыптардың барын ескеру ұсынылады, оқытудың жүйелілігін сақтай отырып, оқу материалының мазмұнын модулдерге бөлу кезінде пайдаланылады.

2018-2019 оқу жылының басталуына дейін ШЖМ мұғалімдеріне көмек ретінде академия сайтында (www.nao.kz) келесі әдістемелік құралдарға қолжетімді болады:



  • негізгі орта мектеп деңгейіндегі ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • негізгі орта мектеп деңгейінде ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін пәндер бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері;

  • ШЖМ жағдайында ЖМБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • ШЖМ жағдайында ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • шекара аймағындағы ШЖМ-де оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • тірек мектебінің базасында ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • ШЖМ педагогтерінің АКТ құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Республикамыздағы шағын жинақты мектептерді қолдауда тірек мектептері (ресурстық орталықтар) маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 169 ресурстық орталық құрылған, оған 557 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.

Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) басты міндеті – ШЖМ білім алушыларының толыққанды білімге қол жеткізуіне жағдай жасау, колледждермен, өндіріс орындарымен бірге бейіналды және бейіндік оқытуды жүзеге асырады, ШЖМ білім алушыларының инновациялық іс-әрекеттерін дамытады, жаңа сапа деңгейіне көтеру мақсатында ауыл мектептерінің қосымша біліммен қамтамасыз етілуін іске асырады. Білім беру желісін құру (білім беру ресурстарын біріктіру), ШЖМ білім алушылары үшін олардың қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін толығырақ іске асыруға, қажет болған жағдайда қосымша білім беру ұйымдары мен тірек мектептерінің білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту арқылы ШЖМ білім алушылары үшін толыққанды білімге қол жеткізуді ұйымдастыру Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес іске асырылады, мұнда сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан қолдауымен өткізіледі деп көрсетілген. Сонымен бірге оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын ШЖМ-ді дамытудың өңірлік орталықтарының рөлі анықталған. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қажетті мәселелердің барлығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20-наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқ процесін ұйымдастыру қағидалары» негізінде және жергілікті нормативті құжаттардың негізінде – білім ұйымының ішінде, сонымен бірге өңірлік нормативтік құжаттардың негізінде шешіледі. Ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдары, құжат түрлері мектеп базасындағы тірек мектебі үшін Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес дербес болып саналады (ереже, бұйрық, өкім, келісім шарт және т.б.).

Тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру базалық мектептің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін және магниттік ШЖМ жанында шынайы уақыт режимінде және еркін уақыт кеңістігінде сабақ өткізуге жағдай жасалуын қажет етеді. Білім беру ортасын қалыптастырудың басты шарттарының бірі әрбір білім алушы үшін қолжетімділік критерийлері болып табылады. Мектептің мүмкіндігін толықтай көруге болатын келесі сызбаны, тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға негіз етіп алуға болады.

Біртақырыптық біріктіру және ортақ мақсат қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, бірпәндік біріктіру сабақтарының жоспарын әзірлеуде білім алушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес нақты оқу міндеттері қажеттілігінше бөлек қойылады, бірақ оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ортақ белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауға болады.

Сонымен бірге ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеуде жаңартылған бағдарламада ортақ тақырыптардың барын ескеру ұсынылады, оқытудың жүйелілігін сақтай отырып, оқу материалының мазмұнын модулдерге бөлу кезінде пайдаланылады.

2018-2019 оқу жылының басталуына дейін ШЖМ мұғалімдеріне көмек ретінде академия сайтында (www.nao.kz) келесі әдістемелік құралдарға қолжетімді болады:



  • негізгі орта мектеп деңгейіндегі ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • негізгі орта мектеп деңгейінде ШЖМ біріктірілген сыныптары үшін пәндер бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері;

  • ШЖМ жағдайында ЖМБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • ШЖМ жағдайында ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • шекара аймағындағы ШЖМ-де оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • тірек мектебінің базасында ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • ШЖМ педагогтарының АКТ құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

Республикамыздағы шағын жинақты мектептерді қолдауда тірек мектептері (ресурстық орталықтар) маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 169 ресурстық орталық құрылған, оған 557 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.

Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтардың) басты міндеті – ШЖМ білім алушыларының толыққанды білімге қол жеткізуіне жағдай жасау, колледждермен, өндіріс орындарымен бірге бейіналды және бейіндік оқытуды жүзеге асырады, ШЖМ білім алушыларының инновациялық іс-әрекеттерін дамытады, жаңа сапа деңгейіне көтеру мақсатында ауыл мектептерінің қосымша біліммен қамтамасыз етілуін іске асырады. Білім беру желісін құру (білім беру ресурстарын біріктіру), ШЖМ білім алушылары үшін олардың қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін толығырақ іске асыруға, қажет болған жағдайда қосымша білім беру ұйымдары мен тірек мектептерінің білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқыту арқылы ШЖМ білім алушылары үшін толыққанды білімге қол жеткізуді ұйымдастыру Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес іске асырылады, мұнда сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі ШЖМ-да тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) пән оқытушыларының қашықтықтан қолдауымен өткізіледі деп көрсетілген. Сонымен бірге оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу, жеке оқыту бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын ШЖМ-ді дамытудың өңірлік орталықтарының рөлі анықталған. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қажетті мәселелердің барлығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20-наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқ процесін ұйымдастыру қағидалары» негізінде және жергілікті нормативті құжаттардың негізінде – білім ұйымының ішінде, сонымен бірге өңірлік нормативтік құжаттардың негізінде шешіледі. Ұйымдастыру мәселелерін шешу жолдары, құжат түрлері мектеп базасындағы тірек мектебі үшін Үлгілік қағидалардың 16 және 18-тармақтарына сәйкес дербес болып саналады (ереже, бұйрық, өкім, келісім шарт және т.б.).

Тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру базалық мектептің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін және магниттік ШЖМ жанында шынайы уақыт режимінде және еркін уақыт кеңістігінде сабақ өткізуге жағдай жасалуын қажет етеді. Білім беру ортасын қалыптастырудың басты шарттарының бірі әрбір білім алушы үшін қолжетімділік критерийлері болып табылады. Мектептің мүмкіндігін толықтай көруге болатын келесі сызбаны, тірек мектептерінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға негіз етіп алуға болады.

2-Сызба. Тірек мектебінде ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру



Group 78

Тірек мектебі және магниттік мектеп әкімшілігі оқу жылының басында оқу жылының бірыңғай оқу жоспарын жасайды.Бейіндік, бейіналды сағат саны шығарылып, оқу курстарын немесе элективті курстарды оқып-үйрену үшін сағат бөлінеді. Бірыңғай оқу жоспарына сәйкес, онлайн сабақтардың кестесін жасайды және сессияаралық кезеңде ШЖМ білім алушыларымен онлайн сабақтарды өткізеді.

Барлық қажетті материалдар білім беру ұйымының сайтында орналастырылады. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеті олардың МЖБС сәйкес белгілі бір деңгейдегі білім беру бағдарламасын игеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірлескен қызмет болып табылады.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, ШЖМ білім алушылары үшін, ең алдымен, жеке оқу жоспарлары түрінде алдын-ала бейіндік оқытуды жүзеге асыру құралы ретінде, курстың жүзеге асуы, сессияаралық кезеңде күндізгі, қашықтағы онлайн-кластарды ескере отырып, базалық оқу бағдарламасының вариативті сағаттары есебінен жүзеге асырылады.Бұл білім беру процесін ұйымдастырудың оқу бағдарламаларын, принциптерін дамытудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану оқу орындарына білім беру бағдарламаларын меңгерудің әр түрлі нысандарын, сондай-ақ білім алушыларға арналған жеке білім беру стратегиясын құру үшін әртүрлі конфигурацияларды қолдану арқылы оқу жоспарларын құруға мүмкіндік береді: оқу бағдарламалары кезең-кезеңмен немесе модульдік игеріледі.

Тірек мектептер мұғалімдерінің немесе арнайы бейіндік курстардың басқа да түрлі бағдарламаларын дайындаған арнайы курстарды дайындаудың мақсаты әр білім алушының жеке мүдделері мен білім беру қажеттіліктерін түсінуге және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Білім беру желісі көптеген магниттік мектептерді ең үлкен материалдық және адам әлеуетімен біріктіру мүмкіндігіне негізделген, бұл басқа мектептер үшін қолдаудың тірек мектебі (ресурстық орталық) болады.Бұл жағдайда, осы топтағы әрбір мектепте базалық жалпы пәндерді толық меңгеру және ол өз мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асыра алатын әртүрлі оқыту мазмұнының (базалық пәндер және элективті курстар) бір бөлігін қамтамасыз етеді. Бейіндік жаттығудың қалған бөлігін тірек мектебі жүзеге асырады.

Толық нұсқауларды тірек мектебінің (ресурстық орталық) базасында ШЖМ үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардан көруге болады, бұл құрал академия сайтында орналастырылған.

Егер бекітілген магниттік шағын жинақты мектептері бар тірек мектептері (ресурстық орталықтар) сессиялық оқытумен жаңартылған оқу бағдарламасына көшкен 8-сыныптарды қамтитын болса, онда сабақтарды жүргізуді жоспарлау барысында бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауларды өткізу кезеңдерін ескерулері қажет. Бірыңғай оқу жоспарына сәйкес тірек мектебі мен магниттік мектептегі оқыту синхронды жүргізіледі. Осыған байланысты, білім алушылар сессия кезінде де бірыңғай оқу жоспарына сәйкес оқуын жалғастырады. Сондықтан, қысқа мерзімді жоспарда жиынтық бағалау жұмысын алу сессия кезеңіне сәйкес келген жағдайда, білім алушылар оны тірек мектебінде тапсыра алады. Бұл бағалар магниттік мектептің сынып журналына қойылады. Егерде сессияға шығуға кедергі болатын жағдайларды (қаржы мәселесі, транспорт, карантин және басқа) ескермеуге болатын болса, онда оқу жылының басында жиынтық бағалауды өткізу мерзімдерін келісе отырып, он күндік сессия уақытын белгілеуге болады. Мысалы, білім алушылардың сессияға шығу кезеңін бірінші жиынтық бағалау өткеннен кейін қоюға болады.

Егер жиынтық бағалау жұмысын өткізу сессиядан кейінгі кезеңге жоспарланса, ол кезде тірек мектебінің мұғалімдері магниттік мектеп білім алушыларының жұмыстарына өздерінің пікірлерін жазып бере алады. ШЖМ мұғалімі оны жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде, білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау барысында пайдаланады.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді жеңілдету үшін тірек мектебі мен магниттік мектеп мұғалімдері қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын бірге әзірлеуіне болады. Бұл жұмысты мектептің әдістемелік кеңесінің отырысында (пән бірлестігі) қашықтықтан байланыс арқылы жүргізуге де болады, себебі тірек мектептерінің базасында құрылған педагогтардың желілік кәсіби қауымдастығына оның барлық магниттік ШЖМ-і қосылады.

Білім беру ұйымы қашықтан оқытуды ұйымдастыруды көздейтін бағдарлама ресурстарын өз еркімен таңдап алады. Бұлар қашықтықтан оқытудың барлық сатыларын (оқу материалының болуы, үй тапсырмаларын бағалау мүмкіндігі, тестілеу, мұғалім мен білім алушылар арасында қашықтан байланыс ұйымдастыру мүмкіндігі, оқу үрдісін бақылау, электрондық журналды жүргізу және т.б.) қамтамасыз ететін білім беру ұйымының сайтын қамтуы мүмкін. Оқытушының сайты (сол талаптармен), үшінші тарап ұйымдарының қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалануы, білім беру ұйымының серверінде қашықтан оқыту жүйесін орнату.

Анықтама параметрлері ретінде «онлайн» немесе «дербес» өзара әрекеттесу режимдерін пайдалануға болады. «Офлайн» режимі үшін «тұрақты» немесе «сұраныс бойынша» ақпарат беру режимін таңдауға болады. «Интернеттегі» режимде «жеке», «топ құрушы» немесе «басқарылатын топ» байланыс режимдерін таңдауға болады. Нәтижесінде біз 6 топты бөліп аламыз:

1) «оффлайн» сұрау бойынша - пошта, форумдар, Jabber сияқты сөйлесулер;

2) «оффлайн» тұрақты сайттар, Moodle сияқты электрондық оқыту жүйелері;

3) «Интернеттегі» жеке - IP-телефония, Skype сияқты видео хабаршылар;

4) «Интернеттегі» топ - бейне конференциялар;

5) «Интернеттегі» басқарылатын топ - вебинарлар өткізуге арналған жүйелер;

6) «Интернеттегі» бірлескен - қашықтан қатысу жүйелері.

Білім беруге арналған инновациялық BilimBook планшеттері республикадағы үш шағын жинақты мектепте жобалық режимде тестіленген, дер кезінде қолға алынған шешімдердің бірі болып табылады. «BilimBook» жобасы бірнеше мақсаттарды көздейді:

1. ШЖМ -де жеке оқу құралдарын енгізу;

2. ШЖМ -де білім беруді дараландыруға жағдай жасау;

3. Интернет желісіне тәуелсіз, қажеттілігіне қарай ШЖМ-ге АКТ енгізуді іске асыру;

4. аралас оқыту технологиясының үлгілерін ішінара қолдану арқылы ШЖМ-де оқыту сапасын жақсартуға жәрдемдесу.

Оқу планшеттері көптеген елдердің мектептеріндегі білім беру жүйесінде сәтті пайдаланылады. «BilimBook» жобасы - ауыл мектептері үшін Bilim Media Group компаниясы арқылы жүзеге асырылатын бірлескен ұлттық жобалардың бірі.

ШЖМ 10-11-сынып білім алушылары тірек мектебінің (РО) базасында өз қалаулары бойынша екі бағытта топтастырылады. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие және мектеп компонентіне берілген сағаттардың есебінен жүргізіледі. Бұл өз кезегінде, ШЖМ жағдайында сынып параллельдерінің жоқтығына байланысты балалардың бейіндік пәндерді таңдау мүмкіндігінің болмауына қатысты мәселені шешеді. Көп жағдайда тірек мектептеріне бекітілмеген ШЖМ-де бір бағытты таңдау ғана тиімді болса, ЖМБ бағытын таңдайды. Осы жағдайда ҚГБ пәндерге бейімділігі бар балалар үшін қолданбалы курстарды ұйымдастыру үшін қосымша жұмыс қажет. Бұл мәселеге қатысты ШЖМ жағдайында оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың келесі мүмкіндіктерінің бірін пайдалану ұсынылады:


  • факультатив сабақтары;

  • ҚГБ пәндері бойынша үйірме жұмыстарын жүргізу;

  • педагогтің кезең-кезеңмен жүйелі кеңес беріп отыруы арқылы дербес, өз бетінше оқуын ұйымдастыру;

  • кіріктірілген сабақтар;

  • таңдау курстары (элективті);

  • қашықтықтан оқыту (тірек мектептерімен байланыс орнату);

  • жеке сабақтар;

  • практикумдер.

ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерін оқытуды ұйымдастыру деңгейі мен білім беру сапасының ағымдағы жай-күйін талдау бойынша жүргізілген мониторингтік зерттеу білім алушылардың жыл сайын өткізілетін олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына республика деңгейінде қатысу дәрежесі өте төмен екенін көрсетті (5-6%). Сондықтан балалардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауда мұқияттылық қажет, олардың білімдерін қызығушылық бағытында тереңдету үшін сараланған және дербес оқыту тәсілдерін қолдану арқылы жұмысты жалғастыру керек. Жұмыстарды ШЖМ сыныптарындағы бала санының аздығы, оқытуды нәтижелі ұйымдастыруға кедергі емес, керісінше артықшылық екенінен бастау қажет.

Зерттеу тақырыптары арқылы оқыған және алған білімге қайта оралуды көздейтін білім мазмұнын шоғырландыру (концентрическая) құрылымын ШЖМ жағдайында ЖМБ пәндерін тереңдетіп оқыту үшін тиімді қолдануға болады. ШЖМ сыныптарының аз толымдылығы білім алушыларды толық қамтуға және мұндай жұмыс әдісін ұйымдастыруды басқаруға толық мүмкіндік береді.

Мысал ретінде физика пәні сабағында жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырайық. Ұсынылып отырған жұмыс тәжірибесінде, физика курсының мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқытудың кешенді жұмыс жүйесі құрылады.

Ол келесі кезеңдерден тұрады және білім алушы мен мұғалімнің алдағы бірлескен жүйелі жұмысының түйінді тетіктері болып табылады:



  • мұғалімнің ұсынған тақырыптарының ішінен әрбір білім алушы өзіне зерттеу тақырыбын таңдайды/өзі ұсынған тақырыпты алады;

  • алгоритм бойынша, білім алушылар мұғаліммен бірге немесе жеке (қажеттілігіне қарай) алған тақырыбын зеттеу жоспарын жасайды, бұл жұмыс ШЖМ контингентінің аздығына байланысты қиындық тудырмайды;

  • мұғалім білім алушылардың жұмысын бақылайды, сыныптағы білім алушылардың зерттеу жұмыстарының барысын қадағалай отырып, бағыт-бағдар мен кеңестер беріп отырады;

  • мұғалім білім алушыларды алдағы жақын аралықтағы бағдарламаға сәйкес өтілетін оқу материалының тақырыптарымен таныстырады (тоқсан бойынша жасалған орта мерзімді оқу жоспарын алуға болады);

  • мұғалім сабақтың қысқа мерзімді жоспарына, өтілген тақырыпқа білім алушының тақырыбы тұрғысынан қайта оралуды енгізеді, оны сабақта білім алушының өзі баяндайды, білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, байланысы ашылады;

  • оқытудың алғашқы сатысында қарапайым түсініктер беріледі, олар алдағы уақыттағы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктері мен білімдерінің толығуына қарай тереңдейді және кеңейе береді;

  • оқу жылының соңында мұғалім нәтиже шығарады: тереңдетілген оқу материалының меңгерілу деңгейі зерделенеді және білім алушылардың зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері анықталады, нәтижесі бойынша алдағы уақыттағы білім алушылардың білімін тереңдету және жобалық жұмыстарын жалғастыру жоспары нақтыланады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеу тақырыптарын білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен бірге тұрғылықты жеріндегі және мектептегі зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктеріне қарап, ұсыну қажет. Осылайша, оқыту процесін білім алушылардың зерттеу жұмыстарымен сәтті ұштастыруға болады, мұның барысында балалар өте көп қосымша әдебиеттерді оқиды, желілік ресурстардан және т.б.ақпарат алады. Енді осындай сабақ үлгісіне сәйкес келетін қысқа мерзімді сабақ жоспарының жалпы нұсқасын ұсынамыз, мұнда мұғалімнің сабақта өтілетін материалға білім алушының зерттеу тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясы көрініс тапқан.


Сынып:

Күні:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы




Оқу мақсаттары




Оқыту нәтижесі

Білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, басқа параметрлермен байланысы және оларға тәуелділігі анықталады, радиоактивтілік туралы түсініктері мен білімдері тереңдейді.

Түйінді идеясы

сабақта өтілген материалға білім алушының тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясы

Дереккөздер

Оқулық материалдары, білім алушылардың зерттеу тақырыптарының материалдары

Материал және құрал-жабдықтар

  1. ПК, мультимедиа-проектор, презентация

  2. Видеоматериалдар

  3. Үлестірме материалдар

  4. Электрондық оқу құралы

Сабақ барысы

Сабақты өткізу кезеңдері

Уақыты

(40 минут)

Сабақтың барысындағы жұмыс түрі

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Сыныптың дайындығы, жалпы ұйымдастыру сұрақтары.

  2. Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Білімді белсендіру

3 минут

Электронды оқу құралымен жұмыс.


Мотивациялық кезең

3 минут

  1. Проблемалық ситуация туғызу.

  2. Тақырыпқа қатысты «Білгім келеді» сұрақтарын өз-өзіне қойып, әрбір білім алушы сұрақтар қалыптастырады және жазып қояды

Білім алушы білімін кеңейту және тереңдету

  1. минут

  • Интерактивті ақпарат алмасу (білім алушылардың жобалық жұмыстарынан) және талқылау. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары:

  • 1.«Табиғи радиациялық фонның өзгеруін зерттеу».

  • 2. «Топырақтың радиоактивтілігін зерттеу».

  • 3. «Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері».

  • 4. «Ауыз су сапасын жақсартудың физикалық тәсілдері».

  • 5. «Баспана қасиеттерін физикалық тұрғыдан зерттеу».

  • 6. «Жергілікті жердегі өсімдік жапырақтарының оптикалық жүйесін зерттеу».

Рефлексия

5 минут

Мен білетін бір нәрсе,
Мен білгім келген екі сұрақ,
Мен бүгін жауабын тапқан үш сұрақ

Сабақты қорытындылау

2 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы

1 минут



Мұғалім бағыт-бағдар беруші ретінде сабақтың қорытындысын келесі кезеңдерге бастайтын қадам деп қарай отырып, жаңа білім жинауға және оны тереңдетуге жол ашатын бағыттауыш етіп алады.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерін тереңдетіп оқыту бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу барысында білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары «шиыршық» принципі негізінде әзірленгенін ескеру қажет. Осы оқу бағдарламаларына сәйкес көптеген оқу мақсаттары мен тақырыптар белгілі бір академиялық оқу аралығы өткеннен кейін біртіндеп тереңдетіліп, күрделендіріліп және білім дағдыларының көлемі ұлғайтылып, қайталанып отырады. Сондықтан, бағдарламада бар тақырыптарды және материалдарды қайталамас үшін, оқу бағдарламаларының толық мазмұнынымен алдын-ала танысу ұсынылады. Оқыту барысында болатын проблемалар мен қиындықтарды анықтау мақсатында білім алушылардың мектептегі білім сапасы мен үлгерімдерін (жеке сынып проблемаларын зерделеуге болады) талдау қажет.

Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану білім беру процесінің барлық қатысушыларының ынтымақтастықтары, диалогтік және рефлексивтік технологиялар үшін алғышарттарды қалыптастырады, олар негізгі пәнмен терең байланыста білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметтерін ұйымдастырумен ұштастықта, факультативтерді, элективтік курстарды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

СБР-лар арқылы педагогтердің жұмыс жеңілдету сабақтардың кезеңдерін мұқият әзірлеумен өтелуі тиіс – өткен материалды бекіту, жаттықтыру жаттығулары, дағдылары мен біліктілігін пысықтау, білімді бақылау, біріктірілген сабақтар жоспарлау, өзіндік жұмыс ұйымдастыру, , жұппен және топпен оқыту, шығармашылық жұмыстар орындау, білім алушылармен жеке жұмыс. Инновациялық технологияларды қолдану мұғалімнің рөлін оқытушыдан, білім алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын игеруде тәлімгерлік пен үйлестірушіге дейін түбегейлі өзгертеді.Оқытылатын пәннің ерекшеліктері мен оқытушының тәжірибесін ескере отырып СБР-лерді пайдаланудың және демонстрациялық материалдарды іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс. СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесінің құрамдас бөлігі, ал бағдарлама – негізінен сабақта мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі педагогтің білім алушылардың танымдық қызметін өте жоғары дәрежеде ұйымдастыра алуына байланысты. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі қағидаттарын бөліп көрсету қажет:

- белсенді қабылдауды орнату;

- СБР пайдалану кезіндегі білім алушылардың оқу іс-әрекетін бақылау және басқару;

- сабақта СБР пайдаланғаннан кейінгі білім алушылардың оқу әрекетін басқару.

Мониторингтік зерттеу нәтижесі көрсеткендей, оқыту процесінің барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары жеткілікті ашылмайды, нәтижесінде оқу мақсаттарының тәрбие аспектілерімен байланысы өз дәрежесінде іске асырылмайды. Сондықтан білім алушыларды тұлға, азамат және патриот ретінде қалыптастыратын жоғары моральдік сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіру үшін, зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін, шағын жинақты мектептерде терең теориялық және практикалық ізденісті қажет ететін кең ауқымды қызықты тақырыптарға сыныптар арасында, мектептер арасында сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау қажет. Біріктірілген сынып сабақтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын ашу үшін маңызды ой түйіндеу мақсатында әлемдік мәдениет құндылықтары мен ұлттық мәдениетімізді қатар қойып теңеу, дәуірлер тоғысына салыстыру жүргізу ұсынылады. Бұл сонымен бірге, ШЖМ білім алушыларының бойында келесі дағдыларды дамытуға ықпал етеді:


  • шығармашылық қабілеттерін;

  • деректерді талдау негізінде дәлелді жүйелі ой айту;

  • білім алушы деңгейіндегі зерттеулерді жүргізу;

  • ауызша және жазбаша түрде өз ойын анық жеткізе білу;

  • түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді қолдану.

Бұл ретте пайдаланылатын ресурстардың мазмұны оқу пәнінің бағдарламалық материалдармен тығыз байланыста болу қағидаттарын ұстануы қажет.

Мұндағы маңызды орын оқыту процесі мен ондағы білім алушының рөліне беріледі, ШЖМ жағдайында оқыту жүйесін әрбір білім алушының жеке қабілетіне қарай, оның эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ететіндей етіп құру қажет. Білім алушылардың жеке қабілеттері әрдайым ескерілмейді, білім алушылардың жақын даму аймағын ескеру арқылы сараланған тапсырмалар таңдалмайтынын атап өткен жөн.



Мемлекетіміздің білім беру жүйесінің алдына қойған қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім берудегі сапалық алшақтықты қысқарту, математикалық және жаратылыстану ғылымдарының білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту сапасын күшейту, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» және «Сандық Қазақстан» бағдарламаларының орындалуына байланысты тамыз кеңесіндегі ШЖМ мұғалімдерінің секцияларында келесі тақырыптарды талқылау ұсынылады:

1. Жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша ШЖМ біріктірілген сыныптарында оқыту процесін ұйымдастыру.

2. ШЖМ жағдайында ЖМБ және ҚГБ пәндерінен білім сапасын арттыру.

3. Шекаралық аумақтағы ауылдық мектептерде, оның ішінде ШЖМ-де білім беру процесін жетілдіру мәселелері.

4.ШЖМ үшін ресурстық орталықтарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру.

5.Пәндер саласына байланысты ШЖМ педагогтерінің ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жетілдіру жолдары.

6. Жаңа МЖМБС көшу кезеңіндегі ШЖМ жағдайындағы білім беру ортасының қауіпсіздік ерекшеліктері.

7. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-де білім беру процесін басқару.

Оқу жылының барысында әдістемелік бірлестіктердің отырысында немесе мұғалімдердің желілік кәсіби қауымдастығымен байланыс орнату арқылы вебинарларда ШЖМ мұғалімдері үшін шеберлік сынып сағатын ұйымдастыру, қажетті әдістемелік көмек беру ұсынылады. Себебі, білім мазмұнын жаңарту бойынша қысқа мерзімді білім жетілдіру курстарынан өтудің жеткіліксіз екені көрінуде, мұғалімдердің өз-өзіне сенімсіздігі және жаңа педагогикалық тәсілдерді сабақта жүйесіз қолданулары білім алушылардың оқуға деген ынтасына кері әсерін тигізеді, сонымен қоса уақытша алмастыру мүмкіндігінің жоқтығы мәселесіне байланысты ШЖМ мұғалімдерінің көпшілігі курстан өтпеген.



Бүгінде ШЖМ педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуына, көптеген өңірлік, әлеуметтік-экономикалық мәдени факторларды ескеретін баланың тұлғалық дамуына арнайы тәсілдер қолдануға аса мұқтаж болып отыр. Оқытудың заманауи тиімді технологияларын енгізу, ШЖМ оқу процесіне инновациялық білім беру технологияларын қолдану, прогрессивтік өзгерістердің жылдам қарқыны мұғалімдердің үнемі педагогикалық ізденуін қажет етеді.

Бүгінгі күні ШЖМ педагогтері практикада қолданылатын оқытудың әдістемелерін жүйелендіруі және оқыту процесіне жаңа педагогикалық тәсілдерді белсенді енгізулері қажет. Оның барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны, онлайн-ресурстарды кең қолдануға, білім алушылардың өзіндік белсенді танымдық іс-қимылына жағдай жасау қажет.





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет