Сыныптар
|
Зертханалық жұмыстар саны
|
Практикалық жұмыстар саны
|
ЖМБ 10 сынып
|
9
|
4
|
ҚГБ 10 сынып
|
10
|
3
|
ЖМБ 11 сынып
|
13
|
4
|
ҚГБ 11 сынып
|
8
|
2
|
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. Төменде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген
81-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
|
ЖМБ 10 сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
ҚГБ 10 сынып
|
2
|
3
|
3
|
2
|
ЖМБ 11 сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
ҚГБ 11 сынып
|
3
|
3
|
3
|
2
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі-БДМБ) білім алушылар мен ата-аналардың тілектерін ескере отырып, мектептерде педагог кадрлардың дайындығына қарай жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға біртіндеп көшу қамтамасыз етіледі.
« Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндерін ағылшын тілінде оқыту толық және ішінара батыру режимінде жүзеге асырылады.
Ағылшын тілінде ЖМБ бағытындағы пәндерді оқытудың негізгі құралы пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі (CLIL технологиясы) болып табылады.
ЖМБ бойынша оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтерге:
1. Сабақтарда тілдік дағдыларды дамыту және пәндік мазмұнға оқытуды біріктіру. Мұғалімдер білім алушылармен сабақтың жоспарланған пәндік және тілдік мақсаттарын (оқыту мақсаты емес) сабақтың басында (тілдік мақсаттар пәндік мазмұн мақсаттарына қол жеткізуге толық байланысты болуы тиіс.) Педагог сабақта пәндік мазмұны мен тілдік мақсаттары бойынша оқытудың таңдап алынған мақсаттарын ескере отырып, барлық оқу іс-әрекетін қалыптастыруы қажет (мұғалім оқушылардың сабақтың барлық кезеңдерінде олардың сабақтарға қол жеткізуіне үнемі назар аударады, сондықтан білім алушылар олардың үйреніп жатқанын және неге екенін түсіндіре алады). Басқаша айтқанда, педагогтер оқу нәтижелерін қалыптастыра білуі тиіс.
2. Кіруде ағылшын тілінде және оқу тілдерінде түсінікті, терең және қажетті мазмұнмен қамтамасыз ету. Оқылатын пәндік мазмұнды қабылдауды жеңілдету. Ағылшын тілінде ЕМН пәндерін оқытатын мұғалімдер сабақта скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысу керек, яғни білім алушыны бай пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға ықпал ететін мазмұнмен қоршауға алу керек.
3. Тілдік қызметтің негізгі түрлерін (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) дамыту үшін пәндік мазмұнда мен тілді, әртүрлі жазбаша және сөйлеудің дереккөздерін меңгерту үшін аутенттік мәтіндер, артефактілерді және материалдарды пайдалану.
Мұғалімдердің скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысуы керек, яғни білім алушыны терең пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сөйлеудің дамуына ықпал ететін мазмұнмен қамтамасыз ету керек. Академиялық тілді біртіндеп енгізіп, қосымша нұсқаулар мен тапсырмалар ұсынған жөн. Тапсырманы орындауды бастамас бұрын «ой қозғау» («миға шабуыл») тәсілін, «қабырғаға қарап оқу», тұжырымдамалық карталарды, сөздер жазылған кестелерді белсенді қолдануға болады. Ұсынылған жаңа білімді бұрын оқылған тақырыптармен және тілмен байланыстыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |