1 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫ МЕН ТОПТАРЫНДА ОҚУ- ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында 2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;
балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу;
патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру («Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламасы);
балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту;
балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;
мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау.
Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;
балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды;
мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу;
балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту бойынша Стандарт пен бағдарламаны әзірлеу арқылы шешілетін болады.
2018-2019 оқу жылы мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында) білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында педагогикалық процесті ұйымдастыру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
ұқсас тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
апталық циклограмма;
балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.
Табысты жоспарлаудың шарттары:
жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау;
жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу;
жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыс нәтижесінінің нақты көрсетілуі;
алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру үшін АКТ-ны қолдану арқылы көрнекілік, сөздік, практикалық дәстүрлі әдістер мен тәсілдер кеңінен қолданылады.
Ұқсас тақырыптар негізінде оқу жылына перспективалық жоспар құрастырылады. Ұқсас тақырыптардың үлгілері 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатта жарияланған. Перспективалық жоспарды құрастыруда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негіз болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамытуға бағытталған («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын кіріктіру қамтамасыз етеді.
Перспективалық жоспарды құрастыруда кіріктіру ұқсас тақырыптарға сәйкес білім беру салалары міндеттерін біріктіру әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Педагог ұқсас тақырыптарды таңдау барысында аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға Циклограмма құрылады, олар:
ұқсас тақырыптар;
(«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») білім беру салалары мазмұнын кіріктіру;
балаларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдылары мен өздігінен үйрену дағдыларын дамытуға бағыттау;
өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау негізінде іске асырылады.
Циклограмманы құрастыруда білім беру міндеттерін анықтау тәсілдері өзертілуі тиіс. Педагогтерге «балаларды үйрету» емес, «өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау» арқылы балаларға ойлануға, зерттеуге, белгілерді санауға және оларда бағдарлай білуге мүмкіндік беру ұсынылады.
Ағылшын тілі мамандары үшін ұқсас тақырыптардың саны өзгертілуі мүмкін, бірақ 9 тақырыптан кем болмауы тиіс. Бұл шетел тілін оқыту ерекшелігіне: жаңа лексикалық бірліктер мен шетел тілінің сөйлеу моделдерін енгізуге және бекітуге байланысты.
Циклограммада әрбір күн тәртібі сәтінің ұзақтығы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, анықталады.
Циклограмманы құрастыруда :
таңертеңгі гимнастикалардың серуендеріне;
дидактикалық, қимылды және т.б. ойындарына;
бақылауларға;
саусақ, артикуляциялық және гимнастиканың басқа түрлеріне картотекалар қолдану ұсынылады.
Картотеканы педагогтер, мамандар құрастырады, ол циклограмманың қосымшасы болып табылады.
Білім беру поцесін қамтамасыз ету «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін» бекіту туралы ҚР БҒМ бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 2018-2019 оқу жылына жасалған аталып отырған құжат мектепке дейінгі ұйымдарға арналған 900 аса оқу әдебиеттері атауларын қамтиды. Бұл тізбеде көрсетілмеген оқу әдебиеті білім беру ұйымының білім беру процесінде қолданылмауы тиіс.
Циклограмманың құрастырылуын бақылауды әдіскер төмендегі белгіге сәйкес жүзеге асырады: Тексеру күні. Жазу: «Жоспар тексерілді, кеңес берілді, ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т.б.».
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында балалардың даму деңгейіне мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілдері енгізілді.
Мониторингмақсаты:
-балалардың жетістіктерін әділ бақылау;
- мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілді қамтамасыз ету;
- білім беру процесін педагогтердің түзету іс-шараларын жедел түрде жоспарлау негізінде жетілдіру;
- баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтау.
Үлгілік бағдарламада жартыжылдықтар бойынша ұсынылған білім беру салаларының күтілетін нәтижелері мониторинг жүргізуге арналған индикаторлар болып табылады.
Диагностиканы ұйымдастыру және жүргізу механизмі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу жұмыстары әдістемелік ұсынымдарда толық баяндалған және ол «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында орналастырылған.
Мониторинг жүргізудің алгоритмі:
-әр баланың біліктері мен дағдыларының даму диагностикасы;
- топтың тұтас алғандағы даму нәтижелері;
- балалардың мектепке дейінгі ұйым бойынша даму нәтижелері;
- балалардың аудан, қала, облыс, республика бойынша даму нәтижелері. Бақылау парағында алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасы баланың мектепке дейінгі ұйымда және мектепалды даярлық сыныбында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.
Диагностика нәтижелері бойынша педагог балалардың үлесін есептейді:
- I даму деңгейі (төмен деңгейге баламалы),%;
- ІІ даму деңгейі (орташа деңгейге баламалы);
- III даму деңгейі (жоғары деңгейге баламалы).
Баланың жеке даму картасының «Түзету іс-шаралары» бөлімін диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады.
Педагог «Қорытынды» бөлімінде диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін педагогикалық процестің міндеттері мен мазмұнын айқындайды.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеу жағдайларына қойылатын талаптар
Балаларды дамыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жағдайларына қойылатын талаптар:
1) педагогикалық процесте балалардың жастары мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістерін қолдану;
2) білім беру қызметін әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтері мен мамандарының және ата-аналардың балалармен өзара әрекеттесу негізінде құру;
3) балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қарым-қатынасын ересек адамдардың қолдауы;
4) ересек адамдардың балаға деген сыйластық қарым-қатынасы, балалардың өзін-өзі жағымды бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;
5) балалардың әлеуметтік бейімделуіне және диагностика мен дамуын түзетуге қажетті жағдайлар жасау;
6) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының негізінде мектепалды сыныптарда нормативтік оқу жүктемесінің апталық көлемі 24 сағатты құрайды (20 сағаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың бес саласының мазмұнын іске асыруға бағытталған негізгі оқу жүктемесіне және 4 сағаты мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, өздік жұмыс, шығармашылық, жеке жұмыс және т.б.) көзделген).
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарда ұзақтығы 25-30 минут болатын сабақтардың саны бестен артық болмауы керек. Сабақтардың арасындағы үзілістің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс және сол үзілістерде бірқалыпты қарқында қимылды ойындар ұйымдастырылады.
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |