ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (9-сынып)



бет10/24
Дата31.12.2019
өлшемі4,48 Mb.
#54722
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

3.1 НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (9-сынып)



«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Шет тілі» оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін).

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

9-сыныпта оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

9-сынып – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларға терең білім берумен қатар, олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы білім алушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру мақсатын қояды.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарына үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – білім алушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.



Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш өзгеріссіз қалдырылды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.
23-кесте – Жазба жұмысының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі

Жазба жұмыстардыңтүрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІV




Диктант

1

1

1

1

4

Барлығы:

1

1

1

1

4

Диктант белгілі бір тақырып бойынша білім алушылардың дайындығын тексеру мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының беріктігін көрсетуі тиіс.
24-кесте – Диктант нормасы


Сыныптар

Диктант

саны


Сөздер саны

Орфограмма саны

Тыныс

белгілері



9

4

150-170 сөз

24

15

Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:



  • «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;

  • «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;

  • «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8)бар;

  • «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.

«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты білім алушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін қажетті дағдыларды дарыту болып табылады. Білім алушылар кез келген ауызша немесе жазбаша мәтіндерді сенімді және сын тұрғысынан қолдана білуі, басқалармен әртүрлі тақырып төңірегінде саналы әрі анық әңгіме жүргізіп, әртүрлі мақсатқа арналған мазмұнды мәтін құра білуге дағдылануы керек. Бұл білім алушыларды тіл мен әдебиетке қатысты мәселелермен қатар, заманауи тақырыптар мен мәселелерді талқылауға дайындап, олардың пікірталасқа араласуына түрткі болады.

9-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі аптасына –3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Қазақ әдебиеті пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының нормалары:
25-кесте – Жазба жұмысының, сыныптан тыс жұмыстардың саны (эссе, шығарма, сыныптан тыс оқу)


Сыныптар

Жазба, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

9

Эссе

1

1

1

1

4




Шығарма

1

1

1

1

4




Сыныптан тыс оқу

1

1

1

1

4




Барлығы:

3

3

3

3

12

Ұлттық тестілеу орталығы (testcenter.kz) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу туралы мұғалімдер мен білім алушыларға көмекші құрал ретінде әдістемелік ұсынымдама әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік берілген. Сонымен қатар, эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылған.



Шығарманы бағалау.

Білім алушының шығармасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарастырылады:



  1. мазмұндылығы мен идеялылығы;

  2. ой-пікірдің жүйелілігі;

  3. стилі;

  4. грамматикалық сауаттылығы;

  5. әдеби материалдарды пайдалануы.

Бұлардың қай-қайсысы да білім алушының білімін бағалауда маңызды. Білім алушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілуұсынылады.

Шығарма екі бағамен бағаланады:

  1. бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі);

  2. екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады;

  3. баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады;

  4. жазба жұмысының бағасы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары мен ережелері еш өзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, өткен оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);

Шал ақынның туғанына 270 жыл (1748-1819);

Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);

25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);

2 қыркүйек – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (1918-1987);

28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);

29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына – 95 жыл;

12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл;

5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938;

15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).


«Абайтану» курсы

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz)орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.


Курс жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Основная цель обучения русскому языку в 9 классе - формирование коммуникативной компетенции учащихся путем использования языкового и речевого материала в контексте общения, умения пользоваться русской речью при параллельном владении родным и русским языками; воспитание на основе тематического содержания речевого материала языковой личности, придерживающейся активной гражданской позиции, ориентирующейся на нравственно-духовные ценности казахстанского общества.

При работе над теоретическим материалом по предмету «Русский язык» необходимо создавать условия не только для обучения учащихся на практике лингвистическому моделированию, но в большей степени для их положительной мотивации, поскольку механическое указание на языковой факт не может в полной мере способствовать усвоению в полной мере лингвистического явления.

Основными задачами предмета «Русский язык» являются:

- владение всеми видами речевой деятельности;

- применение всех приобретённых знаний, умений и навыков в повседневной жизни; способность использовать русский язык как средство получения знаний по другим учебным предметам; применение полученных знаний, умений и навыков анализа языковых явлений на межпредметном уровне;

- коммуникативно целесообразное взаимодействие с окружающими людьми в процессе речевого общения, совместное выполнение какого-нибудь задания, участие в спорах, обсуждение актуальных тем; овладение нормами речевого поведения в различных ситуациях формального и неформального межличностного и межкультурного общения.

Говоря о надпредметной функции курса русского языка, следует отметить нацеленность курса на формирование важнейших общеучебных умений, основу которой составляют все виды речемыслительной деятельности: коммуникативные (владение всеми видами речевой деятельности и основами культуры устной и письменной речи, базовыми умениями и навыками использования языка в жизненно важных для обучающихся сферах и ситуациях общения), интеллектуальные (сравнение и сопоставление, соотнесение, синтез и обобщение, абстрагирование, оценивание и классификация); информационные (умение осуществлять библиографический поиск, извлекать информацию из различных источников, умение работать с текстом), организационные (умение формулировать цель деятельности, планировать её, осуществлять самоконтроль, самооценку, самокоррекцию).



Научно-методическое обеспечение образовательного процесса

При наличии в классах 24 и более учащихся класс делится на две группы. Соответственно предложенному в Государственном общеобязательном стандарте образования Республики Казахстан в школах с казахским, узбекским, уйгурским, таджикским языками обучения предмет «Русский язык» изучается в 9 классе по 2 часа в неделю. Объем учебной нагрузки в каждом классе за учебный год по предмету «Русский язык» составляет 68 часов.



Соотношение часов на изучение материала и письменные работы. Объем письменных работ.

Формами письменной работы в 9 классе являются диктант, изложение, эссе, сочинение. В каждой четверти проводится в среднем 1 диктант (в первой четверти допускается 2 диктанта), 1 эссе или 1 сочинение. Сочинения и эссе могут быть классными и домашними.

Объем письменных работ для 9 класса: текст контрольного диктанта содержит 100-120 слов; словарный диктант состоит из 30-35 слов; текст для подробного изложения включает 140-160 слов; текст для сжатого изложения увеличивается до 170-220 слов; примерный объем сочинения – 1,0-1,5 страницы (350-500 слов).

В 9 классе диктант оценивается одной оценкой, диктант с грамматическим заданием – двумя через дробь, изложение – двумя через дробь и выставляется в предмет «Русский язык», сочинение по русскому языку – двумя оценками через дробь, выставляется в предмет «Русский язык».

Ведение ученических тетрадей, соблюдение единого орфографического режима и нормы оценивания остаются без изменений.

Диктант оценивается одной оценкой

Оценка «5» выставляется за безошибочную работу, а также при наличии в ней 1 негрубой орфографической или 1 негрубой пунктуационной ошибки.

Оценка «4» выставляется при наличии в диктанте 2 орфографических и пунктуационных ошибок, или 1 орфографической и 3 пунктуационных ошибок, 4 пунктуационных ошибок при отсутствии орфографических ошибок.

Оценка «4» может выставляться при 3 орфографических ошибках, если среди них есть однотипные.

Оценка «3» выставляется за диктант, в котором допущены 4 орфографических и 5 пунктуационных ошибок, 7 пунктуационных ошибок при отсутствии орфографических ошибок. Оценка «3» может быть выставлена также при 6 орфографических и 6 пунктуационных ошибках, если среди тех и других однотипные и негрубые ошибки.

Оценка «2» выставляется за диктант, в котором допущено до 7 орфографических и 7 пунктуационных ошибок, или 6 орфографических и 8 пунктуационных ошибок, 5 орфографических и 9 пунктуационных ошибок, 8 орфографических и 6 пунктуационных ошибок.

При оценке контрольного словарного диктанта рекомендуется руководствоваться следующим:

Оценка «5» ставится за диктант, в котором нет ошибок.

Оценка «4» ставится за диктант, в котором ученик допустил 1-2 ошибки.

Оценка «3» ставится за диктант, в котором допущено 3-4 ошибки.

Оценка «2» ставится за диктант, в котором допущено до 7 ошибок.

При оценке диктанта исправляются, но не учитываются орфографические и пунктуационные ошибки:

1) на правила, которые не включены в школьную программу;

2) на еще не изученные правила;

3) в словах с непроверяемыми написаниями, над которыми не проводилась специальная работа;

4) в передаче авторской пунктуации.

Исправляются, но не учитываются описки, неправильные написания, искажающие звуковой облик слова, например: «рапотает» (вместоработает), «дулпо» (вместо дупло), «мемля» (вместо земля).

При оценке диктантов важно также учитывать характер ошибок.

Среди ошибок следует выделять негрубые, т.е. не имеющие существенного значения для характеристики грамотности. При подсчете ошибок две негрубые считаются за одну.



К негрубым относятся ошибки:

1) в исключениях из правил;

2) в написании большой буквы в составных собственных наименованиях;

3) в случаях слитного и раздельного написания приставок в наречиях, образованных от существительных с предлогами, правописание которых не регулируется правилами;

4) в случаях раздельного и слитного написания не с прилагательными и причастиями, выступающими в роли сказуемого;

5) в написании ы и ипосле приставок;

6)в случаях трудного различия не и ни (Куда он только не обращался! Куда он ни обращался, никто не мог дать ему ответ. Никто иной не...; не кто иной, как; ничто иное не...; не что иное, как и др.);

7) в собственных именах нерусского происхождения;

8) в случаях, когда вместо одного знака препинания поставлен другой;

9) в пропуске одного из сочетающихся знаков препинания или в нарушении их последовательности.

Необходимо учитывать также повторяемость и однотипность ошибок. Если ошибка повторяется в одном и том же слове или в корне однокоренных слов, то она считается за одну ошибку.

Однотипными считаются ошибки на одно правило, если условия выбора правильного написания заключены в грамматических (в армии, в здании; колют, борются) и фонетических (пирожок, сверчок) особенностях данного слова.

Не считаются однотипными ошибки на такое правило, в котором для выяснения правильного написания одного слова требуется подобрать другое (опорное) слово или его форму (вода — воды, рот — ротик, грустный — грустить, резкий — резок).

Первые три однотипные ошибки считаются за одну, каждая следующая подобная ошибка учитывается как самостоятельная.

Требования к оформлению и ведению тетрадей остаются без изменений.

По русскому языку проводятся текущие и итоговые письменные контрольные работы, самостоятельные работы, контроль знаний в форме теста.

Текущие контрольные работы имеют целью проверку усвоения изучаемого и проверяемого программного материала; их содержание и частотность определяются учителем с учетом степени сложности изучаемого материала, а также особенностей обучающихся каждого класса. Для проведения текущих контрольных работ учитель может отводить весь урок или только часть его.

Итоговые контрольные работы проводятся:

- после изучения наиболее значимых тем программы;

- в конце учебной четверти;

- в конце полугодия.

В один рабочий день следует давать в классе только одну письменную текущую или итоговую контрольную работу.

При планировании контрольных работ в каждом классе необходимо предусмотреть равномерное их распределение в течение всей четверти, не допуская скопления письменных контрольных работ к концу четверти, полугодия.

Не рекомендуется проводить контрольные работы в первый и последний дни четверти.

Самостоятельные работы или тестирование могут быть рассчитаны как на целый урок, так и на часть урока, в зависимости от цели проведения контроля.

Порядок проверки письменных работ учащихся.

Тетради учащихся, в которых выполняются обучающие классные и домашние работы, проверяются по русскому языку:

- в 9 классе – после каждого урока только у слабоуспевающих учащихся, а у сильных - лишь наиболее значимые по своей важности, но с таким расчётом, чтобы раз в неделю тетради всех учащихся проверялись.

Изложения и сочинения по русскому языку и литературе, а также все виды контрольных работ по предметам проверяются у всех учащихся.

Проверка контрольных работ учителями осуществляется в следующие сроки:

- контрольные диктанты в 9 классе проверяются и возвращаются учащимся к следующему уроку;

- сочинения в 9 классе проверяются не более 10 дней.

В проверяемых работах учитель отмечает и исправляет допущенные ошибки, руководствуясь следующим:

- на полях учитель обозначает ошибку определенным условным знаком (I – орфографическая ошибка, V – пунктуационная).

При проверке изложений и сочинений в 9 классе (как контрольных, так и обучающих) исправляются не только орфографические ошибки, но и фактические, логические, речевые (речевые ошибки подчеркиваются волнистой линией) и грамматические;

- исправление ошибок производится учителем только красной пастой.

Исправляя письменные работы, учитель пользуется следующими знаками:


Ошибка

Её обозначение на полях тетрадей

Орфографическая ошибка

I

Пунктуационная ошибка

V

Стилистическая неточность

Волнистая линия

Неясен, непонятен смысл

?

Речевой недочет

Р

Нарушение начала абзаца

Z

Фактическая ошибка

Ф

Грамматическая ошибка

Г

Логические

Л

Диктант как форма контроля может быть заменен тестом по предмету.

Итоговой работой в конце четверти должен быть контрольный диктант (с грамматическим заданием), либо контрольная работа.


«Русская литература»

Изучение учебного предмета «Русская литература» должно быть направлено на формирование духовно-нравственных качеств и патриотических чувств учащихся, формирование казахстанского патриотизма, развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

Подготовка учащихся по учебному предмету «Русская литература» предполагает формирование теоретико-литературных и историко-литературных знаний; читательских умений; системы эмоционально-ценностных отношений; опыта литературно-творческой деятельности.

Результаты учебной деятельности учащихся по русской литературе оцениваются по следующим параметрам:

- содержательность и глубина устного и письменного высказывания, отражающая качество восприятия и понимания поэтического текста; сформированность аналитических и речевых умений; способность применять их на практике; самостоятельность оценок событий и характеров в художественных произведениях, их аргументированность;

- выразительность чтения наизусть произведений разных жанров;

- техника чтения незнакомого текста.

Поурочный контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании посредством проведения индивидуального, группового и фронтального опроса с использованием вопросов и заданий, содержащихся в учебниках, учебных, учебно-методических пособиях, а также других способов контроля.

Работая над текстом художественного произведения по вопросам учебника, учитель исправляет смысловые, а также речевые и грамматические ошибки в ответах учащихся. Аналитические вопросы учебника могут быть предложены учащимся для письменного ответа после обсуждения их в устной форме на предыдущих уроках. При оценке результатов учебной деятельности учащихся учитываются их возрастные особенности.

Тематический контроль результатов учебной деятельности учащихся осуществляется в устной и письменной формах или в их сочетании.

При оценке устных ответов и письменных работ учащихся (развёрнутый ответ на вопрос, пересказ, рассказ о герое и др.) учитываются:

- правильность и мотивированность отбора эпизодов, картин, деталей для решения поставленной учителем задачи;

- понимание взаимосвязи событий, поступков и характеров персонажей и важнейших средств их изображения (в соответствии с требованиями программы);

- композиционная стройность и логика построения ответа;

- речевая грамотность, культура произношения (соблюдение орфоэпических норм, правильное интонирование).

Поощряется самостоятельность мысли учащихся, аргументированность и убедительность доводов, оригинальность подхода к решению задачи, эмоциональность ответа, выразительность и образность языка.

Оценкой устных ответов и письменных работ по литературе необходимо поощрять глубокое, индивидуально-личностное восприятие литературы как искусства слова.

При обучении предмета «Русская литература» необходимо усилить работу по развитию речи учащихся при изучении и анализе художественного произведения, написании сочинений, эссе и изложений.



Объем учебной нагрузки по учебному предмету составляет:

9 класс – 34 часа, из них на: чтение и изучение – 26 часов, внеклассное чтение – 4 часа, развитие речи – 4 часа.

Все литературные произведения, на которые отводятся часы, предназначены для обязательного изучения.

Отметки за сочинение (выполняется в тетрадях по развитию речи) по русской литературе выставляются в предмет «Русская литература» через дробь в одну графу: первая – за содержание, вторая – за грамотность. Ошибки выносятся графически на поля и подсчитываются. При написании домашнего сочинения или других творческих работ отметка за работу выставляется в графу, соответствующую дате, когда давалось задание, или дате, когда проходила защита творческой работы.

Для написания сочинения по литературе можно использовать два урока литературы или один урок русского языка и один урок русской литературы.

Отметки за чтение наизусть выставляются на учебном занятии, следующем за учебным занятием, на котором было дано задание выучить наизусть, или на любом другом учебном занятии, тема которого включает изучение данного произведения.

Непременным условием методически правильно организованного процесса обучения чтению является контроль за уровнем сформированности у учащихся навыка чтения. При этом учителю следует обращать внимание на следующие стороны, характеризующие уровень сформированности навыка чтения.

Правильность чтения. При выявлении уровня сформированности правильности чтения нужно исходить из того, что от этой стороны навыка находится в прямой зависимости прежде всего выразительность чтения, в определенной мере – осознанность. Прямое влияние правильность чтения оказывает на развитие орфографической зоркости учащихся, что, в свою очередь, сказывается на уровне грамотности ученического письма. Особого подхода требует оценка темпа чтения учащихся. При проверке следует предупредить школьников о ненужности торопиться при чтении.

Сознательность чтенияпроверяется путем ответов на вопросы, выделения главной мысли прочитанного, пересказа текста, озаглавливания и др.

Выразительность чтения.При проверке выразительности чтения обращается особое внимание на достаточную громкость и четкость произношения слов, соблюдение ударения, выделение при чтении важных по смыслу слов, т.е. логическое ударение, на осознанное использование пауз и интонаций, посредством которых ученик выявляет не только понимание смысла читаемого текста, но и свое отношение к содержанию. Читать выразительно – значит осмысленно выражать отношение к прочитанному. Эта часть проверки особенно важна, так как она связана с проверкой осознанности чтения, с проверкой того, как слово входит в сознание ребенка.

При проверке техники чтения необходимо обязательно выходить на связи двух процессов: формирование навыков чтения и усвоение содержания читаемых текстов.

Для проверки техники чтения учащихся определенного класса отбирается текст, соответствующий следующим нормам


Класс

Чтение вслух

Чтение про себя

9 класс

100-120 слов

180-200 слов

Из года в год отмечаются юбилеи известных писателей, поэтов, драматургов и других деятелей, оставивших свой след в мировой литературе. При планировании и организации внеклассной работы рекомендуем обратить внимание на календарь юбилейных дат, которые будут отмечаться в 2018-2019 учебном году:

25 июня – 125 лет (1893-1931) со дня рождения поэта М.Б. Жумабаева;

11 июля  – 160 лет (1858-1931) со дня рождения казахского поэта, мыслителя, переводчика, композитора Ш. Кудайбердиева;

9 сентября – 85 лет (1933) со дня рождения писателя А. Тарази; 

29 сентября   – 75 лет  (1943-1993) со дня рождения   писателя  О.  Бокеева;

25 октября  – 95 лет (1923-1994) со дня рождения   писателя  Т. Ахтанова;

28 октября 125 лет (1893-1920) со дня рождения поэта,  просветителя  С. Торайгырова;

17 августа – 110 лет (1908-1981) со  дня рождения писателя  Б.  Полевого;

20 августа – 105 лет (1913-1994) со  дня рождения   писателя  А.Б.   Чаковского;

6 сентября – 90 лет  со  дня рождения   поэта   и писателя  Э.  Асадова;

8 сентября – 95 лет   со  дня рождения   поэта  Р. Гамзатова;

9 сентября- 190 лет (1828-1910) со  дня рождения   писателя Л. Н. Толстого;

3 октября – 145 лет (1873-1950) со  дня рождения  писателя  В.Я. Шишкина;

8 октября – 195 лет (1823-1886) со  дня рождения  писателя  И.С. Аксакова;

14 октября – 80 лет со  дня рождения  детского писателя  В. П. Крапивина;

9 ноября – 200 лет (1818 - 1883) со  дня рождения   писателя  И.С. Тургенева;

23 ноября – 110 лет (1908-1978) со дня рождения  писателя Н.Н. Носова;

30 ноября – 105 лет со дня рождения писателя В.Ю. Драгунского;

1 декабря – 95 лет (1923-1984) со дня рождения  писателя   Н. Ф. Тендрякова;

5 декабря – 210 лет (1803-1873) со дня рождения поэта Ф.И. Тютчева;

12 декабря – 90 (1928-2008)  лет со дня рождения писателя Ч. Айтматова;

15 декабря  –  95 лет   со дня рождения   детского  писателя Я. Л.  Акима;

26 декабря – 115 (1898-1980) лет со дня рождения поэта С.П. Щипачева.


Шетел тілі

Шетел тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспект болып табылады. Неміс тілін немесе француз тілін таңдауды ата-аналар мен білім алушылардың қажеттілігі мен сұраныстарын ескере отырып, жалпы білім беретін мектептер вариативті компонент сағаттарының есебінен жүзеге асырады.

«Шетел тілі» пәнінің оқыту нысаны тілдік жүйе (фонетика, лексика, грамматика), сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым), оқылатын пәннің мәдениаралық қызметі болып табылады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық деңгейлеріне сәйкестендірілген:

Негізгі орта білім беру деңгейінде шетел тілін оқытудыңмақсаты – білім алушылардың тілді меңгерудің жалпыеуропалық (А2+) қалыптасу алдындағы деңгейіне сәйкес білім алушылардың тіл тасымалдаушылармен мәдениаралық қарым-қатынас жасау қабілеттерін, коммуникативтік біліктерін дамыту, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.

Бұл кезеңде келесі кезеңдердегідей танымдық процесс шоғырландырыла ұйымдастырылады: берілген кезеңде әуелгі кезеңнің тақырыптары мен сөйлеу аясы кеңейіп, оларға жаңа сөйлеу тақырыптары қосылады. Қатысымдық-сөйлеу әрекеті бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, репродуктивті әрекеттен репродуктивті өнімді әрекетке, кейіннен өнімді әрекетке қарай дамиды.

9-сыныптарда (А2+оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-мәдениаралық құзыреттердің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік-мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибесі мен білім алушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.

9-сыныптарда лексикалық сөздік қоры кеңейеді, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.

Шетел тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру болып табылады:



  • білім алушылар бойында шетел тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, Шетел тілін қолдануда мәдениаралық қарым-қатынаста басқа халықтар мәдениетімен дүниені тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

  • азаматтық бірегейлікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

  • коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;

  • басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шетел тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шетел тілі пәні мұғалімдеріне:

  • оқыту материалдарының түпнұсқасын пайдалану (аудио-, бейнежазбалар, фильмдер, әндер, ғылыми және ойын-сауық журналдарынан мақалалар);

  • шетел тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог жүргізу, пікірталас, қажетті дәлелдемелер келтіру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;

  • білім алушылардың сөздік қорын байыту мақсатында өз бетінше анықтамалармен және энциклопедиялық әдебиеттермен, электронды ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

  • білім алушылардың қауіпсіз мәдениетті тәртібін қалыптастыру үшін қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады.

Шетел тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:

9-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.



Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлері, білім алушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар, дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалады. Нормативтер мен талаптар 2017-2018 оқу жылындағы Әдістемелік – нұсқау хатта көрсетілген.
Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Бақылау жұмыстарындағы тапсырмалар саны мен бағалау келесідей болады: лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым - 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21- 25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл.

№ 1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектілерін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап білім алушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.

№ 2 бақылау жұмысы 1-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-ші тоқсанда меңгерген барлық материалдарды қамтиды.

№ 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсанның қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 4 диагностикалық тест (бақылау жұмысы). Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанында алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексикалық-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды.

№ 5 бақылау жұмысы –3-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды.

№ 7 бақылау жұмысы – жылдық қорытындысы. Бұл бақылау жұмысы жыл бойына өтілген барлық тақырыптық материалдарды қамтиды.

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, 9-сынып білім алушысына бейнематериал көрсетіп, осы бейнематериал бойынша өз пікірін білдіруді ұсынуға болады. Жұмыстың бұл түрін жұмыс дәптерлеріне ресімдеп, жылына 4 рет ұйымдастыру ұсынылады.

Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):

- 9-сыныпта - 100-130 сөз.



Шетел тілі бойынша бітіруші сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау

Шетел тілібойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:



      • шетел тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде тапсырады;

      • емтихан шетел тілінде алған білімдері, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырады.

Шетел тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық- грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 0-13 балл. Білім алушының пәнге деген ынтасын арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңнің тақырыптары оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «Шетел тілін» таңдаған білім алушылар санына байланысты, яғни бір білім алушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан артық болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым бес балдық жүйемен бағаланады.

«5» деген бағаны айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында кідіріс бар, тіл құрылымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына еркін жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрылымы дұрыс қолданылмаса, сөздерді дұрыс айтқанымен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға

«3» деген баға қойылады.

«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – (әңгіме), тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалу үшін 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, сандарға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама береді, сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.

Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін білім алушыларға қойылады.

Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады. Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып табылады. Білім алушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер қай шетел тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.



Жоспарға енгізу үшін ұсынылатын іс-шаралар:

  1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық іс-шараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.

  2. Пән бойынша олимпиаданың мектеп ішіндегі кезеңін ұйымдастыру және өткізу.

  3. Дарынды және пәнге деген мотивациясы төмен балалармен жұмыс.

  4. Жас мамандармен жұмыс, аға тәлімгерді тағайындау; Жас маманмен жүргізілетін тәлімгердің жұмыс жоспарын бекіту.

  5. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы), «Lesson study» өткізу.

  6. Емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға, семинарларға дайындық.

  7. Кіріс құжаттарыменжұмыс.

  8. Мектепішілікбақылау.

  9. Әкімшілікбақылау.

  10. Біліктілік санатын жоғарылататын немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс.

  11. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша білім алушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.

  12. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.

  13. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жылсоңында).

  14. Білім алушылардың білімдерін қорытынды аттестаттау бойыншаесеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелікбірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

2018-2019 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып білім алушыларымен өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңалықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша 9-сыныпта «Алгебра», «Геометрия» және «Информатика» пәндері оқытылады.

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы білім алушылардың логикалық, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласы пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен: білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдануды) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеруге (алгоритмге сәйкес әрекет жасау және алгоритмді құрастыруға) айрықша көңіл аудару керек.

«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2018-2019 оқу жылындағы 9-сыныпта «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген.


26-кесте– Бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы.


Сынып

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы

сағат саны



Бақылау жұмысының нормасы

9

Алгебра

3

102

8-9

9

Геометрия

2

68

6-7

9

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндердің ерекшеліктеріне сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, сонымен қатар,практикалық жұмыстар кіреді.


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында (2018ж) білім беру жүйесіндегі өзгерістердің рөлін: «Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажет» деп ерекше атап өтті.

Қазіргі әлемде ғылыми - жаратылыстану білім беруерекше маңызға ие. Ол білім алушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, білім алушылардың табиғат әлемін тануы ғана емес, сонымен бірге өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымын, мәдениеттануын және тәжірибеге бағдарланған сипаттамаларын қалыптастырады, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін тәрбиелейді.

9-сыныпта білім саласы құрамына ғылыми - жаратылыстану білім беру циклының: «География», «Биология» «Физика» және «Химия» пәндері кіреді. Оқу пәндерінің апталық және жылдық сағат саны төменде көрсетілген.

«География» пәнінің 9-сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Биология» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Физика» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

«Химия» пәнінің оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшелігі:

– білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсінуі;

– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетін, өздігінен даму уәждерін қалыптастыруға жағдай жасау;

– білім алушылардың алған білімін күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;



  • күнделікті іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруді Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұғалімнің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

Мектеп білім алушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктілігі табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:



    • білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздігінен іс-әрекет жасауға бағыттау;

    • пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

    • репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

    • кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, білім алушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар эксперименттер жасау және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.

Биология, физика және химия пәндерінің мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады.

Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары мен зертханалық практикумдардың саны төмендегі кестеде берілген.


27-кесте - Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары мен зертханалық практикумдардың саны


Пәннің атауы

Зертханалық жұмыс

Практикалық жұмыс

Бақылау жұмысы

Зертханалық практикум

География

-

8 (бағалануы тиіс)

-

-

Биология

9

3

-

-

Физика

4

6

6

8

Химия

10

3

-

-

Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық білім алушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Практикалық жұмыстар «жаратылыстану» білім саласын оқыту процесінің ажырамас бөлігі, оларды орындау білім алушының ғылыми жаратылыстану біліктілігін қалыптасуына ықпал етеді.

Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында нөмірмен белгіленген. «География» оқу пәнінен бақылау жұмыстары қарастырылмаған.

Виртуалды зертханалық жұмыстарды (компьютерлік моделдеу бойынша) мүмкіндікке байланысты, стандартты құралдар қолданылатын басқа практикалық жұмыстармен алмастыру ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексиканы қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмысын жүйелі жүргізіп отыру қажет. Білім алушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

География, биология, физика және химия сабақтарындағы пәнаралық байланыстар, қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Пәнаралық байланыс – бұл түрлі оқу пәндерін сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік беретін әдіс:

түрлі ғылымдарды кіріктіру процесі ретінде, заманауи ғылыми білімнің ерекшеліктерін көрсету;

білім алушылардың санасында қоршаған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде өзара пәнаралық байланыс: оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологияның рөлі және оларды ластанудан қорғау; жасушадағы судың биологиялық рөлі; фотосинтез процесінің маңызы; тірі организмдердегі микро және макроэлементтердің маңызы; жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы; тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі; адамзат тіршілігіндегі судың рөлі, халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау; Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу кешендері; Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары; минералды ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау; энергияның балама көздері; атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім; зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі; кристалл торларының типтері және құрылысы; атом ядросының құрылысы, изотоптар тақырыптарында жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудағы пәнаралық байланыстар келесі әдістемелік тәсілдер мен жолдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:

– пәннің маңызды заңдылықтарын ашу үшін география, биология, физика, химия пәндерінен алған білімдеріне назар аудару;

– басқа оқу пәндерінен алынған білімді жүйелеу және қайта есіне түсіру үшін кешенді сипаттағы мәселелер қою;

– пәнаралық негіздегі арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығару;

– кестелер мен иллюстрациялармен жұмыс істеу;

– пәнаралық тақырыптарды зерделеу және пәнаралық жобалар орындау;

– мектеп курстарынан алынған білімді қамтуды талап ететін ғаламдық, аймақтық, жергілікті және табиғат нысандарының проблемаларына кешенді сипаттама құрастыру;

– мектеп білім алушыларын туған өлкенің табиғатын қорғау мен зерттеудің түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – басқа пәндерден бұрын алынған білімдеріне сүйенуді қарастырады.

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы болып саналады. Оқу процесінде білім алушылардың:



  • жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін;

  • дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;

-ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

География, биология, физика және химия сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілікті дамытуға ерекше көңіл аударылады.

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, биология физика және химия пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты күшейту қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады (www.nao.kz).

12-жылдық мектеп жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 43 б.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайты, 2013 ж.. – 38 б.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайты, 2013. – 41 б.

PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде білім алушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б.

PISA-2015 халықаралық зерттеуге дайындықты әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік жинақ. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.

TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге білім алушыларды дайындауға арналған есептер жинағы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. - 59 б.

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, биология, физика және химия сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:



  • оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

  • білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;

  • пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

  • оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;

  • интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

  • есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

  • виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:

  • жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;

  • білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;

  • сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың біліктілігін және дағдыларының қалыптасу, ғылыми білімді меңгеру деңгейлерін болжау;

– сабақтың әр кезеңінде білім алушыларды ынталандыратын және бақылайтын оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;

– білім алушылардың өздігінен білім алуға талпынуын, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін, сабақ барысында топтық және жеке жұмыс істеудің үйлесімді түрлі формаларын таңдау;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.

Сандық зертханалардың құралдары білім алушылар мен мұғалімдердің уақытын үнемдейді, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, білім алушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға, білім алушылардың өздері түсірген бейне көріністері, сонымен бірге оқу және танымал бейнефильмдердің үзінділері өмірдегі нақты жағдайларды зерттеуге, оларды мысалдар ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылып, сондай-ақ әртүрлі жағдаяттардағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі талқылануы тиіс. Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім алушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:

– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.

Жобалық-зертеушілік жұмыстардың үлгілік тақырыптарын ұсынамыз:

«Менің ауылымның/қаламның агроклиматтық ресурстары», «Өлкенің агроөнеркәсіптік кешені: қазіргі жағдайы, проблемалары және даму перспективалары», «Елімнің баламалы энергетикасы», «Ғылымдағы және табиғаттағы барометрлер», «Су және оның табиғаттағы рөлі», «Су – өмір бесігі», «Су – табиғаттың таңғажайып құпиясы», «Орман алқабының геоботаникалық сипаттамасы», «Тұщы судағы өмір», «Қызыл кітап – — қауіп-қатер дабылы», «Біздің мектеп елінің халқы», «Энергия алудың дәстүрлі емес көздері», «Мұнай – табиғат байлығы», «Бұлттар, аспан және халық жорамалдары», «Озон және озон қабатының қысқаруы», «Өлкемнің табиғат ескерткіштері», (Топырақ – жер қоймасы», «Тірі және өлі табиғаттағы фенологиялық құбылыстар», «Мен өмір сүретін өлке қалайша танымал», «Менің отбасымның этногеографиялық мозаикасы».

География, биология, физика, химия пәндері экологиялық білімнің негізгі көздері болып табылады. Бұл пәндердің сабақтарында, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда экологиялық тақырыптарды тиімді қолдана білуге білім алушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.

Мектеп білім алушыларына экологиялық тәрбие беруді ұйымдастыру кезінде дүниені, қоғамды және өзін жеке тұлға ретінде объективті тану қажеттілігі шеңберін кеңейту; сонымен қатар өмірлік шындықтарға, өзінің қоғамдағы орнын және өмірлік басымдықтарын анықтауда өзіндік көзқарасын қалыптастыру қажеттілігі ескеріледі. Негізгі орта білім деңгейінде жұмыс істейтін мұғалімдер білім алушылардың ойлау белсенділігін, оқу материалын логикалық реттеу және жүйелеу ынталарын, іс-әрекет тәсілін және проблемаларды шешу жолдарын табу біліктерін ескерулері қажет.

Білім алушылар жобаларға қатысу барысында жұмыстарының нәтижелерін баяндама, мақала, фото және бейне есеп түрінде рәсімдеу арқылы өздерінің білімдері мен бақылауларын жүйеге келтіруді үйренеді. Олар экология саласындағы өз іс-әрекеттерін арнайы сайттарға, түрлі сайыстарға орналастыра алады.

Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:

– қаланың экологиясы: проблемалары және оларды шешу жолдары;

– орманды пайдаланудың заманауи проблемалары;

– биогеоценоздың және экожүйелердің сипаттамасы;

– гидросфера мен биосфераға антропогендік әсер;

– озон қабатының бұзылуы;

– жерасты суларының химиялық құрамының өзгеруі;

– табиғаттағы азот айналымы;

– тұрмыста химиялық заттарды қолдану;

– бейметал оксидтерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін шешу жолдары;

– экологиялық мазмұндағы есептер;

– көмірсутектерді өндіру, өңдеу және қолданудағы экологиялық мәселелер.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Бүгінде елімізде жас ұрпақтың тілдерді үйренуіне ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, 2019-шы жылдан бастап 10-11-сыныптардағы ғылыми-жаратылыстанудың жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Бұл мектеп бітірген түлектердің жаһандық дәуірде бәсекеге қабілетті маман болуына септігін тигізеді. Сондықтан ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері ағылшын тіліндегі терминологияға ерекше назар аударуы қажет.

Білім алушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.

Ақпаратты жинақтау және талдау үшін БАҚ материалдарын, фильмдер, бейнетаспа материалдарын, веб-сайттар мен көркем әдебиет шығармаларын қолдану ұсынылады.

«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарында білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ қолдану дағдыларын дамыту мақсатында оқу бағдарламасына сәйкес келесі веб-ресурстар ұсынылады:


28-кесте – Мұғалімдерге ұсынылатын сайттар:


www.earthquakes.usgs.gov

www.rgo.ru

www.geo2000.nm.ru

www.geo.historic.ru

www.www.geografia.ru/

www.geographic.org

www.mygeog.ru

www.e–cis.info

www.geography.about.com

www.hobitus.com

www.imf.org

www.kisi.kz

www.meteosputnik.ru

www.mfa.gov.kz

www.oecd.org

www.stat.gov.kz

www.theodora.com

www.un.kz

www.un.org

www.undp.kz

www.unesco.kz

www.unesco.org

www.unmultimedia.org

www.volcanodiscovery.com

www.worldbank.org

www.kazatomprom.kz/

energo.gov.kz/

gharysh.kz/news/

www.eurekanet.ru

www.bookz.ru

www.eolss.net/

www.encyclopedia.ru/

school.eb.co.uk

Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

– қазақ ғалымы (табиғат зерттеуші, дәрігер) Халел Досмұхамедовтың (1883-1939) туғанына 135 жыл;

– британ ботанигі Р.Броунның (1773-1858) туғанына 245 жыл;

– неміс микробиологы Р. Кохтың (1843-1910) туғанына 175 жыл;

– ағылшын дәрігері, физиология мен эмбриологияның негізін қалаушы Уильям Гарвейдің (1578-1657) туғанына 440 жыл

– италияндық саяхатшы Марко Полоның (1254) туғанына 765 жыл;

– италияндық теңіз саяхатшысы Америго Веспуччидің (1454) туғанына 565 жыл;

– португалдық теңіз саяхатшысы Васко да Гаманың (1469) туғанына 550 жыл;

– Е.П. Хабаровтың Амур маңына (1649-1653) саяхат жасағанына 370 жыл;

– орыс ғалымы Д.И. Менделеевтің (1834-1907) туғанына 185 жыл;

– ағылшын табиғат зерттеушісі, саяхатшы Ч. Р. Дарвиннің (1809-1882) туғанына 210 жыл;

– орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальскийдің (1839-1888) туғанына 180 жыл;

– норвеж саяхатшысы Тур Хейердалдың (1914-2002) туғанына 105 жыл;

– 7-сәуір – Геолог күні (сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі);

– 15-сәуір – Экологиялық білім күні;

– Байкал күні (1999 жылы құрылған, 2009 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі);

15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі – ядролық сынаққа қарсы экологтардың ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);



– 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;

– 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде аталып өтетін болды;

– 31 қазан – Халықаралық Қара теңіз күні;

­ Қараша – Суэц каналының (1869) ашылғанына 150 жыл;



– 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы» негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік ерекше серіктестік болып саналады;

Желтоқсан – Антарктиданы бейбіт мақсатта қолдану (1959) туралы келісім жасалғанына 60 жыл;

– 1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні.


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбында тарихты оқыту:

  • білім алушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

  • тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;

  • қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәселелерді талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру;

  • дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып білім алушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн, демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

2018/2019 оқу жылында 9-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы.

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

9-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.

9-сыныптағы оқу жүктемесі:

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

«Дүниежүзі тарихы» бойынша аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

«Адам. Қоғам. Құқық.» оқу пәні бойынша аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуды, 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи процестерді, тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білумен ерекшеленеді.

Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.

Мысалы, «Алаш» партиясының құрылуы. «Алаш-Орда» үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М.Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері. «Алаш-Орда» үкіметі бойынша білім беруде білім алушыларды «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдауға; қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасауға, ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады. Білім алушыларды қазақ зиялыларының, соның ішінде 2018 жылы мерейтойлық күндері атап өтілетін А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедовтің шығармашылық мұрасын қосымша материалдар негізінде талдау және оған баға беруге бағыттау ұсынылады.

Бұл білім алушылардың білімін, іскерлігін, танымдық қабілеттерін дамытып, олардың ойының дамуына ықпал етеді, көзқарасын қалыптастырады.

Сонымен қатар, оқу процесінде қызметі қазақ мәдениеті ошақтарын дамытуға, оқу-ағарту ісіне, қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға және ғылыми құндылықтарды сақтауға бағытталған қуғын-сүргінге ұшыраған екі ұрпақ алашордалықтар – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов туралы жазылған «Хаттар сөйлейді» және «Әке мен бала – өз Отанының патриоттары» кітап материалдарын; С. Әлжанова мен Г. Төлемісованың «Алаш» партиясы идеологтері және көшбасшыларының бірі Отыншы Әлжанов туралы жазылған «Алаш Орда бүркіті»; В. Могильницкийдің зиялы қауым өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Атаусыз қызғалдақтар. Карлагтың ұлы тұтқындары» атты көркем-деректі очерктерді пайдалану ұсынылады. Аталған әдебиетте қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өз халқына қызмет жасаудағы жүріп өткен ауыр жолы сипатталады.

Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған білімдерін мақсатты және жүйелі түрде пайдалану дағдысын қалыптастыруда оқытудың кіріктірілген тәсілін қолдану тиімді. Ол үшін оқу процесін ұйымдастыру кезінде сабақтарды әртүрлі пәндерден алынатын мәліметтер бірін-бірі толықтырып, тереңдететіндей түрде жоспарлау ұсынылады. Мысалы, Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіруге болады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.

Мысалы, «Дүниежүзі тарихы» бойынша «Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы» және «Қазақстан тарихы» бойынша «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Қазақстандықтардың Мәскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына, 1943-1944 жылдардағы шабуылдарға қатысуы» тақырыптарын оқытуда осы тәсілді қолдану ұсынылады.

Білім алушыларға берілетін тапсырмалар:

- тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, екінші дүниежүзілік соғыстың түйінді оқиғаларын анықтауына;

- Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне қосқан үлесін бағалауына бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар, тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушыларда тарихи сананы, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан оқу процесін ұйымдастыруда құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану ұсынылады. Бұл оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәсілі, белгілі бір құндылықтар тарапынан оның нәтижелерін алу және қолдану. Құндылықтарға бағытталған оқу процесі білім алушының жеке тұлғалық құндылықтар жүйесін мақсатты түрде қалыптастырады.

Құндылықтар тұлғаны уәждеудің маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-әрекеттерді ынталандарады. Мысалы, «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және нығаюы» бөлімінде білім алушыларда «Қазақстан тарихы» пәнінің мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды келесі жағдайда іске асыру ұсынылады:


29-кестеҚұндылықтар: Қазақстан тәуелсіздігі және Астана


Сабақтың мақсаты

Білім алушылар білуі тиіс

«Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануының тарихи маңызын түсіндіру»

1990 жылғы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» мен 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңын»салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, тұжырым жасайды.

«Астананы Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау»

Түрлі деректерді қолданып, ҚР Елордасын көшіру себептерінің тізімін жасайды. Бірнеше себепті маңыздылығына қарай «пирамидаға» орналастырады. Таңдауларын түсіндіреді.


Оқу процесін ұйымдастыруда білім алушының бойында осы құндылықтарды қалыптастыру жүйелі жүзеге асуы тиіс. Себебі, қазіргі уақыттағы экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер білім алушыларға күрделі міндеттерді шешу үшін жағдаяттар мен ақпараттарды талдауға және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігін талап етеді.

9-сыныпта тарихты оқытуда келесі тәсілдерді қолдану ұсынылады:

Сабақтағы мұғалімнің білімалушыға деген демократиялық қатынасын, оның жеке тұлғасына құрметін, білімалушының оңтайлы моральды-этикалық қасиеттерінің, ықтималды мүмкіндіктерін есепке ала отырып таланттарын айтарлықтай ашу мен қалыптасуын білдіретін оқытудағы тұлғаға бағытталған тәсіл.

Оқу процесінде бұл тәсілді қолдану білімалушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру, тарихи дамудың күрделі сұрақтарын талқылау барысында өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды және тарихи оқиғаларға баға беру мен өзіндік қорытындыларды шығару, қарастырылып отырған тарихи оқиғалар, процестерге өзіндік көзқарас, пікір білдіруге бағыттап оқытуға мүмкіндік береді.

Тарихи деректер, басқа да ресурстарды өзіндік іздеу, интерпретациялау, талдау, тұжырымдау мен бағалауды және білім мен дағдыларды белсенді танымдық іс-әрекет процесінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін іс-әрекетке бағытталған тәсілдер. Оқу процесінде бұл тәсілді тиімді қолдану білім алушылардың проблемалық сұрақтарды бірлесіп талқылау, рөлдік ойындар мен белсенді оқыту формаларында белсенділік танытып қатысуына мүмкіндік береді.

Тарихты оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:


  • ақпаратты іздеу, сұрыптау және фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды анықтау, салыстыруға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

  • білімалушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды пайдалану;

  • белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану;

  • білімалушыларды электронды оқулықтар арқылы оқыту;

  • компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобалар жасау;

  • білімалушылардың пікірталас өткізу және тарихи мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалануға мүмкіндік береді.

Тарих сабағында дұрыс құрастырылған сұрақтар маңызды орын алады. Мұғалімдерге «сатылап сұрақ қою» әдісін қолдану ұсынылады. Бұл әдісте дерекке немесе белгілі бір иллюстрацияға қойылатын сұрақтар жеңілден қиынға қарай күрделенеді.

Тарих сабағында себеп-салдарлық байланыстарды анықтау кең таралған. Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты (маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде құрастырылуы қажет.

Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары келесі өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:


    • түсінікті болуы;

    • саралаудың ескерілуі;

    • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;

    • проблемалық оқытуға негізделуі;

    • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.

Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.

Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.

Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет.

Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы және Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, толерантты азаматтарын тәрбиелеуге, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге бағытталуы қажет.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған жерлерге немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым - қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1.Ақын, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 925 жыл (1093-1166);



2. Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781 жж.);

3. Қазақ ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл (1693-1748);

4. Қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының туғанына 295 жыл (1723-1802);

5. Күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл, (1818-1896 жж.);

6. Жәңгір сұлтанның Бөкей Ордасының ханы болып сайланғанына 195 жыл (1823 ж.);

7. Қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);

8. Қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 160 жыл (1858-1931жж.);

9. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың туғанына 145 жыл (1873-1919жж.);

10. Ақын, педагог, түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл (1873-1938жж.);

11. Педагог, ғалым, журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл (1883-1939 жж.);

12. Ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893-1938 жж.);

13. Ұлы Отан соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл (1918 – 2006 жж.);

14. Мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 75 жыл (1.01.1943);

15. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңгенің енгеніне 25 жыл (1993 ж.);

16. Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.).

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар өткізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ұйымдастыру;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын кіріктірілген сипатқа тән «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту білім алушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға негізделген.

Оқу процесінде білім алушылардың бүгінгі күнгі өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту; сын тұрғысынан талдау және қоғамдық және құқықтық қатынастармен байланысты практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушының талдау қабілетін, қызығушылығын, дербестігін, жауапкершілігін дамытуға бағытталған оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік түрлері:


  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушылардың білім алуы «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Пәндерді оқытуда білім алушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» және т.б. алған білімдеріне сүйену қажет.Оқыту білімді жүйелі меңгеру, оқыту міндеттерін шешу процесінде мұғалім мен білім алушының бірлескен әрекеті ретінде қызмет етеді. Бұл жерде мұғалімнің қызметі оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқарудан көрінеді.
«Өзін-өзі тану»

Өзін-өзі тану пәнін оқыту бойынша бағдарлама 9-сыныпта аптасына 1 сағаттан оқу жылында 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

Негізгі білім беру деңгейіндегі пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9 – сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі:


  • «Адам және өмір»;

  • «Адам болам десеңіз...»;

  • «Адам және мәдениеттілік»;
  • «Адам әлем аясында».


Білім алушылардың білімін бағалау.

Білім алушылардың білім сапасын бағалау жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламаларындағы 9-сынып бағдарламасында белгіленген «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар білім алушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындысында «сынақ» деген баға қойылады.

Білім алушы 9-сынып бағдарламасындағы «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология»

«Технология» пәнін оқыту білім алушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыз етуге негізделген.

Бағдарламаның мазмұны білім алушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында білім алушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.

Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімін қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалауды іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілеті мен еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) білім алушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту барысындағы нәтижелері, білім алушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі мектепті аяқтайтын әр білім алушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады.

Білім берудің негізгі түрлері білім алушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау-іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдістері – басым әдістер болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар білім алушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығын да ескеруі қажет. Білім алушылар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті компонент пен өзінің жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өз тапсырмалары нұсқаларын қосуға құқығы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіптік білім беру» (9-сынып) жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, аймақтық еңбек нарығындағы жұмыскердің мамандығы мен біліктілігі және білім беру қызметі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері туралы мәселелерді оқытуды қарастырады.

Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау барысында білім алушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Білім алушылардың электрқұрылғыларымен жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін, санитария мен жеке гигиенасының сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні бойынша оқу процесінпәнаралық байланыстарды қолдану негізіндеқұруды көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра және геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және өнермен байланыстырылады.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сондықтан білім алушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

«Технология» пәні бойынша сағаттар саны: 9-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты құрайды.
Сызу

«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады. Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып, білім алушыныңкеңістіктік ойлау қабілетін дамытатын негізгісі болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаттары:

– логикалық және кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

– геометриялық білім негізінде тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

– еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;

– функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

– шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.



Оқыту міндеттері:

– бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

– әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

– заттың пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

– оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуға үйрету;

– кескіні бойынша затты ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

– графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар сабақ тақырыптарыбойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.

Заттың пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қажет.

Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті болып табылады.

Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі тиіс. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, білім алушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеру керек. Түрлі оқу құралдарын кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар, плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық технологиялық құралдар).

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сәйкеспәнді оқытудың маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық сауаттылығын қалыптастыру (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).

«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында барлығы 68 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, білім алушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны білім алушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес анықталған.



Оқыту мақсаты:

– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы білім алушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

– дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;

– салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.



Оқыту міндеттері:

– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;

– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

– өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;

– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде білім алушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға және денсаулығы мен дене шынықтыруды жетілдіруге бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады.



Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (білім алушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;

–«Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

– мұғалім апталық кестедегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

– білім алушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

– білім алушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:

а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;

ә) Президенттік тест бойынша нормативтерді орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы бойынша).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп,орталықтың сайтына (www.nnpcfk.kz) және академия сайтына орналастырылған (nao.kz).

Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2018-2019 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.



«Дене шынықтыру» пәні бойынша 9-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі

– аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет