«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика».
Оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі төмендегі 72-кестеде көрсетілген.
72-кесте. «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Апталық
жүктеме
|
Жылдық
жүктеме
|
10 ЖМБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
4
|
136
|
Геометрия
|
2
|
68
|
Информатика
|
2
|
68
|
10
ҚГБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
3
|
102
|
Геометрия
|
1
|
34
|
Информатика
|
1
|
34
|
11
ЖМБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
4
|
136
|
Геометрия
|
2
|
68
|
Информатика
|
2
|
68
|
11
ҚГБ
|
Алгебра және анализ бастамалары
|
3
|
102
|
Геометрия
|
1
|
34
|
Информатика
|
1
|
34
|
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерін оқыту мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:
Бағдарламаның «Алгебра», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;
әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
2020-2021 оқу жылында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Информатика» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 16-қосымша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 192-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 410-қосымша) бойынша және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (ЖМБ) 10-11-сыныптарда «Информатика» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, 15-қосымша (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына 191-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 409-қосымша) бойынша оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |