ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет9/24
Дата31.12.2019
өлшемі4,48 Mb.
#54722
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің зайырлы, гуманистік және даму сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке адамның еркін дамуы, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, тұлғаны білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі, тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары болып табылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.



  • Республикадатәрбие беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жүзеге асырылады.

2018-2019 оқу жылында республикадағы жалпы білім беру мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмысының ерекшелігі – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру талап етіледі.

Бұл талаптың өзектілігін Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.

Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғырту идеялары мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді.

Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқыту мақсаттарының жүйесі» атты 3 тарауы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеяларының құндылықтарын қамтиды. Бұл құндылықтарға: қазақстандық патриотизм, қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық бірегейлікті сақтау,бәсекеге қабілеттілік және прагматизм,сананың ашықтығы және білімнің салтанат құруы.

Жалпыұлттық негізгі мақсат - мықты әрі жауапты адамдардан тұратын Біртұтас Ұлт құру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжатында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.



  1. Бәсекелік қабілет – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

2. Прагматизм - нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау - Ұлттық мәдениетті сақтау және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.

4. Білімнің салтанат құруы. Әрбір қазақстандық табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы керек..

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

Бүгінде революцияның болмысы өзгерді. Олар ұлттық, діни, мәдени немесе сепаратистік сипатқа ие болды. Бірақ түптеп келгенде көптеген жағдайда бәрі де қантөгіспен экономикалық құлдыраумен аяқталғанын білеміз. «Сондықтан, - деп жазады Н. Ә. Назарбаев - әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі».

6. Сананың ашықтығы - дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.



Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасының критерийлері негізінде тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық талдау жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдамалары: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің  өлшеу критерийлері (бәсекелік  қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») сондай-ақ «Мектеп білім алушысының кітап оқу іс - әрекеті»әдістемелік ұсынымдамалары  мүмкіндік береді.

Ел Президентінің мақаласында білім сапасын жақсарту жалпы орта білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндердің оқу процесін жаңғырту мәселесіайтылған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.

Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Білім, экология және абаттандыру, өңір тарихын зерделеу, жергілікті деңгейдегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілерді қалпына келтіру саласындағы маңызды өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын орта мектептерде оқыту. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның сайтына мұғалімдерге көмек ретінде мына әдістемелік ұсынымдамалар орналастырылған:


  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, 2017 жыл;

  2. «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) , 2018 жыл;

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылы «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): әлеуметтік-тарихи тәжірибе»атты әдістемелік ұсынымдамалар мен «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін әдістемелік ұсынымдамаларәзірленетін болады.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобасы арқылы халықтың санасына басқа да – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру қажет. Мұның бәрі де ұлттық бірегейлікті қалыптастырады.Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.



2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің 100 нысанының тізімі дайын болды. Жергілікті өңірлердің киелі орындардың тізімі қалыптасуда. Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендеріне Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары жатады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.

Көрсетілген аспектіде білім берудің жаңа парадигмасы негізінде музейлерде «жанды» сабақтар ұйымдастыруға бағытталған «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы  «жанды» сабақтар» атты әдістемелік ұсынымдамалар, сонымен қатар «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» атты, Академия әзірлеген, әдістемелік ұсынымдамаларын қолдану ұсынылады.

Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқысаясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Мыңжылдық тарихымызда біздің мәдениетіміз алғаш рет әлемнің барлық континентінде, жетекші тілдерінде айтыла бастады. Мұғалімдердің назарына «Жас ұрпақты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының рухани-құндылық бағдарлары негізінде тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» ұсынылады.

Елбасы үш міндетті орындауға бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.



  1. Өздерінің ақылымен, еңбегімен және дарынымен қазіргі Қазақстанды жасап жатқандардың шынайы бейнесін көрсету.

  2. Танымал замандастарымызға ақпараттық қолдау көрсететін және елге әйгілейтін жаңа мультимедиалық алаңқұру.

  3. Тек ұлттық деңгейдегі ғана емес, өңірлік деңгейдегі «100 жаңа есім» жобаларын жасау. Біз ұлтымыздың алтын қорын құратын отандастарымызды білуіміз қажет.

2017 жылдың 1 желтоқсанында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталды. Көпшіліктің онлайн дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобаны жүзеге асыру үшін«100 жаңа есім» жобасының қаһармандары –«ұлттың «алтын» қоры» әдістемелік ұсынымдамаларынәзірлеу үстінде.

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі керек, онда президент кәсіби білім беруге, жастар патриотизмін тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса ерекше мән береді. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтердің санасын жаңғырту» және «Саналы азамат»: білім алушының білім алуы мен кәсіби дамуының жеке бағыты» атты әдістемелік ұсынымдамалары көмек болады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зерделеу барысында жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.Сынып сағатын және басқа да тәрбиелік іс-шаралар өткізген кезде, жаңа технологияларды және тәрбиелеудің белсенді формаларын қолдануға болады. Ресурстар ретінде ұлттық әдебиет, кинематография, публицистика, поэзия, өмірлік ұстанымдары туралы өздерінің эсселерін пайдалану ұсынылады.

Заманауи жас қазақстандықты қалыптастыруда оның түрлі бағыттағырухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік-коммуникативтілігі, сөйлеу мәдениеті, эстетикалық-көркемділігі, спорттық сауықтыру жағы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет. Балаларды шығармашылық жұмыс түрлеріне тарту білім алушылардың мектептегі оқу үдерісімен, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда аптаның алтыншы күнінде немесе мәдени мекемелермен келісім-шартта көрсетілген уақытта; өлкетану сабақтар, факультативтік сабақтар, үйірмелер, секциялар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты негізгі және қосымша білім беру мүмкіндігін ұтымды пайдалану қажет. Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия,туристік-өлкетанулық экспедициялар тәрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен мәдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады,тұлғаны өзін-өзін танытуға ықпал ететін педагогикалық күш-қуат, әлеует болып табылады.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы адамгершілік бағыттарды, азаматтылықты, патриотизмді, ұлттық танымды, көшбасшылық қасиетті қалыптастыруда, заманауи жастардың жеке бастамасын ұсынып, жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруда едәуір ықпал етеді. 2011 жылы 11 ақпанда Қ. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» біртұтас қозғалысын және «Жас Қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін құру арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атапөтті.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басым міндеттері:Тәрбие жұмысына әдістемелік инновацияны енгізу, балалар мен жасөспірімдер ұйымының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру,тәрбие мәселелері мен тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау мониторингінің жүйесін жасау және қолдау, Қазақстандағы балалар қоғамдық қозғалысының бірыңғай тәрбие кеңістігінде қоғамдық бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

«Жас Ұлан» жас ерекшеліктері принциптеріне сай екі деңгей бойынша құрылған. 1-4-сынып білім алушылары (6-10 жас ) «Жас Қыран» мүшелері, 5-10-сынып білім алушылары (11-16 жас) «Жас Ұлан» мүшелері болыпбөлінеді.

«Жас Ұлан» ұйымымен қатар мақсат-міндеттері ортақ басқа да ұйымдар бар. Олардың қатарына «Ұлы Дала Скауттары» (ҰДС) ұйымы, «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» ұйымы және Республикалық «Жұлдыз» Республикалық Одағы жатады.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысын қалыптастыру және дамыту кезеңдеріне сараптама Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе, бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдамаларында жүргізілген.

Қазіргі қазақ мектебінде тәрбиелеудің идеологиялық мазмұны жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында барлық санаттағы білім алушыларды толық қамтудың маңыздылығын ескереді. Мұндай жұмыстың тиімділігі үшін қажетті жағдай оның жүйелілігі, сабақтастығы мен дәйектілігі болып табылады. Оны оқу процесіне қатысушылардың барлығы (білім алушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асыруы керек.

Тәрбие әрбір педагогтің идеологиясын, стратегиясы мен тактикасын анықтай отырып кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мұғалімнің кәсібилігі тәрбиеші сияқты білім алушының жасына, жынысына, субмәдениетіне, коммуникациясының жеке ерекшеліктеріне және білімділігіне негізделген. Тәрбиелеу процесі оқу пәнінің мазмұны арқылы жүретіні сияқты сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың әрқилы түрлері арқылы дажүреді.

Мұғалімнің тәрбиелеудегі рөлі білім саласындағы ағымдық үрдістерді ескере отырып, білім алушыға қажетті білім деңгейін хабардар ету ғана емес, оларды меңгеруге, өз күшімен қол жеткізуге және практикада қолдануға ынталандыру қажеттілігімен күшейеді.Мұғалім белсенді, тәуелсіз және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие процестерін үйлестіре білуі керек.

Сабақ барысында мұғалімнің тәрбиелік белсенділігі білім берудің жаңартылған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына құндылықтарды енгізуде айтарлықтай маңызға ие болады. Мұғалімдердің жеке қасиеттері, кәсібилігі, білім алушылармен қарым-қатынас жасау қабілеті оқу-тәрбие процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

Осыған байланысты пән мұғалімінің тәрбие беру функциясын оның жан-жақты дамуы мен шығармашылығын танытуы үшін жағдай жасау арқылы нығайту қажет. Заманауи мұғалім қоғамның идеологиялық, адамгершілік құндылықтарын тасымалдаушы болып табылады.

Тәрбие процесіндегі басты тұлға - педагогикалық кеңістікте баламен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісі болып табылады. Сынып жетекшісінің міндеті кең, оның басты міндеті әрбір баланың барынша дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтермен өзара әрекеттесуін, іс-шараларды ұйымдастыру және оларға жеке қатысуын бақылау мен талдау. Сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өз мүшелерінің әрқайсысын өз бетінше тәрбиелеу қабілеті бар осындай ұжымды құруда жеке қызметі мен шеберлігінің жүйелілігімен танылады.

Жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып жетекшілерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтына орналастырылған.

Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында жүргізілуі тиіс. Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған.

Қатысушылардың педагогикалық процесіндегі өзара іс-қимылын мектептегідей сынып, клуб, үйірме сияқты әрбір бастапқы бірлестіктерде жоспарлап ұйымдастыру керек.

Білім алушылардың құқықтық тәрбиесі қоғамдағы әлеуметтенудің табысты басты факторларының бірі болып табылады. Ол білім аушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, дербестігін, бастамашылдығын, толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған.

Нәтижесінде білім алушы негізгі моральдық-құқықтық нормаларды меңгеруі тиіс: өзгелердің пікірін құрметтеу, күнделікті өмірде мінез-құлық ережелерін сақтау, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті,табиғатты қорғау, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына құрметпен қарау.

Құқықтық білім берудің маңызды міндеті - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.

Балалардың азаматтық-құқықтық нормаларын сақтауға жауапты ата-аналар, сонымен қатар, олардың құқықтық мәдениетін жетілдіру үшін жұмыспен қамтуы тиіс.

Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.

Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың, педагогтердің, психологтердің, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды.



Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы мектептерде айтарлықтай қиындық туғызады, ол тек сол тұлғаның өзіне ғана емес, сонымен бірге айналасындағыларға да қауіпті. «Қиын балалар» немесе «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған» балалардың пайда болуының басты себебі көбінесе отбасынан басталады: әлеуметтік қиын орта, балаларға көңіл бөлінбеуі, жанжалдасу, ата-аналардың тәрбие туралы білімдерінің аздығы, авторитарлық тәрбие және т.б. Қазіргі кезеңдегі ата-анамен жұмыс жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді.

Бұл контекст бойынша ата-аналар жиналыстары өз маңыздылығын жоғалтпайды, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің ата-анамен қарым-қатынасындағы қажетті және тиімді жұмыс нұсқасы болып қала береді. Бұл жерде қалыптасқан үлгіден, жиналыстарды ұйымдастырудың бірізді нұсқаларынан ауытқу керек.

Көп жағдайда ата-ана өз баласы жайлы бәрін білем деп ойлайды. Бұл жағдайда педагог ата-аналарды білім алушылардың мәселелерін және оқушыларда туындаған қиындықтарды талқылауға тарту жолдарын, оларды қызықтыру тәсілдерін білуі тиіс.

Материалдарды таңдауға шығармашылық тұрғыдан қараған дұрыс, сонымен қоса ата-аналардың да қызығушылығы ескерілгені жөн.

Ата-аналармен жұмыс барысында тиімді қолданылып келе жатқан тәсілдер: байқаулар ұйымдастыру, көрме, «дөңгелек үстел», психологиялық тренингтер, отбасы жайлы презентация, отбасы тарихы мен дәстүрлерін баяндау, іскерлік ойындар.

Білім беру ұйымының жергілікті актілерінде оқу жылының барысында ата-аналар жиналыстарының неше рет өткізілетіні көрсетіліп жазылуы тиіс (сыныпта, мектеп бойынша). Қалыпты жағдайда сынып жетекшісі 4 ата-аналар жиналысын өткізеді, тоқсанына бір рет. Бұл ата-аналар жиналыстарының ең аз мөлшері. Сонымен қатар, ата-аналар жиналысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Бастауыш білім беру деңгейінде ата-аналар жиналысын жиі өткізу ұсынылады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысын өткізу жоспарын бекіту қажет. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының хаттамасын жүргізеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығы).

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, өзін-өзі басқарудың жоғарғы ұйымы, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылының барысында кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Оның шешімдері ата-аналар қауымының, олардың заңды өкілдерінің және мектеп ұжымының 50-70% астамы қатысқан жағдайда заңды болады. Жиналыстардың арасында өзін-өзі басқару ұйымының өкілеттілігін жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті жүзеге асырады.

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының миссиясын жүзеге асыруында, және де басқаруында, оқу-тәрбие жұмыстарына қолдау көрсетуде белсенді роль атқарулары тиіс.

Қамқоршылық кеңесінің жұмыс бағыттарына сәйкес тәрбие жұмыстары жөніндегі мектеп директорының орынбасары аз қамтылған білім алушылар мен талантты балаларға қолдау және көмек көрсету шараларын, әлеуметтік-мәдени, салауаттылықты насихаттау және дамытушы іс-шараларды бірлесіп атқарулары тиіс. Қамқоршылық кеңеспен бірлесе отырып, тәрбие жоспарын сәтті жүзеге асыру үшін оқушылық деңгейдегі өзін-өзі басқаруды дамытуға қажетті жағдай туғызу маңызды.

Алдын алу жұмыстары және жасөспірімдердер арасындағы деструктивті құбылыстарды дер кезінде түзету, алдымен, отбасы мен мектептің тығыз байланысын, сонымен бірге әлеуметтік педагог және мектеп педагог-психологының, медицина, құқық қорғау салаларының мамандарының (шақыру арқылы) әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыстарына жұмылдырылуын көздейді.

Әлеуметтік педагогтардың және мектеп педагог-психологтарының жұмыстары баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының өрістеуіне жол бермеу мақсатындағы үздіксіз бақылау мен осыған әсер етуші факторларды саралауға бағытталуы тиіс: қатер тобына назарды күшейту, қажетті оң әлеуметтік тәжірибеге икемдеу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мұндай балаларды олар үшін маңызды болып табылатын шараларға тарту.

Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын әзірлеу және оны жүзеге асыру әлеуметтік ортасымен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру арқылы «қиын балаларды» игеруге бағытталған: коммуникативтілік, өзін-өзі ұйымдастыру, жанжалдарды шешу, мәселелерді жалпыға бірдей, заңды әдіс-тәсілдермен шешу, «салауатты өмір салты» моделдері арқылы және т.б. Аталған бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясын анықтауға дейінгі жеке тәсілдерге құрылуы тиіс. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ата-аналардың қамтылуын қарастыру маңызды.

Сынып жетекшісінен басқа, девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруға құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесінің мүшелері кіреді.

Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесіне ұсынылады:

- әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық көмек көрсету;

- «қатер тобын», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларды», сәтсіздік себептерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу;



- психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңеске ерте жастан жаман әдеттерге үйір болу, қатігездіктің үдеуі фактілерінің орын алуына жол бермеуге назар аудару қажет.



Әлеуметтік педагогте балалармен және отбасымен жұмыс істеу алгоритмі бар жұмыс жоспары болуы тиіс, баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының алдын алу бойынша субъектілердің мекемеаралық байланысы болуы шарт. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог тәрбие жұмыстарының бағытындағы барлық нормативтік құжаттарды білуі тиіс.

Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіне ҚР денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Бір-бірімізге жақын, жаман әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сүйену ұсынылады.

Зорлық-зомбылық көрген, девиантты мінез-құлыққа және суицидке бейім балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі: оралман балалар; мигрант балалар; өмірлік қиын жағдайда қалған балалар»).

Білім беру ұйымдарында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ сынақтан өткізілген ұзақ мерзімді тәрбие жобаларын жалғастыру ұсынылады: «Туған елге тағзым», «Шаңырақ».

Еліміздің білім беру ұйымдары бес күндік оқу аптасына көшірілуде. Сағаттарды қайта бөлу сынып сағаттарының тұрақты өткізілуі мен сапасына әсер етпеуі тиіс. Сынып сағаттарын оқу бағдарламаларына бағыттай кіріктіріп, сонымен қатар, сенбі күндері өткізуге болады.

«Өлкетану» (краеведение) бағытының негізгі контекстінде мектеп кітапханасы мен мектеп мұражайының тәрбие құралдарын пайдалану ұсынылады. Маңызды іс-шаралардың бірі: «Кітап – білім бұлағы» (оқуды насихатттау).

Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері «100 кітап» жобасына белсенді ат салысулары қажет, балалардың әрқайсының кітап оқуына ықпал жасау, сонымен қатар білім алушылардың ата-аналарының арасында кітап оқуды насихаттау ұсынылады.

«Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығына және осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сынып жетекшісінің функциясын орындайтын мұғалім тәрбие жұмысында келесі құжаттарды толтырады және жүргізеді:

- сынып журналы;

- білім алушылардың жеке іс-қағаздары (соның ішінде, білім алушылардың сабақ үлгерімі туралы табелі);

- тәрбие жұмысы жоспары (жылына бір рет толтырылады, оқу жылының басында );

- ата-аналар жиналысының хаттамалары;

- білім алушылардың күнделіктері.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлінген қызметтік міндеттеріне сәйкес:

- оқу жылына арналған жалпы мектептік жұмыс жоспары;

- оқу жұмыс жоспары;

- тарификация;

- сағаттар есебі;

- жұмыс уақытын тіркеу табелі;

- сабақ кестесі;

- емтихан қорытындыларының хаттамалары;

- ата-аналар жиналысының хаттамалары;

- бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуды есепке алу журналы;

- «білім алушылардың мақтау қағаздарын және мақтау грамоталарын, сабақ үлгерімі туралы табельдерді беруді есепке алу кітабын»;

- «босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын» жүргізеді.

3. 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптардың білім алушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады.

4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын білім алушы тәрбиелеу.

4-сынып білім алушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады, әсіресе функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені білім алушыларды оқытуда білім беру процесіне: дәлелдер келтіру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану, эссе жазуға үйрету сияқты оқытудың белсенді түрлерін енгізуге ерекше назар аудару қажет. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге дайындық және сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мұғалімге критериалды бағалаудың элементтерін қолдануға болады.

Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар білім алушылар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын қолдану, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр білім алушының жұмыс жасауына және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім алушылар негізгі оқу материалын сабақта меңгерулері тиіс екеніне назар аудару қажет.

Үй тапсырмасының негізгі қызметі – білім мен білікті бекіту. Оқу сабақтарында меңгерілген материал ғана үй тапсырмасына ұсынылады. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемесінің алдын алу мақсатында мұғалімүй тапсырмасының мөлшерін, сабақта мазмұнды, оны орындау тәртібі мен тәсілдерінтүсіндірудіқадағалауы керек. Жоғары деңгей тапсырмалары білім алушыларға олардың қалауы бойынша өз бетінше орындауға ұсынылуы мүмкін.

Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын қамтиды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі

«Қазақ тілі» пәні – бастауыш сынып білім алушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

4-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

«Қазақ тілі» пәні 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәні бойынша білім алушылардың жетістік деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:


  • диктант;

  • грамматикалықтапсырмалар;

  • бақылау көшіру;

  • бақылаумазмұндамасы;

  • бақылаушығармасы;

  • тесттапсырмалары.

Диктантты ұйымдастыру және өткізу.

Диктантқаарналғанмәтіндерорфографиялықтұрғыданбілім алушыларға таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізіндеалынады.

Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;


  • мұғалім диктант мәтінін орфоэпиялық нормаларға сүйеніп, кідіріс жасап,оқиды;

  • білім алушылардың оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң жазуға кірісу ұсынылады;

  • жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдерқайталанады;

  • мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен кейін кідіріс жасай отырып, қайта толықоқиды.

Білім алушылардың грамматикалық талдау дағдыларын тексеру мақсатында алынған бақылау жұмыстарында 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.

Грамматикалық талдаудың тапсырмалары грамматика және дұрыс жазу диктанттарының (көшіру) мәтіндеріне қатысты болуы керек, өйткені оның мақсаты грамматикалық материалды білу дәрежесін анықтау, білім алушылардың жазбаша және сөйлеу дағдыларын меңгеруін тексеру болып табылады.

Төмендегі кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілі пәнінен қорытынды бақылау диктанттарының саны ұсынылған.
8-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмалары бар диктанттар)


Тоқсан

4-сынып

Тақырыптық

Бақылау

I

2

2

ІІ

2

1

III

2

1

IV

2

1

Тақырыптық диктант бөлім немесе блок бойынша тақырыптарды меңгерудің сапалық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі, ал бақылау диктанты тоқсанның соңында жүргізіледі. Грамматикалық тапсырмалары бар бақылау диктанттарын орындау үшін 30-35 минут бөлінеді.


Төмендегі кестеде диктант мәтінінің ұсынылған көлемі берілген.
9-кесте – Диктант мәтіннің көлемі


Тоқсан

I

II

III

IV

Сөздер саны

65-68

68-70

70-75

75-80


Грамматикалық тапсырмаларды орындаудағы бағалаудың нормалары:

- «5» баға – қатесіз;

-«4» баға – тапсырманың кем дегенде 3/4 бөлігін дұрыс орындаған;

- «3» баға – кем дегенде 1/2 тапсырманы дұрыс орындаған;

- «2» баға – 1/2 тапсырмадан аз орындаған.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:

Қателер:


  • сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескелқателер;

  • емле ережесі бойынша қате жазылғансөздер;

  • мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басындажазылмауы;

  • орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болыпсаналады;

  • бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатегеесептелінеді;

  • мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардыңболуы;

  • бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жеткіліксіз, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардыңқалдырылуы;

  • мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынадақолданылмауы.

Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.

Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.

Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.

«5» бағасы білім алушы барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаған және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда қойылады;

«4» бағасы білім алушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады;

«3» бағасы білім алушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады;

«2» бағасы білім алушының оқу материалын нашар оқитыны анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.


Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.

Білім алушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет алынады.

Шығармалардың тақырыбын таңдау кезінде олардың өмірмен байланысын, білім алушылардың тәжірибесі мен қызығушылықтарына жақындығын, мазмұнының қолжетімділігін, мәтінді құру және оны сөйлеу тілімен ресімдеуді ескеру қажет.

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды. Қанағаттанарлықсыз баға тек бірінші жартыжылдықта бақылау түріндегімазмұндама жазғызу кезінде және оқу жылының соңында қорытынды бақылау түріндегішығармаға қойылады.

Қорытынды бақылау түріндегі мазмұндама мен шығарманы тексеру кезінде 2 баға қойылады: мазмұны мен сауаттылығы үшін.

«5» деген баға авторлық мәтін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.

«4» деген баға жұмыста авторлық мәтін (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігінен шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қатесі, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.

«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғандақойылады;

«2» деген баға қорытынды авторлық мәтіннен (мазмұндама), тақырыптан(шығарма) айтарлықтай алшақтаған:маңызды эпизодтар, басты бөлімдер, негізгі ойлар және т.б. жоқ, ой бірізділігі бұзылған, бөлімдер, жекелеген сөйлемдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қатесі, 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Білім алушыларға мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріліп жүргізілуі тиіс.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмыстары мен бақылаулар (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі.

Сөздік диктанттардың мазмұны жазбалардан тұрады, олардың жазуы ережелермен реттелмейді.



Сөздік диктанттардың көлемі:12-15 сөз .

Сөздік диктанттарды бағалау:

«5» – қатесіз; «4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе; «3» – 2 қате, 1 түзету болса;«2» – 3-5 қате жіберілсе қойылады.


Мәтіндерді бағалау.

Білім алушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минутты бөлу керек. Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып, оларды білім алушылармен бірге орындауға ұсынылады.


10-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары


Базалық деңгей

0 - 60%

60 - 77%

77 - 90%

90 - 100%

«2» бағасы

«3» бағасы

«4» бағасы

«5» бағасы


Ескерту: ағымдағы бақылауға арналған тестілер 10-15 сұрақтан тұрады және бақылау сұрақтары - бір дұрыс жауапты таңдауға болатын 20 сұрақтан тұрады.

Білім алушылардың қорытынды бақылау жұмыстарының негізгі түрлері: мәтінді көшіріп жазу, шығарма, мазмұндама, сөздік диктанттар.


11-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны


Жұмыс түрлері

Iжартыжылдық

IIжартыжылдық

Мәтінді бақылау ретінде көшіру

1

1

Бақылау шығармасы




1

Бақылау мазмұндамасы

1




Бақылау сөздік диктанты

1

1

Қорытынды бақылау жұмыстары тоқсанның, жартыжылдықтың соңында жүргізіледі. Білім алушылардың шамадан тыс жүктемелерін болдырмау мақсатында қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақытын мұғалімдермен келісе отырып, мектеп басшылары құрастырған кестеге сәйкес анықталады. Бір оқу күнінде сыныпта бір жазбаша қорытынды бақылау жұмысы алынады.

Бақылау жұмыстарын бөлу біркелкі болуы керек. Әр сыныпқа бақылау жұмыстарын жоспарлағанда, тоқсанның, жартыжылдықтың соңына дейін жазбаша бақылау жұмыстарының жиналыпқалуына жол берілмейді. Дүйсенбі күні,мерекеден кейінгі бірінші күні сынақ жұмыстарын жүргізу ұсынылмайды.

Қазақ тілінен бақылау жұмыстарына арнайы дәптерлер бөлу қажет және оқу жылы бойы сыныпта сақталады.

Соңына дейін өтілмеген бөлім тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстар жүргізіледі. Оның ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Білім алушылардың ағымдағы және қорытынды жазба жұмыстарын бағалау кезінде төмендегі нормалар қолданылады:


12-кесте – Бақылау көшіріп жазу көлемі

Тоқсандар

I

II

III

IV

63-65 сөз

65-68сөз

68-70сөз

70-75 сөз
Төменде мәтінді көшіріп жазуды бағалаудың ұсынылатын нормалары берілген.

Бақылау көшіріп жазу

«5» - мінсіз орындалған, түзетулер жасалмағанжұмыс үшін;

«4» - 1 қате немесе 1-2 түзету жасалған жұмыс үшін;

«3» - 2-3 қате жіберілген жұмыс үшін;

«2» - 3 немесе одан көп қателер жіберілген жұмыс үшін.


Әдебиеттік оқу

Оқу пәнінің ерекшелігі – бастауыш сынып білім алушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрлері негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, білім алушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем- шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты құрайды.

Қорытынды тексеруді ұйымдастыру және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:


  • кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеруүшін);

  • әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);

  • өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тесттапсырмалары;

  • дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бармәтіндер (функционалдық сауаттылықты қалыптастыру);

  • оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тесттапсырмалары;

  • дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдықсоңында);

  • іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (4-сыныптыңсоңында);

  • оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдықсоңында);

Қорытынды тестілерәр жартыжылдықтың соңында өткізіледі.
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.

Қателер:қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамайоқу;дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығынбұзу;белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді табаалмау;мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігінбұзу;жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп оқиалмау.

Кемшіліктер:дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының шамалыбұзылуы;оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақыттатүсінуі;шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағыдәлсіздік;мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін көрсетуде мәнерлеудіңжеткіліксіздігі.

4-сыныптағы бағалау нормалары:

Білім алушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы, дұрыс оқыған; дұрыс ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын жағдайдақойылады.

Білім алушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.

Білім алушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.

Білім алушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.

Сабақ барысында оқу үшін баға білім алушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады.

Білім алушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.

Мерекелік және демалыс күндерінде үй тапсырмасы ретінде жалпы даму үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқуға беруге болады.

Оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс бақылау, Іжәне ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.

13-кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)




Тоқсан

Сөздер саны

І

75 және одан артық сөз

ІІ

80 және одан артық сөз

ІІІ

85 және одан артық сөз

ІҮ

90 және одан артық сөз

14-кесте – Жартыжылдықтар бойынша оқу техникасын бағалау нормасы




Бағасы

Сөздер саны

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

«5»

80 сөз және одан артық

90 сөз және одан артық

«4»

75-79 сөз

85-89 сөз

«3»

69-74 сөз

79-84 сөз

«2»

69 сөзден кем

79 сөзден кем


Ескерту: шылау, одағай, еліктеусөздер, қоссөздержекесөзретіндесаналады.

4-сыныптың білім алушылары 12-14 өлеңді; прозалық шығармалардан2-3 аяқталған үзіндіні жатқа оқиды.


Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)
Учебный предмет «Русский язык» в школах с нерусским языком обучения закладывает фундамент общего филологического образования учащихся как целостной системы, изучающей духовную культуру народа, выраженную в языке и литературном творчестве.

Роль русского языка в системе образования определяется как язык межнационального общения в многонациональном государстве.

Цели обучения русскому языку: формирование коммуникативных умений, формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическомматериале; взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудирование, говорение, чтение,письмо); практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации).

Объем учебной нагрузки в 4 классе составляет 2 часа в неделю, за учебный год - 68 часов.

В четвертом классе продолжается развитие всех видов речевой деятельности на материале лексико-грамматического, тематико-ситуативного минимумов. Содержание учебного предмета «Русский язык» представлено тремя блоками: речевая деятельность, языковой материал и тексты для чтения и развития речи.

В рамках лексического минимума для активного усвоения в 4 классе предусматривается 450-500 русских слов.

Учащиеся 4 класса должны уметь:



  1. составлять связное монологическое высказывание из 3-4-х предложений;

  2. писать ответы на 5-7 вопросов по содержанию прочитанного текста;

  3. писать под диктовку небольшие тексты из 30-40 слов со словами в изученных грамматических формах с предварительным разбором;

  4. писать изложение из 5-6 предложений;

  5. знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти;

  6. читать не менее 50-60 слов в минуту.

В 4-м классе проводятся контрольные (письменные) работы: контрольный словарный диктант; контрольный диктант (без грамматического задания в общеобразовательных школах и с грамматическим заданием в лицеях и гимназиях), изложение во втором полугодии (таблица 15).
Таблица 15 – Количество контрольных письменных работ


Виды работ

Четверти

І четверть

ІІ четверть

ІІІ четверть

ІV четверть

Словарный диктант

1

1

1

1

Диктант

1

1

1

1

Изложение







1

1


Шетел тілі (Ағылшын тілі)

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың мақсаты қарапайым деңгейде меңгеруге бағытталған және шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері (CEFR) бойынша А1 қарапайым деңгейіне (Breakthrough) сәйкес келеді.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

4-сыныптың пәндік нәтижелері екі аспектіде көрсетілген:



4-сынып білім алушылары:

  1. көлемі 450 сөзді құрайтын жаңа лексикалықбірлікті;

  2. оқылған грамматикалық материалды (жай сөйлемнің құрылымын, өздік есімдіктерді, сын есімніңшырайларын);

  3. оқытылатын тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында қабылданғанмінез-құлықэтикетібойыншаклише-репликаларды(сөйлеужәне іс-қимыл этикеті) білуі тиіс.

4-сынып білім алушылары:

  1. болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс ырғағын келтіреайту);

  2. er, -est, -y жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер жасау: toy shop, shoe shop,etc;

  3. әр сұхбаттасушының тарапынан 4-5 репликадан тұратын этикеттік сипаттағы диалог, сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын диалог, пікір алмасу диалогінжүргізу;

  4. өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары мен әуестігі, мектептегі оқуы туралы және т.б.), үй және жабайы жануарлар туралы, жыл мезгілдері туралы ақпараттардыұсыну;

  5. монолог көлемі 5-6 сөйлемдіқұрайды;

  6. аудио, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің дыбысталу уақыты – 1 минутқа дейін;

  7. дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлепоқу;

  8. оқудың негізгі түрлерін ажырата білу (танысу, зерделеу және, іздеу- қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артықемес;

  9. жеке және электрондық хаттарды жазу, хаттың көлемі – 30-40 сөзге дейін; өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау, коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуітиіс.


Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары.

Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін әрбір тоқсанның аяғында 4 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.

Бақылау жұмыстары тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, әр тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген баға – 4-13 балға қойылады.
Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары.

Жұмыстың бұл түрі білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жеке хат, электрондық хат, суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады (білім алушы бұл адамның аты-жөнін, мекенжайын ойдан шығарады), мәтінді ағылшын тілінде көшіріп жазу, оқу міндетіне сәйкес одан сөздерді теріп жазу немесе оған сөздер қойып жазу, үлгіге қарап отырып, қысқаша құттықтаулар: 4-сыныпта – 30-40 сөзге дейінжазу.


«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Математика

«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика» білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл мен 1 000 000 көлеміндегі натурал сандардың арифметикасын, маңызды шамаларды, сондай-ақ негізгі орта білім беру деңгейінде одан әрі қарай оқытуды жалғастыру үшін алгебра мен геометрияның қарапайым алғашқы түсініктерін қамтиды.

Оқу пәнінің мақсаты - ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейіне жетуге бағытталған математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыруды, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны меңгеруге практикалық негіз жасауды қамтамасыз ету.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 5 сағаттан, оқу жылында 170 сағатты құрайды.

Бөлім немесе блоктар бойынша тақырыптарды меңгеру сапасының деңгейін анықтау мақсатында тексеру(тақырыптық) жұмыстары жүргізіледі, ал бақылау жұмыстары тоқсанның соңында өткізіледі. Тексеру (тақырыптық) жұмыстары тапсырмалары құрама сипатта болуы мүмкін немесе бір типті тапсырмалардан тұруы мүмкін (тек қана есептер, тек қана геометриялық тапсырмалар және т. б.), ал қорытынды бақылау құрама сипаттағы (арифметикалық есептер, сандық өрнектер, геометриялық сипаттағы тапсырмалар, және т.б.) бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.


16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының нормалары


Тоқсан

Тексеру (тақырыптық)

Бақылау

І

2

2

ІІ

2

1

ІІІ

2

1

ІҮ

2

1

І тоқсанда 2 бақылау жұмысы өткізіледі: кіріс және тоқсандық. Кіріс бақылау жұмыстары қыркүйек айында жүргізіледі, ол базалық және жоғары деңгейдегітапсырмалардантұрады. Кіріс бақылау жұмысындағы қиын тапсырмалар «қосымша тапсырма» ретінде беріледі. Қатемен жұмыс жасау барысында міндетті түрде есепті шығарудың жолдарын талдау қажет. Кіріс жұмысы үшін журналға «2»деген баға қойылмайды.

Білім алушыларға қабылдауға математикалық диктант, ауызша есептеу, ақпаратты есту, бір мезгілде тиімді оқытуға зейін, жедел жады, логикалық ойлау, дұрыс математикалық сөйлеуге қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс түрлері 10-15 минут жүргізіледі.
17-кесте – Ауызша есептеуді бақылауы және математикалық диктанттың нормалары


Жұмыс түрлері

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ауызша есептеу

1

1

1

1

Математикалық диктант

1

1

1

1

18-кесте – Жазбаша жұмыстарды бағалау нормалары




Жұмыс түрлері

Бағалау нормалары

Ауызша есептеу бақылауы

«5» бағасы – қатесіз;

«4» бағасы –1-2 қате;

«3» бағасы – 3-4 қате.


Бақылау математикалық диктанты

«5» бағасы – қатесіз;

«4» бағасы – 1-2 қате және 1-2 кемшілік;

«3» бағасы – 3-4 қате және 1-2 кемшілік;

«2» бағасы –5 және одан көп қате.



Мысалдардан тұратын жұмыс:

«5» – қатесіз;

«4» – 1өрескел қате және 1- 2 өрескел емес қате;

«3» – 2-3 өрескел және 1-2 өрескел емес қате немесе 3 және одан да көп өрескел емес қате;

«2» – 4 және одан да көп өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.



Аралас жұмыс

«5» – қатесіз;

«4» – 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате (есептің шешуінде өрескел қате болмауы керек);

«3» – 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате, бірақ есептің шығару жолдары дұрыс болуы қажет;

«2» – 4 өрескел қатемен орындалған жағдайда қойылады.



Амалдарды орындалу ретіне арналған өрнектерді шешу

Мұндай жұмыстарды бағалаудаамалдар тәртібі қате таңдалса, арифметикалық амалдар дұрыс орындалмаса, қате болып саналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.


Теңдеуді шешу

Мұндай жұмыстарды бағалауда шешудің қате жолы, амалдардың дұрыс орындалмауы,сондай-ақ тексеру орындалмаса, қате болып саналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4және одан көп қате болған жағдайда қойылады.


Геометриялық материалдары бар тапсырмалар

Мұндай жұмыстарды бағалауда, егер білім алушы геометриялық фигураны қате салса, мөлшерлерін сақтамасы,бір өлшем бірлігінбасқағақате аударса, геометриялық фигураларды салу немесе өлшеу үшін сызу құралын дұрыс пайдалана алмаса қате болыпсаналады:

«5» – қатесіз;

«4» – 1-2 қате;

«3» – 3 қате;

«2» – 4 және одан көп қате болған жағдайда қойылады.



Ауызша жауаптарын бағалау

Білім алушылардың ауызша жауабын бағалауға негіз болатын келесі көрсеткіштер: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, өз бетінше орындағаны, толықтығы.



Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.

Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық немесе нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен, толық негіздеп және оны суреттей алмау; шығарылған есептің жауабын дәл тұжырымдай алмау;білім алушының жеке ерекшелігі болып табылмайтын тапсырманы баяу қарқында орындау; математикалық терминдерді қате айту.

Білім алушыға «5» деген бағаегер ол жауап беру кезінде оқыған оқу материалын саналы түрде меңгергенін сезінсе және оны өздігінен қолдана алған; есептеулерін дұрыс әрі жылдам қолданған; есепті өздігінен шығара алған (жоспар құрып, есептеп, есептің шығару жолдарын түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап тұжырымдау); тәжірибелік тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.

Білім алушыға «4» деген баға егер оның жауабы негізінен «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ тұжырымдауларында жекелеген дәлсіздіктерге жол берілген; есептеуде тиімді тәсілдерді әрдайым пайдаланбаған жағдайда қойылады. Бұл орайда осы кемшіліктерді өзі мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған.

Білім алушыға «3» деген баға егер ол өтілген сұрақтардың жартысынан көбін саналы меңгерген, есепті шығару және есептеу барысында қателер жіберіп,бірақ сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.

Білім алушыға «2» деген баға егер ол бағдарламалық материалдың басым бөлігін меңгермеген, есепті шығару және есептеуді тіпті мұғалімнің көмегімен де орындай алмаған жағдайда қойылады.

Білім алушының күнделікті жұмысына мұғалімнің жүргізген бақылауы, ауызша сұрақтар, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюға негіз болады. Дегенмен ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарына көп мән беріледі.



Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі

Қателер: тапсырманы орындау негізінде немесе оны орындау барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, ережелерін, алгоритмдерін білмеу және дұрыс қолдана алмау; амал, тәсілдерді дұрыс таңдамау; тапсырманың мақсаты - есептеу білігі мен дағдысын тексеру болған жағдайда қате есептеу; дұрыс жауап алуға әсер ететін математикалық есептеулер, амал, тәсілдерді қалдырып кету; түсіндірме мәтіннің, тапсырма жауабының, шама атауының орындалған амал мен алынған нәтижеге сәйкессіздігі, орындалған өлшеулер мен геометриялық салулардың берілген параметрге сәйкессіздігі.

Кемшіліктер: мәліметтерді (таңбалар, сандар, белгілеу, шамалар) дұрыскөшірмеу; математикалық есептеулерді рәсімдеу кезінде математикалық терминдердің, символдардың қатежазылуы; тапсырма жауабының болмауы немесе жауабын жазуда жіберілген қателер; егер 2 кемшілігі болса, ол 1 қатегесаналады.

Өрескел қателер: мысалдар мен есептердегі есептеу қателері, арифметикалық амалдарды орындау тәртібін білмеудегі қате;есепті қате шығару (амалдарды орындамау, амалдарды дұрыс таңдамау, артықамалдар); есепті немесе мысалды аяғына дейін шығармау; орындалмаған тапсырма.

Өрескел емес қателер: есептеудің тиімсіз тәсілдері; есепті шығаруда амалға сұрақтың дұрыс қойылмауы; есептің қате тұжырымдалған жауабы; мәліметтерді қате көшіру (сандар, белгілер); түрлендірулерді аяғына дейін жеткізбеу.

Математика пәні бойынша жұмыста жіберілген грамматикалық қате үшін баға төмендетілмейді. Дұрыс рәсімделмеген жұмыс, каллиграфия ережесін сақтамағаны үшін математика бойынша баға 1 балға төмендетіледі, бірақ 3-тен төмен емес.



«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану

Оқу пәні білім алушылардың бойында адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік орта туралы білім жүйесін, қоршаған әлемнің «адам – қоғам – табиғат» үш құраушысы арасындағы өзара байланыстары мен өзара тәуелділігі туралы түсінік қалыптастыруға, заттар мен құбылыстардың мағынасын өздігінен аша білу, қандай да бір шешімдер жасай білуін дамытуға бағытталған.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Дүниетану» пәнін оқу барысында бастауыш мектеп білім алушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады. «Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.

Пән бойынша білім мен дағдыларды бақылау мен бағалау үшін ауызша тексеру, бақылау, жазбаша жұмыстар (мысалы, тест, диктант), сондай-ақ өздігінен карталармен, құралдармен, үлгілермен, аспаптармен, зертханалық құрал-жабдықтармен практикалық жұмыстар қолданылады.

Экскурсия жүргізу оқытудың бір түрі болып табылады. Экскурсияларда білім алушылар көптеген теориялық білімдерін практикада тексереді және жергілікті жерде бағдарлану, бақылау, салыстыру, ағзалардың бір-бірімен,табиғат құбылыстарымен, қоршаған ортаның жағдайларымен өзара байланысына мысалдар табу дағдыларын үйренеді. Сабақтың тақырыбына және жергілікті жерген сәйкес (жаңа тақырыпты меңгергенге дейін немесе кейін) экскурсия жүргізу ұсынылады.

Жергілікті жерлерге байланысты экскурсиялар өткізу:

1) мұражайлар;

2) ауыл-аймақтың маңайы;

3) пайдалы қазбаларды шығаратын не қайта өңдейтін орындар не кәсіпорындар;

4) саябақтар, хайуанаттар бақтары;

5) өнеркәсіптік, өндірістік немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорындары.

Білім алушылардың жүйелі талдау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін «Бақылау күнделігінде» ұсынылаған тапсырмаларды жүйелі түрде орындау керек.

Кеңістік, географиялық заңдылықтар туралы түсініктерді дамыту үшін карталар (физикалық және әкімшілік картасы, контурлы карталар, тарихи карталар, жартышар карталары) және глобус қолданылады.

Олармен жұмыс жаңа тақырыпты түсіну, өткен материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеру кезінде жүргізіледі.

Жұмыс кезінде мұғалім қадағалауымен білім алушылар таяқшаны дұрыс қолдана білуі керек. Өзен, көл, қала, мемлекет атауларын картадан дұрыс көрсете білуі қажет.


19-кесте – Пән бойынша бағалау нормалары


Бағалар

Бағалаудың сипаттамасы

5

Білім алушы оқу материалын объектілер мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланысты анықтап,табиғатқа жасаған бақылауларын қолдана отырып, жүйелі де логикалық түрде баяндаса (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.

4

Білім алушының жауабы, негізінде, «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, бірақ білім алушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін білім алушының өзі оңай түзетеді.

3

Білім алушы оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды өзінің бақылау нәтижелерін қолдана алмаса, бағдарламада қарастырылған табиғаттағы құбылыстар мен нысандар арасындағы байланысты орнатуда, практикалық жұмыстарды орындауда қиналса, бірақ мұғалімнің көмегімен аталған кемшіліктерін түзете алса қойылады.

2

Білім алушы бағдарламалық материалдың көп бөлігін меңгермесе, мұғалімнің көмегімен де практикалық жұмыстарды орындай алмаса қойылады.


Бағаны төмендетуге әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі.

Қателер:

- ұғымды дұрыс анықтай алмауы, ұғымның маңызды сипаттамаларын маңызды емес сипаттамаларымен ауыстыру;

- маңызды болып табылатын жағдайларда объектіні (құбылыстарды) сипаттауда бірізділіктің бұзылуы;

- қандай да бір зерделенген құбылыстардың өту жағдайының, заңдылықтарының, себептерінің (әңгіме-талқылауда) дұрыс ашылмауы;

- объектілерді олардың айтарлықтай белгілер бойынша топқа бөліп жіктеп салыстырудағы қателіктер;

- нақты материалды білмеу, айтылған ұсынысты дәлелдейтін мысалдарды өздігінен келтіре алмау;

- суретті, сызбаны орындай алмауы, кестені дұрыс толтыра алмауы;өзінің жауабын сурет, сызбамен, иллюстрациялық материалдармен дәлелдей алмау;

- қате нәтижеге әкелетін тәжірибе жасаудағы қателіктер;

- картаға және жоспарға бағдарлана білмеу, зерделенген объектілерді (табиғи-тарихи) дұрыс көрсетудегі қиындық.

Кемшіліктері:

- объектінің маңызды емес белгілерін сипаттаукезінде басымдық беру;

- жұмыстың нәтижесіне кері әсерін тигізбейтін сурет, схема, кестелерді орындаудағы олқылықтар: білгілер мен жазулардың болмауы;

- қате нәтижеге әкелмейтін тәжірибе жүргізу кезінде операциялардың ретінің жекелеп бұзылуы;

- құралды анықтап белгілеудегі дәлсіздіктер, оны қолдану жетекші сұрақтан кейін жүзеге асырылса;

- картадан объектіні табу барысындағы олқылықтар.

Пән бойынша жазбаша білімін тексеруде білім алушылардың жазбаша сөз мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты толық жазбаша жауапты талап етпейтін бақылау жұмыстары қолданылады. Жеке карточка-тапсырмалармен жұмыстың да маңызы зор: балалар кестені толтырады, сызбаларды, диаграммаларды салады немесе толықтырады, дұрыс күнін таңдайды және т.б.


20-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны


Тоқсан

Тексеру

жұмыстары

Бақылау

жұмыстары

І

1

1

ІІ

1

1

ІІІ

1

1

ІҮ

1

1

Тестік тапсырмалардың төмендегідей түрлерін пайдалану орынды: қатені іздеу; дұрыс жауапты таңдау; айтылған ойды жалғастыру немесе түзету.Тест орташа қиындықтағы тапсырмаларды қамтиды.

Тест жұмыстарын орындау үшін білім алушыларды алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңында 10-15 минут уақыт бөлу керек. Өтілетін тест тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып немесе іліп, оны білім алушылармен бірге орындау ұсынылады.
21-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормалары


Базалық деңгей

0-60%

60-77%

77-90%

90-100%

Баға «2»

Баға «3»

Баға «4»

Баға «5»


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты білім алушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасын құру болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:


  1. «Өзін-өзі тану бақыты»;

  2. «Адами қарым-қатынасқа үйренейік»;

  3. «Адам болам десеңіз»;

  4. «Әсемдік» әлемінде».

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-3-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақ қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, ол курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.

Қорытынды қайталау сағаттарын білім алушылардың жобалық іс-әрекет аясындағы шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін таныстыруға берілген мүмкіндік ретінде де қарастыруға болады.

Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатқа ие.


Білім алушылардың білімін бағалау

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушылардың білімін бағалау«Өзін-өзі тану» үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың өлшемшарты болып табылады.

Оқыту қорытындысы бойынша білім алушыларға «сынақ»/ «сынақ емес» қою кезінде білім алушының жобалық іс-әрекетке қатысуы ескеріледі. Орындалған жобалардың сапасын талдау кезінде білім алушылардың ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігіне, сондай-ақ жеке шығармашылық іс-әрекетте мәселенің тереңдігін ұғынуына, жобаның мұраты мен мазмұнының жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, сабақта қойылған мәселенің шешімін адамға және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік негізінде іздеуіне назар аударылады.
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка

Бастауыш мектептегі «Музыка» пәні білім алушылардың рухани және өнегелік-адамгершілік әлемін қалыптастыратын негізгі пәндердің бірі болып саналады.

«Музыка» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушылардың музыкалық мәдениетінің негізін қалыптастыру, музыка құралдары арқылы алған білімдері мен дағдыларын білім беру қызметінде және әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білетін рухани-адамгершілікті шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.

Музыка пәні бойынша зерделеу, бақылау және бағалау нысандары оқу музыкалық әрекеттің 4 түрі болып табылады:

1) музыканы тыңдау: музыкалық сабақтарда білім алушылар музыкалық туындыларды тыңдауға және музыкалық бейнеге, мазмұнға және музыкалық бейнелілік құралдарына ауызша сипаттама беруді үйренеді, музыкалық әдебиетті біледі, салыстырады, тұжырымдай алады. Білім алушыларда есту қабілетінің көлемі шектеулі. Оны музыкалық шығарманы тыңдау кезінде ескеру қажет. 4-сынып білім алушыларының тыңдау арқылы назар аудару көлемі 3-тен 5 минутқа дейінгі аралықты қамтиды;

2) музыкалық сауаттылықты зерделеу: музыка сабақтарында 4-сыныптың білім алушылары дыбыс/дауыс және оның қасиеттері, дыбыс/дауыс биіктігі, дауыс/дыбыс ұзақтығы, дыбыс/дауыстың қаттылығы, музыкалық өрнектеудің/-бейнеліліктің құралы, композитор-орындаушы-тыңдаушы, халық композиторы, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, орындаушылар, музыканың негізгі түрлері, халық билері, кәсіби музыканың жанрлары, оркестрлер, музыкалық аспаптар туралы оқып біледі.

3) ән айту: ән айту кезінде екпіндету тазалығына, вокалдық және хорда ән айту дағдыларын меңгеруіне, орындаудың мәнерлілігіне, әр білім алушының жетістіктеріне назар аудару керек. Мұғалім 10-11 жастағы білім алушылардың дауыс ерекшеліктерін ескеруі қажет.

4) музыкалық аспапта ойнау/сүйемелдеу: білім алушылар шулы/-даңғырлатып ойнайтын музыкалық аспаптарда, білім алушыларға арналған ұрмалы құралдарда (таяқшалар, ағаш қасықтар, дабыл-даңғаралар, сылдырмақты қоңыраулар, тұяқ тас, асатаяқ және т.б.)ойнауға үйренеді.

Музыка сабағында шығармашылық тапсырмалардың төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады:

1) ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел;

2) музыкаға сәйкес қимылдар жасау;

3) музыканың мазмұнына сай сурет салу;

4) әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.


Бейнелеу өнері

«Бейнелеу өнері» оқу пәнін оқыту эстетикалық сезімдерге, бейнелеу өнеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеуге; Қазақстан халқының және басқа да елдердің мәдениетіне құрмет, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге; өзінің кез келген қызметіне шығармашылықпен келе білуіне, оған ынтасы және қиял-елестету, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілеттілігін, көркемдік қызметтегі ынтымақтастық білігі мен дағдыларын дамытуға; халық шығармашылығына сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеуге, байқампаздығы мен көргенін есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.

Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктар бойынша ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауаттылық негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем- шығармашылық қызмет мазмұны».

Барлық блоктар жиынтығы бастауыш көркемдік білім мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған.



«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Бағалау нормалары:

«5» деген баға: білім алушы сабақтың қойылған мақсатын толығымен орындайды; оқып-зерделенген материалды дұрыс жеткізеді және алынған білімді іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни кескіндеме/суреттің барлық компоненттерін өзара үйлесімді келістіреді; кескіндеме/суреттемеде неғұрлым сипатты белгілерді атап көрсете алады және жеткізе алады.

«4» деген баға: білім алушылар бағдарлама материалын толығымен меңгерді, бірақ оны мазмұндауда қосымша сипаттағы дәлсіздіктерді жіберіп алады; бейненің/кескіндеменің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені байқай алады, бірақ суреттің нақты сипаттамасын көрсетпейді; бейненің/ кескіндеменің неғұрлым сипатты белгілерін онша нақты жеткізе алмайды.

«3» деген баға: білім алушылар сабақтың қойылған мақсатын нашар орындайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздіктерге жол береді.

«2» деген баға: білім алушылар жауап беруде өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу

Оқу пәні бастапқы технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдыларын, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту; сенсорика, қол саусақтарының ұсақ моторикасын, кеңістік қиялын, ақпарат түрлерінде бағдарлау қабілеттерін дамыту; қоршаған әлем өзгерісіндегі адам еңбегінің рөлі туралы білімді меңгерту; адам және адам еңбегіне құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.



«Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлеміаптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағаттықұрайды.

«Еңбекке баулу» оқу пәнінің мазмұны екі бөлімнен тұрады: «Техникалық еңбек» және «Көркем еңбек». «Техникалық еңбек» бөлім аясында білім алушылар қағаз және қатырма қағазбен, тоқыма материалдарымен, табиғи материалдарменжұмыс істейді, техникалық моделдеумен айналысады. Екінші бөлім білім алушылардың ұлттық киімдер мен бұйымдарды дайындауын, ермексаздан мүсіндеуді, әртүрлі материалдардан бұйымдар құрастыруын қарастырады.

Сабақтың алдында мұғалім қажетті материалдарды және барлық құралдар мен құрылғылардың жарамдылығын тексеруге тиіс.

Еңбек баулудың әр сабағында мұғалім білім алушылардың жеке гигиена және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қадағалауы маңызды.



Бағалау нормалары:

Бағалар жалпы орындалған не жасалған бұйым, жеке технологиялық операциялар; жұмыс жоспарын құра білу, тәжірибе жасау, материалдардың қасиетін анықтау, материалдар мен құралдарды дұрыс атау, олардың міндетін анықтау, олармен қауіпсіз жұмыс ережесін атау білігі үшін қойылады.

Жалпы алғанда бұйымды орындау

«5» бағасы құралдармен қауіпсіз жұмыс ережесін сақтай отырып, қатесіз және мұқият жасалған бұйымға қойылады (қолданылатын материал бойынша құралды таңдау, сондай-ақ, сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті сақтау білігі ескеріледі).

«4» бағасы осы талаптар есебінен қойылады, бірақ бұйым құрылымын бұзбай түзетуге жол беріледі.

«3» бағасы бұйым мұқият орындалмаған, бірақ құрылымы бұзылмаған жағдайда қойылады.

Көрсеткен дербестігі мен шығармашылықпен орындалған жұмыс үшін бағаны бір балға көтеріп қоюға болады немесе қосымша бағаланады.

Құрылымы бұзылған, өз мақсатына сай емес бұйым бағаланбайды, ол түзетуге, қайта жасауға жатады.

Тексеру жұмысы кезінде дайын бұйым үшін баға барлық білім алушыларға қойылады.Тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын және жыл соңында жүргізіледі. Олар белгілі бір сабақтар санынан кейін жеке операцияларды меңгеруін тексеру немесе жұмыс түрлері бойынша қорытынды сабақ болуы мүмкін).

Жеке технологиялық операцияларды бағалау нормалары

«5» бағасы әртүрлі өлшеп белгілеулердің, материалдарды пішудің нақтылығына, бүгудің дұрыстығына, тегіс сырылуына; үлгіге немесе суретке сәйкес конструктор бөлшектерінен бұйымды орындау дәлдігіне; материалдарды, құралдарды олардың мақсатына сәйкес бұйым құрылымына ұжымдық талдау жасағаннан соң жеке жұмыс жоспарын құру, бұйымға өздігімен талдау жасауын түсіндіре отырып көрсету білігіне қойылады.

«4» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздікті жіберсе (3 мм дейін), пішуде 1 мм дейін белгілеу жолынан ауытқыса, материалды үнемсіз қолданса; жұмыс орнындағы тәртіпті мұғалімнің ескертуінен кейін сақтаса; алдағы жұмыс жоспарын 1 қатемен өздігімен құрса қойылады.

«3» бағасы, егер білім алушы өлшеп белгілеу кезінде дәлсіздік жіберсе: 5 мм-ге дейін бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын өздігімен құруда 2 логикалық қате жіберсе қойылады.

Білім алушылардың білімі мен біліктерін әділ бағалау үшін әр баланың бағдарлама материалын меңгеруін есепке алу қажет. Егер мұғалім сұрау мен бақылауды жоспарлаған жағдайда баға әділ болуы мүмкін. Сабақтың жоспарында бақылайтын 4 білім алушының аты-жөнін жазады, олардың сабақ бойы жұмыс орнында тәртіпті қалай сақтайтынын бақылайды, 4 білім алушының материал бойынша нақты бөлшектерін нақты өлшеп белгілей алу ептігін бақылайды, келесі 4 білім алушының желіммен мұқият жұмыс істеу ептілігін, сабақтағы құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібін сақтай отырып сыруды орындауын немесе жұмыс істеуінбақылайды.

Егер білім алушы мұғалім берген тапсырманы орындай алмаса, мұғалім жұмысты қалай орындау керек екенін білім алушыға қайтадан көрсетуі тиіс. Бұл жағдайда баға бірнеше сабақтан соң қойылады.

Осылайша, бір сабақта мұғалім бірнеше баға қояды, бірақ олар білім алушының нақты білімі мен білігіне қойылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

Пәнді оқыту қимыл-қозғалыс негіздерін меңгеру арқылы білім алушылардың дене мәдениетін қалыптастыру; өз денсаулықтарына ұқыппен қараудың қажеттілігін қалыптастыру; дене бітімінің және психикалық қасиеттерінің толық дамуы; салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдануға бағытталған.



Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағаттан, оқу жылына барлығы 102 сағатты, оның ішінде базалық бөлігі -86 сағатты, вариатив бөлігі – 16 сағатты құрайды.

Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын айқындайды.

Вариативті компонент мұғалімнің оқу процесінің саналуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағыттайды. Себебі вариативті компонент мектептің материалдық базасы орналасқан жердің аумақтық ерекшеліктерін, оқытушының мүмкіндіктері мен білім алушылардың қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделген. Бұл компоненттің оқу материалын жергілікті білім беру ұйымдары ұсынады, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері әзірлейді.

Дене шынықтыру мұғалімі бағдарлама талаптарына сүйенеді және әр білім алушының жеке мүмкіншіліктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін ескере отырып, талаптардың (қорытынды тапсырмалар) жеке шкаласын өз бетінше құруына және соған сәйкес білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады.



«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» бөлімдері бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады:

1) жекелеген қарсыз аудандарда шаңғы дайындығы сабақтарын кросстық дайындықпен алмастыру;

2) жүзу сабақтарын өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, оларды гимнастика сабақтарымен алмастыру.

Дене шынықтыру сабақтарында білім алушылар дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс.

«Денсаулық күндері» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі бар анықтаманы міндетті түрде көрсете отырып іске асырылады.


22-кесте –Қимыл-қозғалыс сапалары дағдыларын, іскерліктерін меңгеру, оны дамыту бойынша оқу нормативтері:


п/п


Қорытынды жаттығулар

қыздар

ұлдар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

30 м жүгіру (с)

5,5

6,0

6,8

5,6

6,1

7,0

2.

2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

3.

Ұзындыққа секіру (см)

300

260

220

260

220

180

4.

Биіктікке секіру (см)

100

90

80

95

90

80

5.

150 грдоп лақтыру (м)

27

22

18

17

15

12

6.

Биік кермеде тартылу (рет)

5

3

2

-

-

-

7.

Жатып ілініп аласа кермеде тартылу (рет)

-

-

-

14

9

7


8.

Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру (мин, с)

7,00

7,30

8,00

7,30

8,00

8,30


9.

Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (мин, с)

уақыт есептелмейді



10.

25 м жүзу

уақыт есептелмейді

11.

Қарсыз аудандарда2000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларды ескере отырып оқу нормативтерін көбейту жағына қарай өзгертуге құқылы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет