НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ғылыми қызметкерлері әзірлеген барлық әдістемелік материалдарды Академия сайтынан https://www.nao.kz «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік құралдар» бөлімінен табуға болады.
5. 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.1 Мектепалды даярлық топтары мен сыныптары
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VI Заңдарын және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы) орындауда 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің мақсаты балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басым бағыты сапалы мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізу және мектепалды даярлықты қамтамасыз ету болып табылады.
Мектепалды даярлық бес жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап) (бұдан әрі - Заң).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |